Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері


2-тапсырма.
- Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
- Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуы, міндеттері
- Стилистиканың жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде зерттелу дәрежесі, ғылым саласы ретінде қазіргі дамуы туралы
Жауаптар
- Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
Кәсіби сөздер - белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.
Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.
- Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма) ; астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары) ; балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау) ; бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте) ; мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.
- Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта - жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара - жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек - үлкен ара, аталғы - ойық жүзді шот, тышуыр - бұрап тесетін құрал, пәрбі - шойын тескіш, аттіс - темір қысатын құрал, ыңғуыр - ағаш оятын құрал; етікшілік (созан - ине сияқты құрал, ұштық - созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек - етіктің тігісін жатқызатын таяқша) ; балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы - оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
2, Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуы, міндеттері
Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы Ресейде әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу құралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған еңбектерде тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі ХХ ғасырдың 50-жылдардың ортасында қолға алынып, функционалды стилистика деген ғылым саласы пайда болып, оны тілдің коммуникативтік, эстетикалық қызметімен, қолданылу мәселелерімен тығыз байланыста қарастыра бастады. Солардың ішінен А. М. Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Көрнекті орыс ғалымы В. В. Винаградов стилистиканы «тілді зерттеудің биік шыңы, ұлттық тіл мәдениетін арттырудың арттырудың теориялық негізі» дейді. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі - с т и л ь. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стиль - латынша stуlоs (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі "жазу мәнері" деген мағынада қолданылатын болған. Оның осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с т и л ь - сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика - риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген үғымда қолданылды. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген. Сөйтіп, лингвистикада "стиль" жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В. Г. Белинский былай дейді: "Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар". Белинскийдің пікірінше, тіл өнерінің осы "техникалық жақтары", яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінің алғашқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор. Стилистика - ең алдымен с т и л ь туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары кӛбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер.
3. Стилистиканың жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде зерттелу дәрежесі, ғылым саласы ретінде қазіргі дамуы туралы
Қазақ тілі стилистикасына жанама қатысы бар зерттеулер өткен ғасырдың 30-40 жж. көріне бастады, негізінен, оларда аударма мәселесі және көркем әдебиеттің тілі, стилі сөз болады. Мұндай саладағы зерттеулер өткен ғасырдың соңғы жылдары кең өріс алды, әдеби тілдің ерекшеліктеріне баса көңіл қоя бастады.
-Фольклордың тілі - Н. Адамбаева, Е. Жұбанов, Т. Қордабаев;
- Абай тілі - Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Р. Сыздықова;
М. Әуезовтің тілі - М. Балақаев, К. Аханов, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев;
- Ғ. Мүсіреповтің тілі - М. Серғалиев, Б. Шалабай т. б. ;
-Ә. Кекілбаев, М. Мағауин тілі - Р. Сыздықова және т. б. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz