Сатып алу - сату шартының ұғымы және мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе-

1-Бөлім

  1. Сатып алу-сату шартының ұғымы және мақсатыСатып алу-сату шартының мақсаты мен ұғымыСатып алу- сату шартының түрлеріСатып алу-сату шартын бұзу және өзгерту

2-Бөлім:

  1. Субьектілердің кұқықгары мен құқықгарды мен міндеттері және шартты бұзу немесе өзгертуСатып алу-сату шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі

Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Сатып алу-сату шарты азаматтық - құқықтық шарттардың кең таралған түрінің бірі болып саналды. Қазақстан Республикасы Азаматтық жүйесінің ерекше бөлімінде шарттың дәстүрлі анықтамасы сақталған: сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге міндеттенеді, ал сатып алушы бүл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Азамматтық кодекстің ерекше бөлімі сатушы мен сатып алушының әрбір қадамын реттеп отырмайды. Жалпы ереже бойынша шарт талаптарын тараптар өздері анықтай алады. Бір жағынан, шарттардың көпшілігі, әдетте, стандарт ережелер шеңберінде жасалды. Бұл ережелер шарт жасар кезінде тараптар өзгеше талаптар қоймаған жағдайлар үшін қарастырылған. Сатып алу-сату шартының тараптарына қойылатын бірден-бір талап: барлық жағдайда да шарт нысанасын өздері анықтаулары қажет. Сатып алу-сату шартының талаптары онда тауардың атауы мен саны көрсетілгенде ғана келісілген болып есептеледі. Сатып алу-сатудың жекелеген түрлері үшін талаптардың кең көлемін міндетті түрде қамтуға қойылатын талаптар бекіту қажеттілігі қарастырылған. Мұндай талаптар, негізінен энергиямен қамтамасыз ету, қозғалмайтын мүлік және кәсіпорындар сату шарттарында талап етіледі. Сатушының негізгі мақсаты сатып алу-сатудың нысаны болып саналатын тауарды шартта көрсетілген мерзім ішінде сатып алушыға өткізу болып есептеледі, ал шартта мерзім белгіленбеген жағдайда, мерзімсіз міндеттемелердің орындалуы туралы ережелерге сай шешілуі керек. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын, сондай-ақ құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты қүжаттарды беруге міндетті. Сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындалу талабымен жасауы мүмкін. Бұл тек мерзімі бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделігі жоғалатындығы шарттан айқын туындаған жағдайда ғана мүмкін. Сатушының мұндай шартты ондай белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келісуісіз және егер сатьш алушы шарттың орындалуынан бас тарту қүқығын пайдаланбаған жағдайда орындауға қүқығы жоқ.

Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін сатып алу - сату шартында берілетін тауардың айқында ін болса, лүндай шарт заңды деп есептелмейді. Сатып алу сату шартында берілуге тиіс тауарлар түрі, модельді түсі және басқада белгілеріне қарай белгіленгендігі көзделеді. Сатушының мұндай шарт бойынша тауарды сатып алуға тараптан келіскен түр түрі бойынша беруге тиіс. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сапа кепілдігі және тауар сапасынан қойлатын талаптардың бұзылуына сатушының жауапкершілігі қатаң көзделеді. Сатып алынған тауардың сапасы талапқа сай келмеген жағдайда сатып алушы шығымды өтеүді талап етуге құқылы. Сонымен қатар әрі бір сатып алушы өз тандауы бойынша сатып алу бағасын төмендетуді немесе тауар кемшіліктерін тегін жоюды немесе тауарды кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығымдарын өтуді талап етуге құқылы. Сапасы лайықты емес тауар алған сатып алушы, сондай ақ, мұндай тауарды шартқа сәйкес келетін тауар алмастыруды талап етуге құқылы. Мұндай тауарды алмастыру немесе жиындықтау тек сатып алушы тауар кемшілігі туралы дер кезінде хабарлағанда мүмкін болады. Сөйтіп, халықаралық сауда тәжірибесіне қалыптасқан тауар кемшіліктерін хабарлау тәртібі және бұл тәртіпті бұзу салдары ескерілген. Сатып алу сату шарты бойынша сатушы сатып алуға жиынтылығы туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті, шартта ол болмаған жағдайда жиынтыкдылығы айналымы дағдылармен немесе әдетте қойлатын өзге де талаптармен белгіленеді . Сатып алушы тауарды алғанға дейін немесе кейін оның толық бағасы мөлшеріндегі сонымен төлеу тиістілігі көзделген. Сатып алушы тауар ақысын төлеу міндетін орындамаған жағдай сатушы тауар бағасын ғана емес, бөтен адамның ақшасын қолдану пайызын талап етуге құқылы. Негізінен тауарлардың көтерме айналымы, кәсіпкер сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым қатынас тауар жеткізілімі ретінде белгіленген. Мұндай комерциялық қарым- қатынастар талаптарын, ең алдымен, оған қатысушылар анықгайды.

шарттың болмаған әдетте тауард. мөлшер

Сонымен қатар коммерциялық айналымның заңда көзделуді және тараптардың басқаша келісімі болмаған жағдайда қолдануды қажет ететін танымал стандарттары бар. Бұл бөлімде халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясында бекітілген, сонымен қатар біздің елімізде қалыптасқан тауар жеткізілімнің кезеңдері, тәртібі, жетіспеген тауарды орнын толтыру, оларды таңдау, жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, жеткізілім талаптарыңың бұзылу салдарлары туралы ережелер ескерілген.

Жеткізілім түрлері ретінде әдеттегі сатып алушымен салыстырганда дайындаушыға бірқатар қосымша міндеттер жүктейтін ауылшаруашылық өнімдерінде келісім шарт жасасу қатынастары реттелген. Тұнғыш рет заң деңгейінде знергиямен жабдықтаудың арнайы ережелерін бекіту қарастырылған.

Тұтынушы- азамат үшін энергиямен жабдықтау шарты қатынастары, оны нақты желіге қосқан сәтте пайда болады. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тұрақтылығы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін шарты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда шарттың әрі қарай өзінен-өзі ұзартылуымен қамтамасыз етіледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның, қандай да болмасын сатушы сияқты, энергия сапасы туралы талаптардың бұзылуына толық жауаптылығы

көзделген. Басқа да талаптар бұзылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осыдан келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.

Кәсіпорын сату туралы шарт жасау басқа сатып алу-сату шарттарына тән емес ерекше әрекеттерді талап етеді. Шарт жасаудағы қажетті талаптарға мыналар жатады: тараптардың инвентаризация актісін және

Бухгалтерлік баланс жасауы және оны қарастыруы, тәуелсіз аудитордың шешімін алуы, кәсіпорының барлық міндеттерінің тізімін анықтау.

Кәсіпорын саудасында, барлық жағдайда, бір жағынан, сатушы сатып алушыға талап қуқығын береді, екінші жағынан, сатушы сатып алушыға талап құқығын береді, екінші жағынан, оған қарыздарды аударады, ал бұл, өз кезегінде, несие берушінің келісімін талап етеді. Сатушы мен сатып алушы несие берушінің келісімінсіз сатып алушыға аударылған кәсіпорын қарыздары бойынша бірге жауапкершілік тартады.

Азаматтық кодекстің 25-тарауында сатып алу - сату шарттарының жекелеген түрлерібөлек­-бөлек реттелмеген. Басқа принцип көзделген: бөлшектеп сатып алу-сату, жеткізілім, энергиямен жабдықтау, келісім шарт жасасу, кәсіп орын сатуға байланысты қатынастар, шарттың бұл жекелеген түрлері туралы арнайы ережелермен өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты туралы жалпы ережелермен реттеледі.

1-Бөлім 1. Сатып алу-сату шартының мақсаты мен ұғымы

1. 2 Сатып алу-сату шартының мақсатымен ұғымы.

Сатып алу-сату шарты бүл -мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық -құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерешелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекетгің мұқтажы үшін тауар сатып алуда қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект қүрамымен, оны жасасу тәргібімен жэне өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық қүқықтық шарттардың ең түрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бүл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық болып келгенініе қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның қүрған заңды түлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу-сату шарты бойынша мүліті бір тарап (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатьш алушы бұл мүлікті тауарды( қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықгама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және субъект ретіңде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты-ақылы шарт. Тауарды беру оылқ сагу бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларға сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаган немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың қүқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүлікті мүдделерді неше түрлі алаяқтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу ату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытку да болуы мүмкін. Аталған мәмілілер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілілер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Айырбас шартының түсінігі
Жалға алу шарты
Сатып алу - сату шарты туралы
Рента шартының нысаны
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz