Қастерлі Қазақ еліне қойны - қонышы толған байлық
КІРІСПЕ
Қастерлі Қазақ еліне қойны-қонышы толған байлық бұйырғаны мәлім. Бұл кезінде тарихтың қаралы дақ болып жазылған ашаршылық басынан өткерген, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы деген айдар тағылған алапат қырғынның кезінде жер ауып келгендерге жылы қабақ танытқан дархан көңіл ұлтымызға Алла Тағаланың берген ерекше сыйы тәрізді. Қойнауына бүкіл Менделеев кестесі сыйып жатқан біздің байтақ даламызда нелер жоқ десеңізші?!
Осыншама табиғи байлық ел-жұртымыздың өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы дағдарыстан кейін аяғынан тұрып кетуіне ғана емес, бүгінде шетелдік инвесторлардың қызығушылығын оятып отырған елге айналауымызға көп септігін тигізді. Әрине, бұл тұрғыда Қазақстанның мұнай қорының алатын орны ерекше. Мұнай-газ секторы тәуелсіз мемлекетіміздің бүкіл экономикасының күретарымы деуге әбден болады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан барша әлемге өзінің Тәуелсіздігін жария еткелі міне отыз жылға жақын уақыт өтіп үлгеріпті. Осынау уақыт аралығында Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өз дамуында мақтануға тұрарлық, шын мәнінде құрметке лайық заңғар шыңдарды бағындырды. Ең ірі елдердің басшылары мен көрнекті саяси қайраткерлері Қазақстан Республикасының адам өміріндегі маңызы зор салалардағы керемет жетістіктерін қашанда әңгімеге арқау ете отырып, бұл күндері қазақстандық сара жол, қазақстандық табыс формуласы аталып кеткен феноменге баса назар аударады.
Бірақ осыншалықты толағай табысқа жетуде нендей қиындықтарды өткеруге тура келді?! Қиын да күрделі шарттарда іргесін қалап жатқан ел бетпе-бет ұшырасқан кедергілерді қалай еңсерді? Бүгінде бұл тектес сауалдарға жауапты өзінің дербес дауында тәй-тәйін басып, өз шаңырағын көтере бастаған ортада мұнай-газ индустриясын дамыту жолында жауапты жұмысты атқара отырып, тарих сахнасында ойып тұрып орын алған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының және нар тұлғалы мұнайшылардың еңбектері жауап болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөзінде мұнай-газ елдің басты шикізат байлығы болып табылатындығы, елдің өркендей түсуінің түпнегізі екенін бірнеше мәрте атап өткен еді. Мемлекет ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде ең өзекті мәселе ел ауқымындағы табиғи байлықтарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде игеру екендігін жете ұғына отырып ол бірінші күндерден бастап-ақ өндіріс салаларындағы кең ауқымды стратегияны жасақтау және оны іске асыруды жеке бақылап отырды.
Осы стратегиялардың бірі кең ауқымды, ғаламат жобасы - Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенорны және оны игеретін Консорциумның құрылу жобасы болып есептеледі.
Мен осы өзімнің ғылыми жобамда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Каспийді игеру идеясы қалайша іске асқаны, Консорциумның құрылуы туралы тартысқа толы күрделі халықаралық келіссөздердің аражігі жөнінде жан-жақты жауаптарды талдап, ұсынамын. Осы ғылыми жобамда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге жұмыс жасап Каспий қайраңын игеруге атсалысқан ардагер мұнайшылардыңда еңбектерін айқындай отырып, ел мүддесін бәрінен биік қойған азаматтардың мықты жұмыскерлігін насихаттаймын.
1992 жылы еліміз Каспийде жұмыс істеуге ниетті екенін күллі әлемге паш етті. Осыдан кейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз шешімімен бастау алған 1993 жылдың ақпан айында құрылған ірі мекеме ҚазақстанКаспийШельф мемлекеттік теңізде қызмет атқаратын компанияның алдында ірі халықаралық компаниялардан инвестиция тарту міндеті тұрды. ҚазақстанКаспийШельф тиісті жұмысты өте қысқа мерзімде атқарып, кісі қызығарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ол Каспий өңірін мұнайдың болжанған қоры жөнінен алдыңғы қатарлы орындардың біріне шығарды.
Қазіргі уақытта Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенорнын игеріп жатқан НКОК компаниясы (Норт Каспиан Оперейтинг Компани) бүгінде ел игілігіне қызмет етіп, қаншама мықты кадрларды даярлап, көптеген өлкелерге инфраструктуралық жобаларды іске асырып, көптеген инвестициялар құйылып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосуда. Осы сәттерге қарап осындай жақсы бастама істердің түп тамыры сонау 90-шы жылдардағы қиын кезеңдерге барып тіреледі, сол жылдардағы Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жобада үлкен шешімінің қабылдауы, міне бүгінгі күнде жақсы нәтижеге әкеліп отыр.
ҚИЫН-ҚЫСТАУ 90-ШЫ ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ
Әлемге аян, жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында мызғымастай көрінген Кеңес Одағы күйреді. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда айтуға оңай. Он бес Одақтас республиканы бір тудың астына біріктірген Кеңес Одағы империясының күйреуі, әлемдік геосаясатта үлкен қиын бетбұрыс туғызып, әлем елдері арасындағы дипломатияны жаңа деңгейге көтерді. Одақ кескен теректей болып, гүрс ете түсседе, оған мүше елдер бір сүрініп, бір құлағандай болып еңсесін тіктеп кетті. Бұл да бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда жеңіл сияқты көрінуі мүмкін. Қолдағының қадірін тереңірек біле түсу үшін, өткеннің сабақтарына үңіліп отыру керектігі белгілі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ғасырлар тоғысында атты кітабында Кеңес Одағының салтанат құрып, шарықтап тұрған мезгілін стратегиялық мешеулік кезеңі деп бағалайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы әлгі еңбегінде Қарулану жолындағы бәсеке - Кеңес одағы құлауының басты себептерінің бірі, - деген пікірін алға тартады. Сол жылдарда өмір сүрген адамдардың көкірегінде оған қанша жерден қимас сезімі орнаса да Кеңес Одағы келмеске кетті. Осыдан кейін бұрыңғы Одақтас республикалар арасындағы, саяси экономикалық байланыстардың бәрі бірден үзілген.
Посткеңестік кеңістікте экономикалық дағдарыс басталды. Қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайының тұрақты болуына септігін тигізіп келген алып өндіріс орындары мен басқа да ірі нысандар жұмысын тоқтатты. Өйткені олар бұрын орталықтан, яғни Мәскеуден ғана қаржыландыратын.
1991 жылы енді ғана Тәуелсіздігімізді иеленген кезге көз жүгіртсек, Қазақстан енді ғана егемендігін жариялаған тұста бетпе-бет келген бірнеше сын қатерлер болды. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Заңды рәсімделіп, халықаралық қауымдастық түел мойындаған мемлекет шекарамыздың болмауы, қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналының болуы және жоғарыда әңгіме өзегіне қосқан экономикалық дағдылы байланыстардың үзіліп, өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтауы мен күйреуі секілді басты-басты мәселелерді айтсақта жеткілікті.
Сол тұста бейне бір жұт келгендей болып, дүкен сөрелерінің босап қалғаны елдің есінде шығар. Халық азық-түлікті талонмен ғана алатын жағдайға жетті. Осындай қиыншылықтардан әбден титықтанған тұрғындар арасында заңға қайшы әрекеттер көбейді. Тоқтап қалған кәсіпорындар тонала бастады. Мемлекет мүліктері, мысалы, көптеген құрал-жабдықтар талан-таражға түсті. Әсіресе, жұрт түрлі-түсті металы бар бұйымдарға қырғидай түсті. Соларды қабылдайтын арнайы орындар ашып, өз байлығымызды арзан бағамен жаппай Қытайға тасу ісі сол кезеңдерден бастау алды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сол жылдардағы ең негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеріп, халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу болатын, ол үшін қиындықтан шығар жол іздеу, әрі соған талпыныс жасау болатын. Ең негізгі көзқарас сол жылдардағы мұнай-газ секторын реттеу және инвестиция тарту.
Білдің Қазақстанымызға Кеңес Одағынан Теңіз, Қарашығанақ сияқты құрлықтағы ірі кеніштер мұраға қалған еді. Одақ кезіндегі байланыстар үзілмей тұрғанда, қазақтар мұнай өндіру ісін өзге республикалардың өкілдерімен бірге Теңізмұнайгаз және Қарашығанақгазпром бірлестіктерінде жүргізді. КСРО тарағаннан кейін Мәскеу оларды қаржыландыруды тоқтатты. Содан кейін еліміздің мұнайшылары осы кеніштерді өзбеттерінше игеруге тиіс болды.
Теңіз кеніші құрлықта өте тереңде жатыр. Онда мұнайдың қомақты қоры бар, күкірт сутегінің үлесі мол. Оны игеруге басқа да мүмкіндіктерімен қатар қара алтынды қауіпсіз жағдайда өндіруді де қамтамасыз ете алатын технология қажет болды. Ойлана келе, мамандардың америкалық Шеврон компаниясына ықыласы ауды. Ал 1991 жылдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Теңізге қатысты келіссөздерді реттеу туралы өз бұйрығын берді.
Бастапқы кезде осы келіссөзге Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары Халық Абдоллаев жауапты болды. Кейін бұл шаруа Премьер министрдің орынбасары, әрі Энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Байкеновтың құзырына көшті.
1993 жылы Елімізде дағдарыс тіптен үдеп, оның үстіне Теңіздегі жағдай күн санап нашарлай берген соң (мысалы, Теңізмұнайгаз өндірістік бірлестігінің осында қара алтын өндірумен айналысқан пайдалану қоры 1992 жылы 79 ұңғыға қысқарса, 1993 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімі 15,3 пайызға құлдырап кетті), биліктегілер америкалықтармен арадағы келісімге қол қоюды тездетуге тиіс болды. Сол жылы сәуір айында ғасыр келісім шарты аталып кеткен, 40 жылға арналған ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Сөйтіп, Теңізшевройл атты қазақ-америка бірлескен кәсіпорын құрылды.
Теңіз кеніші - Тәуелсіз еліміздің тарихындағы шетелдік инвестордың қаржысына игеріле бастаған алғашқы ғаламат кеніш ретінде тарих қойнауына жазылды. Осыдан кейін ел экономикасында жаңа серпін пайда болды. Бұл сала бүгінгі күнге дейін жалғасып, дамып, Ел игілігіне өз пайдасын тигізуде.
Америка Құрама Штаттарының қазіргі Президенті Дональд Трамп, қазіргі кездегі қазақ-америка арақатынастары осындай үлкен индустриялық жобаларға баса назар аударғаны анық. Дональд Трамп осы жағдайды көріп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Сіз керемет дүние жасадыңыз деп таңқалған болатын.
1993 жылы Шеврон компаниясы және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арасындағы келіссөздердің бірінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанға күмәнмен қараған шетелдіктерге Бізге сеніңізде, жұмыс жасай беріңіз,- деп шетел компанияларға өз сөзін жолдады. Әрине, оларды да түсінуге болады, өйткені әлі заңнамасы, шекарасы, индустриясы дұрыс бекітілмеген, әрі қатты дамымаған елге қалайша инвестиция құйылады деген көзқараспен отыруға болады, бірақ жақсы жұмыс пен арақатынастың нәтижесінде Теңізшевройл мекемесі қазір ең мықты компаниялардың біріне айналды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Шеврон компаниясының басқарма төрағасы Кеннет Деррдің Теңізшеройл біріккен кәсіпорнын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қою салтанатынан.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы саяси ұстанымының нәтижесінде 90-шы жылдары елге шетелдік инвестициялардың көптеп келуі және көптеген жұмыс орындарының ашылуы себеп болды, ал жоғарыда аталған жәйттар ол тек бір бөлігі болатын, алдағы басты мақсат Каспий идеясы болып табылады.
СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ИДЕЯСЫ
Сонымен, мұнай-газ өнеркәсібін дамыту біздің жас, аяққа енді тұрған еліміздің экономикасындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Алайда, жоғарыда жазғанымдай, бұл сала ол кезде өте қиын жағдайды басынан өткеріп жатқан болатын. Құрлықтағы барлау жүргізіліп қойған көмірсутегі қоры қомақты бола тұрса да, Қазақстанда қара алтын өндіру ісі кейбір себептерге байланысты тежеліп қалды. Ол себептер - кеніштегі ескі қорлардың таусылуы және суланып кетуі, құрал-жабдықтардың тозуы, ғылыми-техникалық базаның нашарлығы, инфрақұрылымның дұрыс дамымауы және басқа да толып жатқан қолбайлаулар. Бұл саланың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz