Қытай мемлекетіндегі цифрлық технологиялар мен БАҚ


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университетситеті
«Педагогика» факультеті
«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы
5В010800 - Химия - Биология мұғалімдерін даярлау
мамандығы
ЭССЕ
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Қытай мемлекетіндегі цифрлық технологиялар мен БАҚ
Орындаған: ХБ-19-1 тобының студенті
Қарақойлы Орынай
Тексерген: Ережепова Р. Г.
Ақтау, 2020
Қытай мемлекетіндегі цифрлық технологиялар мен БАҚ
Сан ғасырлық әлем өркениетінің бедерлі іздерін айшықтап қалдырған, мәдениеттің бастау көзін бес мың жылдықпен жылнамалаған Қытай қазіргі заманда да өздерін жел ескен жүйрік санайды. Сол қағазға жазылған жылнамалар хаттамалары Қытай халқының осыған дейінгі өмірі жайында ақпараттар арқылы мәдениетке үлес қосса, қазіргі кезде де басқалардан қалысар емес.
ХХ ғасырда патшалық биліктің әртүрлі жағдайларына байланысты қоғамда ауқымды өзгерістер орын алған болатын. Сыртқы әлемнің ықпалы мен шет елден білім алып келген азаматтардың арқасында Қытай журналистикасы өз жұмысын бастаған болатын. Міне, сол сәттен бастап қазірге дейін қалай және қандай күйде болғанын байқауымызға болады.
Социалдық Қытай Халық Республикасының ақпарат құралдарына арналған жеке заңы шыға қоймады. Ата Заңдарында көрсетілгендей халықтың еркін сөйлеуіне, бейбіт шеруге шығуына жол беріледі. Қытай саясаткерлері «Еліміз социолисттік жолға ие. Мысықтың ақ па немесе қара ма маңызы жоқ, ең бастысы тышқан ауласа болғаны» - деген түсінікті ұстанады.
Халықтың еркін сөйлеуіне жол берілгенімен, қандай да бір заңбұзушылық орын алар болса заң бойынша жасаған ісіне қарай айыппұл төлеуі тиіс.
Ел экономикасының дамуы журналисттердің жұмысқа ынталануына өз үлесін қосатыны анық. Ең алғаш рет 1931 жылы Синьхуа агенттігі журналистика саласы бойынша өз жұмысын бастаған болатын. Ол дүниежүзі бойынша алдыңғы орындағы ақпарат орталығына жатқызылды. Бұл агенттік құрамында 10мың тілші жұмыс атқарды. Агенттік үнемі қарқынды жұмыс істеп, Қытай халқын үнемі жаңалықтармен хабардар етіп отырған. Бір жағдай орын алса, бірден сол жерден тікелей эфир өткізіп барлық жерге жедел түрде, әртүрлі тілде әртүрлі елге жеткізіліп отырған. Бұл, әрине, Қытай еліндегі билік басындағыларына ұнайды, себебі, агенттік басқа елдердің де ішкі - сыртқы жағдайларымен де хабардар етіп отырды. Мысалы «Орта Азия» журналы туралы айтар болсақ, көбінесе журналға Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан туралы мәліметтер жиналып, басылымнан жарық көріп отырды. Ол жер де әрбір облыс жеке талданып, жеріміздегі пайдалы қазбалар туралы мәліметтер жарияланып отырған.
1958 жылы алғаш рет Қытай Республикасында телевизия стангциясы өз жұмысын бастаған болатын. Алғаш аты «Бейжің телевизиясы» атанды. 1978 жылы «Орталық телевизиясы» етіп өзгертілді. Қазіргі таңда телевизияда 42 арна жасанды серік арқылы жұмысын жүргізіп тұр.
Қытайда «Орталық халық радио» 1940 жылы 30 желтоқсанда өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде 11 арна жұмыс жасап тұр. Радиода 8 - арнада Қытайды мекен етуші өзге ұлт өкілдеріне арнап кәріс тілінде жаңалықтар жүріп отырады.
Ал, баспасөз өкілдеріне келер болсақ, алғаш рет Қытайда газет 1900 жылдары жарық көрген. Ал, «Халық газеті» 1948 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл газетте мемлекеттің тыныс - тіршілігі, билік саясатын халыққа үндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ақпарат құралдары жақсы қаралымдар мен тыңдалымдар жинап, сол жерде жасайтын журналисттерге үлкен қолдау білдіріп отыр. Журналисттер де өздерінің халық алдындағы борышын жете түсініп, халықты үнемі жаңалықтармен хабардар етіп отырды.
Менің ойымша, Қытай халқының әлемдік деңгейде дамыған ақпарат тасымалдаушы құралдарын Қазақстанда да тәжірибе жүзінде қолданып, пайдаға асып жатса жаман болмас еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz