Теріні жіктеу


Кіріспе
Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары- мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан - шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т. б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т. б. ) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы 23 - 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.
Негізгі бөлім
2. 1 Теріні жіктеу
Тері шикізатын малдың түрі мен жасына қарай, ірі, ұсақ және шошқа терісі деп ажыратады. Ірі тері шикізатына салмағы 10 килодан асқан мал терілері (шошқадан басқа) мен есек пен қашыр терілері (массасына қарамай) жатады.
Малдың түріне, жасына, жынысына және массасына байланысты терілер өндірісте бірнеше топқа бөлінеді:
Сиыр терілері. Жартылай былғары (полукожник) массасы 10- 13 кг, жасы 1-ден 1, 5 жылға дейінгі тайынша терісі. Бұл теріден хром және былғарылар алынады.
Өгізше терілері (бычок) - массасы 13-17 кг болатын бұқаша, өгізшеден алынған тері. Хромдық, аяқ киімінің төсеніші дайын- далатын былғарылары алынады.
Қысыр сиыр терісі (яловка) - сиыр, қашар терісі, массасына қарай жеңіл -13-17 кг, орта-17-25 кг, және ауыр -25 кг-нан артық, болып бөлінеді.
терісі - (бычина) - жас кезінде піштірілген өгіз терілері, массасына байланысты бұл да жеңіл (13-17 кг), орта (17-25 кг), ауыр (25 кг артық) болып бөлінеді.
Бұқа терілері (бугайна) - мойнында қалыңдаған қыртысы бар бұқа терісі. Жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг артық) болып бөлінеді.
Жеңіл сиыр терісінен аяқ киімдік балғарылар, ал ауыр сиыр терісі, өгіз, бұқа терілері аяқ киім ұлтанына, техникалық және ер- тұрмандық өндірісте пайдаланылады.
Енеке, қодас және бұлан терілері тиісті тармақтарына қарай, ірі қараның терісі сияқты бөлінеді.
Жылқы терісін - жеңіл (10-17 кг) және ауыр (17 кг артық) деп бөледі. Тері өндірісінде ол терінің алдыңғы бөлігі (передина) - жеңіл (12 кг дейін), ауыр(12 кг артық), сауыр терісі (хаз) - жеңіл (5 кг дейін), ауыр (5 кг артық) болып бөлінеді.
Түйе терісі - жеңіл (10-17 кг), орта (17-25 кг) және ауыр (25 кг артық) болып бөлінеді.
Ұсақ терілерге қой, ешкі және массасы 10 кг кем ірі қара тілдерінің терілері жатады. Сиыр төлінің терілері түсік (склизок), бұзау (опоек), торпақ (выроски) болып бөлінеді.
Түсік терісі - түсіктен немесе буаз сиырды сойғанда алынған бұзау терісі. Жүні бар теріден бағалы тондық терілер, ал оған жара- майтындарынан аяқ киімдік, астарлық, галантериялық былғарылар өндіріледі.
Бұзау терісі - сүт еміп жүрген, жүні әлі жетілмеген төл терісі. Хромдық, галантериялық былғарылар алынады.
Торпақ терісі - бір жасқа дейінгі төл терісі. Бұл терінің жүні ұзын, жылтырлығы кем. Одан хромдық, астарлық, галантериялық былғарылар өндіріледі.
Жылқы төлі терілері де құлын түсігі (склизок), құлын (жеребок), жабағы (выметка) деп бөлінеді.
Түсік терісі - өлі туған немесе туылмаған (жатырдан алынған) құлын терілері.
Құлын терісі - сүт еміп жүрген немесе оттай бастаган төлден алынған тері. Жаңа алынған терінің массасы 5 кг дейін. Одан үлбір немесе аяқ киімдік, астарлық, галантериялық былғарылар өндіріледі.
Жабағы терісі - массасы 5-10 кг болатын төл терісі. Одан шевро, лак және астарлық былғарылар алынады.
Бота терісіне массасы 10 кг дейінгі түйе төлінің терілері жатқызылады.
Қой терісі - 5-7 айдан асқан қозыдан, тоқтыдан және ересек қойдан алынады. Тауарлық қасиетіне байланысты терілер үлбірлік, тондық және былғарылық деп бөлінеді.
Мехтық қой терісі биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынады. Биязы жүнді қой терісінің жүні біртегіс қалың, ал биязылау жүнді қой терісінің жүні - тығыз, жабағысының сырт көрінісі штапель тәріздес болып келеді. Үяң жүнді қой терісінің жүні әртекті аралас талшықтардан құралып, тұлымды болып келеді. Сондықтан, ұяң жүнді терілерден мехтық б ірілеу және дөрекілеу болады.
Тондық қой терісі жүнінің ұзындығы 2, 5 см жоғары қылшық жүнді қойлардан, болмаса қылшық жүнді қойды биязы және биязылау жүнді қошқармен шағыстырудан туған будандардан алады. Бұл терілерден қаптал, тон, ұзын тұлып, тағы басқа қысқы киімдер тігіледі.
Былғарылық теріге жүнінің сапасы нашар, мех және тон жасауға жарамайтын терілер жатады.
Қаракөл қойларының қозыларынан елтірі алынады. Қазақстанда қаракөл елтірісінің сан алуан түрі бар: қара, сұр, көк, қоңыр және т. б. Олар өздерінің түсімен, жылтырлығымен, тығыздығымен өзіндік орналастырылуымен, бұйралығымен, сол сияқты терісімен өңінің басқа да қасиеттерімен аса құнды болып есептеледі.
Көлеміне қарай қаракөл елтірілері ірі, орташа, кішкентай және аса кішкентай болып бөлінеді.
Қара бұйра елтірі - жакеттік, кавказдық, жазық бұйра қабырғалы және жазық қабырғалы болып бөлінеді. Әр топтағы елтірілер бірнеше сортқа бөлінеді.
Ешкі терісі - қой терісімен салыстырғанда пішінінің мықтылығымен ерекшеленеді. Ол дәнекер ұлпа талшықтарының байланыстарына және тығыздығына байланысты. Оның торлы қабатындағы коллаген талшықтарының бір-бірімен тығыз байланысқан тұйық тоқыма тәріздес. Эпидермисі қалың, мүйіз қабығы жақсы дамыған, ал шелі нашар жетілген, онда май бездері және майы аз. Қылшық түбірі терең емес және тік орналасқан. Ешкі терісінің мұндай морфологиялық ерекшеліктері одан алынатын өнделген теріге жоғары тауарлық қасиет береді. Ешкінің өңделген терісі, өзінің төзімділігімен, созылмалық қасиетімен, тығыздығымен және гигиеналық қасиетімен басқа мал терілерінен ерекшеленеді. Ешкі терісінен модельді аяқ киімдік шевро былғарысын және т. б. бағалы былғарылар өндіріледі. Сонымен қатар, ешкі терісінен әр түрлі әйелдер мантосы, балалар тоны тігіледі.
Шошқаның тері шикізаттарына үй және жабайы шошқа, бойдақ шошқа, еркек шошқа - қабанның қылы бар терілері жатады. Жаңа сыпырылған терінің көлеміне қарай доңыз терілерін ұсақ 30-70 дм орташа -70-120, үлкен 120 дм2 артық деп бөледі. Шошқаның арқа терісін (крупон) ұсақ (30-50 дм') және үлкен (50-дм2) деп екіге бөледі. Көлемі 80 дм2 артық қабанның (пішілмеген еркек шошқа) жауырынмен мойын үстіндегі шеміршек шорға байланысты терісі едәуір қалыңдайды. Шошқа терісінен аяқ киім үстіп, астарлық және галантериялық былғарылар шығарады.
Ит және кәсіптік аңдардың қымбат бағалы аң терілері, лайка және хром үшін пайдаланады. Аю, қасқыр, түлкі, борсық, қоян және басқаларынан бағалы-тері тауарлары дайындалады, бұғы терісінен бұғы бөрік (пыжик), киім және бағалы былғары тауар (күдері) дайындайды, теңіз жануарларының (итбалық, морж) терілерінен былғары ұлтарақ, полувал, ұлтан және галантериялық былғары өңдеп шығарады.
Балық және бауырымен жорғалайтындар (жылан, рептилиялар) терілерінен галантериялық бұйымдар шығарады.
2. 2 Теріні консервілеу
Теріні тұздау. Ірі қара малдан, жылқыдан және түйеден сыпырылған терілерді 3 сағаттан, ал қой-ешкі, шошқа терілерін 2 сағаттан қалдырмай тұздау керек. Тұздаудың теріні жайып тұздау, тұздыққа салу, құрғақ тұздау, кептіру және тұзға қышқыл қосып тұздау сияқты бірнеше әдістері бар.
Теріні жайып тұздағанда, оның өңін қаратын сөреге керіп жаяды, үстіне қалындығы 1см етіп түз себеді, үстіне екінші теріні салып, биіктігін 1, 5-2 м жеткізеді, одан аспауы керек. Терінің массасына қарай 30-40% есебімен түз жұмсалады.
Теріні тұздау
Бірінші теріні тұздаған уақыттан бастап әр қатарды жинақтау 3 тәуліктен артпауы керек. Бөлме ішіндегі ауаның жылуы 5°С кем болмайды. Ірі қара мал, жылқы, түйе мен шошқа терілерінің тұздалу мерзімі 7 тәулік, қой терісі 4 тәулік.
Тұздықта консервілеу. Ас тұзы ерітіндісінің (26%) ішінде теріні тұздайды. Тұздық ішінде ірі қара мал, жылқы, түйе және шошқа терілерін тұздайды. Терінің 1 кг салмағына алынатын ерітінді 3 метрден кем болмауы керек. Тұздалу мерзімі сусымалы (шнек) аппараттар мен аспалы барабандарда 4-7 сағат, конвейерлерде 7-9 сағат, тері илейтін малмада 12-18 сағат, кеспекте 18-20 сағат.
Теріні тұздықта консервілеу
Суы ағып (сығылған) болған терілердің әрқайсысын жеке- жеке құрғақ тұз құрамы немесе тұздың өзінен алғашқы терінің салмағының 15% есебінде қосымша тұздайды да, қатарлап жинап екі тәулік ұстайды. Егер де, тұздықта ұсталған тері, кейіннен кептіруге жіберілетін болса, ондайларды суы ағып болғаннан кейін қосымша тұздамай ақ кептіруге жібереді. Тұз ерітіндісіне кремне-фторлық натрий (жаңа сыпырылған терінің салмағы 0, 2 % есебімен), аммоний сульфатын қосса, тұздау үдерісі жылдамдайды. Құрғақ тұздау әдісімен теріні жылы кезде тұздайды. Теріні қатар ішінде құрғақ тұздағыш құраммен (терінің салмағына 20% есебімен алады) тұздаған соң кептіреді. Тұздалған үлкен терілер 2 тәулік, ұсақтары - 1 тәулік ұсталады, сонан соң қатарды ажыратып, терілердің тұзын қағып, кетуі үшін ашық ауада, көзеңкелі жердегі бақанның үстіне іледі.
Кептіру. Ұсақ малдар мен бұзау терісін ауа-райы жылы жерлерде, ешқандай басқа заттармен өңдеместен ашық ауада, көлеңкелі жерде, ылғалдылығы 18% дейін кептіреді. Қышқылды тұзды әдіспен терілерді тұздағанда төмендегі құраммен пайдаланады (%) : ас тұзы -85, алюминий-калий ашудасы -7, 5, мүсәтір -7, 5 немесе аммоний сульфаты -7, 5. Терілерді ылғалды тұздаудағыдай етіп қатарлап салады. Тұздалу мерзімінің ұзақтығы 7 тәулік.
Теріні кептіру
Мұздату әдісімен төтенше жағдайда ғана (Шығыс аудандарда, қолайсыз сойыс пункттерінде бұғы сойғанда) пайдаланады.
Мұз кристалдарының тері талшықтарын үзуіне байланысты терінің сапасы мықтап кемиді, ондай теріні жібіткеннен кейін тез тұздайды.
2. 3 Теріні дезинфекциялау
Теріні дезинфекциялау топалаңмен ауырған малдың терісі- мен бірге болған терілерді құрамында 15% ас тұзы және 2, 5% тұз қышқылы бар ерітіндімен (пикель) зарарсыздандырады. Үздіксіз араластырылған ерітіндімен 30°С температурадағы дезинфекция 40 сағат созылады.
Теріні дезинфекциялау
Сонан соң, 2 сағаттан кейін кальциленген соданың 2% ерітіндісімен бейтараптайды, ағынды суда жуады да тері зауытына жібереді. Аусыл және пошқаның обасымен ауырған малдың терілерін сілтімен дезинфекциялайды. Ол үшін, оларды құрамында 25, 5% ас тұзы және 5% кальциленген содасы бар ерітіндіге 24 сағатқа салып қойып, ерітіндіні оқтын-оқтын аралас- тырып тұрады.
Бруцеллезбен ауру сиыр, шошқа терісін төмендегі құрамдағы тұздықпен консервілеу және дезинфекцяялау жүргізіледі: ас тұзы - 26 кг, кремнефторидты натрий - 300 г, мыс купоросы - 50 г, су - 74 л. Тері температурасы 16-23°С қоспада 20 сағат ұсталады немесе 1% хлорамин қосылған тұздықта зарарсыздандырылады.
Бруцеллезден таза емес қаракөл шаруашылықтарында қозы өлексесін, терісін ас тұзы (29%), сүт қышқылы (1%) . хлорамин (10%) қоспасымен дезинфекциялау, консервілеу жүргізіледі.
2. 4 Терінің ақаулары
Ақаулар малдың тірі кезінде және сою барысында тері дұрыс сыпырылмаса, сондай-ақ дұрыс консервіленбегенде және сақтағанда пайда болады. Қотыр, күл, тазқотыр, оқырамен зақымданған малдың терісінен дайындалған бұйымдардың сапасы төмен болады. Малға дұрыс қарамағандықтан, оның денесіндегі сызаттар, мүйіз жырған, тістелген және басқа жарақаттар теріге көп зиян келтіреді.
Зақымдалған тері
Теріні дұрыс сыпырмағанда, пышақпен кескенде дұрыс тілінбеуі, өңінің терең қабаттарының тілінуі ықтимал. Дұрыс консервілеп және сақтамағанда тері қатып қалады және жел қағады (быглость) . Құрғақ және мұздатылған терілерді тиегенде немесе түсіргенде ұқыпсыздық жасаса, олар жартылай сынады (надломы), шіріткіш микробтардың әсерінен шіриді (прелина) дұрыс кептірмегендіктен тұздалған жас тері ұлпалары қатайып, сынғыштанып, мүйіз тәріздес затқа айналады (мүйізделген) . Ал, қызыл микробтардың өсуіне орай тері қызарады (краснуха), көгеруі көбінесе жаз уақытында теріні 155С артық температурада сақтағанда шығады. Құрғақ терінің өңжағын құрт жейді (кожеедина), күйе түседі (молеедина) .
Қорытынды
Ет өндіру кәсіпорындарында союға малдәрігер мамандары тексерген, дені сау малдарды ғана жібереді. Олардан алынған шикізат жұқпалы аурулардан таза болады. Сөйтсе де, тұрақсыз қоздырғыштан туатын жұқпалы аурулармен ауырған малдар да сойылады. Бұндай жағдайда техникалық шикізаттар сол алынған жерінде зарарсыздандырылады. Демек, техникалық шикізаттар қоймаларында әр жерден жиналған шикізаттарды, мал сою орындарында дайындалғандарымен араластырмау керек. Жиналған терілерді Асколи әдісімен тексереді, олардың ішінен топалаңдікі деп табылғандарын жояды, ал күдік туғызғандарын зарарсыздандырады. Жұқпалы аурулары бар немесе ол туралы ешқандай ақпар жоқ жерлерден жиналған жүн, қылшық, қыл-қауырсын мен мамық зарарсыздандырылады.
Үй тұрмысында қолданылатын заттарды дайындауға жіберілетін жүн, қылшық, қыл, қауырсын мен мамықты бумен (105-110°С) 70-105 минут бойы зарарсыздандырады. Бруцеллез малдың жүнін суының температурасы 55°С кем емес жүн жуғышта жуады да, 75- 80°C кептіреді, ал споралы инфекциямен залалдануы күдіктілерін оқшаулайды, зарарсыздандырады, сонан соң өңдейді. Малдәрігерлері, мал шикізаттары дайындалған жерлерге, сақтау қоймаларына тасымалдаvға, сорттаүға және өңдеуге бақылау жасауға міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz