ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
"Әлеуметтік-этикалық трактаттар" - ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870 -- 950) әлеуметтік-этикалық мәселелерге арналған шығармаларының жинағы. Оларда әл-Фараби қайырымдылық, ізгілік, ар-ождан, даналық, кішіпейілділік секілді қасиеттерге философиялық тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді. Бақыт және оған жету жолдары туралы айтады." Адам өмірінің мақсаты бақытқа жету болғандықтан, ең алдымен оның не екенін ұғынуы және сол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін білуі қажет" дейді автор. Адамзат қоғамының дұрыс бағытта дамуы әлеуметтік тәртіпке, әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Әл-Фараби сананың тек теориялық-танымдық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де алатын орнын жоғары бағалады, адамзат баласы сананы жетілдіру арқылы соғыс секілді қайшылықты жағдайды да шеше алады деп есептеді. Қайырымды мемлекетке мінездеме бере отырып, ол оның ішкі мәнін де ашуға тырысты. Адамзат баласына тату-тәтті көршілік пен өзара құрмет, әлеуметтік әділдік пен адалдықтың нәтижесінде қандай рухани биіктіктерге шығуға болатындығын сөз етті.
Әл-Фарабидің этикасының ең жоғары категориясы - бақыт, өйткені басқа бірдеңе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен этика, жалпы философиялық конструкция және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады, өйткені философия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды... Бұл дүниеде бахыт деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой... Әділеттіліктің үстем болуының шарты ретінде басқа дүниеге жүгіну, осының керісінше - шын дүниедегі тежеусіз жалмауыздықтың үстемдігі, ождан мен намысты баса-көктеу үшін өтелетін ақы сияқты нәрсе.
Фарабиді толғандырған бұл тақырыптар қазіргі кезде де еш маңызын жойған жоқ. Бұл тұрғыдағы бүгінгі ізденістер Фараби ғылым философиясының құрамдас бір бөлігі болып табылатын рухани дәстүрге сүйенуі керек.Барлық азаматтары бір ғана ортақ мақсатқа, яғни мемлекет пен жеке адамның игілігіне қызмет етуге жұмылдырылған ізгі, қайырымды мемлекет туралы ғалымның толғаныстары ортағасырлық ислам әлеміне ғана емес, өзінен кейінгі әлеуметтік-философиялық және әлеуметтік-утопиялық ойдың дамуына да үлкен ықпал етті.
Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Жетілушіліктің кез келгені адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу дегеннің өзі бір игілік және оның өзі, күмән жоқ, адамның қалауы. Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылады. Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын. Басқалары нан гөрі қадірлі игіліктер не басқа бір мақсатқа жету үшін таңдап алынды (мысалы, математика, дәрі-дәрмек қабылдау) немесе сол игіліктердің өзі үшін таңдалады. Солардың өзі үшін қалап алынатындар, басқа бір мақсат үшін қалап алынатындардан анағүрлым қадірлірек болуға тұратыны анық. Бірақ мынадай да жағдайлар болады: соның өзі үшін қалаулы саналатындар басқа бірдеңе үшін де қалаулы болады. Бұған білім мысал болады. Кейде біз оны басқа бір мақсатқа жету үшін емес, соның өзі үшін қалап аламыз, ал кейде біз оны сол арқылы байлық-дәулетке жету үшін немесе өкіметке және білімге ие болу арқылы қол жететін тағы басқа бірдеңелер үшін қалап аламыз. Қалаулы игіліктерге сондай-ақ еш уақытта басқа бірдеңеге бола емес, сол игіліктің өзі үшін қалап алатындар да жатады. Бұл ең қадірлі, ең жетілген және басқа бірдеңеге бола қалап алатын игіліктерден гөрі қадірі артығырақ болады.Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті де зәру емес екенімізді көреміз, солай болғандықтан, бақыт ешқашан да басқа бірдеңеге бола емес, сол бақыттың өзі үшін қадірлі екендігі айқын болады. Бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені екені осыдан айқын көрінеді. Мұнымен бірге біз бақытқа жетіп алғаннан кейін басқа ештеңеге мұқтаж емес екенімізді де көреміз. Ал осыған қолы жеткен адамға ең жарастығы - қанағатшылық жасау. Бүл пайымдау әрбір адам бақытты өз түсінігінше бақыт деп білетіндігін көрсетеді. Кейбіреулер байлықты бақыт деп есептейді, басқа біреулер басқа бірдеңені бақыт деп біледі, сөйтіп әрбір адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген игілік деп сенеді.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары "Фусул ал-мадани" ("Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері") трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа - адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты - тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби "Азаматгық саясатга" коғамды талдауды қаладан бастаса, "Нақыл сөздерде..." ол мұны ең кішкене ұядан, отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке - ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықган, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әл-Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайында трактат, Бақытқа жету жайында, Азаматтық саясат, Поэзия өнерінің канондары туралы трактат шығармаларында әлеуметтік философияға негізделген этикалық және эстетикалық ойлары, қоғам, табиғат, адам болмысы құдайдың жаратылысы болғандықтан және толықтай оның құдіретіне бағынатындықтан өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен ықпалдастықта қарастырылады. Әл-Фарабидің этикалық-эстетикалық ойларын түсіну үшін оның болмыстық мәнін қарастырған жөн. Әл-Фарабидің болмысы мәселесі дүниенің рационалистік тұрғыдан түсіндірілетін философиялық көрінісін және ондағы адамның орнын бейнелейді. Ол қоғамдық санада жаппай және қалтқысыз қабылданған исламның бір құдайлық сенімі негізінде қалыптасып орныққан.
Әбу Насыр әл-Фараби философиясы және оның әлеуметтік-этикалық тұғырнамасы сол замандағы мұсылман қоғамын бейнеледі. Сол заманда қоғамдағы басты рөлді ислам діні атқарған еді. Ислам барлық саланы қамтып, сол қоғамдағы саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани идеологияның басты құралы болды. Саяси көзқарастарда да мемлекет пен дін арасында шекара болған жоқ. Діни білімдер талқыға салынбайтын, ақиқат ретінде қоғамда мойындалып, әлеуметтік тәртіп ретінде орындалды.
Мұхаммед пайғамбар арқылы берілген уахидағы онтологиялық мәселелердің өзектілігі мұсылман әлемінің ортағасырлық мәдениетіндегі оның шешімін табуының әдістері мен ауқымын анықтады. Осыған көптеген ислам руханиятын, философиясы мен ғылымын зерттеушілері назар аударып, ислам әлемінің ойшылдары өздерінің ғылыми ізденістерінен көп бұрын құдайдың жаратушылық құдіретіне мойынсұнғанын қуаттайды. Олар өздерінің кәсіби зерттеулерінің белгілі бір кезеңдерінде бұл түп негізден ауытқулары да мүмкін, бірақ, ешқашан күнделікті өмірде және дүниетанымдық бет-бағдарларында ол жайлы ұмытқан жоқ. Сондықтан әл-Фарабидің философиялық бағдары әу бастан уахидың аясында қалыптасып, оның ықпалында дамып, онтологиялық мәселелерді шешуге байланысты өзіндік көзқарастары қалыптасты [1].
Әл-Фараби былай дейді: Қайырымды адам өзінің өлімін зорлап жеделдетуге тиісті емес, өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады. Дәл осы жер бетіндегі, бұл дүниедегі ізгілікті барынша жоғары бағалай отырып, Мәселенің мәні деген трактатында ол туатынның және өлетіннің бәрі мәңгі өлмейтін нәрсе емес деген тұжырымға келеді. Әбден жетілген адамдардың жандары ғана мәңгі өлмейді.
Жеке бастың тұрғысынан қарағанда бақыт дегеніміз, әл-Фарабидің пікірінше, адамның адамгершілігіне негізделеді. Ол ұғымға, философиялық зеректік пен терең ақылдылықтың үстіне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz