Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы


Жоспары;
Кіріспе . . . 3
I 1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрылуы . . . 6
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы . . . 7
II Қоныс аударудың кезеңдері . . . 10
Реформа нәтижесі . . . 15
Қорытынды . . . 22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 23
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
.
Ресей мемлекетінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін еді.
60-шы жылдардың ортасында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресей империясының отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары болатын.
Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені белгілі. Ресей өзіне қосылған елдерге тек прогрессивті, оң ықпал етті деген тұжырымдамалар жасалды. Оның теріс, керітартпа, залалды зардаптары жасырылып келді, сөйтіп, пікір қайшылығы туындады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кездегі тарих ғылымына жаңа көзқарас тарихи шындықты, патшалықтың отарлау саясатын мойындатуға тырысқан революцияға дейінгі тарихнама мұрасын мұқият зерттеуді талап етеді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы
өз бастауын сол жылдары-ақ мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген материалдардан алды. Әр түрлі бағыттағы газет-журналдарды “Уақытша Ереженің” негізінде қазақ даласында жаңа әкімшілік-басқару жүйесінің енгізіле бастауы туралы, оған қарсы 1869 жылы Орал, Торғай өңірінде етек алған бас көтерулер мен олардың себептері, басталуы және барысы жөнінде мағлұматтар үздіксіз жарияланып тұрды. Бұл хабарламаларда көтеріліс себептері “Хиуа ханының әзәзілдігімен”, “жаңа реформа бойынша бұрынғы билігінен айырылған жергілікті феодалдардың арандатушылығымен” немесе “христиан дінін күшпен қабылдату жөніндегі өсек-аяңмен” түсіндірілді [1] . Өйткені, оның шынайы себептері мен реформаның астарлы бағыттарын ашып көрсету сол кездегі мерзімді баспасөз материалдары авторларының мүддесінде емес еді. Орыс тарихнамасында Қазақстанның саяси-әкімшілік құрылымы жөнінде бұрын соңды арнаулы еңбектер болған емес. Бірақ, қарастырылып отырған кезеңдегі отарлық әкімшіліктің ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты кейбір мәселелер шенеунәктердің, шығыстанушылардың еңбектерінде көрініс тапты. Олардың арасынан М. Венюковтың [2], А. К. Гейнстің [3], Ф. Лобысевичтің [4], және Н. А. Сераданың [5] жұмыстарын атап өткен жөн. Бұл еңбектерді талдау барысында, патша үкіметінің қазақ халқын басқаруды қайта құруды заңдастырған Уақытша Ережелерді қабылдаудағы түлкі мақсаты, ол реформаларды қазақтардың қабыл алу сипаты сияқты кұрделі мәселелерге жауап іздестірілді. Бірақ, ⅩⅠⅩ ғасыр тарихнамасында аталған мәселелерді жан-жақты, объективті тұрғыдан талдау ешуақытта көзделген емес. Дегенмен, жалпы қалдырылған көптеген мәліметтер мен түрлі пікірлер бұл еңбектерге ерекше көңіл аударуды және олар империялық позиция тұрғысынан жазылғандықтан, әбден елеп-екшеп, байыппен, ғылыми түрде талдап қарастыруды қажет етеді. Орыс шығыстанушыларының қатарын көбіне әкімшілік шенеуніктері мен әскери қызметтегі адамдар құрады. Олар қызмет бабындағы әрекетімен қоса, ұол астындағы халық жөнінде жеткілікті мәліметтер жинау үшін қазақ даласын жан-жақты зерттеуге міндетті еді. Бұл бағытта, әсіресе, әскери тарихшы М. А. Терентьевтің "Орта Азияны жаулап алу тарихы"[6] атты кітабын ерекше атап өткен жөн. Автор бұл кітапта Орта Азиядағы отарлық әкімшіліктің қызметіне және оның жергілікті халықпен қарым-қатынасына көңіл бөле отырып, шімірікпестен қазақ даласының билеушісі топтарын қазақ халқына қатысты қатал әскери шаралар мен басқаруәдістерін қолдануға шақырды. ⅩⅠⅩ ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілері В. Поттонның[7], П. Мачулиннің [8], Б. Юзефовичтің [9] және Ф. Лобысевичтің [10] еңбектері тікелей қарастырып отырған мәселенің этнографиясына қатысты қызықты мәліметтер береді. Орыстың Императорлық Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінің "Жазбалары мен "Хабарларында", Орынбор Ғылыми Архив Комиссиясының "Еңбектерінде" жарияланған материалдар атап айтсақ, сол басылымдардың бетерінен алынған Ы. Алтынсариннің [11], Т. А. Сейдалиннің [12], Б. Дауылбаевтың [13] және Л. А. Словоохотовың [14] мақалаларын қазақ халықтарының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, сот ісі жөнінде сөз қозғайды. Қазақстанда патшалық билігінің тарихы сол сияқты, И. И. Крафттың [15], А. И. Добромыслевтың [16] еңбектерінде де сөз болады. Н. А. Середа еңбегінің өңделген нұсқасы сияқты Добромысловтың "Тарихи очерктері" өлке қазақтарының тарихы жайлы материалдармен қоса, "Уақытша Ереженің" мәтіні, және оған қарсы көтерілістің кейбір тұстары көрініс тапқан. Бөлім "Жазбалары" мен Комиссия "Еңбектерінің" бетінін жаңа әкімшілік басқару жүйесінің құрылу барысы жөніндегі Н. А. Крыжановскийдің сөзі [17], Л. Ф. Баллюзектің мәлімдемсі [18], И. В. Черновтың [19] және Н. Ивановтың [20] мен тұжырымдары бізге жаңа реформаның мақсатын, жергілікті әкімшілік қызметінің отарлық мәнін және өлке халқына жүктелген міндеттерді ашып көрсетуге мүмкіндік береді. ⅩⅠⅩ ғасырдың екінші жартысында метрополия қазақ даласында мұсылман дінін қудалап, православиелік миссионерлердің қызметін күшейте бастады. Өздерінің еңбектерінде миссионерлер [21] христиан дінін уағыздап, қазақтар арасында православие дінін тарату қажеттілігін баса көрсетті. Өздерінің өмірін елінің егемендігі үшін күрескен арнаған қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов [22], М. Тынышпаев [23] патша үкіметінің отарлық саясатын батыл әшкерелеген тұнғыш қазақ зиялыларының қатарына жатады. Олар революцияға дейін-ақ үкіметінің түпкі мақсаты қазақтардың жерін тартып алып, оларды әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, ата-дәстүрінен айырып, орыстандыру екенін дәлелдеп берді. Т. Шонанұлы еңбегі [24] Ресейдің отарлау саясатын, шаруалар қоныстануын, соның салдарынан көшпелі шаруашылықтың тығырыққа тірелуін жаңаша зерделеуге көмектеседі. ⅩⅠⅩ ғасырдың соңындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін және ұлт-азаттық қозғалыстарды, патшалықтың отарлық саясатын толық қамтуға көмектескен еңбектер қатарынан П. Г. Галузо [25], Г. Сафаров [26], М. П. Вяткин [27] есімдерін ерекше атауға болады. Әкімшілік басқару реформаларының дайындалуын, Қазақстандағы отарлық әкімшілік жүйенің саяси дамуын және қызметі, патшалықтың қазақ жерін отарлау саясаты мен жазалау шаралары Б. С. Сүлейменовтың [28], Г. С. Сапарғалиевтің [29] үлкен еңбектерінде айтылды. Соңғы жылдары Қазақстандық тарихнамада патша үкіметінің оқу-ағарту, орыстандыру бағытындағы саясаты қазіргі заман талабына сай сарапталып зерттелуде. Бұл бағытта жазылған еңбектердің қатарында Н. Бехмаханов [30], К. А. Жиренчин [31], С. Қ. Жақыпбек [32] еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Сондай-ақ М. Қ. Қойгелдиев [33], С. М. Мәшімбаев [34], Б. Әбдірахманова [35], Д. И. Дулатова [36] еңбектері жұмысты жазу барысында жетекші рөл атқарды.
Курстық жұмыстың деректері
. Жұмыстың деректік негізін ⅩⅩ ғасырдың басындағы жарық көрген газет, журнал, орыс шенеуніктерінің жазбалары, қазақ интелегенциясының мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, ресми құжаттық материалдары [37] құрайды.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні -
Реформалардың негізін аша отырып, оның салдары мен тарихи маңызын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспеден, бөлімдерден және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген
Мақсаты мен міндеті Патшалық Ресейдің 1867-1891 жылдар аралығындағы отаршылдық саясатын толық қамту жұмыстың мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
-Саяси реформаларды енгізу 1867-1868 үшін жүргізілгендаярлықты баяндау;
-1867-1868 жж. Реформаларды талдау және оған баға беру;
-Патшалықтың саяси билігінің нығаюы мен оның зардапты салдарын айқындау, бұл тұста 1868-1891 жж. "Ережелеріне" сүйене отырып баяндау;
-Реформа кезендері көрсету
- Реформа нәтижесі көрсету
- Әкімшілік басқару құрылымы көрсету
1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрды.
Оның құрамына Ішкі істер министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі назарға алынбады. Ш. Уалиханов Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқаруына негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді.
1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д. А. Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде II Александр патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені»,
1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
1867-1868 жылдары реформаның негізгі мақсаты «Қазақ даласының XIX ғасырдағы Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.
Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстанның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі - Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор мен Торғай облыстары Орынбор генерал- губернаторлықтарының құрамына кірді. Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды.
Әкімшілік басқарма әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды.
1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады.
«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.
Ескі экономикалық және идеологиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.
XIX ғасырдың 70-жылдары орыс және украин шаруаларын қоныстандыру басталса, 80-жылдары қарқынды жалғасты. Алғашқы қарашекпен қоныстары 1879 жылы Көкшетау уезінде пайда болды. Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің ұсынысы бойынша 1868 жылғы «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қабылданып, ол 1883 жылға дейін қолданылды.
1886 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының көші-қонды басқару ережесі қабылданды. Бұл құжат бойынша әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді, қоныстанушылар 5 жылға дейін салықтан босатылды, кейін 5 жылда салықтың жартысын ғана төледі.
«Ауыл тұрғындарын өз еріктерімен жаңа жерге көшіру және бұрынғы көшірілген топтар туралы арнайы ережесі»
1889 жылдың 13 шілдесінде қабылданып, қоныстандыру тек алдын ала Ішкі істер министрлігінің және мемлекеттік жер иеліктері министрлігінің рұқсаты арқылы іске асырылды. Бірақ патша жаппай қоныстандыру үрдісін бақылай алмады. Шаруалардың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891-1892 жылдары егіннің шықпауынан орыс шаруалары еуропалық Ресейден шығысқа қашып, қазақ жерлеріне қоныстанып алды.
Ережеде қоныстанушылардың аудандары нақты Томск және Тобыл губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары деп көрсетілді. 1891-1892 жылдары заң Торғай және Орал облыстарына да тарады. Шаруалардың қоныс аударуы қазақ көшпелілерінің жерлерін тартып алу есебінен жүрді. Қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау Сырдария облысына да тарады.
Қазақ жерінің Сібірмен және Приволжьемен темір жол арқылы жалғастырылуы, Қазақстанға орыс қоныс аударушыларына қолайлы жол ашты. Нәтижесінде орыс шаруалары құнарлы жерлерге қоныстанса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. Қазақ өлкесінің демографиялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ бойынша өз жерінде қазақтардың жалпы мөлшері 87, 1%-ға кеміді. Қоныс аударушылар көбінесе стратегиялық маңызды аудандарға көшіріліп, мылтықпен қаруландырылды.
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды.
Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.
Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды.
П. А. Столыпин 1906-1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды.
1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді.
1910-1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты.
1911 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды.
1912 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.
Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.
І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz