Құқықтық негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Осындай өміршең заңдардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асырылуын белгілейді. Сақтандыру жүйесі өте ерте кезеңде пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты - адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шарты мынадай пунктерден тұрады:
Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.
Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.
Сақтандыру объектісін көрсету.
Саөтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді.
Сақтандыру шартын жалпы құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы:
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру шарт жасасу арқылы жүзеге асады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқықтық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісімі танылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарты қайтарымды шарт болып есептеледі. Мысалға сақтандыру шартының қайтарымсыз түріне сыйға тарту шарты жатады. Сақтандыру шарты негізін ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:
-сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
-сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
-сақтандыру объектiсiн көрсету;
-сақтандыру жағдайын көрсету;
-сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
-шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
-егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Кез келген шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді. Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар: 1) сақтандыру объектісі; 2) сақтандыружағдайы; 3) сақтандыру сомасы; 4) сақтандыру төлемі; 5) сақтандыру сыйақысы; 6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуі тиіс.
Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы мен сақтандырушының арасында: сақтандырылған адам жөнінде; 2) сақтандыру жағдайы жөнінде; 3) сақтандыру сомасы мен сақтандыру сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша келісімге келуі тиіс. Бұл жерде елеулі жағдайлар болып:
-оқиғаның яғни оның туындауына байланысты сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
-сақтандыру шартының әрекет ету аймағы; сақтандыру объектісі жөнінде;
-сақтандыру төлемін төлеу тәртібі мен мерзімі; сақтандыру шартының жасалу мерзімі; сақтандырушының міндеттеме жөніндегі жауаптылық кезеңі;
-сақтандыру сыйақысының мөлшері мен тәртібі; шарттың мазмұнына өзгертулер енгізу тәртібі, тараптардың шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда құқықтық салдар.
Барлық келіссөздер жүргізіліп, сақтанушының ұсынысын қабылдағаннан кейін тараптар сақтандыру шартын жазбаша түрде жасайды және жасалғанын растайтын сақтанушыға ерекше сақтандыру құжаты сақтандыру куәлігін береді. Куәлік бұл құқық қатынасының маңызды деректері немесе негіздерін куәландыратын заңды құжат. Сақтандыру куәлігі белгілі бір заңды құжаттардың түрі сияқты тек сақтандыруда қолданылатын, сақтандырушы мен сақтанушы мен сақтандыру шартының жасалғанын дәлелдейтін дерек.
Сақтандыру куәлігінің мазмұнында:
-тараптардың - сақтанушы мен сақтандырушының атауы:
-қандай жағдай туындағанда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;
-шарттың жасалған күні мен тоқтатылу уақыты; сақтандыру төлемдерінің мөлшері және т.б. көрсетілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлеп төлеген кезде, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Сақтандыру шартының объектілері мен субъектілері. Сақтандыру шартында объектілер мен субъектілер маңызды орын алады. Сақтандыру қатынасының субъектісі болып сақтандырушы және сақтанушы танылады. Сақтанушы - қандай да бір мүддесін сақтандырғаны үшін сақтанушыға сақтандырушы көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруші болып табылады. Сақтанушы барлық жағдайда сақтандыру құқық қатынасының субъектісі болып табылады. Егерде сақтандыру келісім шарт түрінде жасалса, онда сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі. Сақтандыру міндеттемесі екі жақты міндеттеме болғандықтан сақтанушы сақтандыру төлемін төлеу кезінде борышкер болып есептеледі де, ал сақтандыру төлемі кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы
Талап қою арқылы іс жүргізу
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Пәндер