Жеті жарғы туралы дерктер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жеті жарғы қазақ халқының мемлекет және құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. Оның қайнар бастауы қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары. Бұлар бірнеше мыңдаған және жүздеген жылдар көшпелі ортада, Евразияның ұлан-байтақ даласында сақталып, толықтырылып, XVII ғасырдың соңында XVIII ғасырдың басында жаңа редакцияға түсті.
Жеті жарғының көрсетілген уақыт межесінде дүниеге келуі, қазақ әдет-ғұрып заңдарының жаңадан өңделуі - тарихи оқиғалармен тығыз байланысты, заңды құбылыс. Қазақ көшпелілерінің қоғамы Орталық Азияда қалыптасқан ауыр саяси-әлеуметтік жағдайда, сыртқы қауіптің күшеюіне қайткен күнде де жауап беруі қажет болды. Осындай объективті тарихи ситуация мемлекет іргесін, халықтың бірлігін күшейтуге бағытталған заңдар ережесінің қайта жаңғыруына тікелей әсер етті.
Жеті жарғы алдымен билер кеңесі есебінде Тәуке ханның ордасы жанынан құрылып, кейін заң түзуші орган есебінде тарихи деректерге енді.
Әлі күнге дейін толық зерттеліп болмағанымен Жеті жарғы туралы біршама деректер анықталды. XVIII-XIX ғғ. зерттеушілердің үлкен еңбегінің арқасында Жеті жарғының негізгі ережелері ғылыми ортаға танылды деп есептеуге болады. Жеті жарғының қайнар көздерінің бірі қазақ халқының тарихи фольклоры да біршама жүйеленіп, көп және құнды дерек беретін жағдайда. Енді осы жинақталған деректерді тарихшы - қолымен белгілі бір методологиялық жүйеге салып реттеу мәселесі тұр. Бұл қиын да, қызықты шаруамен бірнеше жылдан бері белгілі ғалым этнограф Жамбыл Омарұлы Артықбаев айналысты, соның бір нәтижесі Жеті жарғы кітабы. Жеті жарғы оқу құралының қүрылымы, ішкі логикасы мығым, дұрыс ойластырылған деген пікірдеміз. Автордың алдымен Жеті жарғының зерттелу тарихы туралы жазғаны көңілге қонады, сонымен бірге Жеті жарғының дерек көздері, негізгі ережелерінің жинақталуы туралы да дұрыс көзқарас бар.
Ж.О. Артықбаев еңбегінде толық және сәтті қарастырылған мәселе-қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының тарихы туралы шолу. Автор көне заманнан бастап, Абылай ханға дейінгі аралықта әдет-ғұрып заңдарының, жолдарының тарихын шолып шыққан. Бұл бірнеше мың жылға созылған мемлекет пен құқық үшін күрес тарихы. Тарихи шолу оқу құралында бірнеше бөлімге жүйеленген, тарихи тұрғыдан дұрыс ұсынылған деп есептейміз. Оған негізгі себеп, оқушы-студенттер бірден тарихтың аса ауыр көне кезеңдерінің қатпар-қатпар сырына түсіп кетпей, біртіндеп игергені қажет.
Оқу құралының бірінші тарауы Жеті жарғы ескерткішін ғылыми түрде зерттеу мәселесіне арналса, қосымша бөлім ережелерін оқырмандарға ұсынады. Автор бұрын-соңды, әсіресе Қаз дауысты Қазыбек кітабын жазу барысында апробациядан өткен тарихи-этнографиялық деректерді жүйелеп, талғамы биік оқырманның талқысына салады. Біздің пікірімізше, Жеті жарғы еңбегінде ХҮП-ХҮШ ғғ. қолданылып жүрген заң ережелері толық қамтылған. Әрине, бұл кітапшамен Жеті жарғы толық зерттеліп, жарияланып қойды деуге болмайды, бірақ бір кезеңдік жұмыс атқарылды деп есептеуге болады.
Жеті жарғы қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып Жеті жарғының мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, соныменен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік Жеті жарғының ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырап Жеті жарғы туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. Жеті жарғының түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге Жеті жарғы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлсіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі Жеті жарғыны тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дережеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. Жеті жарғыға байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар ақтабан шұбырынды заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым- қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды.
М.Тевкелев күнделігіндегі Бөкенбай батырдың әңгімесінде: У них, киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сайрам с принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городах живут сарты, то есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут праздно... (37, с.62) - деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.
XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дәстүрлердің қайта күшеюі басталды. Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркәсіп пен сауданы қолға алуынан, Сыр бойына әсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел болуына тосқауыл қойды. Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдегі осыменен біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді.
Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге, қазақтың басын түгел қосып алуға дәрмені жетпеді. Оның ең басты себебі Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Әбілқайырдың алауыздық туғызған саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық жағдайды өзгерте алмайтын еді. Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-ірі мемлекеттік институттар, әдет- ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық түсініктер жүдеушілігі басталды. Осылайша Жеті жарғызаңдарынан мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе қауымға тікелей қатысты ережелер көбірек сақталды. Жеті жарғыныңөзі қалыпты ережелер жинағы және ереже туғызушы тетік есебінде өмірден XVIII ғасырдың басында - ақ озған еді. XVIII ғасырдың ортасындағы жағдайда "Жеті жарғыны" мемлекет мүддесін ойластыратын Жоғары кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі аяқталды.
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер Жеті жарғықызметіне және қазақтың әдет-ғұрып заңдарына жан-жақты, терең қарауға мүмкіндік береді. Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын (инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Оның біршама тәжірибесі кәзіргі "Нормативті этнография" аталып жүрген ғылым саласында қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). Сонымен бірге дәстүрлі құқықтық көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге "Құқықтық антропология" тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де дәстүрлі қоғамды, оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасы ғана емес, рухани қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдарын, соған байланысты қалыптасқан нақыл, ақыл сөздерін, шешендік өнерін, салт-дәстүрін игеруге кәзіргі уақытта гуманитарлық ғылымның басты саласының бірі ретінде этнологияның араласу мүмкіндігі мол. Классикалық тарих және заң ғылымдары тек сыртқы (жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос) ішкі құрылымына, жабық байланыс жүйелеріне, жан сақтау және өмір сүру заңдылықтарына үңілетін зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық ғылымдарды, соның ішінде құқықтану саласын алға алып баратын жол.
Біз бұл еңбегімізде Жеті жарғытек құқықтық ескерткіш қана емес, сонымен қатар институт, билік жүргіу тетігі деген пікірді негізге алдық. Бұл жерде екі бағытты да бөле жармай тұтас қарастыру біздің негізгі мақсатымыз болды. Тақырып аясын кеңейту үшін мүмкіндік келгенше әдет-ғұрып заңдары мен ережелерін жас оқырмандарға көбірек таныту міндетін алдық. Болашақта жас заңгерлер бұл жинақты толықтырып, оның құрылымына, жүйелеу ретіне өзгерістер кіргізетіні даусыз. Мемлекеттігін құрып, заңын түзеп жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін Жеті жарғыәлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Тек қазақ қоғамының көп жағдайда синкретті мәдениет өкілі екенін, көп құбылыстар бір-бірімен астасып жататын ескерген жөн. Солардың ішінде Жеті жарғыаталып бір-бірімен ажырамастай бірігіп кеткен мемлекет және құқық құбылыстары жатыр, бұл біле білген адамға бөле жаруға болмайтын қасиетті дүние.
Жеті жарғы - дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші

Жеті жарғы атауының мәні мен мағынасы

Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте Жеті жарғыатауына қатысты әр түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана тоқталып кетеміз.
Жеті жарғыатауын алғаш рет Әз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды* .
Н.Гродеков пікірінше Жеті жарғыҚасым мен Есім хандардың заманындағы қазақтың ескілікті заңдарының негізінде жасалған: "Хан Тауке собрал на урочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные обычаи ханов Касыма и Ишима (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в новые обычаи, называемые - "жеты жарға" (22, с.24).
Н.Гродеков осы тақырыпқа тағы да айнала берісте соғып "Жеті Жарғыны" түзген билердің "жарғыш" атанғанын да хабарлайды. Бұл біздің пікірімізше аса мәнді дерек: "При хане Тауке собрались семь биев, "жеті жарғыш" (22, с.25).
"Жеті жарғы", "жарғыш" атауына қатысты әр түрлі пікір-деректердің ішінде Н.Н.Гродеков мәліметтері өзінің қисындылығымен де, толық қандылығымен де бірінші орында тұрса керек.
Екінші бір көңіл аударатын мәлімет А.Леонтьевтің "Обычное право киргиз" (1890) еңбегінде кездеседі: "Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилище. Но оно действовало только при этом хане" (53, с.122).
Жеті жарғытуралы осы түсінікті кейіннен Л.А.Слаовохотов толықтырып "Народный суд обычного права киргиз Малой Орды" еңбегіне еңгізді. Осы еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты "уложение" деген сөз қолданылады: "семь биев...составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае - адате и тогда получившее название - "Джеты Джарга" (73, с.41).
Л.А.Словохотов "жеті" сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің санын ғана білдіріп қоймай, толықтықты, толық кәмелетті, бүтіндікті білдіретін ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: "Джеты по киргизский (казахский-Ж.А.) означает "семь" - число у всех народов Востока, считавшееся выражением полноты, совершенства и авторитетности. Джарга-дат. падеж от дзар (тат.) или дзор (монг.) - известие, объявление, публикация, обнародование, возвание ср. другую транскрипцию - "жеті жарығы" - т.е. "семь святил его" (т.е. Тявки)" (73, с.42).
XX ғасырдың басында қазақ тарихының ең бір күрделі де қызық мәселері туралы жазған
А.П.Чулошников "Жеті жарғыны" Шыңғыс хан заманындағы "Жаза" (Великая Яса) тәртібімен салыстырады, оның пікірінше Жеті жарғықазақ халқының ұзақ өмірінен бір тамаша нәтиже, азаматтық және қылмыстық құқық туралы түсініктерінің жиынтығы: "В самом деле, подобно "Великой Ясе" Чингис хана и казак-киргизское обычное право, систематизированное Тявкою, заботилось тоже не столько о предупреждениях преступлений, сколько об их ближайшем наказании" (83, с.204).
Жеті жарғыныңатауының мағынасы туралы А.П.Чулошников пікірі Н.Гродеков жазғандарымен үндес: "...хан Тявка, особеннно чтимый всеми казак-киргизами, собрал на урочище Куль-тюбе (в пределах нынешней Сыр-Дарьинской области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле Алимбековым и вместе с ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае - адате и тогда же получившее название - "Джеты-Джарга", т.е. "Обявление семи" (83, с.204).
Қазақ ғалымдарының ішінде Жеті жарғытуралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ә.Х.Марғұлан "Жеті жарғыны" - жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолдады. Сонымен бірге Ә.Х.Марғұлан "Қазақ совет
энциклопедиясындағы" "Жеті жарғыға" арналған мақаласында оның мазмұнының жеті түрлі ережеден құралатындығы жайлы жазады. "Жеті жарғыға" кірген ережелер жетеу. Олар: 1).Мүлік заңы; 2).Қылмыс заңы; 3).Әскери заң; 4).Елшілік жоралары; 5).Жұртшылық заңы; 6).Жесір дауы;
Құн дауы" (56, б. 542.).
Әлекеңнің Жеті жарғымағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ па? "Жарғыға" қатысушы билердің саны ережелердің санымен неге тең деген сұраққа дәл жауап қайтару оңай емес. Негізінен Жеті жарғыбұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын жүйелеп, оның басын қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дәлелге негізделмейді.
Ғылыми әдебиетте кейде Жеті жарғымағынасына байланысты тіпті ұшқары пікірлер де айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер "жарғы" сөзінің мағынасына бойлай бермегендіктен туындайды. Мәселен С.Е.Толыбековтың қазақ көшпелі қоғамына арналған кітабында "жарғы" сөзі "жорға" деп беріледі: "Первый свод народных обычаев под названием "Джеты-жарга", составленный семью биями (точнее: "джеты-жорға-семью иноходцами) при хане Тауке..." (77, с. 343-344).
"Жарғы" және "жорға" сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар. "Жарғы" - көне түрік тілінде жарлық, билік, шешім деген мағына береді (26, б.630; 88, б.18-20).
М.Қашғари сөздігінде "жар"- (йар) - жару, жарғыш ұғымдарымен тікелей байланысты қарастырылады (50, б. 46, 60).
Қазақ тіліндегі "жар" сөзінің түпкі мағынасы моңғолдың (қалмақтың) - "зар" сөзімен ортақ. Мәселен моңғол тілінде "зар"-жар, хабар деген мағынада. "Зар тараах-жар, хабар тарату болып адурылады. Сонымен қатар "Зардан" туындайтын "зарга"-дау айтыс, талас, тартыс, сонар дау, егес, жанжал" мағынасын береді (63, б. 247). Ал енді "зарға шүүх" сөзі дауды тексеру, дау кесу, шешім мағынасында айтылады (63, б. 248).
Моңғолдың "заргач" сөзі қазақтың "жарғышымен" төркіндес, дауға, билікке қатысы бар адам туралы айтылады (63, б.248).
Соңғы жылдары ғылыми әдебиетте "Жеті жарғыны" жеті билік, жеті ереже мағынасында қолдану көбрек кездеседі. Т.И.Султановтың осы тақырыпқа жазылған еңбегінде "В истории права ханского периода известен только один законодательный памятник - "Жети Жаргы" (Семь установлений) - деп аударылған (76, б. 64). Бұл біздің түсінігімізше шартты атау, біздің қолымыздағы ешқандай дерек Әз-Тәуке хан заманында қабылданған заңдардың жетеумен шектелгенін айтпайды. Екіншіден дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарында ережелерді белгілі бір принциптермен жүйелеу кездесе қоймайды.
Жеті жарғыжайлы" деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде академик С.З.Зиманов пен Н.У.Өсеров "Біздің пікірімізше "Жеті Жарғы", "Жеті Жарлық", "Жеті дау", "Жеті шешім" деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы, құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген" деп "жеті" мағынасын тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады (32, б.127). Авторлардың пікірінше Жеті жарғыбилер кеңесіне түскен, талқыланған, шешілген жарлықтың, даудың т.б. жалпы санын береді.
Жеті жарғыныңмән-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық мәліметтерді ғылыми айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан туындаса керек. "Жарғы" сөзін жалпы кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы орын есебінде қабылдау өте дұрыс болғанымен, "Жетіге" қатысты пікірлерді әлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. "Жарғы" кеңес, заң мағынасында тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал "жетінің" орнында басқа сандары кездестіріп қаламыз (алты, сегіз).
Мәселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм әмірі Құтлық - Темір (ол кезде Хорезм Алтын орданың әкімшілік бөлігі) қабылдауында болып ордадағы "Жарғы" қызметі туралы мәліметтер береді: "У этого эмира было принято, чтобы кади приходил каждый день в его приемную и садился на место, отведенное для него, в вместе с ним факихи и писцы. Напротив него садился один из главных эмиров и с ним восемь старших тюркских эмиров и шейхов, называемых йаргуджи (жарғышы-Ж.А.). Люди обращаются к ним с тяжбами. Если дело относится к шариатским, то по ним решение выносит кади, а по другим делам выносят решение эти эмиры. Их решения точны, справедливы, потому что их не заподозрят в пристрастии и они не берут взяток" (35, с.76).
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321 жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі, Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дәстүрінің үлгілеріне сүйеніп жүргізгені дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм өлкесінің аса гүлденіп тұрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше жерінде бұрынғы жағдайына қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді. Құтлық Темір бек сарайындағы "Жарғы" қызметі мемлекеттік жоғары сот деп атауға келеді. Сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі әмірлердің "Жарғы" қызметіне қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы отырыстарда талқыланатынын білдіреді.
"Жарғы" мәні мен мағынасын түсінуге тікелей қатысты деректерді біз қалмақ тарихынан да жиі кездестіреміз. Қазақ-қалмақ халықтарының этникалық субстраттағы жақындығы, тарихының ортақ кезеңдері, территориялық іргелестігі қалмақ деректерін қазақ тарихын зерттеуге көбірек қолдану қажеттілігін дәлелдей түседі.
Қалмақ тілінде "Жарғы"-"Зарго" деп аталады және оның құрамы деректерде 6-8 адам шамасында кездеседі. Осыған байланысты Қалмақ хандығы (Жоңғар заманы) жоғары билік (сот) кеңесіне байланысты "найман Зарго" деген атаулар кездеседі. "Найман" қалмақша "сегіз" деген санды білдіреді. Біздің түсінігімізше бұл сегіз бидің кеңесі деп аударылады. Енді қалмақ тарихының білгірі В.М.Бакунинге сөзберейік: "Зарго, на их языке-суд, бывает всегда при доме ханском, и присутствуют в особливой кибитке ханские первые и вернейшие зайсанги (ру басылар-Ж.А.), между которыми бывают и из попов (ламалар-Ж. А) по человеку и по два, на которых верность хан надежду имеет.
А всех, по их древнему обыкновению, больше осьми человек не бывает. По стольку ж человек бывало в Зарго и у зеньгорских ханов и главных владельцев, которых они называют еке нойон, то есть великий князь.
При том суде бывает по нескольку человек нарочно определенных писцов, приставов, рассылшиков и других служителей.
В той же кибитке Зарге присутствующие, на их языке называются тусулукчи и заргучи, то есть советник и судья, а все вообще-саит, то есть министры. Писцы называются бичачи "(бітікші - Ж.А.), а приставы-яргучи (ясауыл - Ж.А.). От той Зарги зависит правление всего калмыцкого народа, и в оной сочиняются отправляемые ко двору императорскому доношения и к ближайшим командирам российским письма, и указы ханские к калмыцким владельцам о публичных делах, и черныя-приносятся к хану для апробации и потом переписываются набело и припечатываются ханской печатью, которая хранится у первейшего и вернейшего его зайсанга" (12, с.146).
Жоғарыда келтірген құжаттар біздің "Жеті жарғы" жоғары мемлекеттік кеңес және сот деген пікірімізді нақтылай түседі. Әз Тауке заманында "Жеті жарғының" құрылуы ұзақ жылдарға созылған дағдарыстан мемлекетті алып шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек. Екіншіден XVII ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп қазақ елінің төрт құбыласының бәрі қауіпті жауға айналып бара жатты. Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген қалмақ (қара қалмақ) қазақ мемлекет басшыларының, ірі билердің жүрегін сыздатқаны анық. Осының нәтижесінде өмірге "Жеті жарғы" аталатын қоғамның ең ауыр мәселелерін талқыға салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен қалыптасқан өзекті мәселелерді талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес және билік орыны қалыптасты. Әуел баста хан Тәуке ұсынысымен бұл "жарғыға" қазақ елінің қазақ елінің ең таудаулы деген жеті биі қатысқаны себебті "Жеті жарғы" атанды. Тіпті мәселе жетіде де емес, мұндай ірі мемлекеттік кеңеске одан көп те адам қатысуы мүмкін, бірақ белгілі субэтникалық және әлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу болғанға ұқсайды. Әз Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының құрамына енген жеті ұлыс елдің басшылары "Жеті жарғының" құрамында болды десек біз тым қателеспейміз.

Жеті жарғының зерттелу тарихы

Жеті жарғының зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мәселе бар. Алдымен "Жеті жарғыны" ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, әлі күнге дейін тәжиребе ала алған жоқ. Екіншіден, "Жеті жарғыны" қазақтың әдет-ғұрып дәстүрлерімен, жолдарымен салыстыра отырып және жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті "Жеті жарғыны" қазақтың мындаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар.
Жеті жарғытуралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А.И.Левшин қарама-қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі, салмақты ру басшылары мен сұлтандарының айтқанына сүйіне отырып А.И.Левшин: "было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас существовал порядок, были законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохом, есть царствование знаменитого Хана их Тявки" (51. Ч. 3, б. 169.) - деп жазады.
Қазақ қоғамының XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында елеулі өзгеріске түскені, хан билігінің, ежелгі тәртіптің сындарының кете бастағаны бір жағынан тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге бодандықтың тікелей нәтижесі. А.И.Левшин отаршылдық саясаттық қазақ қоғамына тигізген кері әсерін жаза қоймайды, оның пікірінше Әз Тауке заманында аздаған тәртібі болған қазақ қоғамының негізгі сипаты анархия: "...совершенное безналичие не может быть продолжительно, но непрочность властей, у Киргизов существующих, неопределенность оных, слабость, свобода переходить из под одной к другой, отсутствие законов, ненаказанность преступлений, очень близки к тому понятию, которое обыкновенно разумеется под словом анархия" (51. ч.3, с. 157).
А.И.Левшин еңбегі XIX ғ. басындағы қазақ қоғамы туралы энциклопедиялық деңгейдегі түсініктер мен мәліметтерді бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі өмір сүру тәртібі, заңдылықтары, мемлекет пен құқықтың ерекшіктері туралы пікірлері сын көтермейтін дәрежеде.
Кейіннен А.И.Левшиннің қазақ қоғамы туралы айтқан ат үсті пікірлері В.В.Радлов тарапынан қатал сынға ұшырады. "Да не только живущие по соседству с киргизами (казақтар - Ж.А.) народности, но и такие научные авторитеты, как А.И.Левшин, резко отрицательно отзываются о киргизах...(бұдан әрі А.И.Левшин кітабынан үзінділер - Ж.А.)...Читая такие тирады, легко прийти к мысли, что киргизы - отбросы тюркского населения Западной Азии, воры и бандиты, бежавшие в широкую степь, так как не желали привыкать к упорядоченной жизни оседлых народов, одним словом, -раса, заслуживающая быть уничтоженной. Но на самом деле это не совсем так...мы имеем здесь дело со ступенью цивилизации, противоположной культуре эпохи оседлых народов, и нужно смотреть на их поступки и поведение с другой точки зрения. На правильность моего предположения яснее указывает то, что киргизы, не смотря на всю свою ненавистную окружающим анархию, живут состоятельно и у них отмечается весьма значительный прирост населения.
Я сам долго жил среди киргизов и имел возможность убедиться в том, что у них господствует не анархия, а лишь своеобразные, отличающиеся от наших, но по своему вполне урегулированные культурные отношения" (70, б. 249).
Жеті жарғыныңқазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы орнын түсіну үшін көшпелі өмір салтына, оның шаруашылық және әлеуметтік тіршілігінің сырларына әбден қанығу керек. Тарихи деректерден орталық саяси биліктің пәрмәні мен құрығы қазақ қоғамына түгел жете бермейтінін көреміз, бірақ оның есесіне қоғамды біріктіріп ұстап тұратын реттегіш бар, ол рулар арасындағы, жеке адамдар арасындағы туыстық қарым-қатынас. Туыстық шаруашылықты, әлеуметтік өмірді, саясатты т.б. қоғам өмірінің салаларын бір жүйеге салады. Жеті жарғы осы жүйені дұрыс жұмыс істеткізетін құндылықтар жинағы. Оның ең басты мақсаты адамның әр басқан қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес, оның ең басты қызметі көшпеліліктің басты құндылықтарын айқындау. Жеті жарғы ережелерін қазақ қоғамының көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы әр дауды билер осы құндылықтар деңгейінен келіп қарастыруы басты шарт. Әр адамның мінезі әр түрлі болатыны сияқты Жеті жарғыныңда әр билікке дайындалған жеке ережесі жоқ.
В.В.Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол қазақ қоғамының негізгі өмір сүру салтын, ерекшелігін жақсы түсінгендігінде. "В отношении же такого народа, как киргизы, содержащего столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах" - деп жазады ғалым (70, б. 253). Бұл қалыпты тіршілікті бұзатын тек сыртқы әсер, не халықтың, малдың санының шектен тыс өсіп кетуі, міне осы кезде мемлекеттің саяси билік институттары күшейе бастайды. Хан өз қолына билікті жинап алады, бұл жаугершілік заман басталды деген сөз. Бұл процесс не империя құруға, не отырықшы елдердің арасына еніп жоғалып кетуге алып баратын жол.
Жеті жарғытәртібін В.В.Радловтан да терең түсінген ғалым Шоқан Уәлиханов. Оның жазбаларында "Жеті жарғыға" арналған жеке бөлім жоқ, дегенмен Шоқан қазақтың заң ережелерін, жолдарын Тәуке заманынан тым әріде қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған жоқ. Ол бірнеше жерде Жеті жарғыережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазады. Оның алдымен жазатыны әдет-ғұрып заңдарына негіз болған "туысқандық, ауа-райы мен табиғат" туғызған заңдылықтар (17, б.79). Осы пікірді жалғастырып "Понятия родства распространялись у киргиз и в отношении отдаленнейших поколений" - деп жазады. Шоқанның айтуы бойынша егер қоңырат пен арғын руының арасында дау болса даугер бүкіл "Сібір қырғыздары облысының" билерінен бас тартуға құқылы.
Шоқан қазақтың әдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры және ғалым ретінде тамаша салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған дәстүрлі заңдар Ресей реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан анағұрлым адамшылыққа жақын, ал Шығыстың тәртібінен оқ бойы озық: "Нет никакого сомнения, что тот закон хорош для народа, который более ему известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее самых мудрых законодательств, взятых извне и навязанных сверху. Между тем, обычное право киргиз, по той же аналогии высшего развития с низшим, на которое мы так любим ссылаться, имеет более гуманных сторон, чем законодательство, например, мусульманское, китайское и русское по Русской Правде. В киргизских законах нет тех предупредительных и устрашающих мер, которыми наполнены новейшие европейские кодексы. У киргиз телесные наказания никогда не существовали. А законы родовые, по которым члены рода ответствуют за своего родича, при родовых отношениях приносят много пользы" (17, с. 94).
Ш.Уәлихановпен қатар қазақтың әдет-ғұрып заңдары жөнінде және ерекше Жеті жарғытуралы пікір білдірген М.Красовский. Ол Жеті жарғызаңдарының мемлекетті күшейту ниетімен жасалғанын және бұл заңдардың түп негізінде әдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады: "Плодом стремления Тявки слить три казачьи орды были изданные им законы, сделавшие имя этого хана столь популярным в степи. Надобно однако думать, что эти законы имели силу, да и то условно- обязательную, для казачьих племен только при жизни всеми уважаемого аксакала. Предпринятый Тявкою труд - согласить между собою обычаи розно управлявшихся народностей-было не по силам для одного человека, и хотя, в ходячих между нынешними киргизами понятиях о праве, в сохранившихся у них древних законах...мы должны видеть, главным образом, следы установившегося Тявкою устройства. Но так как до сих пор есть много и противоречащих одно другому постановлений, то есть мы должны также предполагать, что и прежде, рядом с тявкинскими законами, действовали и законоположения других ханов или постановления, освященные обычаями разных вошедших в союз племен" (42, ч. 1. С.53).
М.Красовскийдің басты қателіктерінің бірі қазақтың хан билігін, жалпы саяси - құқықтық құрылысын терең түсіне білмегендігінде. Ол хандардың билігінің шектеулі болуын себеп қылып мемлекеттікті жоққа шығара салады. Шын мәнінде хан билігі халықтың билік құқықтық көзқарастарының сыртқы ғана көрінісі және ол көрініс бірде күшейіп, бірде азайғанымен ел өзінің тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен күдер үзді деп айту жөн емес. Көшпелілер цогамы азаматтық цогамныц үлгісі, ол цогамныц әр мүшесі мемлекеттің кірпіші. Мемлекет ұғымы алдымен адам санасында, оның цогамдыц шаруага цатысында танылады. Билік институттары, атрибуттары цогамдыц цүрылымныц бір гана цыры, көзге түсетін тұсы. Көшпелілердің саяси цұндылыцтары мұхитта жүрген айсберг сияцты, негізгі бөлігі көзге түспей су астында жүзіп келеді. Өкінішке орай қазақ заң ережелерімен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі ол жағына мән бере қоймаған. Сол себептен М.Красовский: "Изданные, например, ханом Тявкою узаконения, имевшие целью установление в степи однообразного устройства, не могли войдти в силу, а между тем Тявкою начиналась, ими же можно сказать и оканчивалась та популярность, до которой когда-нибудь достигла власть ханов" - деп жазады (42, ч.3, с.7).
Жоғарыда аталған зерттеушілердің бәрі де Жеті жарғытек заң ережелерінің жинағы ғана емес, мемлекеттік билік құрылымы, хан билігінің қабілетін күшейтетін Кеңес екенін жақсы аңғарған. Бұл көзқарас өкінішке орай "Жеті жарғыны" кейінгі уақытта зерттеушілердің арасында қолдау таппай, тек ереже күйінде қабылдау басым болды. XIX ғ. екінші жартысында қазақтың әдет-ғұрып заңдарымен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі қазақ мемлекеттілігі мәселесін тіпті де ауызға алмай, заң ережелерін жеке бөліп алып қарастырады. Бұл бір жағынан түсінікті еді. Ресей бодандығына біржолата қараған қазақ елінің хандық дәуірі, мемлекеттілігі жөнінде сөз қозғау саясат тұрғысынан зерттеушілерге тиімсіз болды. Бірақ осы қалыпты сүрлеу Совет кезеңінде де өз қалыпынан шыққан жоқ, зерттеушілердің көпшілігі қазақтың әдет-ғұрып заңдары туралы жазғанымен, оның мемлекетпен қатынасы туралы мәселені айналып етуге дағдыланып алды.
Бұл қалыпты жолдан бөлек еңбектер көп емес. Азды-көпті зерттеу еңбектердің ішінде Н.Г.Аполлованың 1948 жылы жарияланған "Присоединение Казахстана к России" монографиясы ерекше көңіл аударуға тұрады. Бұл зерттеу 40-жылдардағы қоғамтанушылары (тарихшы, заңгер т.б.) жеткен биікті көрсетеді және белгілі дәрежеде тарихқа көзқарастардың квинтэссенциясы тәрізді. Өкінішке орай 50-ші жылдардың қоғамтанушылар арасында жүргізілген қудалау ғылыми көзқарастарды артқа шегеріп, жұтатып тастады.
Н.Г.Аполлова "Жеті жарғыны" қазақ қоғамының өмірінде ірі орын алатын саяси институт деп атайды: "Совет биев (диван), состоявший из нескольких знатных биев, представлял собой совещательный орган при хане и, ...совет состоял из семи биев. Предание приписывает им участие в составлении так называемых "законов Тауке". Но законодательные функции совета биев были вообще ограничены, поскольку хозяйственная и политическая жизнь казахского общества регулировалась нормами написанного обычного права (адата). Значительно шире его функции как органа, которому принадлежит феодальное право совета, которое выражалось, прежде всего, в том, что хан без совета старшин не мог вынести ни одногорешения" (5, с. 103).
Н.Г.Аполлова Жеті жарғыныңнегізгі қызметін өте дұрыс түсінген. Жеті жарғыныңқұрамының өзі (ең беделді орда билерінің қатысуы) оның ең алдымен Мемлекеттік Кеңес қызметін атқаратынын айғақтайды. Сонымен қатар Жеті жарғыныңзаң шығару, не болмаса билер шешімдеріне кесім жасауы (прецедент), бүкіл ел көлеміндегі билік істеріне үлгі пішіп отыруы, Жеті жарғыныңжоғарғы сот, құқық қызметін атқарушы билік орыны екенін көрсетеді. Бұл жағынан Жеті жарғыбелгілі дәрежеде конституциялық сот қызметін атқарып билік нұсқаларын, жүргізілуі ережелерін реттеп отырды дей аламыз. "Тәуке ханның заңдары" аталатың заң ережелерінің бәрі де түбі ертеден келе жатқан дәстүрлерге сайғанымен XVII ғасырдың соңында жаңа електен өтіп, ел қызметіне жаңғырған қалпында кірісті. Автор монографияның екінші бетінде жоғарыда айтылған өз сөзіне қарсы да шығады: "Так называемые "законы Тауке" ("жеты - жарга" - законы семи судей), представляющие собой кодификацию обычного права, дошли до нас лишь в переводах и отрывочных записях, сделанных в начале XIX века со слов казахских биев" (5, с.115). "Тәуке заңдары" қазақтың әдет-ғұрып ережелерінің жаңғырған, жүйеленген түрі деген автордың соңғы анықтамасына келісуге болады.
Н.Г.Аполлова, Т.М.Күлтелеев, С.Л.Фукс сияқты тамаша ғалымдардың 40-50-ші жылдардағы еңбектерімен "Жеті жарғыны" зерттеудің тұтас бір кезеңі байланысты. Одан кейінгі ұзақ
жылдарға созылған тоқырау татымды еңбек берген жоқ. Бұл тақырыпқа қызығушылық 80-ші жылдары қайта басталады. Алдымен С.Зиманов пен Н.Өсеров бірлесіп жазған екі мақала шықты да, кейіннен бұл тақырып шығыстанушылар тарапынан да белгілі қызығушылық туғызды (30; 31). Ең алдымен Т.И.Султановтың 1982 жылы "Кочевые племена Приаралья в ХУ-ХУІІ вв." кітабында "Жеті жарғыға" арнайы бөлім берілгенін айту керек. Бірақ автор тарихнамада өзіне дейін қалыптасқан дәстүрлерге толық бағынбай "Жеті жарғыны" тек құқықтық ескерткіш (законодательный памятник) тұрғысынан қарастырады. Шығыстанушы Т.И.Султанов
құқықтанушы ғалымдардың мақалаларының тікелей әсерінде болды десек артық айтқандық болмас. Автор Жеті жарғыныңқайнар көздері есебінде әдет-ғұрып заңдарын ұсынады: "в качестве источников "Жети Жаргы" следует признавать скорее всего не древние письменные тексты, но старый, всем знакомый и всеми признаваемый обычай устного права, служивший основой и для Ясы, а также неписанные узаконения других казахских ханов, предшественников Тауке" (76, с. 67).
Сонымен бірге автор "Жеті жарғыға" ХУІІ ғасырдағы қазақ қоғамына қажет әскери-саяси және әлеуметтік өмірдің дамуы туғызған ережелер енді деп есептейді. Т.И.Султановтың құнды пікірлерінің бірі Жеті жарғыныңқазақ өмірінің әр бағыттарын яғни әкімшілік, қылмыстық, азаматтық мәселелерін, сонымен қатар алым-салық, дін, т.б. салаларын қамтамасыз ете алатын қабілеті зор" деген пікірі (76, с. 69).
Расында да Жеті жарғыережелері қазақ қоғамының әр саласын қамтиды, бұл А.И.Левшин жазбаларынан да анық көрінеді. Дегенмен А.И.Левшиннің "Жеті жарғыға" - қатысты ережелерді ғана билерден жазып алғанын дәлелдеу өте қиын мәселе, екіншіден Жеті жарғыныңқазақтың әдет-ғұрып заңдарынан айырмашылығы бар екенін, олардан іріктелінген заң ережелері екенін дәлелдеу де оңай емес. Жеті жарғынегізінен ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда қолданыста болған әдет- ғұрып ережелерінен, билердің оңтайлы шешімдерінен құрастырылса керек. "Жеті жарғы", егер қазақ әдет-ғұрып заңдарының аясындағы жинақ десек көшпелілер қоғамындағы сергектік, билердің тың шешімдерін канонға айналдыру, әлеуметтік-шаруашылық өмірдегі өзгерістерге икемделу т.б. эволюциялық салтынан шығып кетуі мүмкін емес. Көшпелілердің әдет-ғұрып заңдары мәңгі көне қазына және мәңгі жас даналық.
Т.И.Султановтың "При создании - "Жети Жаргы", несомненно, важным и даже определившим сам его характер оказалось стремление приспособить существовавшие нормы обычного права к новым потребностям феодализирующегося казахского общества, узаконив при этом лишь те из них, которые соответствовали интересам феодальной знати, создать вместо устаревших и неугодных ей норм новые и выгодные ей нормы. Во всяком случае, такое заключение можно вывести из многих положений статей памятника" (76, с. 68) - деген пікіріне келісу қиын. Қазақ қоғамындағы саяси биліктің белгілі бір заңдылықтар бойынша (сыртқы және ішкі жағдайлардың тоғысуы) күшеюінің феодализация процесіне тіпті ешқандай да қатысы жоқ. Бұл жерде әңгіме саяси билік институттарының (жоғарғы кеңес-билер кеңесі, құрылтай-маслихат, алым-салық т.б.) жандануы турасында жүруі керек. "Жеті жарғыны" талдау барысында мемлекет туралы мәселелер Т.И.Султанов еңбегінде көтерілмейді.
Біздің зерттеу еңбегіміз үшін Т.И.Султановтың қорытынды бөліміндегі пікірі аса құнды. Ол "Жеті жарғыны" бұдан әрі зерттеу жаңа тарихи-этнографиялық деректерді ғылыми айналымға қосу барысында ғана жемісті болады деп есептейді: "определение периода действия-"Жети Жаргы"-_ едва ли можно осуществить, опираясь лишь на имеющиеся фрагментарные записи "Уложения" хана Тауке и не привлекая дополнительных данных историко-этнографического характера" (76, с. 77).
Құқықтанушы ғалымдардың еңбектерінде "Жеті жарғыға" тек құқықтық ескерткіш тұрғысынан қарау басым болатыны заңды.
Қазақ заңгер ғалымдарының арасында Жеті жарғытақырыбына соңғы уақытта қалам тартқандардың ішінен академик С.З.Зиманов мектебінің өкілдерін айту керек. Олар
З.Ж.Кенжалиев, Н.С.Ахметова, К.А.Абишев, Н.У.Өсеров т.б. зерттеушілер. Бул аталған ғалымдар "Жеті жарғыға" ең алдымен құқықтық ескерткіш есебінде қарайды. Олардың "Жеті жарғыға" қатысты пікірлерін "Қазақ әдет ғұрып заңдарының мәселелері" аталған жинаққа кірген мақалалары арқылы талдауға болады. Н.Өсеров мақаласы Жеті жарғытарихи маңызы зор ірі ескерткіш болып табылады" (32, б. 122) - деп басталады.
Авторлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билер институты
«Kaz Commerce Egineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы
Кеңес өкіметінің заң актілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері
Адамның сыртқы құрылысы
Баспа құрылғылары
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Жылжымайтын мүлікті бағалауда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
Access ортасындағы деректер базасы
Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті
Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарау
Пәндер