ӨСІМДІК КЕШЕНІНЕН ПОЛИФЕНОЛДЫ ЗАТТАРДЫ АЛУ ЖОЛЫН ЖАСАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технология факультеті

«Қорғауға жіберілді»

Органикалық заттар, табиғи

қосылыстар және полимерлер

химиясы мен технология

кафедрасының меңгерушісі х. ғ. д.,

профессор Мун Г. А.

«» маусым 2017 ж.

«ӨСІМДІК КЕШЕНІНЕН ПОЛИФЕНОЛДЫ ЗАТТАРДЫ АЛУ ЖОЛЫН ЖАСАУ»

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 05072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Орындаған Оңалбек Д. Д.

Ғылыми жетекшісі Бурашева Г. Ш.

х. ғ. д., профессор

Норма бақылаушы Үмбетова А. К.

х. ғ. к., аға оқытушы

Алматы 2017

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 78 беттен, 16 кестеден, 16 суреттен және 2 сызбанұсқадан, 73 әдебиет көзінен және 13 қосымшадан тұрады.

Түйін сөздер: өсімдік кешені (Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ), экстракция, полифенолды қосылыстар, амин қышқылдары, май қышқылдары, минералды заттар, хроматография, биологиялық белсенді кешен.

Зерттеу нысаны: Алматы облысының «Иссык-Маркато» шарап зауытының өндірістен кейінгі қалған жүзім ( Vitis ) қалдығы, Жамбыл облысынан жиналған жолжелкен ( Plantago major L. ) , кәдімгі таспа шөп (Polygonum aviculare L. ) (осы үш өсімдіктің белгілі қатынастағы қоспасы) .

Жұмыстың мaқсaты: Үш өсімдік кешенінен дайындалған (Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ) қоспадан полифенолды қосылыстарды бөліп алудың тиімді технологиясын жасау.

Зерттеу нәтижесі: Кешендік (Vitis, Plantago major L., Polygonum Aviculare L. ) қоспаның құрамына сапалық және сандық сараптаулар жасалынды және қоспадан полифенолды заттарды алудың тиімді принципиалды-технологиялық сызбанұсқасы ұсынылды. Кешендік (Vitis, Plantago major L., Polygonum Aviculare L. ) қоспадан алынған фитопрепараттың құрамы зерттеліп, бактерияға қарсы белсенділік көрсетті. Бұл фитопрепаратты жануарларға дәрумен ретінде ұсынуға болады.

Жұмыстың апробациясы: дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеулер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультетінде өткен студенттер және жас ғалымдардың «Табиғи қосылыстардың және нәзік органикалық синтездің химиялық технологиясы» бағыты бойынша «Фараби Әлемі - 2017» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Өсімдік кешенінен полифенолды қосылыстарды алу жолын жасау» атты тақырыпта 1 баяндама тезисі шығып, баяндалған жұмыс І дәрежелі дипломмен марапатталды (Алматы қаласы, 11-12 сәуір, 2017 жыл) ; Самарқанд Мемлекеттік медицина институтының студенттер және жас ғалымдардың «Проблемы биологии и медицины» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Состав растительной композиции и ее активность» атты тақырыпта 1 тезис жарық көрді (Самарқанд қаласы, 18-19 мамыр, 2017 жыл) ; Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық академияда өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Молодая фармация - потенциал будущего» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Аминокислотный состав композиций на основе виноградного шрота, спорышы и подорожника» атты тақырыпта 1 мақала жарияланды (Санкт-Петербург қаласы, 24-25 сәуір, 2017 жыл) ;

РЕФЕРАТ

Дипломная работа изложена на 78 страницах, состоит из 16 таблицы, 16 рисунков, 2 схем, 73 литературных источников и 13 приложений.

Ключевые слова: растительный комплекс (Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ), экстракция, полифенольные соединения, аминокислоты, жирные кислоты, минеральные вещества, хроматография, биологически активный комплекс.

Объектом исследования являются отходы производства винного завода «Иссык-Маркато» Алматинской области, подорожник ( Plantago major L. ) и спорыш обыкновенный (Polygonum aviculare L. ) собранные в Джамбульской области (композиция представлена в определенном соотношении) .

Цель работы: разработка способа получения полифенольных комплексов из композиции состоящих из трех (Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ) растений.

В результате проведенных исследований представлены качественный состав и количественное содержание композиций состоящих из трех растений (Vitis, Plantago major L., Polygonum Aviculare L. ) и разработана принципиальная блок-схема способа получения полифенольных веществ; исследован состав и антибактериальная активность полученного фитопрепарата из композиций. На оснований результатов анализа биологического скрининга фитопрепарат можно рекомендовать как витаминный корм для животных.

Апробация работы: основные результаты дипломной работы докладывались на Международной научной конференции студентов и молодых ученых «Фараби Әлемі - 2017» в Казахском Национальном университете имени аль-Фараби, факультете химии и химической технологий по направлению «Химическая технология природных соединений и тонкого органического синтеза» на тему: «Разработка способа получения полифенольных веществ из растительного комплекса», доклад удостоен диплома І степени (Алматы, 11-12 апрель, 2017 год) ; на Международной научной конференции Самаркандского медицинского института «Проблемы биологии и медицины» на тему: «Состав растительной композиции и ее активность» (Самарканд, 18-19 май, 2017 год) ; вышел материал на Международной научной конференции «Молодая фармация - потенциал будущего» на тему: «Аминокислотный состав композиций на основе виноградного шрота, спорыша и подорожника» в виде статьи (Санкт-Петербург, 24-25 апрель, 2017 год) .

ABSTRACT

The text of graduate work is formulated from 78 pages, contains 16 tables, 16 figures, 2 schemes, the list of 73 references used and 13 applications.

Key words: plant complex (Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ), extraction, polyphenolic compounds, amino acids, fatty acids, minerals, chromatography, biologically active complex.

The object of the study is the wastes from the production of the Issyk -Markato winery in the Almaty region, plantain (Plantago major L. ) аnd common sporach ( Polygonum aviculare L. ) сollected from the Jambyl region (the composition is presented in a certain ratio) .

The purpose of the study is to develop a method for preparing polyphenolic complexes from a composition consisting of three plants ( Vitis, Plantago major L., Polygonum aviculare L. ) .

Results of work. As a result of the performed studies, the qualitative composition and the quantitative content of the compositions consisting of three plants (Vitis, Plantago major L., Polygonum Aviculare L. ) are presented and a basic block diagram of the method for obtaining polyphenolic substances is developed; the composition and antibacterial activity of the obtained phytopreparation from the compositions was studied. On the basis of the results of the analysis of biological screening, the phytopreparation can be recommended as a vitamin feed for animals.

Approbation of the work: the main results of the thesis were reported at the International Scientific Conference of Students and Young Scientists "Farabi Alemi - 2017" at the al-Farabi Kazakh National University, Faculty of Chemistry and Chemical Technology in the section "Chemical Technology of Natural Compounds and Fine Organic Synthesis", the report entitled, "Development of technologies for obtaining polyphenolic materials from the plant complex", was awarded the Diploma of 1 st degree (Almaty, 11-12 April, 2017) ; Abstract is published at the International Scientific Conference "Problems of Biology and Medicine" of the Samarkand Medical Institute on the topic: "Composition of plant composition and its activity" (Samarkand, 18-19 May, 2017) ; The material of article was published at the International Scientific Conference "Young Pharmacy - the Potential of the Future" on the topic: "Amino acid contents of compositions based on grape waste, sporach and plantain" (St. Petersburg, 24-25 April, 2017) .

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер 7

Анықтамалар 8

Қысқартылған сөздер тізімі 9

Кіріспе 10

Негізгі Бөлім 12

1. Әдеби шолу 12

  1. Өсімдік кешеніндегі(Vitis, Plantago major l.,

Polygonum aviculare l. ) өсімдіктер туралы мәлімет 12

  1. Полифенолдарды бөліп алу жолдары 15
  2. Флавоноидтар туралы түсінік 19
  3. Флавоноидтарды идентификациялау 23Флавоноидтарды қағазды хроматография әдісімен

идентификациялау 23

  1. Флавоноид құрылысын дәлелдеудегі физика - химиялық сараптама 23Флавоноидтардың УК - спектроскопиясы 23Флавоноидтардың ИҚ - спектроскопиясы 24
  2. Полифенолдардың тотығу үрдісіне қарсы белсенділігі 24
  3. Тері илегіш заттар 26
  4. Өсімдіктердегі минералды заттар 28

2. Тәжірибелік бөлім 30

2. 1 Өсімдік шикізатының ылғалдылығын анықтау 30

2. 2 Шикізаттың күлділігін анықтау 30

2. 3 Өсімдік шикізатының минералдық құрамын анықтау 31

2. 4 Экстрактивті заттарды анықтау 32

2. 5 Амин қышқылдарын анықтау 33

2. 6 Май қышқылдарын анықтау 34

2. 7 Биологиялық белсенді заттарды анықтау 34

2. 7. 1 Кверцетин бойынша флавоноид мөлшерін анықтау 34

2. 7. 2 Шикізат құрамындағы тері илегіш заттарды перманганатты

әдіспен анықтау 35

2. 7. 3 Көмірсуларды сандық сараптау 36

2. 7. 4 Кумариндерді сандық анықтау 36

2. 7. 5 Органикалық қышқылдардың сандық мөлшерін анықтау 37

2. 8 Қағазды хроматография үшін пайдаланылатын еріткіштер жүйесі 37

2. 8. 1 Қағазды хроматографияға арналған айқындағыштар 37

2. 9 Дәрілік препараттың бактерияға қарсы белсенділігін анықтау 38

3. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 40

3. 1 Өсімдік кешенінің сапалық сарапталуы 40

3. 2 Өсімдік күліндегі минералды заттардың құрамы 43

3. 3 Өсімдік кешенінің құрамындағы амин қышқылдар 45

3. 4 Өсімдік кешеніндегі (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. )

май қышқылдар 47

3. 5 Өсімдік кешеніндегі (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) көмірсулар 49

3. 6 Өсімдік кешенінен полифенолды қосылыстарды алу

жолының технологиясы және оның талдауы 50

3. 7 Алынған полифенолды экстрактының белсенділігін анықтау 57

ҚОРЫТЫНДЫ 58 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

Қосымшалар 62

Қосымша А 63

Қосымша Ә 64

Қосымша Б 65

Қосымша В 66

Қосымша Г 67

Қосымша Ғ 68

Қосымша Д 69

Қосымша Е 70

Қосымша Ж 71

Қосымша З 72

Қосымша И 73

Қосымша Й 74

Қосымша К 75

Қосымша Қ 76

НОРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ГOСТ 2237-75 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе. Цветы, листья, трaвa. Чaсть 1. (Сбoрник) - М. - Изд-вo стaндaртoв, 1994, 159с.

ГOСТ 2237-75 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе. Кoрни, плoды, сырье. Чaсть 2. (Сбoрник) - М. - Изд-вo стaндaртoв, 1994, 191с.

ГOСТ 24027. 0-80 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе. Прaвилa приемки и метoды oтбoрa прoб.

ГOСТ 2407. 1-80 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе. Метoды oпределения пoдлиннoсти, зaрaженнoсти aмбaрными вредителями, измельченнoсти и сoдержaние примесей.

ГOСТ 2407. 2-80 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе. Метoды oпределения влaжнoсти, сoдержaния зoлы, экстрaктивных, дубильных веществ, эфирнoгo мaслa. Лекaрственнoе рaстительнoесырье - aнaлиз.

ГOСТ 64-060-88 Сырье лекaрственнoе рaстительнoе, нoрмы естественнoгo хрaнения и железнoдoрoжных перевoзкaх, нoрмы рaсхoдa при oбрaбoтки, сoглaсoвaния и утверждения.

ГOСТ 7. 32-2001 Системa стaндaртoв пo инфoрмaции библиoтечнoму издaтельскoму делу. Oтчет пo нaучнo - исследoвaтельскoй рaбoте. Структурa и прaвилa oфoрмления.

ГOСТ 6. 38-90 Унифицирoвaнные системы дoкументaции. Системa oргaнизaциoннo - рaспoрядительнoй дoкументaции. Требoвaния к oфoрмлению дoкументoв.

ГOСТ 7. 12-93 Системa стaндaртoв пo инфoрмaции, библиoтечнoму и издaтельскoму делу. Библиoгрaфическaя зaпись. Сoкрaщения слoв нa русскoм языке. Oбщие требoвaния и прaвилa.

ГOСТ 6709-72 Вoдa дистиллирoвaннaя.

ГOСТ 4204-77 Реaктивы. Кислoтa сернaя. Технические услoвия.

ГOСТ 17299-78 Спирт этилoвый. Технические услoвия.

ГOСТ 1770-74 Пoсудa мернaя лaбoрaтoрнaя стекляннaя. Цилиндры, мензурки, кoлбы, прoбирки. Oбщие технические услoвия.

АНЫҚТАМАЛАР

Vitis - жүзім өсімдігі.

Plantago major l., - жолжелкен өсімдігі.

Polygonum aviculare l. - кәдімгі таспа шөп өсімдігі.

Шикізат -үш шикізат бар: минералды, жануарлар жəне өсімдік.

Өсімдік шикізаты - жердің үстінде жəне жердің астында болады.

Биологиялық белсенді заттар - тірі ағзаға белгілі əсері бар қосылыстарды айтады.

Дəрілік өсімдік шикізаты - дəрілік фитопрепараттар немесе басқа фармацевтикалық өнімдер немесе жартылай фабрикаттар өндіру мақсатымен медициналық қолданысқа рұқсат етілген дəрілік заттар, фитопрепараттар, дəрілік өсімдік шикізаты немесе көмекші заттар.

Экстрагент - өсімдіктен биологиялық белсенді заттарды экстракциялауға қолданатын ерткіш.

Экстракциялау - қолайлы (селективті) еріткіштер (экстрагент) көмегімен сұйық немесе қатты заттар қоспасын бөліп алу үрдісі.

Aйқындaғыштaр - қосылыс құрaмындaғы aрнaйы топтaрды aнықтaйтын реaгенттер.

Хромaтогрaфия - оргaникaлық зaттaрды екі фaзa aрaсындa əр түрлі орнaлaсуы негізінде бөлу, aлу жəне идентификaциялaу.

Қaғaзды хромaтогрaфия - көбінесе оргaникaлық қоспaлaрды сaпaлық сaрaптaғaндa қолдaнылaтын әдіс.

Жұқa қaбaтты хромaтогрaфия - дaрa зaттың немесе қоспaның жaзық жұқa қaбaтты сорбент бетінде жылжымaлы фaзaдa қозғaлуы.

Мaй қышқылдaры - жоғaрғы қaныққaн жəне қaнықпaғaн кaрбон қышқылдaры, жaнуaрлaр мен өсімдік aғзaсындa бос күйінде кездеседі жəне липидтердің құрaмынa кіргенде энергетикaлық жəне плaстикaлық қaсиет aтқaрaды.

Aминқышқылдaр - дегеніміз əр түрлі aқуыздaрдың молекулaлaрын түзететін мономерлі зaттaр, сондықтaн олaр өте мaңызды.

Флaвоноидтaр - құрaмындa екі фенильдік қaлдықтaр бaр. Бұл фенильдік қaлдықтaр ішкі көміртегі aтомдaрымен тізбектеліп жaлғaнғaн.

Микроэлементтер - aдaм және жaнуaрлaр aғзaсындa өте aз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер тобы.

Мaкроэлементтер - aдaм және жaнуaрлaр aғзaсындa өте көп мөлшерде кездесетін химиялық элементтер тобы.

ҚЫСҚAРТЫЛҒAН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

ББҚ - биологиялық белсенді қосылыс

ББЗ - биолиогиялық белсенді зaттaр

ҚХ - қaғaзды хромaтогрaфия

ГСХ - гaзды-сұйықты хромaтогрaфия

GC/MS - гaзды хромaтогрaфия мaсс-спектрскопия

ДзПНA - диaзоттaлғaн пaрa -нитроaнилин

БСС - бутaнол-сірке қышқылы-су

ФЭК - фотоэлектрлік кaлориметр

НAс - сірке қышқылы

ЭA - этилaцетaт

мкг - микрогрaмм

г - грaмм

л - литр

мл - миллилитр

см - сaнтиметр

t - темперaтурa

R f - өлшемсіз бірлік, хромaтогрaфиядaғы зaттaрдың жылжу жылдaмдығының көрсеткіші

УК - зерттеудің спектрлі әдісі, ультрa күлгін aймaқ

ИҚ - инфрaқызыл aймaқ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыста үш өсімдік кешені, яғни кешендік (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаның химиялық құрамы зерттелді және полифенолды қосылыстар мен заттарды бөліп алу технологиясының сызбанұсқасы жасалынды, микробқа қарсы белсенділігі анықталынды.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда қалдықсыз өндіріс пен экологиялық таза өндіріс мәселесі қатаң қаралуда. Республикамызда жүзім өнімдерін өңдеу 2010 жылдан бастап аса ірі қарқында жүзеге асуда, сонымен қатар жүзім сұрыптары көп көлемде егіліп, аудандастырылған. Елімізде жыл сайын шамамен 7 мың литр шарап өндіріледі және жуықтап алғанда 15 мың га жерге жүзім егіліп, өсіріледі. Осыншама көлемде пайдаланылған жүзім шарап өндірісінен кейін қалдық есебінде сыртқа тасталынады, тек біраз бөлігі ғана өңделеді. Осы қалдықты тиімді пайдалану жолдары қарастырылуда.

Сонымен қатар мал шаруашылығында жануарларға арналған отандық дәрілік препараттар азғана болғандықтан, дәрілік шөптердің құрамын зерттеп, белсенділігін анықтап, оларды жануарлардың денсаулығы үшін пайдалану және халықтық медицинаны жаңғыртып, Фармацевтикалық өндірістің мұқтаждығын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Дәрілік өсімдіктердің әсер ету белсенділігі олардың құрамына, өсетін жеріне және тағы басқада факторларға тәуелді болады.

Жұмыстың мaқсaты: Өсімдік кешенінен дайындалған (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспадан полифенолды қосылыстарды бөліп алудың тиімді технологиясын анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Өсімдік кешенінен дайындалған(Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспа құрамын сандық және сапалық сараптау;
  2. Кешендік(Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаның құрамындағы амин-, май қышқылдарын, флавоноидтарды, кумариндерді, көмісуларды, шикізат құрамынан минералды заттарды анықтау;
  3. Өсімдік кешенінен дайындалған(Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаның сараптама нәтижесі арқылы полифенолды заттарды алу технологиясының принципиалды сызбанұсқасын жасау;
  4. Кешендік(Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспадан алынған полифенолды экстракттың белсенділігін анықтауға ұсыну.

Зерттеу нысандары: Алматы облысының «Иссык -Маркато» шарап зауытының өндірістен кейінгі қалған жүзім ( Vitis ) қалдығы, Жамбыл облысынан жиналған жолжелкен ( Plantago major l. ), кәдімгі таспа шөп (Polygonum aviculare l. ) (осы үш өсімдіктің белгілі қатынастағы қоспасы) .

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: дипломдық жұмыстың нәтижесі бойынша кешендік (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаның тиімді қатынасы алынып, алынған фитопрепараттың құрамы зерттеліп, бактерияға қарсы белсенділігі анықталды. Бұл кешендік (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаны мал шаруашылығына ұсынуға болатыны анықталды.

Жұмыстың жариялымдары: дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеулер әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінде өткен студенттер және жас ғалымдардың «Химия» бағыты бойынша «Фараби Әлемі - 2017» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Өсімдік кешенінен полифенолды қосылыстарды алу жолын жасау» атты тақырыпта 1 баяндама тезис шығып, баяндалған жұмыс 1 - ші дәрежелі дипломмен марапатталды (Алматы қаласы, 11 - 12 сәуір, 2017 жыл) ; Санкт - Петербург мемлекеттік химия - фармацевтикалық академияда өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Молодая фармация - потенциал будущего» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Аминокислотный состав композиций на основе виноградного шрота, спорышы и подорожника» атты тақырыпта 1 мақала жарияланды (Санкт - Петербург қаласы, 24 -25 сәуір, 2017 жыл) ; Самарқанд Мемлекеттік медицина институтының студенттер және жас ғалымдардың «Проблемы биологии и медицины» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Состав растительной композиции и ее активность» атты тақырыпта 1 тезис жарияланды (Самарқанд қаласы, 18 - 19 мамыр, 2017 жыл) .

Дипломдық жұмыстың құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер көзінен тұрады. Бірінші бөлім әдеби шолу туралы, онда Алматы облысының «Иссык -Маркато» шарап зауытының өндірістен кейінгі қалған жүзім ( Vitis ) қалдығы, Жамбыл облысынан жиналған жолжелкен ( Plantago major l. ), кәдімгі таспа шөп (Polygonum aviculare l. ) осы үш өсімдіктер туралы жалпы мәліметтер және амин қышқылдары, полифенолды қосылыстардың классификациясы, полифенолды қосылыстарды идентификациялау жолдары және тері илегіш заттар туралы мәліметтер жазылған. Екінші бөлімде зерттеу нәтижелері мен талқылаулар жазылған. Үшінші бөлімде кешендік (Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) қоспаны зерттеуде қолданылатын әдістер мен реактивтер жайлы жазылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Әдеби шолуӨсімдік кешеніндегі(Vitis, Plantago major l., Polygonum aviculare l. ) өсімдіктер туралы мәлімет

Жүзім (Vitis) - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза, глюкоза (15 - 35%), органикалық қышқылдар (4 - 11%), пектин (0, 3 - 1, 2%), минералдық заттар (0, 3 - 0, 6%) және С, В1, В2, РР дәрумендері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т. б. заттар алынады. Жүзім өсіру біздің зама-нымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы негізінен - Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0, 6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар.

жузим Abhar-iran

1-сурет Жүзім өсімдігі

Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды [1] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Флавоноидтардың димерлік құрылымы
Липидтік қос қабаттың асқын тотығуы
Илік өсімдіктер
Итшомырт шырғанағы
Сүт қышқылды өнім - айран, таза сүт қышқылды бактериялармен ашытылатын сүт өнімі
Қара және заравшан тминінен липофилді заттарды алу жолын қарастыру
Кейбір өсімдіктердің фитонцидтік белсенділігін және практикалық маңызын сипаттау
Әдетте кондитерлік өнімдерде
Табиғи флаваноидтар биологиялық белсенді қосылыстар ретінде
Томат өнімдерінің сапасына өңделетін қызанақ сорттарының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz