ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Дүниежүзілік жаһандану, саяси және экономикалық интеграция жағдайында, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін көтеру ең өзекті міндет болып табылады. Халықаралық және отандық жағымды тәжірибесі көрсеткендей, экспортқа бағдарланған бизнес табысының басты факторларының бірі халықаралық сапа стандарттарын ендіру болып табылады.

Жылдан жылға халықаралық сапа стандарттары бойынша табысты жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындардың саны өсіп келеді. Ең біріншіден бұл кәсіпорындар шет елде өнімдері немесе қызметтері іске асқан кәсіпорындар болып табылады. Қорғаныстық кешендерге бұрын жұмыс iстеген ISO 9001 (сапа менеджментiнiң жүйесi) бойынша халықаралық сертификатын алғашқы алған қазақстандық кәсiпорындар шетелге өз өнiмін экспортқа шығарғандығын атап өту керек. ISO 9001-стандарттың өзі (сапа менеджментiнiң жүйесi) басқа халықаралық сапа стандарттарының шығу түбі бола отырып, НАТО елдерінің әскери-өндірістік кешеннің кәсіпорындарында құралғаны белгілі. Басында ISO 9001 стандартты тек өнекәсіптік сектордаға пайдаланды, кейін ол өнекәсіптік емес саланы қоса отырып, экономиканың әрбір секторында қазір қолдануға мүмкіндік беретін бірқатар қарауларды басынан кешті.

Халықаралық сапа стандарттарын қолдану өнімге деген сенімді көтереді, өйткені бүкіл әлемді ұйымдастыруға арналған қауіпсіздік пен оның сапасына қатысты сол бұрыңғы ережелермен қамтамасыз етеді.

Нақты мысалдарда ISO 9001-шi стандартты (сапа менеджментiнiң жүйесi), HACCP (тамақ өндірісінің жүйесі, Hazard Analysis and Critical Control Points/Қатерді талдау және сыни бақылау нүктелері), ISO 22000 (тамақтану өнімдерінің қауіпсіздік менеджментінің жүйесі), ISO 13485 (медициналық жабдықтау өндірісі үшін сапа менеджментiнiң жүйесi) сияқты халықаралық стандарттар өзгешілігі қарастырылады.

  1. ИСО 9000 БОЙЫНША САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ (СМЖ) НЕГІЗГІ ЖАЙЫ

Халықаралық деңгейде ИСО 9000 сериясының стандарттары сапа менеджмент жүйесінің негізін құрайды.

Сапа менеджменті - сапа жүйесін бірыңғай басқару. Сапа жүйесі - тұтынушыларға жоғары сапалы өнімді шығаруына кепіл беретін техникалық шаралар.

Халықаралық ИСО 9000 сериялы шаралар сапа жүйесі қалай болуына әдістемелік нұсқау болып табылады. Сапа жүйесі мекемелердің экономикалық жағдайына себеп болып келеді. Сапа жүйесінің мақсаттарын орындау техникалық және адам факторларына байланысты.

Сапаны басқару халықаралық тәжірибесі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар пакетінде негізделген, ол 1987 ж. наурызда стандартизация бойынша халықаралық ұжыммен қабылданды және периодты түрде жаңарады. 1994 ж. осы сериядағы стандарттардың екінші басылымы шықты, 2000 ж. бұл стандарттардың үшінші басылымы шықты.

ИСО 9000 сериясындағы стандарттар талаптар жиынын құрайды, олар әртүрлі дәрежеде барлық өнеркәсіптерде орындалады (контракт анализі, құжаттаманы жүргізу, шығарылатын өнімді бақылау) . Бұл жұмыстар жүйелі түрде емес, бөлім ретінде өткізіледі. Стандарттар бұл жұмыстардың жүйелі түрде өткізілуін, құжаттандырылған үдерістер негізінде нәтижелердің бекітілуін талап етеді.

Бұл стандарттардың ерекшелігі еркіндік болып табылады, дайындаушы ИСО 9000 бойынша сапа жүйелік құру немесе құрмауды өзі біледі, бірақ мұндай шешім қабылданғаннан кейін стандарттың талаптарын орындауға міндетті.

Егер тиімді тапсырыс болса, онда контракт құру талабы сертификатталған сапа жүйесі бар болса, жиі өнеркәсіп басқарушысы сапа жүйесін тапсырыс беруші талабымен енгізеді. Ал сертификаттау бір нәрсеге сәйкестендіру бойынша жүргізіледі. ИСО 9000 сериясындағы стандарттар өнеркәсіптің жеке жұмыс сферасынан. Бұл стандарттардың маңыздылығы олардың әмбебаптылығы, яғни жұмыстың шектеусіз барлық түрінде қолданылуы. ИСО 9000 стандарттарында минималды талаптар қойылған, өнеркәсіптің көрсететін қызметтері немесе өндіретін өнімдеріне қарамастан ұжым сапаны қамсыздандыру талаптарына сәйкес болу керек. Егер сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда ол өнеркәсіптің көрсететін қызметтерінің немесе шығарылатын өнімдерінің сапасы талаптарға сай екенінің нақты дәлелі болып табылады.

ИСО 9000 стандарттарының ерекшелігі сапа жөнінен ұжым басшылығының жауапкершілік дәрежесі болып табылады. Ұжым басшылығы сапа жағынан саясаттың жүргізілуіне, сапаны басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, енгізілуіне, құрылуына жауап береді және осының бәрі құжаттарда нақты хатталуы керек. Басшылық міндеттеріне: мамандарды таңдау және өнімді өлшеу, бақылау, сынау жабдықтары үшін қажетті ресурстардың бөлінуі, сонымен қатар ақпараттық қамту үшін компьютерлік техника кіреді. Сонымен қатар осының бәрі құжаттарда нақты хатталуы керек.

Басшылық біліктіліктің керекті деңгейін орнату керек және мамандардың уақытылы мамандығын жоғарылатуды бақылау керек.

- халықаралық ИСО 9000 стандарттары Қазақстанда СТ РК ИСО 9000-2001 жеке стандарттары ретінде барлық жерде енгізілуде.

Қазіргі таңда стандарттар санын едәуір азайтты.

ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - Талаптар.

ИСО 9004: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - жұмысты жақсарту үшін ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу және жетілдіру үшін негізгі болып табылады.

ИСО 9000: 2000 Сапа менеджменті жүйелері - Негізгі жайлары және сөздік.

ИСО 10011: 2000 Сапа жүйесінің құжаттарының құрылымы. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасына кіреді.

Сапа менеджмент жүйесінің құжатнамасына мыналар кіреді:

1. Сапа облысындағы мақсат пен саясат туралы арыз. Өндірістің сапа аумағындағы қызметі және жалпы бағыттары және ол жоғарыда негіз ретінде енгізілген.

Ереже бойынша ол келесі аумақтарда қолданылады.

  • жаңа техника мен технология;
  • өнімді жаңарту немесе жаңа өнім;
  • тұтынушыны қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;
  • әлеуметтік сұрақтар және қызметкерлердің канағаттануы;
  • жабдықтаушылар, қалдықтарыдың төмендеуі, ресурстардың эко-номикасы.

Мақсаттар тек қана декларация ғана емес, ол нақты, қол жеткізуге болатын, тексерілген болуы тиіс. Оның жан-жақты бағыттарын «Саясатқа» қоса бермеу керек. Жоғарғы басшылықтар приоритеттерін анықтап, 3-4 мақсат беруге міндетті. Осыған қарай бұл басқа да бағыттарын қарастырмауға болмайды деген сөз емес, жәй ғана саясатқа кірмеу. Егер «Саясатқа» кірген жағдайда ол бірінші орында болатынына күмән болмайды. Осыдан кейін жоғары басшылықтар қол қойғаннан кейін сол «Саясаттың» міндеттерін орындауға мұқтаж болады.

2. Сапа басқармасы.

Барлық сапа жүйелеріне жалпылай мәлімет беру. Құрылымдары ИСО 9001 стандарт құрылымына сәйкес болу керек.

Сапа басқармасын тағайындаудың маңыздысы оның жүйе құраушыларынан тұрады. Сапа басқармасы - концепті басты құжат, ол мекеме жайлы түсініктеме беретін визит картасы болып табылады. Сапа басқармасы сапа жүйесін енгізуде әрдайым анықтамалық функциясын орындайды, жұмыс күйін қолдайды. Ірі мекемеде сапа басқарма иерархиясы болуы мүмкін:

  • жалпы сапа басқармасы;
  • әртүрлі бөлімдерге сапа басқармасы;
  • әртүрлі өндіру үдерісімен, сонымен байланысты жобалау функ-циялары, материалдық-техникалық жабдықтау сапа басқармалары.

ИСО 9001 стандартына сай, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрып, әр қайсысы сапа басқармасының (4 пункті) бөлімінде жазылады:

  1. Басқарманың жауаптылығы;
  2. Ресурс менеджменті;
  3. Өмірлік циклдің үдерісі;
  4. 4. Өлшем, анализ, жақсару.

Процедуралар

Процедуралар, бөлімдермен орындалатын, сапа жүйесі документтерінің 2-деңгейін құрайды. Әрбір процедура құжат болып табылып, жалпы процедураны сипаттайды. Мұндай құжат бөлімнің құрылымдық схема мен функционалдық міндеттері кіреді. Құрылымдық бөлімдер бір-бірімен функционалдық байланысы мен міндеттілігін көрсететіндіктен, мұндай процедураларды енгізу өте пайдалы.

ИСО 9001 стандарттарының талабына сай мекеме міндетті құжаттық процедураларды тағайындап, жұмыс барысында қолдау керек:

  1. Құжаттаманы басқару;
  2. Сапа жазбаларын басқару;
  3. Ішкі аудиттерді өткізу;
  4. Сәйкес келмейтін өніммен басқару;
  5. Жөнделетін амалдар; 6. Алдын алатын шаралар.
1. Құжаттаманы басқару

Мекемеде құжаттаманың тәртібін басқару қамтамасыз етеді. Олар анықталған жүйемен жасалынып, бір-біріне төлнұсқау және бір-біріне қарма-қарсы болмауы керек.

  1. Нақты халықаралық стандарттарының талаптарына міндетті құжаттамалар үдерістер (құжаттама деңгейі, түсініктеме жазбаның тереңдігі мен нақтылығы) өз мекемесінің айналысатын қызметі мен көлеміне байланысты анықталады, үдерістің қиындығы және өзара қызметтері және қызметкерлердің дәрежесіне байланысты) . Құжаттамаларды басқару, сапа жайындағы жазбалар, ішкі тексерулердің өтуіне, өнімнің сәйкестік еместігін, ескерту қызметі және тағы басқалары үдерістерге енеді.
  2. Мекемеге үнемді жоспарлау үшін қамтамасыз ететін құжаттамалар, үдерістермен жұмыс істеу және оларды басқару; (бөлімшелер туралы жағдайлар, қызметкерлердің нұсқаулары, регламенттер, технологиялық нұсқамалар) .
  3. Сапа туралы жазбалар, оларды қатаң түрде мекеме талап етеді, жиналған тәжірибені, яғни мекеме жиналған жинақтарды қандай түрде сақтайтынын өзі біледі. Кестеде біршама мысалдар келтірілген, яғни сол жазбалар ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін көрсетеді.
1. 2 ИСО 9000 сериялы сапа стандарты

ИСО 9000 сериялы сапа стандарты ұжымдар мен мекемелерде шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер жинақталған нормативті құжат.

Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде бұл стандарттар ұлттық деңгейде қабылданып, фирмалар мен өндірушілер арасында келісімшарттар жасаудың бұйым сапасын қамтамасыз етудегі негізгі моделі ретінде қабылданған.

Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ИСО стандартына сай келуі бұйым өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы сапаға жасалған контракт кепілі болуы шарт.

ИСО 9000 стандарт сериялары бес стандарттан тұрады, оның ішінде:

ИСО 9000:2000 стандарт сөздігіне бес өзекті термин кірген, олардың әрқайсысына төмендегідей анықтамалар және түсініктемелер берілген.

Сапа саласындағы саясат - бұл негізгі бағыт мекеменің сапа бағытындағы мақсаты, мәселелері; бұлар ресми түрде жоғары басшылармен бекітіледі де, жалпы саясаттың құраушы элементі болады.

Сапаны жалпылама басқару - сапа бағытындағы басқарудың жалпы функциясының аспекті; мұнда сапа бағытындағы саясатты анықтау және іске асыру болады.

Әрине, бұйым сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін мекеменің барлық қызметкерлерін іске тарту қажет, бірақ түбінде жалпы жауапкершілік жоғары басшы үлесінде қалуы тиіс.

Сапаны жалпы басқаруға кіретін шаралар - оперативті жоспарлау, ресурстарды бөлу және тағы да басқалай сапа бағытындағы жүйелік жұмыстар - сапаны жоспарлау, жұмыс жүргізу және бағалау.

Ұйымдық құрылымдар жиынтығы, жауапкершілік, процедуралар, үдерістер мен ресурстар жалпы сапа басқару жүйелеріне жатады.

Мұндағы сапа жүйелерінің масштабы, сапаны қамтамасыз ету мәселесіне себеп болуы тиіс.

Сапаны басқаруға оперативті тәсілдер мен іс-қимылдар қолданып, сапа талаптарын шешуге жол ашуы керек.

Сапаны қамтамасыз ету үшін жоспарланатын және жүйелі түрде ылғи жүріп тұратын іс-шаралар, бұйым сапасын күдіксіз қамтамасыз етуге әкеледі.

Әлбетте, сапа жүйелілігіндегі істеліп жатқан шаралар тұтынушының талабына сай болмаса, онда сапа мәселесі толық шешілмеген болады.

Сапаны қамтамасыз етудің тиімділігі, өндіріс үдерісінде туатын факторларды ылғи тексеру, техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін анықтау, техникалық бақылау жүргізу сияқты қағидалардан тұрады.

Өндіріске сенім арту, сапа мәселесінің дәлелелі болады. Өндіріс мекемесінің аумағында сапаны қамту басшылықтың жалпы аспабы болады. Белгілі бір контрактылық шарт жасауда өндіріске сенім арту өндірушінің беделін арттырады.

9000 сериялы ИСО стандарты сапа жүйесінің модельдерін мекемеде іштей қолдануға нұсқаулар ретінде, ал сапаны жалпы басқару мәселелерінің (ИСО 9004), сапа қамтамасыз етудің сырт мекемелермен қатысуында (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003) пайдаланылады.

Айта кететін бір жайт, ИСО 9000 стандарттары мекемелерде қолданылатын сапа жүйелері стандарттауға арналмаған, сондықтан әрбір өндіруші өздерінің бейімді сапалы бұйымдарын шығара беруге құқылы.

9000 сериялы сапа жүйесінің ИСО стандарттарын екі жағдайда қолданады: контракт жасарда және оның сыртында (1-суретте) .

(ішкі мақсат)

Сапамен басқару

Сапа жүйесінің элементтері

ИСО 9004

СапаныСапаны қаматамасыз қамтамасыз ету моделі

ету моделі

ИСО

9001

ИСО

9002

1-сурет. Сапа жүйесіне ИСО 9000 стандарт сериялары
  1. сериялы ИСО стандарты сапа моделі жүйесін қамтамасыз етуде жобалауда, құруда, өндіруде, монтаждауда және қызмет көрсетуде, яғни өнімнің толықтай өмірлік кезеңдерінде қолданылады.
  2. сериялы ИСО стандарты сапаның модельдік жүйесін өндіруде және монтаждауда қолданылады.

ИСО 9004 стандартында сапаны басқарудың жалпы нұсқауы және сапа жүйесінің элементтері келтірілген.

Сонымен, көрсетілген ИСО стандартының сериялары төменгі жағдайларға икемделген екі түрінен тұрады:

  • ИСО 9001, ИСО 9002 контракттық жағдайда сырттық сапаны қамту мақсатында;
  • ИСО 9004 - сапаны жалпы басқаруда барлық мекемелер үшін ыңғайлы стандарт.

ИСО 9004-басқарушы құжат ретінде, бұйым сапасының барлық сатыларында, әсіресе техникалық, әкімшілік және адами факторлардың сапа жүйесіне тигізетін үлестерінде, өндіруден бастап тұтынуға дейінгі мезеттері қолданылады.

Бұл стандартта, тұтынушының талабы орындалуы, функционалды жауапкершіліктің орнау және пайда мен шығынның бағалануы өте мұқият қадағаланған. Осы келтірілген барлық аспектілерді сапа жүйесін құруда тиімді пайдаланған жөн.

Осы екі жағдайда да өндіруші ұйым сапа жүйесін сауатты ендіріп, оның деңгейін бірқалыпты ұстап тұруы қажет.

1. 3 Сапа жүйесінің моделін таңдау

Сапаны қамтамасыз етудегі оның моделін таңдау өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді болуы керек. Екі жақта бұйым шығарудағы ыңғайлы жайларды, шығындарды және пайда түсіруді, зерделей келе, осы үдерістегі барлық туатын жағдайларға сенімді болулары керек.

ИСО-ның ИСО 9001, ИСО 9002 стандарттарында сапа жүйесінің нақтылы элементтері белгілі үш топтық модельдерге бөлінген. Мұнда өндірушіге қойылатын функционалдық немесе ұйымдастырушылық қабілеттер ескерілген.

  1. ИСО 9001 - өндірушіге бұйым шығарудағы әрбір этаптардағы қойылатын талаптар: жобалау және/немесе құру, өндіру, монтаждау және күту.
  2. ИСО 9002 - өндірушіге, өндіруде және монтаждауда қойылатын талаптар.

Модельді таңдап алу жүйелі ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстардан кейін, экономикалық шығын мәселесін есептей келе жүргізілуі қажет. Бұл үшін төмендегідей алты факторды ескерген жөн:

  1. Жобалау үдерісінің күрделілігі.

Егер бұйым бұрын жобаланбаған болса, жаңа бұйымды жобалау оңайға түспейтінін ескеру.

  1. Жобаның негізделуі.

Жобаның қаншалықты белгілілігі, оны сынауға түсіру қажеттілігі, пайдаланушының сипаттары немесе бұрыннан белгілі бұйым.

  1. Өндірістік үдерістің күрделілігі.

Осыған дейін мұндай үдерістердің болуы немесе жаңа өндірістік үдеріс құру, технологиялық үдерістердің бұйымның пайдалану қасиеттеріне әсері.

  1. Өнім және қызмет өтеудің сипаттамалары.

Бұл өнімнің күрделілігі және қызмет өтеудің ерекшелігіне байланысты.

  1. Өнім немесе қызмет өтеудің қауіпсіздігі.

Бұзылып қалу қаупі немесе әрбір бұзылудың залалы.

  1. Экономикалық.

Жоғарыда көрсетілген деректерге байланысты туатын шығындар. Шығын өндірушіден де, тұтынушыдан да шығады.

Таңдап алынған сапа жүйесінің элементтерін құжаттау қажет, ал оның тиімділігі таңдалған модельдің талабына сай болуы керек.

Сапа жүйесінің элементтерінің нақты дәлелденгені бұйым шығарудың әрбір кезеңіндегі жұмыстарға сай болуы керек (мысалы, жобалауда, жасауда және монтаждауда және т. с. с) және бұйымның сапасын тұтынуда да дәлелдеуі шарт.

Төмендегі көрсетілген критерийлерге қарай элементтердің дәлелденуі өзгеруі мүмкін:

  1. өнімнің немесе қызмет етудің экономикасы, тәжірибесі және пайдалану жағдайларына қарай;
  2. өнім немесе қызмет етудің жобаларын жасаудағы күрделілік және жаңалық деңгейі;
  3. өнім немесе қызмет етудің күрделілігі және еңбексыйымдылығы;
  4. дайын өнімді сынау барысында, олардың сапа жүйесін бағалау мүмкіндігі;
  5. өнім мен қызмет етудің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
  6. өндірушінің рейтнгтік нәтижелері;
  7. құжаттарға сапаны басқару нұсқаулары, сапаны қамту процедураларының түсініктемесі, сапа жүйесінің тексермелі есептері және т. с. с тіркелген сапалық ақпараттар.

ИСО 9000 сериясы негізінде атақты шетелдік фирмалар «Форд», «Крайслер», «Дженерал Моторс» және 5 жүк көлігін шығаратын фирмалар.

QS-9000 деген жүйе құрып, өндірушілерге бірыңғай талаптар қоюды жөн көрді.

Бұл жүйеге төменгі құжаттар кірген:

  1. Өндірістік стандарт QS-9000 «Сапа жүйесіне талаптар». Бұл ИСО 9000 стандартының салалық және арнайы, құрастырушылар фирмалары.
  2. РРАР процедурасы - «Өндірістік бөлімдерді үйлестіру үдерісі» (компоненттер, тораптар, материалдар және т. б. ) РРАР-да өнімдерге қойылатын талаптарға сай қажетті құжаттар тізімі бар.
  3. QSA құжаты - «Сапа жүйесін бағалау». Өндірушінің өз бұйымын бағалауға арналған құжат. Бұл тұтынушыға да және сертификаттау органдарына да қажет.
  4. SPS нұсқамасы «Үдерістерді статистикалық басқару» - сәйкестілікті ескерту, олардың тууын талдау, үдерістерді үздіксіз жетілдіру, т. с. с.
  5. MSA нұсқамасы «Өлшеуіш жүйелерді талдау».
  6. APOP нұсқамасы «Перспективті өнімдердің сапасын жобалау» мүмкіндігін ашады.
  7. FMEA нұсқамасы «Бұзылудың түрлерін және залалын талдау».

QS-9000 құжаттар жүйесін ұтымды қолдану Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруге әсерін тигізуі өте мүмкін.

1. 4 Сапаны басқарудың тотальды жалпылама жүйесі (TQM) және қолдану бағыттары

Сапаны тотальды басқару (TQM) дегеніміз - кез келген қажетті бұйымды (затты) өмірге келтіру барысындағы үдерістердің сапасын қамтамасыз ету концепциясы.

Бұл концепцияға жан-жақты ойластырылған, сапаны басқарудың арнайы тәсілдері мен жүйелерінің бұйым шығарудағы барлық кезеңдерінде қолдану шарт.

Әдетте, бұйым шығарудың аталған кезеңдеріне ғылыми-зерттеу және құрастыру, саудаға даярлау, қызмет ету және бұйым істен шыққаннан кейінгі пайдалану мәселелері кіреді. Осы кезеңдердің бәрінде де басшылық және көптеген өндіріс қызметкерлері өздерінің техникалық-технологиялық мүмкіндіктерін орынды пайдаланулары қажет.

Нақтылай айтсақ TQM дегеніміз - қойылатын талаптарға қарай сапаны, жіктелген мақсаттарды және техникалық шарттарды басқару.

Сүйтіп сапаны тотальды басқару тұйықталған цикл ретінде, сапа құрылымдарының күллі элементтерін басқару болып шығады. Сапаны тотальды басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы (2-сурет) көрсетілген.

2-сурет. Сапаны тотальды басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Сапаны тотальды басқаруда, өзінің үш бөліктен тұратын ұйымдастырушылық құрылымы бар, сапа жақсарту үдерісінің басқару технологиясы, олар: жетілдіру жүйесі, техникалық қызметті өтеу жүйесі және түпкілікті жүйе.

Түпкілікті (өзекті жүйе) жүйе дегеніміз - зерттеу және талдау үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұлар жалпы қалыптасқан математикалық аппаратта, тексерудің статистикалық әдістерінде отырады, сондықтан бұларды барлық фирмалар қолданады және оларды шетелдерге де импорттауға болады.

Техникалық қызмет өтеу жүйесі дегеніміз - жұмысшы кадрларды арнайы бағдарламалар мен амалдар арқылы жұмыс бабына үйрету. Бұл жүйе әр елдің ондаған мекемелерінің ерекшелігін көрсетеді.

TQM жүйесінің жетілдірілуі және дамуы өте ерекше, мұның ел экономикасы мен ондағы заңдылықтарға тигізетін әсері өте зор.

Сапаны тотальды басқару жүйесі халықаралық тәжірибелер жиынтығын ескере келе, өзінің ішінде сапаға қажетті талаптар пакетіне толы, олар:

  1. Мекеменің негізгі мақсаты - сапа;
  2. Жоғары басшылықтың белсенділігі;
  3. Басқарушы кадрлардың қажетті іскерлігі;
  4. Қызметкерлерді ұтымды бағдарлау;
  5. Сапаны тұтынушылардың талаптарын сәйкестеу;
  6. Сенімді жабдықтаушыларды тарту;
  7. Басқарудың стратегиялық бағыты;
  8. Қолжетімді мақсаттарды қою және нәтижелерді бағалау;
  9. Дағдарыстық жағдайлардан сақтау;
  10. Сапаны үздіксіз жетілдіріп отыру;
  11. Өндірістік үдерістерге бағыттау;
  12. Басқару құрылымының дұрыстығы;
  13. Бенчмаркинг;
  14. Сапаның контроллинг және мониторингі.

Осы қағидаларға сүйене отырып, сапаны тотальды басқарудың мақсатын мегзеуге болады.

Бұйым сапасы - сапаны басқарудың ең негізгі мақсаты. Ол үшін мекеменің барлық ресурстарын ұтымды пайдаланып, бұйымды тұтынушының талабына сәйкестеп шығару қажет.

Сапаны тотальды басқару (TQM) жүйесінің негізінде 9000 сериялы ИСО стандарты жатыр.

Дегенмен заманауи сапа жүйесі үшін бұл стандарттың қоятын талаптары өте мардымсыз да, оның минималды фундаментін құрады.

9000 сериялы ИСО стандартында сапаны басқаруға төмендегідей әдістер мен құралдар пайдаланылады:

  • жаңа техника мен технологиялар енгізу;
  • тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру;
  • сапа аудиті;
  • сапаны метрологиялық тұрғыда қамту;
  • жетілдіру бағдарламалары;
  • сапа бойынша сыйақылар: жабдықтаушылармен байланыс.

TQM жүйесінің 9000 сериялы ИСО стандартынан өзгешелігі - мұндағы қолданылған стадиялар арқылы сапа басқару үдерісі жүргізілген. TQM үшін олар:

  • сапа саласындағы жұмыстарды реттеу;
  • сапа жұмыстарын жабдықтаушымен бірігіп жасау;
  • сапа бойынша жұмысшылар тобы;
  • адами факторларды басқару; сапа бойынша ұлттық компаниялармен бірлесу;
  • сапа саласындағы саясат болу;
  • сапа мәдениетін қалыптастыру;
  • жаңа бұйым жасаудағы тексеру жұмыстары;
  • материал қабылдаудағы кірме тексеріс;
  • тәжірибелік бұйымның сапасын бағалау, бұйым сапасын және
  • өндірістік үдерісті жоспарлау;
  • дайын бұйымды тексеру;
  • бұйым сапасын бағалау;
  • бұйым сапасынан ақпарат беретін аппаратураны тексеру;
  • сапа қамту әдістеріне персоналды үйрету;
  • кепілді күту;
  • тағы басқалай әрекеттер.

TQM жүйесінде фирманың барлық мәселелерді байланыстырушы тізгін ретінде орналасқан. Мұнда басқа жүйелерде ескерілмеген екі ерекшелік бар, олар:

Біріншіден, TQM жүйесі мекемедегі сапа басқарудағы жүйе болғандықтан, қазіргі кезеңдегі ең жаңа жүйелер санатына кіреді.

Екіншіден, TQM жүйесінде адами фактор өте ұтымды ескерілген. Жұмысшылардың еңбегі дұрыс бағаланғандықтан, мекемеде тек жұмыспен ғана айналысатын еңбеккерлер тобы қалыптасқан. Мекеме жұмысшылардың біліктілігін ылғи жетілдіріп, оларды оқытып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау жүйесімен үйлесімділік
НАССР жүйесі принциптері
Оқыту тиімділігін бағалау модельдері
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Астықты Жармада өңдеудің арнайы технологиялары
Сапаны басқару әдістері
Минералды заттар мөлшері
Қазақстан Республикасының цифрлык банкинг жүйесі
Өнімнің сертификациясы – ҚР-ның инновациясының көрсеткіші ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz