Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а.ä, е, ы, і, о.ö, у.ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі
дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де
жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша
арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика
таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі
дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі
шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А.
Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің
1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению киргизского наречия
(Ученые записки Казанского университета) деген еңбегінен кездестіре
аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп,
дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз
түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді
(дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И.
Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а
дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан
шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен Һ спиранты
кездеспейді. Шамасы, Н.И. Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл
материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың
артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.),
қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң
М.Терентьев жазған Гармматикада [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай
жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық
түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында
келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың
сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы
фонетикасын [2]жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті.
Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол
кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы атты еңбегі күні
бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының
едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану
ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру
заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті
мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме
болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса
назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü),
консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды
қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι)
және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-
артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай
алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор
дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде
жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын
ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжірибе фонетикасының
берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w
(у), j (й) дыбыстары акустика-артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе
үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың ыңғайына қарай
әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық,
мұнда л соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке
(ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір
ғана фонеманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық-комбинаторлық
вариантта кездесе береді. Демек, В. Радлов л сонорының фонематикалық
қасиетін теріс түсінген.
В. Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет:
оның бірі — екпін мәселесі, екінші мәселе — дыбыстардың дистрибуциясы,
үшіншісі — түркі тілдерінің үндестік заңы. В. Радлов көп буынды сөздерде
сөз аяғына түсетін негізгі екпінн басқа көмекші екпіндердің болатынын,
көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін екенін айтады.
Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың, дистрибуциялық
ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет
берген.
В. Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап
(палаталды — езу, лабиалды — ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр
деп қорытады.
П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын
жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған
болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы),
дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үндестік
заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Дауыстылардың протеза,
элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет беред. [3]
П. М. Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ вокализмі
тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонантизм саласы жиырма
бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ,
ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-
қысаң деп жіктеп, графикаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz