Мінез құлқы ауытқыған жеткіншек балалар туралы түсінік және ‐ мінез құлықтың ауытқу себептері


- Мінез‐құлқы ауытқыған жеткіншек балалар туралы түсінік және мінез‐құлықтың ауытқу себептері.
Бала өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде баланың ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістер болады. Осы өзгерістерге байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, іс-әрекеттерге деген көзқарастары өзгереді және оның басында көптеген жаңа құрылымдар орын алады. Жеткіншектік кезең баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атаулармен бейнеленеді. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылады. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым˗қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады. Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мұндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі, тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі, отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткіншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т. б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі) . Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады. Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б. Г. Божович, И. С. Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д. Б. Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917 ж., 1924 ж. ) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен олардың ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л. И. Петражицскийдің теориясына сүйеніп (1908), З. Фрейд пен К. Левиннен бірталай мағлұматтар алады.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап көптеген елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды. Мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Биогенетикалық универсализм теорияларына Американ антропологтары(этнографтары) күшті соққы берді. Олар адамды «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын құбылыс екенін зерттеді.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларды "Эдип комплексінің" міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына байланысты бұл кезеңдегі ерекшеліктер ретінде келесілер көрсетілді: 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2) дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бұл зерттеулер нәтижесінде фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады.
Л. С. Выготский өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды сыналатын кезең екендігі анықталды. Бұл кезеңді бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р. Байярд, Д. Байярд, Т. В. Драгунова, А. Е. Личко, М. Кле, М. Реттер, Л. С. Выготский, П. М. Якобсон т. б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де, көбінесе күтпеген жерден даму пpoцeci ceкipмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі сyбъeктивтiк қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен ұштасады.
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің орын алуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы қалыпты құбылыс.
Жеткiншек жастағы балалар бойында көп өзгерiстер байқалады. Әсiресе мiнез-құлқында өзгерiс айқын байқалады. Осындай өзгерiстердiң бiрi мiнез акцентуациясы болып табылады. Акцентуация барлық адамға тән психикалық қасиеттерiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң ерекше дамып, шектен шығып кетуi.
Акцентуацияны анықтау үшін К. Леонгардтың теориясына сүйене отырып бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификацияны ұсынады. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:
1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі ‒ көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейім. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.
2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты, жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т. б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.
3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда‒эпилептикалық психопатия.
4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.
5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.
6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық) . Көңіл көтеруге, ысырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда ‒ эпилептоидты психопатия.
7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.
8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңілін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда ‒ истериялық психопатия.
9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық) . Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйда сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін
10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетіге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жагдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда - параноялды психопат.
Жеткіншектік жас кезеңдегі оқушыларды невроз жағдайына алып келетін, акцентуацияның асқынуына, агрессияның көрініс беруіне және балалардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп айтуға болады. Біріншіден, дисгармониялық отбасы - ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарынан тұрады. Агрессиясының анық байқалуы мұндай отбасыдағы негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасының қалыптаспағанына байланысты дисгармония орын алғаны. А. Е. Личконың өз зерттеулерінде дисгармониялық отбасының түрлері мен типтері көрсетілген: гармониялық емес, бұзылып бара жатқан және бұзылаған отбасылар, сонымен бірге сырт көзге үйлесімді қалыптасқан болып көрінетін отбасылар. Ал А. С. Спиваковская отбасында қалыптасқан қарым-қатынас түрлеріне байланысты оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деген түрлерге бөлуге болады деп көрсеткен. Екіншіден, мектепішілік қарым-қатынастың бұзылуы, оқушының өзімен бірге оқитындармен, мектептен тыс құрбыларымен, басқа оқытушылармен тіл табысуының төмен болғандығы. Үшіншіден, жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне негіз болатын келесі себептерді атап көрсетуге болады:
- отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не алкогольдік, наркотикалық, химиялық заттарға тәуелді болуы;
- соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар салдарынан жеткіншектерде «кемістік» сезімінің орын алуы;
- эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
- ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан өзін дискомфортты сезінуі;
- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі;
- істі игеру жағынан әлі бала болса, ал оларға қойған үлкендердің талаптары бойынша оларды ересек деп есептегендей болуы;
- жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі;
- балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы;
- радио, теледидар, интернет және басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі;
- өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі;
- күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі;
- акцентуацияның көрініс беруі.
Жеткіншектің өмірінде орын алған осы көріністер, олардың өз қатарларымен және ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алмауы мен олардың мінез-құлқында нешетүрлі ауытқулардың орын алуына алып келеді. Психодиагностикалық зерттеу барысында осы жағдайларды тудырған себептерді анықтап психологиялық кеңес беру немесе коррекция жүргізу туралы шешім қабылданады.
- Жеткіншек жастағы жүгізілетін коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері.
Психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу қажеттілігі барлық жас кезеңдерінде орын алады. Дегенмен жеткіншек жас кезеңінде мінез ерекшеліктері қалыптасып, оның өмірлік мақсатқа байланысты бола бастайтыны, өмірге деген көзқарасы және бағыттылығымен байланысты екендігі анықталған. Сондықтан психологиялық қызметтің осы бағыттағы жұмыстарының басым көпшілігі жеткіншек жас кезеңіндегілерге көмек көрсетумен байланысты ұйымдастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz