Қазақ философиясындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларын саралап, философиялық көзқарастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Биболова Жулдыз ДОиВК81

Эссе

Қазақ философиясындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларын саралап, философиялық көзқарастары

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1858 жылы дүниеге келген. Шәкәрім-қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген.

Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де, онда жеті жасына дейін оқиды. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген.

Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпалын тигізді. Ақын өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан дүниесін байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді.

Шәкәрім адамдардың жолын, өмірін жақсарту жолында керемет нақыл сөздермен сын айтқан.

«Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз»,

«Жүрегі таза адам - қиянатқа бармайды»,

«Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ»,

«Білім білген әр істе шебер болмақ,

«Қол өнерден пайда қыл үйреніп,

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ» немесе былай деген-

«Жалқаулық, көрсеқызар, ашу мақтан,

Арамдық, өтіріктен ерте сақтан

Күні бұрын жуытпа маңайына,

Есер, есіріп ынжықтық - солар жақтан» - деген сөздері бір үн, сенім ұялататындай. Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар. Өмір өріне шыққан ақсақал көзімен ғана емес, өнер биігіне жеткен ақылгөй тұрғысынан өз басы жұмыр пенде атаулының фәни ғүмырына баға береді. Шәкәрімнің бұл реттегі сырлары мен толғаныстарын өмірінің соңына қарата жазылған, ел ішінде күні бүгінге дейін өз әуенімен айтылатын ең көркем туындыларының бірі нақты түйіндесе керек.

Қайран,

Қайғысыз, қамсыз күндерім,

Сайран,

Сауықты рақат түндерім,

Сендерден не пайда?

Асқан,

Алпыстан мынау жасымыз,

Қашқан,

Шалдықтан ғаріп басымыз,

Қаласың қай сайда?! . . .

Бұл - бір адамға, бір ұлт өкіліне ғана емес, өмір заңын түйсінген, тіршіліктің шектеулі кесімін мезгілінде байыптаған кез келген адамға ортақ сыр. «Өмірдің жолы бұл», - дейді ақын. Мұң бар, түңіліс жоқ. Өйткені бір адамның демі үзілгенімен, табиғат толастамайды. Сенің өміріңді тікелей жалғастырмаса да, ісіңді алға апарар, жаны туыс тағы бір кісі дүниеге келмек. Тіршілік мұраты - осы шектеулі өмірді мағыналы, мәнді етіп өткізу. Сен адамдық жолынан шықпасаң, ұрпағың да өз кезегінде артына тағлым тастамақ. Өмірдің өтуі, тіршіліктің арқылуы туралы мұнды сарын о дүние сұлбасы, ахирет жайынан мүлде аулақ сипатта. Құдайдың бірлігіне, пайғамбардың хақтығына күмән келтірмеген Шәкәрім адамның артында қалар ең үлкен қазына - игі іс, ең үлкен мұрат - ұрпақ жалғастығы деп танығанын көреміз. Бұл ақынның өмір кешуі, өнер мұраты туралы толғаған көптеген өлеңдерінің негізгі арқауы болып табылады.

Шәкәрім атамыздың қай өлеңін, қай шығармаларын алсақта, астарында үлкен мән, терең ой, философия жатқанын байқаймыз. Ұлы бабалардың, тұлғалардың арасындағы рухани сабақтастықты саралау, шығармаларын меңгерте отырып, баланың бойына, жүрегіне рухани білімді, жылулықты сезіңдіру міндетіміз. Әрбір бала, Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, жүрегіне тоқып сусындап өсуі тиіс.

Қазақ әдебиетіндегі көптеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға үлгі болатын қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан аулақ етуге тырысатын қасиеттер де болады. Сол поэманың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы. Бұл поэма қос ғашықтың махаббатын, бір-біріне деген сүйіспеншілігін жыр етеді. Бұл оқиға Найман мен Тобықты арасыңда бітіспес дау орын алған уақытта болған еді. Тобықты руының қолбасшысы Тоқтамыс деген кісі болған, оның артынан ерген Кебек есімді інісі бар. Жас жігіт 15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейімділігімен танымал болған. Кебек ер мінезді, парасатты, әрі ақылды, ел жұрты үшін жасқанбайтын батыр болғанын білеміз. ЕңлікМатай ауылының байдың қызы болған. Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиеттерін байқаймыз. Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тән емес қаситтері де байқалады. Бұл поэманы тереңінен, жалпы шынайы өміріммен талдап көрейік.

Келгені Тобықтының осы маңға,

Мың жеті жүз сексенге тақалғанда,

Елді бастап әкелген Мамай батыр.

Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға - деп бастайды.

Бұл, әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс, екі рудың арасындағы бітіспес дау орын алған кез болатын. Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын:

«Бораннан байқай алмай барар бетті,

Түн ішінде адасып Кебек кетті.

Осы Хақан өзенінің аяғында,

Қыстаған бір Матайға келіп жетті»-дейді.

Осылайша, Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан кезде Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық шалға байлағаны біледі. Ақын бұл кезде ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөзбен жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бұл уақытта ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен. Шәкәрім ақын екі жастың нәзік махаббатын, екі жұрт ортасындағы бірлік, шешімі жоқ мәселелер, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді.

Жалпы, осы оқиғадан кейін де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайлықпен, суреткерлікпен жеткізе білген. Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын осы поэмада Шәкәрім қос ғашықтың махаббатын қолдап, елдің ар-ұждан надандығына алып, күйінеді. Халықтың, нақтырақ айтсам, екі ру басшылардың өзімшілдігі қыршын кеткен екі жастың өлімінесебеп болады. Бұл жағдайда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды. Иә, шынымен де ақынның осы поэмасы оқып отырып, әлде бір басқа әсер алып, қосғашықтың күйін кешкендей немесе бір ішкі жан- дүнием небір тербеліске түскендей болдым. Менің ойымша, бұл поэмадағы басты мәселе, ол ата заманнан келе жатқан, балалардыңтуғаннан бастап атастырып қою, бұл ата-бабаларымыздың қателігі деп ойлаймын. Жалпы, қазіргі заманда бұл ата дәстүр толығымен жойылды деп айта аламын. Қазіргі таңда, үлкен кісілердің де, жастардың да болашаққа деген, жалпы өмірге деген көз-қарастары басқаша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің мәні
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
. Әл-Фараби жайлы
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz