Саркомер құрылысы және ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ТОО «Мед-Профи» колледж

Реферат

Тақырыбы: Саркомер құрылысы және ерекшеліктері

Орындаған: Сапарғалиева Мөлдір Асхатқызы

2019-2020

Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы (textus muscularis striatus skeletalis) дене, оның бөлiктерiнiң ерiктi қозғалысын, денені белгiлi бiр қалыпта ұстауын қамтамасыз етiп, көздердi қозғалтатын, ауыз, тiл, көмекей, жұтқыншақ, өңештiң жоғары бөлiгi қабырғаларындағы бұлшық еттердi құрады. Ол миотомнан дамып, мына негiзгi кезеңдерден өтедi. Алдымен, келешекте ұлпалар түзiлетiн жерге миотомның жасушалары көшiп, орнын ауыстырады; митозбен бөлiнетiн жаңа жасушалар түзе ұлғайып, өсетiн-миобласт (бiразы серiктер (сателлиттер) бередi, өмiр бойы түзушi ұлпа болады) түзедi. Ол митоздан кейiн қосылатын миобластар (myoblastus, симпласт құрады, 48 сурет) берiп, бұлшық еттің түтiктерiн (жиырылғыш белоктар, саркомерлер) қалыптастырады, одан соң жиырылғыштық қызмет атқаратын бұлшық ет талшықтары (myofibra) құрылады. Бұлшық ет бастамасының аумағында мезенхима жасушалары болады, онда қан қылтамырлары және бұлшық ет түтiктерi пайда болысымен жүйке жүйесiнiң дене бөлiмiндегi қимылдық, сезiмтал нейрондарының аксоны өнедi.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/7/images/1170/819/clip_image002.gif
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылыс, қызмет бiрлiгi-қаңқалық бұлшық ет талшығы немесе симпласт (49 сурет) . Оның ұшы өткiр, жиегi тегiс, ұзындығы 1-2 мм-10-15 см, жуандығы iрi қара малда 16-95 мкм, шошқада 20-90, қойда 20-50, жылқыда 50-80 мкм, диаметрi 0, 1 мм келетiн цилиндр тәрiздi құрылым. Электронды микроскоп симпластың қалыңдығы 7-10 нм қабығы-плазмолеммадан (сарколеммасы-sarkolemma), 15-50 нм-негiзгi жарғақтан тұратынын көрсетті. Олардың арасында түрi сопақша келетiн жасушалар-серiктердің ядросы орналасады. Плазмолемма әр тең қашықтықта iшiне қарай иiлiп, әсiресе, шошқаларда жақсы байқалатын, диаметрi 4 нм түтiкше немесе Т-өзегiн құрады.

Симпластың қабығы зат алмасуда және жүйке түрткiсiн өткiзуде үлкен рөл атқарса, негiзгi жарғағы-тiректiк қызмет және талшық iшкi ортасының тұрақтылығын сақтайды.

Саркоплазма (sarcoplasma) саны бiрнеше ондықтан бiрнеше жүзге жететiн, одан да артық, сүтқоректiлерде қабығына жақын орналасатын ядролар сақтайды.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/7/images/1170/819/clip_image004.gif
Ядроның түрi организмнің жасына, жиырылу күйiне және бұлшық ет жұмысына байланысты-дөңгелек, сопақша және созылыңқы болып келедi. Тұрақты (саркоплазмалық тор, митохондрийлер), тұрақсыз қорсындылары (гликогендер) болады.

Саркоплазманың басым көпшiлiгiн миофибриллдер (myofibrilla, грек. «mуоs»-бұлшық ет, лат. «fibrillа»-талшық, жiпше; 49 суреттi қара) алады. Миофибрилл-жiп тәрiздi құрылым, диаметрi 0, 5-2 мкм, ұзындығы талшық ұзындығындай, ретке келтiрiлген актин және миозин белоктарынан тұрады. Симпласты полюстенген жарықта қарағанда миозин белогі, қос сәуленi сындыратындықтан-күңгiрт немесе қараңғы, актин белогінде ондай қасиет болмайтындықтан-ақшыл немесе ашық болып көрiнедi. Микроскопта миофибриллдердің құрылысы бiрдей, миозин, актин белоктары бiр деңгейде орналасатындықтан, ашық, күңгiрт түстi алқаптар байқалады.

Ашық алқап-изотропты, И-диск (discus), ал күңгiрт алқап-анизотропты немесе А-диск деп аталады. Әр И-диск аралығынан қоңыр аймақ-Z сызығы (linea) (телофрагма-telophragma), ал А-дискi ортасынан ашық Н-аймағы өтедi. Н аймағының дәл ортасында қоңыр М сызығы (мезофрагма-meso) болады.

Миофибриллдің құрылыс, қызмет бiрлiгi-саркомер (50 сурет), екi Z сызық аралығында орналасады. Саркомер бір жарты И-дискiсінен, толық А-дискiден және ұзындығы 2, 5-4 мкм басқа И дискі жартысынан тұрады. Электронды микроскоп гисто-, биохимиялық зерттеулерде А-дискісі қалың (диаметрi 10 нм, ұзындығы 1, 5 мкм), ал И-дискісі жұқа (диаметрi 5 нм, ұзындығы 1 мкм) миофиламенттерден тұратынын дәлелдедi. Қалың миофиламенттi миозин белогi, жұқа түрін-актин, тропомиозин және тропин белоктары құрады.

http://ebooks.semgu.kz/ebook/7/images/1170/819/clip_image006.gif Мезофрагмадан (mesophragma) телофрагмаға (telophragma) миозин жiпшелерi тартылады. Телофрагмадан оған қарсы актин жiпшелерi орналасқан. Актин жiпшелерi өте жiңiшке, алтауы бiр миозиндi қоршап жатады. Актин және миозин жiпшелерiнiң қарама-қарсы қозғалуына байланысты ғылымда Р. Дэвистiң жиырылу iлiмi пайда болды. Бұл ілім бұлшық ет ұлпасы жиырылғанда актин жiпшелерi мезофрагмаға, миозин жiпшелерi телофрагмаға жететiнiн, нәтижесiнде саркомер лер, оның тобы қысқарып, бұлшық ет жиырылуының негiзi екенін көрсеттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еттің құрылысы
Бұлшық ет тіні
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Ауыспалы жіптер моделі
Ауыспалы жіптер моделі. Хилл теңдеуі
Бұлшықет ұлпасының құрамындағы миофибрилдердің биологиялық маңызы
Жүрек бұлшықет ұлпасы
ҚОЗҒАЛЫСТАР МОДУЛІ БОЙЫНША КЕЙС: Мен өзім жүре алғанда бәрі ойдағыдай
Қаңқа бұлшық еттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz