Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
2 Тарихнама және деректер
3 Қарлұқ қағанатын зерттеген ғалымдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуынан бастап, олардың Орталық Азияда саяси үстемдікке қол жеткізуі мен моңғол шапқыншылығына дейінгі тарихын зерттеудің қазіргі түркі тілдес халықтар үшін маңызы зор. Қарлұқтардың тайпалық одақтары Қарахандар мемлекетін құруда басты рөл атқара отырып, моңғол шапқыншылығынан кейінгі дәуірде қазақ, өзбек, қырғыз және т.б. Орталық Азия халықтарының қалыптасуына ықпал етті.
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында Қарлұқтардың иелігінде болған мекендер осы аймақтың орта ғасырлардағы саяси және этникалық тарихында ерекше орын алады. Батыс Түрік қағанаты мен түргештердің орнына келген қарлұқтар бұрынғы қағанаттар біріктірген ру-тайпалық одақтарды өзіне қоса отырып, этникалық, әлеуметтік және саяси тарихының сабақтастығын және олардың әрі қарай жоғары сатыда дамуын қамтамасыз етті. Оның айқын дәлелі - кейін қарлұқтар тайпалық конфедерациясы құрған сол замандағы дамыған әлеуметтік-экономикалық және өркениетті қоғамы бар Қарахандар әулетінің мемлекеті болды.
Сонымен қатар қарлұқтар қоғамын зерттеу көшпелілер мен отырықшылдықтағы елдердің өзара ықпалы мен дәстүрлі мәдени-шаруашылық типтерін және әлеуметтік қатынастарын терең, бір-бірімен тығыз байланыста, тұтастықта қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені, әуелгі орта ғасырда қалыптасқан оғыз, қыпшақ, ұйғыр және қырғыз бірлестіктерінің қай-қайсысы болмасын, дәл осы қарлұқтардай отырықшылар мен көшпелілердің тығыз байланысқан жерінде және Ұлы Жібек жолдарының тораптарында орналасқан жоқ еді.
Қарлұқтардың тарихын зерттеу көшпелілердің ортағасырлық қалаларының дамуы мен гүлденуіне тигізген зор ықпалын, сол дәуірдегі өлшеммен қарағанда жоғарғы дәрежедегі шаруашылық-мәдени кешендердің қалыптасуын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Қарлұқтардың исламды басқа түркі тектес тайпалардан гөрі ертерек қабылдауы және бұл діннің таралуы үшін күресуі сол кездегі мұсылман мәдениетінің өркендеуінде (Шығыс ренессансы) түркілердің алатын орны мен рөлі мәселесін де алға қояды.
Жұмыстың методологиялық әдістерін айтқанда ғылымда болып жатқан соңғы өзгерістерді ескермеске болмайды. Танымның түрлі салаларында фактілік материалдардың жинақталуы мен толығуы, оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеудің күрделенуі жаңа әдістердің қажеттілігін тудырса, ал оның өзі барлығына ортақ белгілі бір заңдылыққа сүйенуді талап етеді. Бұл жағдай әлемдік ғылым алдына қандай да болмасын, дамудың жалпы заңдылықтары теориясының жүйесін қайта қарастыруды алға қойды.

1 Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
Түргеш қағандығы құлағаннан кейін бұрынғы көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады. Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бұлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының құрамына енген қарлұқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.
742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлұқтардың, үйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет Yenйғыр қағанаты (744-840жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мүндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.
Қарлұқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар, барсхандар кірген.

2 Тарихнама және деректер
Ортағасырлық карлықтар тарихының күрделілігі осы уақытқа дейін оның жеткіліксіз зерттелуі мен деректік материалдарының тапшылығына байланысты. Сондықтан да тақырыптың отандық және шетелдік тарихнамада зерттелу дәрежесі мен оның кезеңдерін анықтау, бар деректерге талдау жасап, бір жүйеге келтіру, оларды арнайы мәселе ретінде қарастыруды қажет етеді.
Біз қарастырып отырған кезең бойынша қарлықтар туралы арнайы монографиялық еңбек жоқ. Алайда отандық және шетелдік әдебиеттерде әртүрлі дәрежедегі зерттеулер мен мәліметтер баршылық. Ресей ғалымдары ішінен қарлықтар туралы шамалы деректер Д.Н. Логофет, Н. Ха - ныкова, В.И. Массальский, В.Л. Вяткин және Н.Г. Малицкий еңбектерінен кездеседі.
Араб-қытай деректерін пайдалана отырып, шығыстанушылар Н.Я. Бичурин, В.В. Григорьев, В.В. Радлов және Н.А. Аристов қарлықтар туралы біршама құнды материалдар жинақтап, кейбір бағалы пікірлер айтады. Н.Я. Бичурин қытай жылнамаларындағы қарлықтар туралы материалдарды жинақтап жүйеге келтірсе, В.В. Григорьев кейбір араб деректері арқылы Қарахандар мемлекетінің негізін құраған қарлықтар болды деп тұжырым жасайды. В.В. Радлов және Н.А. Аристов өз еңбектерінде қарлықтардың тарихи-географиялық мәселелеріне көбірек тоқталды.
Қарлықтарды зерттеуде маңызды кезең XX ғасырдың алғашқы жартысы болды. Осы кезеңде бұл тақырып бойынша ғалымдар В.В. Бартольд, А.Ю. Якубовский және А.Н. Бернштам терең ізденіс жұмыстарын жүргізді. Олардың еңбектеріндегі көптеген араб-парсы және археологиялық деректер негізінде қарлықтардың әуелгі орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тектес елдердің әлеуметтік, саяси және мәдени өмірінде алатын орны мен рөлі жөнінде бағалы тұжырымдар жасалды. Бұл кездегі еңбектердің маңызды қорытындысы сол, олар - да қарлықтардың VІІІ-Х ғасырлардағы басқа түркі тілдес тайпалық бірлестіктерге қарағанда мәдени тұрғыдан алда болғандығы дәлелденеді.
Осы ретте айта кеткен жөн, қазақ халқының шығу тегі мәселесіне қалам тартқан ғалымдардың біздің қарастырып отырған тақырыбымызға байланысты пікірлеріне көз жүгіртелік. Ғалым М. Ақынжанов: Қазақ халқына негізінен алғаш ұйытқы болған Түргеш пен Қарлық одағы болды, - деп жазады.
Қарлық қағанатының қазақ халқын құрудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер