Қазақ танымында суреттелетін жануарлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ танымында суреттелетін жануарлар

Жоспар:
Жануарлар атауы
Әдебиет кезеңіндегі қолданылу жиілігі
Шығу кезеңіне гипотеза жасау
Пайдаланылған әдебиеттер

Біздің географиялық орналасуымыз бен климаттық ерекшелігімізді ескере отырып, біздің жерде болмаған, бірақ біздің мифологиямыз да, жыраулар поэзиясында, ақын- жазушылар шығармасында кездесетін жануарлар туралы айтпақпын.

Құмай
Бидайық
Самұрық
Арыстан

Құмай. Жақсы иттер туралы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит - құмай. Халық аңызында оны иттен емес, итала қаз дейтін қара ала құстың жұмыртқасынан шығыпты-мыс дейтін. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. Жұмыртқаларын да сонда салады-мыс және көп емес, екеу-ақ. Соның біреуінен күшік шығады екен. Қайсысынан шығарын білсе, енесі оны уыз күйінде жарып тастайды. Егер жара алмаса, қабыршықтан шыққан күшік көзін аша алысымен аңға ұмтылады. Әрі жүйрік, әрі күшті болғандыұтан арыстан, жолбарыстан бастап алмайтын аңы қалмайды-мыс. Осындай аңыз, ертегі түрінде қиялдан туған иттің атын Құмай деп атайды. [1, 104]
С. Сейфуллин: Сары ала қаздың (итала қаз) жұмыртқасынан кейде күшік туады екен. Сол құмай болады. Оны тәңірі берейін деген адамға кез қылады. Сары ала қаздың ай сайын әйелше айызы келеді.
Бұл аңызда ит пен қаздың бір тұқымнан тарайтындығын көрсетеді.
Итала қаздың етін тағамға пайдаланбайды.

Құмай тазыларға арналған наным-сенімдер

Қазақта баланы қырқынан шығысымен ақын, шешен, батыр тәрізді атақты
адамның (т.б.) үзеңгісінен өткізіп алу ғұрпы сияқты иттің күшігін де белгілі адамдардың үзеңгісінен өткізіп алатын ырым бар.
"Бала мен күшікті үзеңгіден өткізу ғұрпы б.з.б. II ғасырларда көшпенділердің үзеңгіні ойлап тауып, салтаттылық мәдениетті жоғары сатыға көтеріп, қаһарлы күшке айналдырған дәуірден бастау алады", - дейді зерттеуші А.Тоқтабаев. Адамзат тарихында садақ пен жақ, дөңгелек сияқты айтулы бетбұрыс жасаған үзеңгіні қаттылық пен беріктіктің, алысқа жорту мен шабуылдың тиянағы дегеннен осы ырым туған дейді ол. Иттің бағзы замандардағы тотем-бабаға айналғандығының белгісі ит жейде салтынан байқаймыз. Ол тек қазақта ғана емес көптеген түрік халықтарына ортақ салт: қазақ, қырғыз, өзбек және татарларда сақталып қалған "ит жейде", "ит көйлек", "эт кулмәк" ғұрпының мәні ортақ. Оны нәресте туғанда кигізеді. Ит көйлекті (ит жейдені) көп жасаған адамның киімінің қалдығынан жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып, шетін бүкпей, екі жаны тіккен жас баланың нәзік етіне батпауы үшін тігісті сыртына қарата тепшіп тігеді. Сәби қырқыңа толысымен ит көйлегін шешіп, оны әр түрлі қант, кәмпит, өрік-мейіз сияқты тәттілерге толтырып, иттің мойнына байлап қоя берген.
Балалар итті қуып, тәттілерді алып мәз-мейрам болады, итжейдені иесіне әкеліп тапсырады. Бұл ғұрып "ит қуу" деп аталады, мәні сәбидің пәле қаласын қырық жаны бар хайуан - ит өзімен бірге алып кетеді-мыс деп сенген. Ал керісінше балаға иттің жүйрік, ақылы озық алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, тәні сау, жаны берік "итжанды" (иттің қырық жаны бар дейді қазақ) деп ырымдайды. Баланың, ит көйлегін сақтап, жолға, сапарға шыққанда өзімен бірге алып жүрсе пәле-жаладан сақтап, жолын ашады, "баланың періштесі қағып, аман апарып, есен әкеледі сапардан" деп сенген.
Адамның басына қонған құт пен шаңыраққа келген ырыс кебіне ит болып келеді: сол үйге құтпан ит немесе алғыр тазы бітеді де ол адамның барлық тілеуін жүзеге асырып, мұратына жеткізеді дейді қазақ сенімінде. Жаңа үйленген жастарға үбірлі-шүбірлі, дені сау, берік болсым (итше күшіктесін) деген ырыммен (магия) жас келіннің көйлегінің етегінен итке жем бергізеді. Аяғы ауыр әйел жерігі қанғанша итке "кет" деп айтуға тыйым салынған.
Қазақ қартайып, алжыған иттің аузына май тығып, басын күн батысқа (құбылаға) қаратып, малша бауыздап өлтіріп, көметін болған. Манси мен угрлерде және алтайлықтарда итті ағаш науаларға жерлеп, бір аяғына қызыл, екінші аяғына қара таспа жіп байлап, иттің денесін әсемдеген. Маңғолдар қазақтарға ұқсас жолмен өлтірілген иттің құйрығын кесіп басына жастайтын және түскен келінді итке тағзым еткізеді. Ол үшін жас келін қайын атасына сәлем етіп, отқа май құйған соң, үлкен үйдің итіне тәу етеді. Үйге ит енгізіледі де келін етегіне салып ет беріп, сүт жалатып, арнайы тілек айтады.
Қазақта бұған ұқсас салт ұрын барған күйеуге "ит ырылдатар" салты. Қалыңдыққа келе жатқан күйеу үйге таянғанда алдынан шыққан бір әйел жүресінен отыра қап ит боп ырылдап, кәде алады. Халық театрының бір көрінісіне айналған бұл салттың арғы тегі көне наным-сеніммен астарлас. Осы бір хайуанға қатысты өте ертеде қалыптасқан нанымның бірі бағзыда ғұндар өлікті жерлегенде "Онгонды (аруақты) көкке ертіп шығады" деген иланыммен итті де ертіп баратын болса, көне түркі тайпаларында тарихын, атауын, тотемін барақпен (итпен) байланыстырады. Қазақта да мұндай руларды, жер-су атауларын ондап кездестіреміз. (қазақ генеологиясындағы Ителгі, Итемген, Ителі, Барақ т.с.с. атаулар). Иттің етін жайшылықта басқа халықтардағыдай (корей, қытай) жемегенімен, зәрушілікте өкпе құртына, көз шымылдықтанып, бас айналғанға, жазылмайтын жараларға қарсы ем, дәрі ретінде қолданады. Іште өлген баланы түсіруге иттің ені мен шыбығын қатар қолданған жағдайлар ел арасында ұшырасқан екен. Бұл дом шығыстық көрші жұрттардан ауысқан болуы ықтимал.
Тазы иттің алғаш өз бетімен аң алуын "тырнақалды" құрметіне ауылдастары жиналып, қайырлы болсын айтып, қуанышқа кішігірім той жасайды. Аңшылармен бірге саятқа шығып аң олжасын, әсіресе түлкі байланған кісінің өзі қуанышына ауылдастарын ортақтастырып, тілек жасайтын жоралғысы бойынша бүкіл ауыл аңшы үйіне жиналып, қыстың ұзақ сары таңын ойын-күлкі, өлең-жырмен өткізеді.
Аңшы олжасының етінен аяғы ауыр әйелдер ауыз тисе, мылтық пен қақпаны қырсығып қалады. Өйткені жүкті ананың арғы әлеммен байланысы бар, құрсақтағы ұрпақ бергі әлемге әлі үлгеріп келмеген. Бұндай сәтсіздікке душар болған аяғы ауыр әйел аңның етіне аңсары ауып, жерік болып тұрса, аңшы құралына "акрпык," деп аталатын ақ түсті матадан байлап, аңшыға кәдесін беріп барып еттен ауыз тиеді. Егер олай етпесе, аңшы құралы мен сайманы қырсығып аң алмай қалса, аңшы оны аптайды. Ол үшін сайманға (мылтық, қақпан) үш дана ширатылған жіп байлап, үш мәрте жерге ұрған соң, сумен шайып жібереді де
"Ата (қақпанға қаба) алмасаң саған серт,
Атылмасаң ( қаба алмасаң) маған серт,
Аңның етін жеген,
Жүкті әйелге қоса серт" деп "серттескен" соң шоқпен сырықтап тазалайды.
Тазымен болсын, бүркітпен болсын саятқа шыққан кезде бөгде кісімен кездесе қалған аңшылар тобының адамы "Байлансын-ақ" дейді. Ал: Байлансын-ақ", - деп ол бұрын айтса, сендер: "Майлы шұжық айлансын-ақ",- деп тілектестік білдіреді. Саятта келе жатқанда алдынан шыққан көлденең адамның тіл-көзі тазы мен құсқа тимесін деген ниеттен туған. Сондықтан да аңшы басқа сөзбен емес, "Байлансын-ақ" деп айқай салып амандасып, қаскөй рухтарды осы құдіретті сөзбен матап, аңды да буып, шырмап тастауды ойласа керек.
"Соңғы түйенің жугі ауыр..." деудің итке қатыстылығы туралы. Қазақ ұғымында: "Ит жеті ырыстың біреуі", "Итті тепкен ырысты тебеді" деп шаңырақтың құт-берекесі, ырысы итпен сабақтаса жүреді деп сенген. Ауызекі тілде күніне сан қайталанатын, мәтелге айналған "соңғы түйенің жүгі ауыр" тіркесі итке қатысты, онымен үйдің ырысы-берекесі, ырыздығы сабақтасып жүреді деген сенімнен туындаған.
Далалықтар үшін көш салтанатынан асқан қызық аз. Жететін жері шалғай болғандықтан, әрі жаңа қонысқа ерте жетіп, ісін жайғап алу үшін көшуге белгіленген сәтті күн азаннан көш қамына кірісетін. Абыр-сабыр болған ауылдар үйлерін жығып, түйеге жүгін тиегенде ең соңына қарай шаңырақты және ескі жұртта қалған дүние-мүлікті тиейтіні белгілі. Олар тезек, оның жабуы, сырық, бақан, арқан, көген т.б. Әрине, үйге әсте енгізілмейтін тыстажататын ауылдың қүтына саналатын сырттанның "итаяғы" да соңында қалады. Олар жайшылықта көзге елене бермесе де көш салтанатында ерекше сый-құрметке ие болады. "Итаяқты май басқан құрым шоқпыттың біріне орайды да, жегінге, жүк артуға жаңадан үйретіліп жүрген торым, я буыршыының біріне ұсақ-түйек жүкпен бірге арта салады. Немесе ең соңғы түйенің бірінің теңіне іле салады. Осылайша жүк әбден тиеліп болған соң "соңғы түйенің жүгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
Мулан жырының жазылу тарихы
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Пәндер