Бекет Өтетілеуұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Бернияз Күлейұлы шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бекет Өтетілеуұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Бернияз Күлейұлы шығармашылығы

Бекет Өтетілеуұлы (1883 -1949). Бекет Өтетілеуов 1883 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезіне қарасты Всесвятск болысының № 1 ауылында (қазіргі Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Қараоба ауылы) орта дәулетті отбасында туған. Орыс-қазақ мектебінде оқып білім алған, мұғалімдер даярлайтын арнайы курсты бітірген. Содан өмірінің ақырына дейін жасөспірімдерге ұстаздық етті. 1923-1928 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, соңынан "Қазкоммуна" деп аталатын мектепте меңгеруші, 1925-1929 жылдары аймақтық оқу комитетінің төрағасы, 1930-1949 жылдары мұғалім болып жұмыс істеді. Б.Өтетілеуовтің тұңғыш "Дүние ісі ақыретке кетпес" - атты кітабы 1912 жылы Қазанда басылып шықты. Келесі кітабы "Жиған-терген" 1914 жылы Орынборда басылды. Бекет Өтетілеуов негізінен аудармашы ол И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.А.Жуковский, А.Н.Плещев шығармаларын қазақша сөйлетті.
Ақын, аудармашы Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусым күні өзінің туған жері - Қараоба ауылында қайтыс болды. Б.Өтетілеуов өлеңдері мен дастандары, аудармалары мен мақала, хаттары - ел жөніндегі естеліктер қосылып 1961 жылы жарық көрді.
Бекет Ғабит Мүсіреповтың алғашқы ұстаздарының бірі болған. Ғабит Мүсірепов қазақтың біртуар азаматы, жазушы Бекет Өтетілеуовтен білім алып, оның тікелей басшылығымен әдебиетке деген құмарлығын шыңдай түсті. Бекет Өтетілеуов, бір жағынан, Абай салған реалистік жолдың, екінші жағынан, Алтынсариннің педагогикалық ұстанымдарының жалғастырушысы ағартушылық ағымның көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол бала Ғабиттің әдебиетке деген ыңғайын байқап, талабын ұштаған ағартушы-педагог қазақ әдебиетін заңғар биікке көтерген ұлы суреткердің қалыптасуында орасан рөл атқарды десе де болады. Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тарта бастады. Әуелі Жиған-терген деген өзі шығарған өлеңін берді. Жиған-терген маған өте ұнады. Бірақ кәне, несі ұнады? деп сұрағанда, мен оған жауап айта алмадым. Содан соң ол маған бір жетіге Шаһымаран қиссасын беріп, кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты. Желілі әңгіме есте қалған екен, мен сүрінбей айтып бердім. Бір кеште, Бекеттің өз үйінде он шақты адамға тағы бір тыңдатты деп алғаш оқыған шығармасының өзін несімен ұнап, несімен ұнамағанын айтып беру үшін әдеби-теориялық білімнің қажет екенін ұғындыра білген терең психолог-педагогтың баланың көкірегіндегі титтей талантты ұштаудағы әдісін аңғарамыз.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Әріп (толық аты Мұхаметғарып) Тәңірбергенов1856 жылы, қазіргі Семей облысының Жарма ауданында туған; Найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек атасынан.Оның әкесі Тәңірберген кедей, момын шаруа болған.
Әріп жасында өз еліндегі мектеп, медреселерде оқыған сияқты. Ол ер жеткен кезде өкіметтен орыс мектептеріне қазақ балаларын алып оқыту туралы бұйрық болады.Байлар, елдің игі жақсылары өз балаларын орысша оқуға беруге қорқады. Орталарынан Әріпті жалдайды. Осы ретпен Әріп Семей қаласына барып, сондағы орысша діни оқуға түседі. Оны 1871 жылы бітіріп шығады.
Әріп зерек болады.Мұсылманша мектеп, медресеніде орысша школаныда жақсы оқып бітіреді.ол қазақ, шығыс, оырс әдебиеттерін жақсы біледі; орыс,қытай,араб, фарсы тілдерін біледі.Сондықтан да "Ғылым" деген өлеңінде Әріп:
Ғылымға жас күнінен қылдым талап,
Талпынып, төрт лұғаттан тағылым ап -
дейді.
Әріп орыс школасын бітіріп шыққан соң, әуелі, өз елінде бірнеше жыл мұғалім болып істейді,осы кезде ол Абаймен жиі ұшырасып жүреді; онан соң, үш-төрт жыл Шәуешекте орыс консулының тілмәші болып тұрады; ақырында, бұрынғы Жетісу жағында(Фрунзеде, Алматыда) почта қызметкері болып істейді.
Қазан төңкерісінен кейін Әріп Алматыда,өз елінде сот қызметінде болады: Тергеуші, атбекет болып істейді. 1924 жылы күзді күні өз елінде қайтыс болады.
Әріп оқуын бітірген кезде батап өлең, қисса жазумен айналысады.Оның революциядан бұрын жазған көптеген ұсақ өлең - жырлары, қисса-поэмалары,айтыс өлеңдері,орыс тілінен аударған шығармалары бар. Әріп шығармаларының біразы "Мені де ұмытпаңдар"(1970) деген атпен шықты.
Әріптің қисса-поэмалары "Зияда","Қожа Ғафан","Тәһір","Нұрғазарұн"деп аталады.Бәрі де ертек-аңыз сюжетіне жазылған дастан, ел аузында айтылып жүрген, кейбіреуі кітап болып басылған.
Әріп А.С Пушкиннің " Евгений Онегин" романын, Лермонтовтың Пушкин өлгенде жазған "Ақын өліміне" деген өлеңін қазақ тіліне аударады. "Евгений Онегиннің" Әріп аударған нұсқасын ел ішінде, әуелі,Әсет ақын айтып жүрген. Кейін халық ақындары Қуат Терібаев, Сапарғали Әлімбетов айтып жүреді. Осылай көптен, әркім айтып жүргендіктен кейін оның өзі үш түрлі айтылатын болады. Олар 1937 жылы Пушкин шығармаларының қазақ тіліндегі толық жинағында басылды.
Жетісу жағында қызмет істеп жүрген кезінде Әріп Маман ауылына көп қатынайды. Сол ауылдағы атақты Сара қызбен танысады; көңілі жақын болады. Сараға арнап ұзақ өлең жазады. "Біржан-Сара" айтысын жазып шығарады.
"Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны" 1898 жылы жазылып, 1899 жылы кітап болып шыққан.
Бірақ, әлде қызметі жайынан ба, әлде Абайға еліктеуі ме - әйтеуір әуелгі кезде Әріп шығармаларына, әсіресе кітап болып шыққан қиссаларына аты, жөнін ашық жазбаған. Осыдан қазір бізде, әдебиетшілер арасында "Біржан сал мен ақын Сараның айтысықаны" жөнінде үлкен дау, талас бар. Оны біреулер Біржан мен Сара өздері шығараған дейді; енді біреулер Шайхұлисламов Жүсіпбек қожа шығарған дейді; енді біреулері Тәңірбергенов Әріп шығарған дейді.
Бізде бұл айтыстың кітап болып басылған екі нұсқасы бар. Олардың бірі "Біржан сал мен ақын Сара қыздың айтысқаны"(1898), екіншісі "Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны"(1899) деп аталады. Әріп 1884 жылы
"Зияда" деген ертек- аңыз, фантазиялы-романтикалық поэмасын жазады. Ол осы поэмасын Абайға оқып бергенде Абай қатты ашуланады. Сол орайда(1889 жылы) ол өзінің әйгілі"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" деген өлеңін жазады. Онда өз маңындағы ақындарға, әсіресе, Әріпке:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ, барды, ертегіні термек үшін...
Сөз айттым әзірет Әлі айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз...
деп сын, ескерту айтады.
Бұл сөздер ақындарға қатты тиеді. Өте-мөте, Әріп қатты намыс қылып, кектенеді. Абайдан есесін қайтармақ болады. Осы оймен ол "Біржан-Сара айтысын" жазады. Онда Сара айтты қылып, Абайды, Тобықты руын, оның бірсыпыра адамдарын жамандайды. Абайдан өз кегін,Тобықтыдан өз руының кегін шынымен-ақ алғандай болады.
Әріп "Біржан өсара айтысын" жазып, онда Абайды, Тобықты руын сынауын сынаса да оны өзі жазғанын айтпайды, айтысқа автор болып қол қоймайды (тегі ел арасы бұзылып кетеді деп қорыққан болуға тиісті). Алайда, Тобықты ,Абай, оның маңында болғандар мен Әріпті білетін ақындар ол айтысты Әріп жазғанын біледі.
Әріп ақынның бұрынды-соңды әр алуан тақырыпқа жазған көптеген ұқсас өлеңдері бар. Оларды жазылу мезгілі жағынан үш топқа бөлуге болады. Бірінші; ақынның ХІХ ғасыр ішінде жазған өлеңдері; екінші, ақынның ХХ ғасырдың бас кезінде (Қазан төңкерісінен бұрын) жазған өлеңдері; үшінші, ақынның Қазан төңкерісінен кейін жазған өлеңдері деп бөлуге болады.
Әріп ХІХ ғасыр ішінде көбінше қиссалар, айтыс өлеңдер жазумен айналысқан сияқты. Сондықтан болу керек, оның бұл дәуірде жазған ұсақ өлеңдері, бір жағынан аз, екінші жағынан үйрену, машықтану ретінде жазылған деуге болады.
Өйткені Әріптің ХІХ ғасырда жазған ұсақ өлеңдерінің бәрі дерлік арнау болып келеді. Ақын оның кейбіреулерін құрбы-құрдастарына, кейбіреулерін балалары мен шәкіртеріне арнап насихат, мысал, нақыл, әзіл етіп жазады. Олардың мазмұны заман , дүние, дін, адамгершілік, аброй, мінез-құлық, оқу, байлық, тағы , тағылар болып отырады.
Әріп ХІХ ғасырда жазған мейлі поэма-дастандарын да болсын, мейлі ұсақ өлеңдерінде болсын көбінше нақты, күнделікті өмірді, қазақ өмірінің шындығын мес, ертектерді, ертедегі аңыз, әңгімелерді тақырып етіп алып, жалпы ізгілік, адамгершілік мәселелерін сөз етеді. Ол әлі толық реалист емес. Осыдан Әріптің бұл өлеңдері айтарлық мағыналы, көрікті емес. Әріптің ХХ ғасыр басында, Қазан төңкерісінен бұрын жазған ұсақ өлеңдері әрі көп, әрі олардың көбінің тақырыбы күнделікті ,нақты өмір, қазақ өмірі, қазақ өмірінің кейбір түйінді мәслелері болып келеді. Ақынның орыс халқының классик әдебиетінен, Абайдың сынынан, шығармаларынан едәуір үлгі, өнеге алғаны байқалады. Осының арқасында Әріп бұл кезде реалист, сыншыл реалист деңгейіне көтерілген ақын.
Әріптің Қазан төңкерісінен бұрын жазған ұсақ өлеңдері ішіндегі тақырып-идеясы жағынан болсын, көлем-көркемдігі жағынан болсын ең маңыздысы, ең көрнектісі "Еңбек туралы" , "Қалың мал туралы" ," Ғылым туралы" деген өлеңдері десе болады. Сондықтан біз оларды түгел келтіріп, талдаймыз.Әріптің " Еңбек туралы" өлеңі 1905 жылы жазылған-ол былай болып келеді:
Сорла лім көріп жүрсін еңбекті жау,
Ел кезіп, өсек айтып, ізденіп дау.
Істейтін бар кәсібің-ұрлық, зорлық,
Кісі жоқ алдын ойлар бір дені сау.

Байлар жүр мансап іздеп құр далақтап,
Көрінбей малы көзге жүр алақтап,
Би мен болыс көрінсе қошемет қып,
Қойын сойып, ет тартар қос табақтап.

Өз обалың өзіңе тоқталмасаң,
Ет, қымызбен боп жүрсін бәрін масаң.
Аузыңды ұстап, саныңды бір қағарсың,
Тыйылып бұл әдеттен басылмасың.
Осылай ,Әріп бұл өлеңінде қазақ арасындағы бектік-феодалдық қалып қалдықтарын сынайды: Қазақтың байлары мен би-болыстарының ел ағасы адамдарының, қожа-молдаларының қанаушылық, озбырлық ашқарақтық, парақорлық,даукестік, надандық, шаруаға қырсыздық ынтасыздық мінез-қылықтарын, іс-әрекеттерін бәрін атап-атап сынайды; орынды , өткір сынайды. Халықты еңбекке, өнерге, кәсіпке, ілгері ұмтылуға шақырады. Әріптің "Қалың мал туралы" өлеңі1910 жылы жазылған. Ақын бұл өлеңінде де қазақтың ескі ру-ақсақалдық салт-санасын, ғұрып-әдетін сынайды. Қазақтың әйелді кем көру, теңіне, сүйгеніне бермеу, зорлап малға сату, қатын үстіне, шалға сату сияқты оңбаған әдетін сынайды. Әйелге адамгершілік көзбен қарауды, адамның бас бостандығын, әйел теңдігін көксейді, талап етеді. Ол былай болып келеді.
"Теңін тапта, тегін бер!"- түгел жұртым.
Аумас көңіл, айнымас жүрек осы.
Жас қызды алпыстағы шал алады,
Әйел жағы тағы кем саналады.
Әлгі шалда үш қатын бұрын болса,
Мал беріп, төртінші ғып ала алады.
Әке, шеше, ағасы ұнап қойса,
Оларды жас қыз қайтып қала алады.
Әріптің "Ғылым туралы" өлеңі1906 жылы жазылған. Ақын оны мысалдап, балаларына өсиет етіп жазған. Әріптің оқу, өнер, ғылым туралы жазған өлеңдері, айтқан үгіт-насихаттары толып жатыр. Мына өлеңі солардың бәрінің жинағы, ақынның қорытынды пікірі тәрізді. Сондықтан Әріптің бұл өлеңі тек балаларына ғана емес, бүкіл жастарға, халқына айтқан өсиеті болып шыққан. Ақын халықты оқуға, өнерге , ғылымға шақырған . ол былай болып келеді:
Мисалы: дүние- теңіз, ғылым-кеме,
Кемесіз терең суға түсем деме.
Толқыны тауға ұқсаған мына заман
Сезе ме мұны даңғой, жаһіл неме.

Суы ащы бұл теңіздің іші жайын,
Толқыны төңкерілген барған сайын.
Қауыпсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Әріп Тәңірбергенұлы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
Пәндер