М. ӘУЕЗОВ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М.ӘУЕЗОВ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ

Кеңес идеологиясы қара таңба басып, беті жабылып келген көптеген архив материалдарымен танысуға жол ашылған бүгінгі уақыттың жаңа тынысына байланысты қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Әдебиеттегі ақтаңдақтарды анықтау, зобалаң жылдарда нақақтан жазаға ұшырап, шығармалары ел көзінен зорлықпен тасада ұсталып келген көркемсөз шеберлерінің асыл қазынасын халық қолына қайтадан ұсыну, мәдени мұраны бағалауда орын теуіп келген дағдылы көзқарастар мен белгілі деректерді қайта қарап таразылау, жаңаша пайымдау - осының бәрі бүгінгі әдебиет зерттеу ісіндегі өте маңызды құбылыстар. Соның бірі қазақ елінің, елге ұстар беделді жазушысы Мұхтар Әуезов шығармашылығы.
М.Әуезов шығармашылығы - ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы Абай жолы арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. Абай жолынсыз қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма. [ 1, ]
М.Әуезов адам бойындағы сұлулық пен тазалықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді.Осы туындылардың өзімен М.Әуезов құдіретті талант иесі екендігін танытқан болатын. Оның талантын шарықтатып, көркемдік дамудың шырқау биігіне жеткізген өмір жолы оңай емес еді. Оның өмірі таудай талпынудың, тоқтаусыз ізденудің, табанды еңбектенудің қиын-қыстау жолымен бірге, халыққа адал қызмет етудің азаматтық, адамгершілік жүгін арқалаған ауыр да абыройлы жол болды.
Жазушы қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында Еңлік-Кебек трагедиясын жазды. Аталған еңбегімен жазушы баршаға танылу үшін барын салып еді.Осы жастық шағын бағалаған кезде, алғашқы қадамын драматургиядан бастауын өзі де құп көрмей, сынға алған. [ 2,71-б] Дегенменде осы алғаш туындысымен М.Әуезов елге танылып,ел аузынан түспей жүрді.
Еңлік-Кебек трагедиясынан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесалары атап айтқанда: Қорғансыздың күні, Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Көксерек, Қыр әңгімелері, Жетім, Қараш-қараш оқиғалары, Қаралы сұлу, Қилы заман секілді прозалық шығармалары жазылды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген.
Ал Еңлік-Кебек оқиғасы он сегізінші ғасырдың үшінші ширегінде, дәлірек топшылағанда 1770-1780 жылдардың аралығында Шыңғыс тауының алқабындағы Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен. Ол оқиғада мынадай тарихи шындық ізі жатыр: Қазақ басына ауыр күн туған заманда жоңғар шапқыншылығынан ығысқан қазақ елінің дені Сыр бойын сағалайды. Сарыарқа иен қалады. Тобықты ол кезде Қаратауды мекен еткен екен. Жоңғарлықтарды өкшелей қуған жұрт өзіне жол-жөнекей ұнаған жерлерге қоныстанған. Тобықты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елімен Ертісті өрлеп барып, жоғары ағысына мекен етуді көздейді. Алайда олардан бұрын келген қалың найман мен керей Ертісті қапталдай жайғасады. Сондықтан да олар Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен матайлардың арасына сыналай тұрақ тебеді. Жер дауы, жесір дауы өршиді. Мұның соңы тобықты Бақай батыр мен сыбан Маян батырдың жекпе-жегіне ұласады. Екеуі де қаза табады. Осы оқиғадан соң тобықты мен матай арасындағы қызыл жаулыққа әкеледі. Міне, осы кезде Еңлік-Кебек оқиғасы бұрқ ете түседі. М. Әуезов: Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. Еңлік-Кебек оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді, -деп түсініктеме береді. [3, 242]
Еңлік-Кебек дастанының ізімен жазылған Еңлік - Кебек пьесасы алғашқы көріністері тұңғыш рет 1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде көрсетіліп, кейін пьеса түрлі ойын-сауық кешінде қойылып, 1922 жылы жарыққа шығып, оқырман назарын бірден өзіне аударды. [ 4,12-б] Бұл жайлы
Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.
Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. Еңлік - Кебек пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.
Пьеса өзінің өзек жарды сырын толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.
Абыз - халық арманының қасиетті идеясын арқалаушы жан. Мысалы, мәтінге үңілсек:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер!
Жазушы Абыздың осы толғауынан белгілі Асан қайғының үніне үн қосып айтқан сөздерімен ұластырады.
Тұнығым ылай болды,
Уа, тұнығым ылай болды.
Қуғыншым кұмай болды
Құтылар кайран жоқ,
Сор қамар сыңай болды... (Асанша )
Алданар жоқ, арман көп.
Кәрім қайтіп күн көрер!
Жарастық жоқ, жалын жоқ,
Жарым қайтіп күн көрер!
Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтіп күн көрер!
Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім кайтіп күн көрер?..[ 5, ]
Бүкіл халқының ой-арманын, мұң-шерге толған тағдырын зарлап, күңірене жеткізуі тыңдаушыға ерекше әсер ететіні сондай, Абызбен бірге толғанып, үн қосып күңіренесің. Іштегі шерді сыртқа шығарғың келгендей, жалын атып аһ ұрасың, күрсінесің.
Абыз - имандылықтың насихатшысы, бұл - пьесада халық даналығының символы ретінде көрінеді. Драмада әр кейіпкер сөзі өзін таны деп тұрғандай.
Батыр Кебек пен батыр Есен
Батыр Кебек. ...Өз көңілімді барласам, дүние бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат!... Сүйерім мен сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам - ән сүйем, жалын ұрам - жар сүйем. Қазірде, міне, сүйгендеймін, ынтығамын. Бірақ қайда сол, кім сол өзі, кезікпедім, таппадым. Тек алдымда нәркес қана қара көз. Ізде мені, тап мені! - деп, тұнжырап қана бір қарап, наз тастап қана бір кетеді!..
Бұл сөздер жалғыз Кебек сөзі емес, Кебек сияқты жас адамның ішкі толғанысы, жан сыры екені толық көрініс береді. Пьесада батырдың жігіттік адамдық қасиеттері, ақыл-парасаты Еңлік сөзіне берілген жауаптан анық байқалады. Драманың барысы халық поэзиясының дәстүрлі ізімен астасып жатыр. Еңліктің ата-анасымен қоштасу өлеңінен мұң боп төгілген көздің жасын көреміз. Жылап тұрса да ертеңіне үміт артқан Еңліктің жүрек жарды сырын танимыз. Мысалы:
Ата-анам ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Туған ел, амандасам жас-кәріне,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос - бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға, жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен,
Өрістен қой асатын тұмсық кезең.
Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,
Ен дала көркі болып жалғыз бізбен.
Білмеймін қандай асу жолда жатыр.
Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр.
Сиынып аруақ пен бір құдайға,
Ұстадым етегіңнен баста, батыр!
Енді бірде жас ару:
Жар көрсе сүйінеді сағынған жас.
Толқытпай ауған көңіл ерікке қоймас.
Сұраймын уәдені ұстап келді ме деп,
Бауырына, жан батырым, айтшы жартас! -
дей келе, өз құпиясын білдіреді.
...Мен төкпеген жас, шертпеген шер бар ма еді бауырыңда. Игілік пен сәті сәскеде келтір жалғыз арман жанымды...жалғыз тірек жарымды!..
Алып ұшқан, асқақ албырт сезімді танып, қыз жүрегінің лүпілін естігендей әсерге бөленеміз.
Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызыққа қызығу емес, баянды сүйіспеншілікті аңсаған жүрек дүрсілі, арман-тілегі Кебек пен арадағы диалогте жақсы ашылған. Осының бәрін жазушы мейлінше көркем бейнелейді. Сөз сиқыры, суреткерлік шеберліктің құдіретті күшін тани түсеміз.
Батыр Есен. Ол даңғой, мақтаншақ, өркөкірек, оңай алдауға түсіп қалар аңғал түрінде суреттеледі.
Абыз сөзіне тосылып жауап таппай сасқалақтаған түрі... Болды, баба! Тоқта, баба, толас бер. Жеңілдім, жеңдің сен мені...
Ел намысы үшін жаумен егесудің орнына, өзіндей батыр Кебекпен бәсекелесуінен Есеннің үйтентек (ұсақ) батыр екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл азаматтыққа үлкен сын екенін түсінген оқырман тағы еріксіз ойланады.
Еңлік - Кебек оқиғасына байланысты жазылған туындылардағы әлеуметтік тартыс, трагедиялық дау-дамайдың түп тамырында сонау ел басына күн туып, есіл жұрт үдере көшіп, қоныс іздеген тарихи кезеңнің зардаптары жатыр. Академик З.Қабдолов: "Драмадағы ең шешушi нәрсе - тартыс. Көлемдi эпикалық шығарманың сюжетi секiлдi, драмадағы тартыстың да кезең-кезеңдерi - басталуы мен байланысы, шиеленiсi мен шешiмi болады; драматургиялық шығармалардың классикалық үлгiлерiнде бұл кезеңдер композициялық жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны өрбiту тәртiбi жазылмаған заң ретiнде қатал сақталған" [22, 342],- дейдi. Шығармаларда найман көптігінен тобықтының сескенетіні айтылғандығы болмаса, бұл тікелей сөз болмайды. Дегенмен, Еңлік пен Кебектің махаббат сапарында қайғылы қазаға ұшырауын тарихи оқиғалар аясындағы қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді. Еңлік пен Кебек оқиғасының драматизмін ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан кейінгі қайғылы ел тарихының ауыр жағдайы, ру мен ру арасындағы тартыс, рубасылардың арасындағы бітіспес кикілжің, қазақтың баласын бесікте айттырып қоятын, қыз баланы малға қалыңмалға сататын ескілік салты -- бәрі-бәрі қосылып матастырып, қоюландырып жібереді. Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы Дала уалаяты газетінде Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз деген атпен жарияланды. Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте Қазақ турасынан хикая деген атпен шықты. Мағауия Абайұлы да Еңлік-Кебек дастанын жазған. Еңлік - Кебек оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. Еңлік-Кебек поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.
Еңлік - Кебек пьесасы қазақ әдебиетінде ғана емес, тарихы үлкен ірі әдебиеттердің осы жанрдағы үлгілерімен теңдес түсетін шығарма. М.Әуезовтің драматургия саласындағы еңбегі қазақ көркем өнерін ілгері дамытуда, ұлттық театр шаңырақтарын көтеруде ерекше рөл атқарды

1.
2. Әбділдин Ж. Ұлы дала және қазақтың дүниеге дәстүрлі көзқарасы Тәуелсіз Қазақстан философиясы: жиырма томдық. - Астана: Аударма, 2006. - Т. 20. - 543 Б.
3. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар (1921-1929). - Алматы: Ғылым, 1998.-3 т. -389 б
4. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 15-том. - Алматы: Жазушы, 1984

Ақынның мұны ғажайып тартысты ойдан шығару емес, сол адам нанғысыз оқиғаны өмip заңдарымен дәлелдей білуде. Бұл айтылған пікірлердің қайсысы да шығарма шындығының төркіні өмірдің өз ағымынан туатынын қуаттайды. Ш.Құдайбердиевтің адам бостандығы туралы заман идеясына үн қосу қадамынан туған ғашықтық тақырыбындағы поэмалары осы махаббат деген ұлы сезімнің барлық уақыттарда бірдей, бip қалыпты, бip мөлшерде таныла, бағалана бермегенін білдіреді. Қоғамдық қатынастар мен өмip салтына, мәдениеттің әр алуан дережеде болуына байланысты, шындығында, махаббат туралы түсініктер де үлкенді - кішілі өзгерістерге ұшырап, тың түciнiк, талғамдарға ие болып, соған сәйкес өмірден де өзінше бағалар алып отырған. Мұның өзi заңды да. Адамның тipшiлік харакеті, санасы өскен сайын оның жалпы жайды ондағы құбылыстарды, өзімен бipгe басқаларды тануы, білуі, бағалауы да тереңдей түспек. Біз Ш.Құдайбердиевтің поэмаларынан осы жайды байқаймыз. Атап айтсақ, олардан бiз, махаббат деген асыл сезімнің қазақ жағдайында, қазақтың екі - үш ұрпағының өмipi тұсында ру таласын қоздыра түскен қатал да қатыгез кектің құралы дәрежесінен адамдық абзал қасиетті білдіретін үлкен сезім қалпына келуін, өсу жолын көргенбіз. XX ғасырдың бас кезі еді, ұлы өзгеріс заманының қарсаңы үшін бұл махаббатты асыра бағалағандық өмipді тepic түсінушілік емес еді, керісінше, адамдық байырғы абзал сезімге тың сипат, соны мазмұн берушілік еді. Махаббат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясы туралы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Драма мен театр байланысы
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
АЛҒАШҚЫ САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАРДАҒЫ АКТЕРЛЫҚ ОЙЫН
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
Нығмет Ғабдуллин – қазақ драматургиясын зерттеуші
Пәндер