XVII ғ Ағылшын буржуазиялық революция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ибрагимова Р. Я.

XVII ғ Ағылшын буржуазиялық революция

Кіріспе

XVII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропада феодализм тоқырауға ұшырады. Оның орнын жаңа қоғамдық жүйе - капитализм ауыстырды. Меншіктің жаңа капиталистік нысаны орнығып, Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дами бастады. Англияда XV ғасырдың соңынан бастап шұға өндірісі қарқынды дамыды. Әлемдік нарық қалыптаса бастады. XVII ғасырдың 40 жылдары саяси жағдай шегіне жетіп, абсолютизмді құлату үшін күрес басталды. Жаңа ақсүйектер жекеменшіктің жаңа - капиталистік түрін қолдады, жалдамалы жұмыс күші тиімдірек болғандықтан, мануфактураның иесі феодалдық тәуелділікті қажет етпеді. Ауқатты көпестер, қаржыгерлер, ірі жер иелері - джентрилер пресвитериандарға айналды. Алайда Англиядағы капитализмнің дамуын ортағасырлық қатаң ережелер тежеді.

Жаңа заман тарихының басындағы Англияның маңызды оқиғасы 1640-1660 жылдардағы Ағылшын революциясы болып табылады. Ағылшын буржуазиялық революция капитализмнің дамуымен байланысты болды да, ескі феодалды-экономикалық қатынастарды және Стюарттар мен Яков I(1603-1625), Карл I(1625-1649) тұсында буржуазиялық қатынастардың онан әрі дамуына кедергі жасаған абсолютизмді жоюға бағытталды. [1]

Ағылшын буржуазиялық революция

  1. Революцияның алғышарттары мен себептері

XVII ғасырдың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде Англияда революциялық жағдай қалыптасты. Заңсыз салықтар сауда мен өнеркәсіптің дамуын тежеді, халықтың жағдайының нашарлауына әкелді. Стюарттар және ол қорғаған феодалдық тәртіптің мемлекет ішінде капиталистік қатынастар дауында негізгі кедергіге айналды. Экономика мен саяси өмірде тосқауылдар қойылды. Жаңа өндіргіш күштердің дамуы мен ескі феодалдық өндіріс қатынастары арасындағы қақтығыс Англиядағы буржуазиялық революцияның басты себебі болып табылады. [2]

I Яков 1625 жылы қайтыс болып, сол жылы оның мұрагері I Карл таққа отырды. Ол әкесінің парламент құқығын мойындаудан бас тартқан шексіз билік туралы көзқарасын жалғастырды. Парламент наразылық білдірушілердің талаптары көрсетілген құжат - «Құқық туралы петиция» қабылдады. I Карл парламентті таратып, он бір жыл бойы Англияда жеке-дара билігін жүргізді. Бірақ король парламенттің рұқсатынсыз жаңа салықтар енгізе алмады. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның сыртқы саясатын революциялық ахуалдың қалыптасу факторы ретінде қарастыруға болады. I Якоб басқаруының бас кезінде біріккен провинциялармен бәсекелестік күшейді және Испаниямен жақындасу басталды. Бұл -көпестер мен кеме иелерінің наразылығын туындатты. Шотландияда I Карлдің жеке-дара билігіне қарсылық ретінде көтеріліс басталды. Осы оқиғаларға орай I Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Ол корольға жаңа салықтарды жинауға рұқсат бермегені үшін таратылып, тарихқа Қысқа парламент деген атпен енді. 1640 жылы королъ Ұзақ парламент деп аталған жаңа парламент шақырды. Буржуазиялық-ақсүйектер оппозициясының бағдарламасы екі құжатта: «Тамырлар мен бұтақтар туралы петиция» мен «Ұлы ремонстрациядан» өз көрінісін тапты. [3]

b. Ағылшын пуританизм және абсолютизм

XVII ғасырдың басында Англия аграрлық ел болды, алайда елде күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүріп жатгы. Тығырыққа тірелген (соғысты ары қарай жалғастыру үшін қомақты қаражат кажет еді) Карл, Страффордтың кеңесі бойынша 1640 жылғы 13 сәуірде парламент шақырды. Ол өзіне қажетті субсидияларды тез арада алатынына сенімді болды.

Оппозицияның алғы шебінде өздерін “қалаулы” ретінде санайтын фанатик пуритандар тұрған еді. 1630 жылға қарай пуританизм жаңаша дін жоралғыларын жүргізу ғана емес еді, бұл кезде пуритандық өмір салты мен пуритандық мәдениет қалыптасқан ед, барлық саяси мәселелер осы көзқарас тұрғысынан қаралатын еді. Осылайша саяси пуританизм қалыптасты. Осы жағдайда Карл I бесінші мамыр күні парламентті таратып жіберді. Ең аз уақыт жұмыс істеген парламент тарихқа “Қысқа парламент” деген атпен енді. [1; 13]

Англияда абсолютизм тюдорлар династиясы тұсында құрылып, ХV ғасырдың аяғынан ХVІІ ғасырдың басына шейін (1485-1603 жылдар) билік етті. Еуропаның басқа елдеріндегідей, Англияда абсолютизм бастапқы кезде ілгерішілдік рөл атқарды, ең реакцияшыл феодалдық топтарды əлсіретіп, буржуазиялық элементтердің күшеюіне əсер етті. Қызғылт жəне ақ раушан соғысы деп аталған ұзаққа созылған 1455-1485 жылдардағы шонжарлардың өзара соғысы аяқталғасын билікті өз қолына алған тюдорлар Батыс пен солтүстіктегі соңғы феодалдық көтерілістерді біржолата басты. ХVI ғасырдың 30-40-жылдарында Генрих VIIІ Тюдор шіркеу реформасын жүзеге асырды. Ол ағылшын шіркеуін Римнен бөлді, жаңадан құрылған ағылшын шіркеуін король басқарды. Монастырлардың мүлкі мен жерлері тəркіленді. Тюдорлар билік етіп тұрған бастапқы кезде буржуазия мен жаңа дворяндар оған қанағат тапса, ал олар өскен сайын, өздерінің таптық мүдделері кеңейген сайын өкіметті қатты сынға ала бастады. Тюдорлар билігінің соңғы кезінде абсолютизмге қарсы оппозиция Англияда діни формаға ауысты. Елде кең əлеуметтік, діни-саяси қозғалыстар өріс алды. [4; 11]

c . Англиядағы азамат соғыстары.

1642 жылы жаздың аяғында Англияда азамат соғысы басталды. Ел іші қарама-қайшы екі лагерьге бөлінді. Бай, халқы тығыз, сауда-өнеркəсібі жағынан дамыған Лондон бастаған Англияның оңтүстік-шығысы парламент тірегі болды. Солтүстік пен батыстың неғұрлым артта қалған графтары корольді жақтады. Парламентті қала буржуазиясының əртүрлі топтары, жаңа дворяндар, шаруалардың басым бөлігі, кəсіпкерлер мен қаланың жарлы-жақыбайлары қолдады. Корольдің əлеуметтік тірегі негізінен феодалдық дворяндар болды. Сондай-ақ мемлекеттік епископ шіркеуі корольді барынша қолдады. Оларға пуритан парламенті жағынан шіркеу реформасы қауіп төндірген еді.

Өзінің сипаты мен мақсаты жағынан таптық негізде болған Англиядағы азамат соғысы жаңа буржуазиялық, капиталистік элементтердің ескі феодалдық-абсолюттік құрылыспен күресінің айқын көрінісі еді. Ол діни идеологияны бетке ұстады. Парламенттік буржуазиялық партия «пуритандық партия» болды. Ол өз туының астына пресвитериан, индепендент жəне басқа көптеген діни секталарды біріктірді. Корольді қолдаушылар ресми түрде ағылшын шіркеуінің туы астында күресті. Алайда азамат соғысының алғашқы жылдарындағы соғыс əрекеті парламент үшін қолайсыз болды. Шабуыл жасау ұсынысы түгелдей король əскерлерінде болды. Олар негізінен соғыс ісін жақсы білетін дворяндар еді. Парламент əскері алғашқы кезде өте нашар даярланған. Парламент əскерлері əлеуметтік құрамы жағынан əртекті, əрі тəртіпке салынбаған еді.

Парламенттегі басты рөлді пресвитериандар атқарды. Бұлар жаңа

дворяндардан шыққан көпес-монополистер, банкирлер мен ірі жер

иеленушілер еді. Олардың көсемдерінің бірі - ағылшын революциясының аса ірі қайраткері - Оливер Кромвель болды. Кромвель 1599 жылы шағын жер иелігі бар дворян семьясында дүниеге келді. 1640 жылы ол парламентке сайланды. 1644 жылы шілдеде олар Марстон-Мур шайқасында король əскерін - «кавалерлерді» жеңіп шықты. Кромвельдің аты бүкіл елге əйгілі болды. 1644 жылдың аяғында Кромвель əскерге толық реформа жүргізуді талап етті. 1645 жылы маусымда Нейзби маңында Кромвель король əскерлерін қиратып салды. 5000 тұтқын алып, бүкіл артиллерияны, қыруар соғыс жабдықтарын жəне корольдің барлық дипломатиялық жазбаларын қолға түсірді. Нейзби маңындағы шайқастан кейін король тағы да бірнеше рет жеңіліп, 1646 жылдың наурызына қарай король қамалдарының бəрі дерлік парламент əскеріне берілді. 1646 жылғы сəуірдің аяғында король Шотландияға қашты, бірақ ағылшын парламентінен 400 мың фунт стерлинг алған шотландықтар 1647 жылғы қаңтарында корольді ағылшындарға ұстап берді. 1648 жылдың мамыр-маусым айларында Кромвель басқарған 7 мың адам Уэльске жіберілді. Мұндағы мақсат - осындағы роялистердің басты күшін жою еді. Маусым-шілде айларында əскердің 7 полктен тұратын басқа бөлімдері Кентке беттеді. Тамыз-қыркүйек айларында Кромвель Оңтүстік Уэльстегі роялистерді талқандап, солтүстікке қарай асықты. Ондағы ойы - шотландықтарды Англия аумағына жібермеу еді. 17 тамызда Кромвель Престон түбінде шайқасқа кірді. Келесі күні ол шотландықтардың негізгі күшін талқандады. [4; 16-22]

d. Революцияның жаңа кезеңі

1647 жыл ағылшын революциясы буржуазиялық - демократиялық жаңа кезеңіне өтті. Революциялық инициатива халық қолына көшті. Парламенттің королімен қайткенде де компромисске келуге тырысуы, монархия мен екі палаталық парламентті сақтауы, революциялық армияны тарату жөніндегі шешімі бүкіл елде халықтың наразылығын тудырды. Оның үстіне төменгі офицерлер мен солдаттар көп айлар бойы жалақысын ала алмаған еді. Полктарда насихатшыларды сайлау жүргізілді. Арада көптеген пікірталастардан кейін 4 қаңтар 1649 жылы қаумдастар палатасы жабық есік жағдайында Англияны республикаға айналдырған шешім қабылдайды. Қауымдастар палатасы осы шешім негізінде өзіне мемлекеттегі жоғарғы биліктің өтетіндігі туралы төмендегідей шаралар белгіледі. 6 қаңтарда палата жаңа формасына байланысты жаңа үлкен мемлекеттік мөрдің жобасын жасау жөнінде комиссия тағайындады. 27 қаңтар күні қауымдастар палатасына бұдан былай барлық сот ісінде, сондай - ақ барлық шешімдерде және басқа құжаттарда “король атына ” деп басталатын сөздің орнына “ағылшын бостандығын сақтаушылар, парламент билігі атынан” деген сөздң ендіру қабылданды. Сол күні парламент талқылауына корольдің парламент келісімінсіз жарияланған кез келген құжатын заңсыз, сатқындық деп жариялаған акт қабылданды. 17 наурыз 1649 жылы король билігі қажетсіз және қауіпсізретінде жойылды. Екі күннен кейін лордтар палатасы да оның тағдырын кешті. Лордтар палатасы қауымдастар енгізген 1649 жылдың екінші қаңтарында корольді соттау туралы ордонансын бекітуден бас тартқандығы үшін таратылды. 19 мамырда республика жарияланды. Декларацияда: Бұдан былай, Англия парламенттегі халықтар өкілдері мен басқаралатын болады -деп көрсетіледі. Республиканың заң шығарушы билігін бір палаталы парламент атқарды. Атқарушы билік құрамында 41 мүше бар оның 31 -і парламент мүшесі болып табылатын/ Мемлекеттік кеңес атқарды. Оның ішінде армияның жоғарғы офицерлері /Ферфакс, Кромвель, Айртон, т. б. / болды. Жоғарғы кеңес мүшелерін 5 пэр, жоғарғы аристократияның өкілдері графтар - Пемброк, Солсбери, Денби т. б. құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Европа көлеміндегі буржуазиялық революция
Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаяны
Англияның мануфактурадан фабрикаға өтуі. Өнеркәсіп төңкерісі
Батыс Eуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ағылшын буржуазиялық революциясы
Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы
Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Рационализм ғасырының мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz