Техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтың негізгі ұйымдасытрушылық формалары. Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру формалары: фронталды, топтық, жеке және олардың әдістемелік талдауы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Минстірлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
«Кәсіптік білім беру» кафедрасы
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтың негізгі ұйымдасытрушылық формалары. Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру формалары: фронталды, топтық, жеке және олардың әдістемелік талдауы.
Орындаған: САЯСИ Забигуллов А. Т.
Тобы: ГРМ-19-1
Тексерген:Алшынбаева Ж. Е.
Қарағанды 2020
Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылады. Бұл келесі ғасырға дейін - дворяндар үйелмендерінде сақталды. Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы ХVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.
Мектепте сабақтан оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т. б.
Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Семинар сабағы- бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология т. б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.
Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.
Практикумдар- курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.
Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндерінен өткізіледі.
Факультативтік сабақтар- оқудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал, тереңдете арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.
Үй оқу жұмысы- бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ
ХVII ғасырда сынып - сабақ жүйесі ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я. А. Коменский болды. Сонымен 1930 жылдан бастап совет мектебінде оқытуды ұйымдастырудың формасы сабақ болды.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Форма - сыртқы пішін, түр, қалыптасқан белгілі бір тәртіп. Кез келген заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар форманың өзі мазмұнға әсер етеді. Оқыту ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкция оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлерімен анықталады.
Сабақ - оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері:
- оқушылардың жас және дайындық деңгейлерінің шамалас болуы;
- әр сынып жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс істеу;
- оқыту процесі - бірлескен бір-бірімен жалғасқан сабақ жүйесі;
- әр сабақ бір пәнге ғана арналуы (монизм) ;
- сабақтың арнайы кесте бойынша өтуі;
- мұғалімнің жетекшілік ролі;
- оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыруда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану.
Әрбір сабақта логикалық, психологиялық, ұйымдастыру бірліктері болуы тиіс.
Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
Оқытуды дұрыс жоспарлау үшін кәсіптік оқыту педагогі сабақ туралы мәліметтері: оның түрлерін және функциялық мақсаттарын бәрін білуі қажет.
Кәсіптік оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың 4 формасы бар: дара, топтық, фронталды және ұжымдық. Оқушылардың жеке-дара жұмыс түрлеріне жататындар:
- Оқулықпен жұмыс істеу.
- Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстар. Мысалы : есеп шығару, шығарма жазу, диалог және т. б.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лабораториялық тәжірибелерді орындау.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмеккке негізделген екі, төрт, алты т. с. с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейті.
Оқушылардың біріңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ біріңғай тапсырмасын шағын топтпрға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту- бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындауы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара аөылдасып шешуі, оның нәижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді. Оқушылардың осындай бірлесіп атқаратын оқу- танымдық жұмыстары олардың жеке- дара жұмыстарына қарағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз- ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсақа жету жолында оқу әрекетіне белгілі бір өте күрледі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке- дара және топтық жұмыстарының элеметтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдында қойылатын міндеттерді жақсы ұғынуға көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz