Геополитическая борьба на современном Ближнем Востоке


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар және Әлемдік экономика кафедрасы

Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі Таяу Шығыстағы геосаяси күрестер

Geopolitical fight in the modern Middle East

Геополитическая борьба на современном Ближнем Востоке

Орындаған: Тарғын Айнұр

MO, 71-K

Тексерген: Есиловна Айгерім

Қазіргі кезеңдегі Таяу Шығыстағы геосаяси күрестер

Geopolitical fight in the modern Middle East

Геополитическая борьба на современном Ближнем Востоке

Қазіргі кезеңдегі Таяу Шығыстағы геосаяси күрестер

Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Таяу Шығыс аймағын айналып өтпеді. Таяу Шығыс - геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу, халықаралық терроризм қауіптері, дербестігін алмаған ұлттардың қоныстануы, палестиналық-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең тұрақсыз нүктесіне айналдырды. Аталмыш жағдайлар аймақтағы тұрақсыз- дықтың одан әрі қиындауы, бүкіл әлемдегі ахуалды қиындатуы мүмкін. Таяу Шығыс аймағында орналасқан мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгертулерді жүзеге асыру қажет- тілігі қазіргі таңда аймақтың дағдарыстық жағдайдан шығудың басты шарты ретінде қарастырылуда.

Таяу Шығыс мәселесін аймақтағы алдыңғы елдердің қатарындағы Иран Ислам Республика- сының ішкі және сыртқы саясатындағы саяси ойындары елеулі әсерін тигізуде. Оның ішінде Иран саясатындағы күрд және ядро мәселелері аймақтағы өзекті мәселеге айналды.

Ирандағы күрд мәселесіне тоқталсақ, екінші дүниежүзілік соғыстың бітуі мен КСРО-ның ыдырауына байланысты 1980-1990 жылдардағы әлемдегі тарихи өзгеріс, ұлттық күрдтік қозғалыс жанамалы түрде бейнеленді. Ол күрестегі стратегия мен тактиканың жаңа жүрістерін талап ететін шынайы геосаясатта дамуды жалғастырды. Әсіресе, Ирактық және Ирандық Күрдістанға қатысты болатын.

Ирандық күрділердің тарихи дамуына көз жүгіртсек, өзіндік тарихы бар әрі танымал ұйым- дарының бірі Иран Күрдістанының демократиялық Партиясы (ИКДП), партия 1945 жылдың шілде айының аяғында құрылған. Қазіргі таңға дейін аталған партия (ИКДП) күрдтік қозғалыстардың ядросы болып табылады. Белгілі Ресей күрдтанушысы О. И. Жигалиннің тұжырымдамасы бойынша ирандық биліктегілер осы ұйымды сеператистік түрінде қарастырады, өйткені оның қызметі мемлекеттің құлауына әкеп соқтыруы мүмкін дегенге тартады.

Ирандық Күрдтердің Демократиялық Партиясы антиирандық акцияларға белсенді түрде қатысты, әсіресе, ядролық жоспарлармен байланысқан бүгінгі халықаралық дағдарыста барлық жауапкершілікті бүтіндей және толық ИИР-дің басшылығына беру керектігін ұсынды. Сонымен қатар 2006 жылдың наурызында Эрбиледе Шығыс Күрдістанның Біріктірілген Фронты құрылды, оның құрамына ИКДП, Ирандық Күрдістанның күресті ұйымдастыру ұйымы және Күрдістанның Революциялық кеңесі кірді.

Алайда Иранда күрдтер қарапайым құқықтарынан айырылған. Күрд оппозициялық ұйымдары- ның көшбасшылары мен белсенділері тек мемлекет аймағында ғана емес, одан тыс жерлерде де қудалануда. Мысалы, Иран Күрдістан Демократиялық Партиясының көшбасшысы А. Касемло 1989 жылы Венада өлтірілді, оның орнына келген Шарафа Канди 1994 жылы Берлинде қаза тапты [1] . Догматикалық ислам концепцияларына сәйкес мұсылман қоғамында ұлттық айырмашылықтар болмау керек, сондықтан күрдтердің құқықтары Иранда сақталуы мүмкін емес. Күрдтердің қозғалысын басып тастау арқылы Иран аймақтағы күштер тепе-теңдігін сақтауға және аймақтағы басқа мемлекеттің күрд мәселесінде басымдыққа ие болуына жол бермейді. Иран аймақ геогра- фиясының өзгеруіне жол бермейді, бірақ Иракта оған қарсы тұратын «еркін зонаның» болуына қарсы емес. Қайшылықтарға қарамастан Иран Түркия және Сирия басшыларымен кездесулер өткізіп, Иранның бөлшектелуіне жол бермеуге тырысады. Шах режимі құлағаннан кейін негізінен екі ұлттық саяси ұйым белсенділік таныта бастады. Бұл Иран Күрдістан Демократиялық Партиясы және Күрдістанның еңбекшілерінің революциялық ұйымы. Сонымен қатар Иранның солтүстік-батысында басқа да оппозициялық күштер бар [2] .

Таяу Шығыста ядролық қарудың болуы және оның көрші аймақтарда болу ықтималдығы - қазіргі таңдағы аса өзекті мәселелердің бірі. Сол себептен, қарудың Таяу Шығыс аймағында таралу мүмкіндігі әлем державаларын алаңдатуда.

Аймақта орналасқан елдердің саясатындағы өзгешелік ядролық қару әлі де басқа елдерді ұстап тұрушы құрал ретінде қарастырылуында, сондықтан бірқатар елдер оны иемденуге талпынуда. Егер болжамдарға сүйенсек 35-40 мемлекет атом бомбасын Азия континентінде жасап шығаруы мүмкін.

Әлемдегі қауіпсіздіктің ең басты мәселесі - Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу қаупінің болуы бірқатар себептерге байланысты жаһандық проблемаға айналуы мүмкін.

Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу проблемасын қарастырғанда оның негізгі үш түрін атап кету керек:

  1. Латентті тарату. Мемлекет ЯҚТШ (ДНЯО) келісімінде бола отырып, оның шарттарын формалды түрде орындайды да, ядролық бағдарламаларын құпия түрде дамытады. Белгілі бір уақытта ол ЯҚТК-дан шығып, ядролық сынақ жүргізеді де, де-факто ядролық мемлекет болады. ЯҚТШ-на мүше бола отырып, сыртқы жетістіктерді қолданып, бейбіт ядролық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруы ядролық қаруды ядролық материал мен технологияларды, сараптаманы, жалпы жанармай циклдерді (ең алдымен уранды байыту мен плутонийді сепарациялау) пайдалана отырып шығаруға ғылыми-техникалық алғышарттар жасайды. Мемлекет салыстырмалы түрде қысқа уақытта ядролық қаруды жасап шығаруға мүмкіндік алады.
  2. “Бірінші дәрежелі” тарату материалдар жеке компаниялардан сатып немесе ұрланып алынады. Немесе ядролық мемлекеттер басқа елдерге заңсыз түрде ядролық қаруды жасап шығару мен оны әкелуге көмектеседі.
  3. “Екінші дәрежелі” тарату ядролық салада әр түрлі технологиялық мүмкіндіктері бар мем- лекеттер өзара бір-біріне көмектеседі, біреуінде жоқ технологиялармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Осы үш модельдің тығыз байланысы ЯҚ таратушы елдерді шектеп отыратын халықаралық шаралардың жойылуы жағдайында ЯҚ таратпау тәртібінің құлауына алып келуі мүмкін [3] .

Иран Ислам Республикасы ядролық таратудың бірінші жолымен дамиды деген болжам бар.

Қазіргі кезде Иран уранды байыту, яғни жанармай циклінің бірінші сатысында тұр. ЯҚТК-ның болашағы, жаңа қақтығыстарға қатысу шамасы Иран ядролық мәселесінің шешілуіне тікелей тәуелді. Осылайша Иран ядролық қаруды таратпау тәртібінің барлық шарттарын орындаған жағдайда оның ядролық жанармай циклдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе әлемдегі бейбіт ядролық технологиялардың дамуына жол ашады. Иран мәселесі - тестілеу үшін аса қиын мәселе, алайда дұрыс жағдайда ол ядролық энергетиканың болашағына үлкен мүмкіндіктер ашады [4] .

Жағдайдың осылай дамуы барысында ядролық қаруды жасап шығару деген аймақ елдерінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін арттыруға қызығушылығының өсуін күтуге болады. Бір-бірден олардың көздеген мақсаттарына жетуі мүмкін емес болғандықтан, ядролық сала, ядролық жанармай қатарын бірлесіп құрудағы ресми (немесе құпия) ынтымақтастықты ұйымдастыру немесе қарулық ядролық материалдарды қажетті көлемде сатып алу мақсатында күштерді өзара біріктіру мүмкін.

Сауд Арабиясы (Пәкістанмен бірлесе отырып) басқа елдердің ядролық бағдарламаларын дамытуға өзінің қаржы мен технологиясын беру арқылы көмектесуі де мүмкін.

Осындай жағдайда топ елдері арасында ядролық жарғышты иелену мен оны бақылау үшін қарсыласушылық тууы мүмкін. Ал оны аймақтағы қазіргі тәртіп пен елдер арасындағы қатынастарға байланысты шешу қиыншылықтар туғызуда.

Өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы елдер сыртқы саясатты жобалай отырып, оларды көмірсутек шикізатымен қамтамасыз етіп отырған Парсы шығанағы елдерімен стратегиялық түрде байланысты құрды. Биполярлы жүйе кезінде Батыс елдері мен КСРО аймақтағы өздерінің эконо- микалық және әскери-саяси мүдделерін қорғай отырып, Иран, Ирак пен Ауғанстандағы позицияларын сақтай алмады. Батыс елдері, негізінен араб монархияларына көз тікті.

Биполярлы жүйеге қарағанда тұрақтылығы кем болғанымен, халықаралық қатынастардың монополярлы құрылымы кіші елдер үшін тиімдірек болуы мүмкін. Олардың қауіп төнген жағдайда супердержаваға қосыла салуға мүмкіндігі бар. Осылайша бірполярлылық нақты бір жағдайда кейбір елдер үшін өте тиімді болуы мүмкін. Бұл жағдай Парсы шығанағында 1990 жылдың соңында қалыптасты. Онда Иранның потенциалды қаупі мен Ирактың агрессиясы ПШАМҚ елдерін АҚШ бағытына ығысуына түрткі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы
Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы
Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру
Қазіргі заманғы діни сектандықтар
Түркітану ғылымы және Түркітануға кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz