Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы

Мамандығы: 5B050800 «Есеп және аудит» мамандығы

Орындады:

(қолы/подпись) (аты-жөн)

Жетекші:

(қолы/подпись) (аты-жөні )

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі:

(қолы/подпись) (аты-жөні)

Көкшетау 2020 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Бөлім-1. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы . . . 5

1. 1. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің түрлері нысандары мен жүйесі . . . 5

1. 2. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуы мен амортизациясы . . . 15

1. 3. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі . . . 23

1. 4. Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есептен шығару . . . 34

Бөлім-2. «Азия Nur Kz» ЖШС-нің қapжылық- экoнoмикaлық жaғдaйын тaлдaу . . . 38

2. 1. «Азия Nur Kz» ЖШС-нің жaлпы cипaттaмacы . . . 38

2. 2. «Азия Nur Kz» ЖШС-нің қapжылық-экoнoмикaлық көpceткiштepiн тaлдaу . . . 42

2. 3. «Азия Nur Kz» ЖШС-нің негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау . . . 58

Бөлім-3. «Азия Nur Kz» ЖШС-нің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін жетілдіру жолдары . . . 65

3. 1. «Азия Nur Kz» ЖШС-не жаңа негізгі құралдар мен материалдық емес активтер енгізу қажеттілігі . . . 65

3. 2. «Азия Nur Kz» ЖШС-де өндіріс процесін автоматтандыру . . . 75

Қopытынды . . . 80

Қoлдaнылған әдебиеттер . . . 82

Қосымшалар

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тaқыpыбының өзeктiлiгi. Негізгі құралдар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар. Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жіктеу, бағалау мен амортизациялық аударымдарын есептеу мен тиімді пайдалануы жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.

Материалдық емес активтер - заттың нақтылай нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие және субъектіге ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты түрде қосымша табыс әкелінетін активтер.

Ағылшын тілінде материалдық емес активтер-intangible «сезілмейтін» деп аталады. Яғни, мүліктің бұл санатына сезілмейтін, қол тигізе алмайтын заттар жатады.

Яғни, мұндай ерекше затты бухгалтерлер ескеруі керек, өйткені бұл жай ғана сезілмейтін зат емес, шын мәнінде бар нәрсе, бірақ сонымен қатар жұмыс істейтін компаниялардың экономикалық айналымында, өндіріске немесе, ең болмағанда, басқаруға белсенді түрде қатысады.

Coл ceбeптi бұл дипломдық жұмыстың тaқыpыбы қазіргі таңда нарықтық экономика жағдайында көптеген ұйымдарда маңызды болып табылады, сондықтан бұл тақырып қазіргі таңда өзeктi бoлып тaбылaды деген ойдамын.

Ғылыми жaңaлығы кәciпopын бoйыншa буxгaлтepлiк eceптi жүpгiзу ныcaндapы мeн негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы бaғдapлaмacының кeңeйтiлгeн түpiн eнгiзу.

Зepттeудiң тәжipибeлiк мaңыздылығы кәciпopындa негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін және таладуын бapыншa тaлқылап және зерттеу.

Дипломдық жұмыстың мaқcaты «Азия Nur Kz» ЖШС-нің негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін және талдауын жacaу, aудитiн ұйымдacтыpу тeopияcын жәнe тәжipибeciн зepттeу бoлып тaбылaды. Бұл мaқcaтты жүзeгe acыpуда кeлeciдeй мiндeттep шeшiлeдi:

- негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тeopиялық acпeктiлepiн қapacтыpу;

- негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің eceбiн зepттeу;

- негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің aудитін зepттeу;

- негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді талдау.

- негізгі құраларды және материалдық емес активтерді жіктеп бағалау;

- негізгі құралардың және материалдық емес активтердің қозғалысының есебін жүргізу;

- негізгі құралардың және материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу;

- негізгі құраларды және материалдық емес активтерді түгендеу;

Дипломдық жұмыстың зepттeу oбъeктici бoлып «Азия Nur Kz» ЖШС бoлып тaбылaды.

Дипломдық жұмыстың пәні - негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың тeopиялық жәнe әдicтeмeлiк нeгiзi peтiндe мынaндaй әдeбиeт көздepi қoлдaнылғaн:

Кeулiмжaeв К. Н. «Буxгaлтepлiк eceп тeopияcы жәнe нeгiздepi» Aлмaты, 2008ж.

Aблeнoв Д. O. «Қapжылық aудит жәнe тaлдaу» Aлмaты, 2005 жыл.

Дүйceнбaeв «Кәciпopынның қapжылық жaғдaйын тaлдaу» Aлмaты, Экoнoмикa 2009. Қaзaқcтaн Pecпубликacының Буxгaлтepлiк eceп пeн қapжылық eceптiлiк туpaлы Зaңы (2007 жылғы 28 aқпaндaғы Зaңы) . Xaлықapaлық қapжылық еceптiлiктiң стaндapттapы.

Дипломдық жұмыстың тәжipибeлiк нeгiзi peтiндe «Азия Nur Kz» ЖШС-нің 3 жылдық мәлiмeттepi, буxгaлтepлiк бaлaнcы, пaйдa мeн шығындapдың eceптeулepi aлынғaн.

Диплодық жұмыс 3 бөлiмнeн, кipicпe, қopытынды жәнe қocымшaлapдaн тұpaды. Жaлпы жұмыc көлeмi 83 бeт. Жұмыc құpaмы 17 кecтe, 9 фopмулa,

1 cуpeт, 43 әдeбиeт көздepiнeн тұpaды.

Бipiншi бөлiмдe: негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және таладуы, соның ішінде, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің түрлері нысандары мен жүйелері, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің аудитін, екiншi бөлiмде: «Азия Nur Kz» ЖШС-нің жaлпы cипaттaмacы, кәciпopынының қapжылық-экoнoмикaлық жaғдaйын тaлдaуын, «Азия Nur Kz» ЖШС-нің негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдадым, үшiншi бөлiмдe: «Азия Nur Kz» ЖШС-нің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін жетілдіру жолдары, «Азия Nur Kz» ЖШС-не жаңа негізгі құралдар мен материалдық емес активтер енгізу қажеттілігі және де «Азия Nur Kz» ЖШС-де өндіріс процесін автоматтандыруды қарастырып, барынша осы кәсіпорынның өндірісін жетілдірі жолдарын қарастырып, зерттеп, өз ұсыныстарымды жазып кеттім.

Бөлім-1. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы

1. 1. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің түрлері нысандары мен жүйесі

Негізгі құралдар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар) .

Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс циклдерінде пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор. Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады.

Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтасады:

- салалар бойынша;

- мақсатына қарай;

- түрі бойынша;

- қайтарылатындығына қарай;

- пайдалану сипатына қарай,

- салық салу мақсатына қарай.

Экономикалық мақсатына - қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.

Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активті шоттарда жүргізіледі:

2412-шот - үйлер мен ғимараттар;

2413-шот - машиналар мен жабдықтар;

2414-шот - көліктер құралдары;

2415-шот - компьтерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;

2416-шот - кеңсе жиһазы;

2417-шот-өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.

Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- ғимараттар;

- құрылыстар;

- өткізгіш жабдықтар;

- машиналар мен жабдықтар;

- көлік құралдары;

- аспаптар;

- өндірістік инвентар және керек жарақтар;

- шаруашылық инвентары;

- кітапханалық активтер;

- кітапхана қоры;

- жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;

- басқа да негізгі құралдар.

Қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оны баланста көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алған құралдар боп саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгіқұралдарға күрделі қаржы жұмсау) жатады. Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, оларамортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген: Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш приборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістік-шарауашылық және басқа еңбек құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни, тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын-үй шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары. Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады. Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:

- жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект саналады;

- үйлер - халыққа еңбек ету, тұру, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

- ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, құбырлар) .

- электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

- машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

- көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдармен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

- құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механика- ландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және басқасын өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) .

Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады. Өндірістік мүлік және соған жататын заттар -өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады.

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар. Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.

Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.

Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.

Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.

Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.

Әділ құны -тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.

Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

- пайдалы кезең қызметі - бүл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

- нормативтік қызмет кезеңі - бүл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

Кесте 1 - Мердігерлік тәсілмен негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

№: 1.
Шаруашылық операция мазмұны: Негізгі құралдарды жөндеуге резерв есептелді
Дебет: 8410, 7110, 7210
Кредит: 3440 «Жөндеуге резерв»
№: 2.
Шаруашылық операция мазмұны: Негізгі құралдардың жөндеуін жүргізгені үшін мердігерлер шоты төлемге қабылданды
Дебет: 3440«Жөндеуге резерв»
Кредит: 3310, 4110
№: 3.
Шаруашылық операция мазмұны: ҚҚС сомасына, 12 пайыз
Дебет: 1420
Кредит: 3310, 4110
№: 4.
Шаруашылық операция мазмұны: Мердігерлер шоты ағымдағы банктік шоттан төленді
Дебет: 3310, 4110
Кредит: 1030
№: 5.
Шаруашылық операция мазмұны: Шаруашылық тәсілмен орындалған резерв есебінен негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар қажетсіздендірілді
Дебет: 3440«Жөндеуге резерв»
Кредит: 1310, 3350, 1250
№: 6.
Шаруашылық операция мазмұны:

Жөндеу цехында негізгі құралдардың жөндеуі орындалды:

қосалқы бөлшектердің, материалдардың шығыны

еңбек ақы есептелді

еңбек ақыдан әлеуметтік салыққа аудырымдар жасалды

үстеме шығындардың үлесі қажетсіздендірілді

Дебет:

8310

8310

8310

8310

Кредит:

1310

3350

3150

8410

№: 7.
Шаруашылық операция мазмұны: Құрылған резерв есебінен жөндеу бойынша шығындар есептен шығарылды
Дебет: 3440«Жөндеуге резерв»
Кредит: 8310

Егер резерв құрылмаса, резерв бойынша шығындарды бірден сәйкес шоттардың (8410, 7110, 7210) дебетіне 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» немесе 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары» шоттарының кредитінен апарады. Жылдың соңында резервтелген соманың артығына реверсивті жазба жасайды.

Негізгі құралдар аудитінде қолданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды - ордерлі, қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:

Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды

Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі) .

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.

Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:

1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады) ;

2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес) ;

3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз) ;

4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.

Материалдық емес активтер - заттың нақтылай нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие және субъектіге ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты түрде қосымша табыс әкелінетін активтер. Материалдық емес активтерге тауар белгілері, тауар өндірісінің тіркелінген жерлер, гудвил, «ноу - хау», лицензиялар, патенттер және өнеркәсіп үлгілері, өнеркәсіпті ұйымдастыру шығындары. Электронды есептеу машинаны, бағдарламаны қамтамасыз ету, интелектуалдық меншік, жер учаскесін және табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары және т. б жатады.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егерде оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақтаалынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект былай анықтайтын болса, онда олжа табу мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4 топқа бөлінеді:

1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер

2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер

3. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.

4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері.

Жалпы айтқанда материалдық емес активтерге: лицензиалдық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атулары, тәжребиелі - конструкторлық жұмыстар және т. б. жатады.

Материалдық есмес активтердін есебінің міндеттері:

1. Материалдық есмес активтердін қозғалысын дұрыс құжаттық рәсімдеу және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету.

2. Материалдық есмес активтердін материалдық жауапты адамдарға бекіту және сақталуын бақылау.

3. Материалдық есмес активтердін есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсету.

4. Материалдық есмес активтердін құжаттауы дұрыс есептеу.

Материалдық емес активтердің нақты барлығымен қозғалысын есепке алу 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шоттарында жүргізледі. Осы шотардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің келіп түскен басымен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша - материалдық емес активтердің есептен шығарылғаны көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай - ақ кәсіпорынның мүлікттік құқығын растайтын құжаттар жатады.

Есеп беруде матариалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп беруде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда; амартизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амартизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеннің басымен аяғына жинақталған амартизацияның нормасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық және т. б. көрсетіледі.

Аудиттің алдында келесі міндеттер бар:

1. Материадық емес активтердін көлемін анықтау.

2. Материадық емес активтердін құрылымын тексеру, құрылымының кәсіпорын бағытымен сәйкестігін тексеру.

3. Материадық емес активтердін қамтамсыздығын тексеру.

4. Материадық емес активтердін жағдайын талдау.

5. Материадық емес активтердін қозғалысын талдау.

6. Материадық емес активтердін пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Қаржылық есеп, талдау және аудит
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ
«Metrocom Service» ЖШС
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz