МҮСІЛІМ ҚҰМАРБЕКҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Мұқаметқанова Назгүл Амантайқызы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
журналистика мамандығының 4-курс студенті
МҮСІЛІМ ҚҰМАРБЕКҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Әрбір танымал тұлғаның бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі - ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Көзі ашық, көкірегі ояу қаншама азамат халқы үшін ерінбей еңбек етті.Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған алғашқы қадамдар белгілі қаламгерлердің шаң басып, қаттаулы қалған мол мұрасын заман рухына сәйкес қайтадан зерделеуіне мүмкіндік тудырып отыр. Осы шағын мақаламызда біз де белгілі қаламгер, бүкіл ғұмырын туған елі мен жерін қазағының қара сөзімен жырлап өткен Ұлан ауданы Шымқора ауылының тумасы, жазушы Мүсілім Құмарбекұлының шығармашылығына қысқаша тоқталып, оқырманға таныстырып өтуді мақсат еттік.
1964 жылы Коммунизм туы газетінің бас редакторы Бейсенғали Тәйкімановтың қабылдауына орта бойлы, ашаң жүзді жас жігіт кіреді. Өзінің С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика мамандығын бітіріп, аудандық газетте біраз жұмыс істегенін, енді облыстық газетте тілші болғысы келетінін айтады. Жас жігіттің ойлы келбетін, сөйлеген сөзін мұқият барлап отырған Бейсенғали аға Аузың салпиып тұр екен, сенен журналист шығады депті. Бас редактор бұл сөзді бекер айтып тұрған жоқ, қазақ төменгі ерні саптыаяқтай деп хас жүйрікті сипаттайды, жас жігіттің журналистикада өрен жүйрік боларын бір көргеннен таныса керек. Мүсілім Құмарбекұлының ұзақ ғұмырындағы ауыр еңбекке толы шығармашылық жолы осы сәулелі сәттен басталды. Жұмысқа кірген бетте-ақ қаламының қарымымен, өзіндік стилімен жазылған көркем очерктері газеттің тілін шұрайландырса, жеті бағаналық макетті төртінші беттен бастап сегіз бағанаға көшіріп, шырайын да ашқан еді. Бұл кезде Мүсілім Құмарбекұлы өзінің өмірдегі бағдар-бағытын айқын аңғарған жиырма бес жаста болатын.
Екінші Дүниежүзілік соғыс біткен, ел ішінде тыныштық орнағаншақ.Сталиннің озбырлығын әшкерелеген Хрущевтің өзі биліктен опа таппаған, Брежневтің берік орныққан кезі. Сұрапыл жылдармен салыстырғанда көлдей кеңшілік заман десек те, қоғамдағы орынсыз келеңсіздіктерді оқырманға қаз-қалпында ұсына алмайды екен. Бір ауыз сөз үшін, бір домалақ қағаз үшін бас кеткен үрейлі жылдар артта қалса да, елесі орнында тұрғандай. Өмір шындығы мен идеология арасынан сынамалап болсын жол тауып, жаңа мақалалар жаза білді. Көбінесе көркем очерктер жазатын еді. Облыстың түкпір-түкпірін шарлап, әр түрлі мамандық иелерінің қызықтары мен қиыншылықтарын көрді. Жоспардың орындалу мен орындалмау себептеріне қанықты, әр түрлі жағдайларға түсіністікпен қарауды үйренді. Дегенмен ауыл адамдарының еңбекке құлшынысы, тек өзіне жарасар мінез-құлқы, шығармашылық адамдарына деген ақ-адал пейілі әрқашан толғандырар еді. Артымызда ел байлығы - халық игілігін өндіруде зор күш жұмсап, бірімен бірі социалистік жарысқа түскен шопандар ауылы қалып барады. Ал олардың топтан озған жүлделі жүйріктерімен ақындар да, журналистер де әлі талай кездеседі. Олар өмірінен сыр шертіп, тамаша туындылар жазылады. Бұл алғашқысы да емес, соңғысы да емес. Жүйріктер, асар бел жатыр алда талай... деп Жол әсері атты очеркінде жазыпты. Сол кездегі Катонқарағай ауданының Өрел совхозына барған екен. Совхоздың озат шопандарының бірі- Қабдірашит Сүгірбаев қарауындағы 502 саулықты өткен қыстан аман алып шығыпты. Біле білген адамға бұл - үлкен еңбек. Журналистің бұл очеркінен келмеске кеткен сол заманның суреттерін қөзбен көріп, қолмен ұстағандай боласыз. Жазу шеберлігі қалыпқа түскен адам әманда осылай жазады. Қазақ әдебиеті газетіне 1966 жылдың 7 қарашасында шыққан Бақыт атты очеркінде: Ол бақытын туған жерінің топырағынан тапты, өз елінің игілігі үшін еңбек етіп, бақытқа бөленді. Туған жердегі, туған елдегі бақыт, адал еңбек - шын бақыт... - деп жазған екен. Осы сөздерінен Мүсілім Құмарбекұлының өмірлік ұстанымын байқаймыз. Ертістің жағасынан ұзап ешқайда кеткен жоқ. Зейнетке шыққанға дейін облыстық газетте жемісті жұмыс атқарды. Жерлес жазушылар, атап айтқанда: Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімхан, Ұлықбек Есдәулет, т.б. сынды бірқатар ақын-жазушылар өзге қалаларға қызметке кетті, бірақ Мүсілім Құмарбекұлы өзінің сүйікті туған жерінен ұзамады.
Ет-жеңі толып, егде тартқан осынау қоңырқай жүзді қарияның басқа қазақ кемпірлерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Оның да шашы уақыттың ақ бояуына малынған. Оның да жүзі үлкен жолдың белгісіндей әжім сызықтарымен шиырланған. Ол да алла, белім-ай деп күбірлеп қояды деп басталатын Шынар жартасты жарып шығады атты очеркінде Мусина Жәния Өмірбекқызының өмірінен сыр шертеді. 1927 жылы КПСС мүшелігіне өтіп, партия мектебінде оқыған, 1935 жылы Алматының Марксизм-ленинизм мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін Павлодар облыстық партия комитетіне жұмысқа орналасқан Жәния Өмірбекқызы Москвада өткен әйелдердің Бүкілроссиялық бірінші съезіне қатысып, пролетариаттың ұлы көсемі В.И. Ленинді және оның жұбайы Н.К. Крупскаяны көрген екен. Менің өмірімдегі ұмытылмайтын кезең деп өзі айтқандай, сол кезде партия қатарындағы қазақ қызына Мәскеуді, ұлы көсемді көру арман еді. Қайсар қыз арманына жетті де. Бұл очеркінде Мүсілім Құмарбекұлы Жәния Өмірбекқызының образын тамаша суреткерлікпен ашады.
1969 жыл Мүсілім Құмарбекұлы үшін жемісті жыл болды. Қазақтың заңғар жазушыларының бірі Ілияс аға Есенберлин басқарып отырған Жазушы баспасынан Қыз күлкісі атты тұңғыш кітабы жарық көрді. Бұл кезде Ілияс ағамыздың табанды еңбегінің арқасында қазақ жазушыларының кітабы сапалы қағаз, мол тиражбен шығатын, соған орай көлемді қаламақы төленетін. Жас жазушыларды қолдау, көмектесу өз алдына, ұлт әдебиетін өркендету - басты мақсат еді. Сенімді көмекшісі Мұхтар Мағауин екеуі сол жылдары көптеген жас жазушылардың кітаптарын артық бөгеліссіз жарыққа жеткізіп отырды. Қыз күлкісінің баспадан шығуы ең алдымен автордың ізденіп жазған еңбегі десек, екінші ретте баспадағы әдебиет жанашырларының қолдауы болатын. Тұңғыш кітабының шығуы журналист жазушының мерейін өсірді, көңілін көтерді, публицистика мен прозаны қатар алып жүруіне зор септігін тигізді. Жастық, махаббат жыры, ауыл өмірі, ауылдың аңқылдаған аққөңілін де, есебі түзу қуларын да, бірбеткей тоңмойындарын да, жалпы, адам бойындағы мінез-құлықты бейнелі сөзбен кестелеген әдемі шығармалар басылып шығып еді. Тынымсыз ізденіп, үздіксіз жазу керектігін, алар асуы, шығар белесі алда екенін кәміл түйсінген Мүсілім Құмарбекұлы жаңа шығармаларға кірісіп кеткен еді. Алма ағашы не үшін жеміс береді, әлдебіреу жесін деп емес, өз тіршілігін жалғау үшін дегендей, хас қаламгер шығарманы өзі үшін, өзінің шығармашылық қажетін өтеу үшін жазатыны айқын болса керек.
Арман! Көбіне адам жоқ нәрсені уайымдайды екен-ау. Маған дүниедегі ең қымбат екі аяқ болып көрінді. Төсекте жатып, келгендерге ұрлана қараймын. Әсіресе, аурухана терезесінен көшеге көз салған қиын-ақ. Бұрын қыздардың қыпша белі мен қолаң шашына сұқтана қарасам, енді аяқтарға қараймын. Өкінеді екенсің. Быртық болса да өз аяғың болғанға не жетсін... - деп Арман алға жетелейді атты очеркінде Ұлан ауданының Обухов совхозының аға шопаны Қамза Ақжолов жайлы жазыпты. Сұрапыл майданға өз еркімен сұранып, қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, шайқаста екі аяқтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz