ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ
Жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы
Осы бизнес-жоба Қоқысты қайта өңдеу қоршаған ортаны қоқыстан
тазартып жәнеде тиімді бизнеске айналдыру.

1. ҚАРЫЗ АЛУШЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Аты-жөні
Ғаббасов Дінмұхамбет Өмірбекұлы
Азаматтығы
Қазақстан Республикасы
Мекенжайы
БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе ауданы
Жеке куәлік №
№хххххххх
Туған жылы мен орны
01.07.1999 ж. БҚО, Орал қаласы
ЖСН
ххххххххх
Отбасы жағдайы мен әрекет қабілетсіз балалар саны
бойдақ
Білімі
жоғарғы
Мамандығы
Мұнай-газ ісі
Мүгедектігі
жоқ
Байланыс мәліметтері
+7 707 910 36 08
Қарыз алудың мақсаты:
Қоқысты қайта өңдеу бойынша мемлекеттен грант алу
Валютасы:
теңге
Жобаның жалпы сомасы
теңге
Грант сомасы
теңге

2. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Соңғы уақытта дамыған елдер саясатында пайдаланылған қалдықтарды реттеу жөніндегі стратегиялары біршама өзгерістерге ұшырады. Оның басты себебі қоршаған ортаның қатты ластануы. Ластанудың салдары адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне кері әсерін тигізеді. Бұндай бизнестің болуы ірі және шағын қалалардағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі тек экологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді. Қазіргі таңда қалдықтарды қайта өңдеу бизнесіндегі бәсекелестік инвестиция құю үшін тиімді салалардың бірі болып тұр. Қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыс жасап жатқан өндіріс орындары аса көп емес, ал қалдықтардың күннен күнге ұлғайып бара жатқаны бәріне мәлім. Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін ашу тек жеке тұлғалардың ғана мүддесінен емес, сонымен қатар мемлекет мүддесінен де шығатын кәсіптің біріне айналды. Қайта өңдірілген өнімдер көптеген салаларда сұранысқа ие. Мысалы, бірінші өңдеуден өткен дайын өнімдерді - полиамид, поливинилхлорид, полипропилен, полиэтилен өнімдерін пластикалық ширпотреп өндіретін барлық кәсіпорындар пайдаланады.
Кәсіп ретінде қайта өңдеу - бұл келешегі зор инвестициялық қызмет. Бұл әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет қоршаған ортаға оң әсер етеді. Бұл 2-3 жыл бұрын пайда болған жоқ. Қайта өңдеу, қоқыс полигонына қоқыс жинау үлкен пайда әкелді. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтар кем дегенде 60% қайта өңделеді.
Бизнес-идея түсінігі: Жылына орташа есеппен 250 кг қоқыс тастайды. Қалдықтарды кәдеге жарату - қайта пайдалану өзекті мәселе болды. Қоқыстың көптеген құрамдас бөліктерін қайта өңдеуге болады, бірақ қалдықтардың 96% полигонға жіберіледі. Қайта өңдеу бизнесінің артықшылықтары: Қалдықтарды басқару секторы іс жүзінде қаржыландырылмағандықтан, жергілікті билік қалдықтарды кәдеге жарату ісін қолдайды. Қала әкімдігі қаржылық қолдау көрсетеді, өндірістік үй-жайларды табуға көмектеседі.Қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар әрдайым сұранысқа ие. Қайта өңдеу және қайта өңдеу шикізатты үнемдейді. Осы сегменттегі жаңа компаниялар жыл сайын құрылады.Сұрыптау кешенін пайдалануға болады. Бұл отандық өндірушілер жасаған арзан жабдық. Оны пайдалану шығындарды азайтады. Жоғары экономикалық тиімділік. Кәсіби мамандардың пікірінше, қалдықтарды жинау және кәдеге жарату кәсібінің пайдалылығы 80% дейін болуы мүмкін. Қоқыс - құнды шикізат. Қалдықтарды басқару бизнесі тиімді, өйткені бұл сегментте бәсекелестік өте төмен. Кәсіпті нөлден бастау: Мүмкіндігінше барлық пайдалы заттарды қоқыстардан тазарту керек. Ол үшін тиісті жағдай жасау керек.
Бұл жобаны құру себебі біріншіден, Қазақстанда бұл өнімді өңдеп шығаратын бір ғана кәсіпорын бар, екінші жағынан, жұмысшы күшін тарту көзі болып табылады.
Әлеуметтік жағынан жоспардың мынадай келешегі бар:
* Жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
* Жаңа мамандықтарды қалыптастыру;
* Қазақстан Республикасының нарығын отандық тауарлармен қамсыздандыру.
Бұл бизнес - жоспардың пайда болуының негізгі себептері:
* Қанағаттандырылмаған сұраныс;
* Шектен тыс ресурстар;
* Кәсіпкердің инициативасы.
Жобаны жүзеге асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Жыл сайын қалалық қалдық орнына келіп түсетін 200 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық заттарды және оларға теңестірілетін басқа қалдықтардың қалдығын қайта өңдеу және экологиялық жағдайды түзету;
Экология және қалдықтарды өңдеу саласынна жаңа технологияларды енгізу;
50 адам орнын қамтитын жұмыс орнын қамтамасыз ету.

3. НАРЫҚ ПЕН БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ
Дамыған елдердің көбінде тапталып жерде жатқан тұрмыс қалдықтары - әжептәуір табыс көзі. Бұл бизнес әрі әлеуметтік жауапты іс. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеудің негізгі бағыттары - қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Тіпті, борситын тамақ қалдықтарынан биогаз өндіретін мемлекеттер де бар. Франция: Қоқысты қайта кәдеге жаратудан, сұрыптаудан жетекші орында - франциялықтар. Францияда қоқыспен күресуде қоқыс өртейтін кешенді зауыттар салынған. Мәселен, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіреді, сонда улы заттар жану кезінде толық ыдырап, күл болады, есесіне атмосфераға зиянды газдар бөлінбейді. Франция қоқысты селекциялық жинау әдісімен қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өңдіреді. Қытай: Көршілес Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес саласына айналған. Аспан асты елінің Бейжің іспетті ірі қалаларында қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды, заманауи технологиялар мен адам күші қатар қолданылады. Қоқыс жинаушыларға төлемақы күнбе-күн төленгендіктен, қолма-қол ақшаға мұқтаж жұмысшылар бұл іске үйір. Бір Шанхайдың өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді. Ресей: Мәскеуде қоқыс үйінділерін игеру бойынша жағдай мүшкіл. Ресей астанасы ТМД елдері қалаларындағы мәселелерге ұқсас қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесі реттелмеген. Үйінділерді сұрыптау үшін арзан жұмыс күші саналатын мигранттар тартылған, күнделікті шайлығын табуға мұқтаж жандар осындай лас жұмысқа жалдануға мәжбүр.

Қоқысты қайта өндеу бойынша өзіміздің елдеде әр қалада қайта өндеу заводтары жумыс жасауда.
Орал қаласы: ТОО ЭКО плюс Қоқыстың келесі түрлерін сұрыптайды: қалайы, металл, шыны, полиэтилен, пластик, картон.
Орал қаласында 2019 жылдың ақпан айында финлияндия компаниясының қаржыландыруымен тағыда қалдықтарды сұрыптау заводы ашылды. Қалдықтарды сұрыптау зауыты жылына 100 мың тонна шикізатты өңдей алады. Қалдықтарды өңдеу жобасын фин компаниясы жүзеге асыруда, оның өкілдері инвестициялау арқылы өңдеуді ұйымдастыруға және болашақта биогаз алуға дайын. Полигон Оралда 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол жерде жаман иіс, жиі өрт, түтін және ластану болатын. Күн сайын полигон тұрғындарға көптеген қиындықтар әкеледі. Қалдықтарды сұрыптауды және өңдеуді ұйымдастырудың барлық әрекеттері фин компаниясы ісін бастағанға дейін сәтсіз болды. Оның барлық шикізаттың 98% -на дейін қайта өңдеу тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда сұрыптау цехында 45 адам жұмыс істейді. Күніне 100 тоннаға дейін қоқыс жиналады.
4.МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР
Маркетинг деп компанияның өндірістік қызметін белгілі техникалық-экономикалық сипаттамаларға жауап беретін бәсекеге қабілетті өнім түрін шығаруға дәлелденген түрде бағытталуы үшін нарықтың сұранысы мен талаптарын зерттеуге және ескеруге бағытталған фирма ішіндегі басқару жүйесі. Бизнес жоспардағы маркетинг жоспарының негізі болып фирманың стратегиясы, сұраныстың болжамы, өткізудің болжамы және фирманың қаржылық жағдайы табылады. Барлық бизнес түрлері үшін бірыңғай концептуалдық схема қолданылады:
1. Нақты нарықты және оның сегменттерін іріктеу. Маркетингтің алғашқы кезеңін жасау- осы жоспардың басты міндеті болып табылады(орналасқан орны бойынша және көлемі бойынша сипаттау)
2. Маркетинг факторларының перспективті сараптамасы. Бұл кезеңде баға тарату арналары, жарнама, нарықта өнімді жайғастыру секілді факторлар анықталады.
Өткізу- бұл өнімді маркетинг стратегиясының шегінде сату. Өткізу жоспары белгілі бір саясат иеленуі қажет. Өнім өткізудің негізгі тапсырмалары:
* Компанияның бәсекеге қабілеттілігін күшейту;
* Әлеуетті сатып алушыларға ықпал етуді күшейту.
Өткізу жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өнімнің атауы, көлемі және ассортименті
2. Баға қалыптастыру
3. Өнімнің жаңа түрі
4. Өнімді тарату арналары
5. Өнім өткізу жағдайлары
6. Өткізуді ұйымдастыру, соның ішінде сервис
7. Өнім сапасы және қызмет көрсету деңгейі.
Өткізу нарығын талдау: біріншіден, тауарды немесе қызметті өткізуге жоспарлап отырған нарықтың жалпы сипаттамаларынан және оның көлемін бағалаудан; екіншіден, компанияның осы нарықтағы үлесін, үшіншіден, тұтынушылардың өнімге қоятын негізігі талаптарынан; төртіншіден, нарықтың даму динамикасынан; бесіншіден, нарықтың өзгерісіне әсер ететін мүмкіндіктерін бағалаудан; жетіншіден, компанияның бәсекелестер алдындағы басымдылығынан тұрады. Бірнеше нарық сегменттерінің ішінен аз шығын жұмсайтын және бағасы бойынша өнім өткізудің жоғары көлемін және пайданы қамтамасыз ететін өнімді өткізу нарығын таңдау қажет.Нарықтың таңдалған сегменттері компания үшін мақсатты болып табылады. Нарықтың сегменттерінің әлеуеті оның сыйымдылығымен сипатталады. Сыйымдылығы деп белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір баға деңгейімен және сапа деңгейімен өткізілетін өнімнің көлемі. Нарықтың сыйымдылығы жоспарланған жағдайда ақшалай және натуралдық шамада есептеледі. Ассортиментті жоспарлау. Ассортименттік саясат тұтынушылардың қажеттілігін максиамалды түрде қанағаттандырудан басталады. Номенклатура мен тауарлық ассортимент жоспарланған жағдайда төмендегідей жағдайлар ескеріледі:
-кеңдігімен- номенклатуралық позицияның немесе ассортименттік топтардың саны.
-тереңдігімен- әр топтардағы өнімнің саны
-сәйкестілікпен- ассортименттік топтардың арасындағы ара-қатынасы.Бизнес жоспарда ассортименттік саясатты сипаттаған уақытта бизнестің алға қойған мақсатымен байланысты ассортименттің құрамы, кеңдігі және тереңдігі таңдалады.
Бағаны жоспарлау. Өнімнің бағасын жоспарлаған уақытта баға қалыптастырудың келесі әдістері қолданылады:
1. шығынның негізінде;
2. бәсекелестік деңгейіне бағытталу негізінде;
3. сұранысқа бағытталу негізінде;
4. параметрлік әдістер.
Баға қалыптастырған жағдайда әсер ететін факторлар:
* сұраныстың деңгейі;
* сұраныстың икемділігі;
* бағаны мемлекеттік реттеу;
* бәсекелес компаниялардың өнімінің бағасы және т.б.
Баға саясатының үш түрін бөлуге болады:
1. Бәсекелестерге қарағанда жоғары баға орнату(Қаймақты алу саясаты);
2. Бәсекелестердің деңгейінде баға орнату(бейтараптандырылған саясат);
3. Бәсекелестерге қарағанда төмен баға орнату саясаты(бағалық-лидерлік саясаты).
Фирма маркетингтің өндірістік тұжырымдамасына көп көңіл бөледі:
* Сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы
* Халықтың көп бөлігінің табысының төмендігіне байланысты шығарылатын тауарлардың өзіндік құнын төмендету;
* Фирма тауарын тұтынушылар саны ұлғайған сайын, өндірістік шығындар төмендейді, ол өз кезегінде нарықтың көп үлесін жаулап алуға мүмкіндік береді.
* Үлкен және тұрақты нарықтың болуы. Фирма тауарларын қажетті мөлшерде, қажетті орынға, ыңғайлы бағамен, қажет еткен тұтынушыға аз шығын жұмсай отырып,логистикалық жүйені, маркетингтік стратегияны тиімді жүзеге асыруы қажет. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін агрессивті саясат қолдану қажет, яғни бірнеше факторлардың бір-бірімен сәйкестігі: бағалардың қол жетімділігі, сапасының жоғарылығы, тапсырыстардың тез жылдамдықпен орындалуы. Фирма өзінің макро,микро және медиаортасына көп көңіл бөліп, бақылап, зерттеп отыруы қажет, себебі фирманың табыстылығы осы орталармен тікелей байланысты. Тауар туралы тұтынушылардың пікірін,олардың ұсыныстары мен уәждерін білу үшін халық көп жүретін жерлерде, сауда орталықтарында әр түрлі сауалнамалар жүргізілуі қажет. Фирманың маркетингтік стратегиясы:
+ Тұтынушылар нарығын бағалау
+ Бәсекелесткерді зерттеу
+ Баға саясатының принциптері
+ Жарнама және тауарды жылжыту
Кәсіпорынның басты мәселесі тұтынушыларға максималды кең ауқымды,сапалы,қол жетімді өнім түрлерін ұсыну. Тұтынушылар біздің өнімнен басқа өнім түрлерін іздемеуі қажет, яғни біздің өнімнің артықшылықтарын бағалай білуі қажет. Ал оны қамтамасыз ету үшін тиімді жарнама қажет. Біз ол үшін жарнама агенттігі арқылы интернетте, телеарналарда, радиоларда, БАҚ-да жарнаманы жиі жүргізу қажет. Жарнама ашық, назарды бірден аударатындай тартымды болуы қажет. Тұтынушыларды тарту үшін тиімді мотивация жасалынуы керек. Аяқ киім сатып алу мотивациясы әр түрлі болуы мүмкін: беделді өнім алуды қалау, сәнге немесе өзінің имиджіне сәйкес жүру, гардеробты өзгерту, жаңарту, түрлендіру, аяқ киімнің жетіспеушілігінен гардеробты толтыруға қажеттілік, басқа адамға сыйға алу.
Бизнес жоспардың маркетингтік негізгі мақсаты - төмен баға стратегиясы арқылы және тауардың нарықтың бос 20%-ақ сегментінен орын алу.
Маркетингтік стратегияны жүзеге асыруда төмендегі шарттар орындалады:
oo баға саясатының экономикалық концепциясын дайындау;
oo жобаның қаржылық жоспар концепциясын дайындау;
oo ұйымдастыру;
oo кәсіпорын стратегиялық нұсқауларының нарықтағы бар мүмкіншіліктерге сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп отыру;
oo кәсіпорынның мүмкіншіліктері мен кауіптіліктерін анықтау;
oo жұмыс бағдарламасын дұрыс бақылау.
Бәсекелестерді анықтау
Өндірістің басты мақсаты - ҚТҚ барынша сұрыптаудан өткізіп, өндіріс орнын кешенді түрде механизацияланған өндіріс алаңына айналдыру.
Зауыттың әрбір сызбасында өзіне қажетті технологиялық жабдықтарды пайдаланады. ҚТҚ сепарациялау әдісін қолдану тек өндірісті жеңілдету үшін ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан дәстүрлі өндіріске жаңалықтар мен өзгерістер енгізудің алғашқы қадамы деп қарастыруға болады.
Мақсатты аудитория
Аталған тарауда біз жарнаманы орналастыру, клиенттер қорын іздеу үдерісін ұсынамыз. Маркетинг үдерісін белсенді жарнама науқанынан бастаймыз, өйткені жарнама - сауда қозғалтқышы. Жарнама жасаудан бұрын алдымен мақсатты аудиторияны анықтап алған жөн.
Мақсатты аудиториямен байланысудың негізгі нүктесі әлеуметтік желілер болады. Әлеуметтік желілер біз үшін өз өніміміз туралы хабарлаудың, мақсатты аудиториямен жанды қарым-қатынас жасаудың, соның ішінде, бастысы, басқа жарнамалық арналармен салыстырғанда клиенттермен салыстырмалы түрде арзан байланыс орнатудың жолы. Әлеуметтік желілердегі жарнама аудиторияның әлеуметтік және психологиялық портретіне сүйене отырып, әрбір әлеуметтік желі үшін жеке әзірленеді. Бастапқы кезеңде біз Facebook, Instagram және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
Нағыз тұрмыстық қалдықтар
Инвестициялық жоба жайлы
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
«Қоқыс жағатын және жылу беретін зауыт»
Мәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым әрекеттерін дамыту
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тарихы
Мегаполистегі экологияны жақсарту
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Екілік санды ондық санға түрлендіру
Пәндер