Киім тігу технологиясы туралы
Киім қазіргі таңда қолданбалы өнердің туындысы ретінде қарастырылады. Ал эксплотациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі заманға сай безендірілуі, бұйымның сыртқы көрінісінің тұрақтылығы, оны күту жеңілдігі үлкен мағынаға ие. Сондықтан жоғары сапалы бұйымдарды шығару үшін, тек қана озық технологияны қолданып қана қоймай, тұтынушылар сұранысында ескеру қажет.
Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі - адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметіде пайда болды. Соңғы қызметін діни- ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз.
Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.
Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материялдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді.
Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейімен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән онерімен бағытына негізделіп, ғылыми- техникалық жаналықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал жабдықтарды меңгеруі қажет.
Көйлек - Гүл жердің көркі, қыз елдің көркі деп әдемілік деген ұғыммен егіз жаратылғаны анық. Әйел затын әдемі ететін оны жан дүниесі ғана емес, көзге көрік, көңілге өрт құятын киім екендігі даусыз. Қырды өртейтін қызғалдақтардай алаулап, көзге оттай басылатын мұндай көркем көйлектер - қазақтың ұлттық киімдерінің басты бөлігі болып табылады. Халық әніндегі Қос етек, бұраң бел, қуалай соғар қоңыр жел ... деген сазды жолдарды елтімей айту мүмкін емес. Шыныда жеңіл де төгілген жібек, шәйі көйлектер кеудеге самал соққандай сезімдер ұялатар еді. Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі - ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі - мықынға дейін бөлек пішіліп, кейін қосып тігу. Қазақта әйел затының көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне өзіне бір немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жағы қарастырылды.
Киімнің шығу тарихы: Әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігінде орын алатын салт-дәстүр тарихта қалады. Қазақ салтында көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті ұлттық киім. Киім белгілі бір халықтың тұрмыс салтының көрінісі.Адам баласының түрлі даму сатыларынан өткені секілді олардың ақыл- ойының өсіп, тұрмыс мәдениетінің дамуына орай киім үлгілері де жетіліп отырады.
Ұлттық киім тәрбие бастауы: Киім-кешек ұлт байлығы.Ұлттық киімдерімізге қарап, халқымыздың эстетикалық талғамының нәзік те бай екеніне көз жеткізуге болады.Ата-бабамыз ұрпақ тәлім- тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп қарап, Адамның көркі шүберек деген. Жас шамасына дәулетіне қарай үйлесімді,шаруасыда, сауыққа да ыңғайлы киім киген.
Көйлек - әйелдерге арналған киімнің бір түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында ерлер жейдесін де көйлек деп атайды). Қыздар мен әйелдер көйлегін бүрмелі, қос етек, тік етек, үш етек, көп қатарлы деген бірнеше түрге бөледі. Қос етек көйлек бір етектің үстіне бір қатпар етек қосылып тігіледі. Көп етек көйлекке екі, үш етек қосып тіккен. Кең етекке ештеңе қоспай тігіледі. Тік етек, кең етекті көйлекті қарт әжелер, бүрмелі көйлекті көбінде орта жастағы әйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киеді. Етегінің қатпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалармен сәнделеді.Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына (күнделікті киілетін көйлек, жиын-тойға арналған кештік көйлек, т.б.) байланысты да бөлінеді.
Бұйымның техникалық сипаттамасы:
1. 18 - 25 жас аралығындағы қыз балаларға арналған қазақи нақыштағы қазақ халқының ұлттық киімі. Бұл көйлекті қазіргі таңда жас қыздар ұзатылып бара жатқанда немесе беташар тойларында киеді. Кең етекті, ұзын ақ көйлек.
2. Алдыңғы бойы - екі бөлшектен тұрады, үстіңгі бөлігі тұтас пішілген, кеуде және бел бүкпелерімен өңделген, төменгі бөлігі кең етекті белдемше, ұзындығы тобыққа дейін.
3. Артқы бойы - екі бөлшектен тұрады, үстіңгі бөлігі екі бөлшектен тұрады, орта қиығымен өңделген, бел бүкпелерімен өңделген.
4. Силуэті - қынамалы.
5. Жеңі қондырмалы, бір тігісті фонарик жеңі.
6. Қосымша бөлшектер - жең аузында каттамамен қосып тігілген.
Сурет 1- ақ көйлек үлгісі.
Қазақ халқының ұлттық киімі- камзол. Камзол - жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Камзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл, яғни күміс қапсырмалар тағылады. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Негізінен, бір түсті қоңыр матадан, ал жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан тігеді. Етегі, әдетте, кең болып келеді.
Қамзол (камзол) -- әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі.
Қамзол - жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті едәуір қалың матадан, мақпалдан, барқыттан, жібектен, кейде гүлді мақпалдан, атластан ( жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Қыз келіншектерге арналған қамзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл немесе күміс қапсырмалар тағылады. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол 18 - 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім.
Қамзол сызбасына қойылатын негізгі талап:
- денеге қонымды болу;
- сәнді, ұлттық нақыштармен ерекшеленеді;
Қамзол:
- жеңсіз және жеңді (ұзын, қысқа);
- қима бел және тік пішінде болады.
Киімді үлгілеу барысында адамның дене бітіміне назар аудару шарт. Әркімнің мүсініне әр қалай болғандықтан денеге кемшілікті жасырып, адамның сырт келбетін әдемі етіп көрсетуге тырысу керек. Мұндай жұмыстар жасау оқушыны талғампаздыққа үйретеді, ой өрісін жетілдіреді, эстетикалық талғамға сай киіне білуге тәрбиелейді.
Камзол - жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жең бешпентті де К. деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай жібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзол, қынай бел камзол, тірсек камзол деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде К.-ды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше, күрме, күрдек, қаркеспе деген атаулар қалыптасқан.
Қамзол (камзол) -- әйелдер ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде жеңсіз бешпент немесе кәзекей деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдық желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.
Маусымдық белгісіне қарай - жазғы және маусымдық камзол болып есептеледі.
Функциялық белгісіне қарай - күнделікті киетін, үйге киетін, салтанатқа киетін камзол болып есептеледі.
Бұйымның техникалық сипаттамасы:
1. 15- 25 жас аралығындағы қыз балаларға арналған қазақи нақыштағы қазақ халқының ұлттық киімі - камзол. Камзолды негізінен көйлектің сыртынан киеді. Қазіргі таңда жас қыздар салт-дәстүрді сақтай отырып, ұзатылып бара жатқанда немесе беташар тойларында, кейде үйде камзолды көйлектің сыртынан киеді. Қазақша ою -өрнектермен сәнделіп тігілген камзол.
2. Алдыңғы бойы - екі бөлшектен тұрады, кеуде және бел бүкпелерімен өңделген.
3. Артқы бойы - екі бөлшектен тұрады, бел бүкпелерімен өңделген.
4. Силуэті - қынамалы, қима бел.
5. Қосымша бөлшектер - алдыңғы бойында және артқы бойында желбіршек қосып тігілген, белінде белбеуі бар, дайын ою - өрнектер.
Сурет 2 - қазақи нақыштағы ою-өрнектермен әсемделген камзол.
Сурет 3 - ұлттық ақ көйлекпен камзол.
Қажетті маталар: 2,5 метр қызыл түсті бархат матасы, 2 метр қызыл түсті атлас матасы, 7 метр ақ түсті атлас матасы, 6 метр ақ органза матасы, 2 метр ақ түсті шифон матасы, 2 метр флезилин, ақ және қызыл түсті жіптер, қосымша дайын ою-өрнектер.
Камзолдың материалы көбінесе түкті матадан, барқыт пен шұғадан да тігеді. Міндетті түрде бір түкті матадан тігілу керек.
Сурет 4 - қызыл түсті бархат матасы.
Сурет 5 - қызыл түсті атлас матасы.
Сурет 6 - ақ түсті органза матасы.
Сурет 7 - ақ түсті атлас матасы.
Сурет 8 - ақ түсті шифон матасы.
Сурет 9 - Дайын ою-өрнектер.
Киім дайындауда қолданылатын жұмыс түрлері. Киім дайындауда қолданылатын жұмыстар қол жұмысы, машина жұмысы, ылғалды жылумен өңдеу жұмысы болып бөлінеді. Қол жұмысы орындалуына қарай отырып немесе тұрып атқарылады. Жұмыс орнына жоғарғы беті тегіс үстел, орындық және аяқ қоятын қозғалмалы тақтайша қажет (10-сурет). Үстелдің оң жағындағы тартпаға барлық қажетті аспап-құралдар салынады және оң жағында арнайы жіп шарғысы салынатын қондырғы орнатады. Жұмыс орнының өлшемі бұйым түріне, орындалатын операцияға байланысты, жұмыс орнына жарық жақсы түсуі қажет. Бұйымнан көзге дейнгі арақашықтық орташа шамамен30 см болу керек.
Сурет 10 - Қол жұмысына арналған жұмыс орын.
Қол жұмысының орындалуына қажетті аспаптар: қол инелері, оймақ, қайшы, сантиметрлік таспа; құралдар: манекен, лекало, пышақты жүзік, біз, бор, сызғыш, түйреуіштер және т.б.
Ежелде тігілетін бұйымды матасының ұзындығына қарай тұтасымен пішіп алатын. Бұйым жұқа матадан болса екі тал ширатып, калың матадан болса үш талшығынан ширатып тігетін жіпті дайындаған. Бұл жіп ерекшелігі - мықты, берік, түсі түстес болған. Қол инені матаның қалың, жұқасына қарап, талғап ұстаған. Пішілген бұйымды көктемей, бірден тіккен. Ретіне қарай жөрмеу тігісін, бастыра тігуді, торлау тігісін пайдаланған. Торлап тігу ісі бөлшектерді біріктіретін тігіс орнына қолданған. Ал бастыра тігу машинаның тігісі сияқты түзу, тегіс түседі. Киім тозғанша жіптер өз сапасын жоғалтпай, киім жыртылғанша сөгілмеген. Сонымен қатар әрлеу тігісінің түрлері де жиі пайдаланылған. Қазіргі жіптердің сапасы нашар тез үзілгіш, ал синтетикалық жіптер төзімді, мықты келеді. Жібек жіптертігін машинасында қолданылады, қол инемен тігуге де жарамды. Бірақ, жібек жібі бөлшектерді біріктіретін тігістерге жарамайды. Сонымен қатар сәндік-әрлеп өңдеуде жібек жіпті киімнің бедерлі тігістерінде, түймелік торлағанда кеңінен қолданылады. Өйткені, жібек жіптері өңін сақтайды. Осы қасиетіне қарай, киімдерде көбінесе әрлеу тігістерінде жібек жіптерін қолданады. Мысалы: жейде, көйлек және т.б. киімдерде сәндік тігістерді жібек жіптермен орындайды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты мақта жіптерін пайдалануға болады, бірақ олар тез оңып кетеді. Мақта жіптерін қол тігісі және машина тігістеріне кеңінен пайдаланады. Бұл жіптің № 10, 20, 30, 40, 50 түрлері бар.
Жасанды жібек жіптер - мықты, қолмен үзуге келмейтін жіп. Мұндай жіптермен қол бұйымдары, жасанды трикотаж бұйымдары, жеңіл шатырлар, т.б. бұйымдарды өңдейді. Жасанды жібек жіптерінің сапасы жоғары, бірақ дымқылданса қатқылдығын жояды, сапасы төмендейді. Жібек және оны алмастырушы синтетикалық кешенді жіптер, жүн, жібек матасынан және синтетикалық талшықты матабұйымдарын біріктіруге қолданылады.Жасанды талшықтардан дайындалғанжіптің №10, 20, 30, 40, 50, 60, 80 түрлері сапалы жіптер тобына жатады.
Зерлі жіптер әр түсті болады. Зерлі жіппен киімдер әшекейленеді (кестелеу, оюлау). Зерлі жіптермен кестеленген тақия, бүрмелі көйлек, кестелі қамзол, орамал, жастық, қаптар, төсек жапқыштар тіккен. Зерлі жіп үзілмейді, қазіргі кездегі әмбебап тігін машиналарына және қол тігіске де еркін жүреді. Зерлі жіп басқа да жіптер сияқты нөмірлі, жуан-жіңішке болады. Құрамында жасанды талшығы бар, жылтыр, мықты, төзімді келеді. Қазіргі уақытта зерленген бұйымдарды әнші, биші, күйші, цирк артистері, т.б. өнер адамдары киіп жүр.
Түйе жүнінен иіріліп, ширатылған шуда жіппен көрпе қабиды. Бұл жіптің қасиеті - матаны қимайды, көрпенің ішіне салынған мақтаны, жүнді жылжытпай тұрады, мықты, төзімді. Шуда жіптің жуан, жіңішке түрлері болады. Бұл жіппен тұскиіздерді, өрмектеп тоқылған бұйымдарды (қап, қоржын, т.б.) қосып тігеміз. Атына сай түйе шудасынан иіріледі. Егер түйе болмаған жағдайда, қазақы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz