Абайды білу парыз ойлы жасқа


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абайды білу парыз ойлы жасқа

Абай Құнанбайұлы Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Абайды білу жас ұрпақтың парызы. Не себепті деген ой туындауы мүмкін. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе». Әрине, мен бұл сөздерге толығымен келісемін. Жас ұрпақ, яғни біздерге Абай өлеңдерінде, қара сөздерінде кездесетін тағылым-тәрбиені түсіп, оны өмір кезеңдерінде қолдана білу маңызды. Абай шығармашылығынан қазіргі жастарға қажетті негізі құндылықтарды тапқан болатынмын. Соларға тоқталып өтейін.

Біріншіден, Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

. . . Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Бұл өлең жолдарынан Абайдың қарапайым халықтың жанашыры болғанын байқауға болады. Қанша жерден бай, ауқатты болсаң да көкірек кермей, қайта көмектесе білу нағыз жақсы адамның қолынан ғана келеді. Қазірге өскелең ұрпақ бай не кедей деп бөлінбей, әрдайым бір-біріне жанашыр көзқараспен қараса нұр үстіне нұр болар еді.

Екіншіден, 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба!

Ойнап босқа күлуге, -

дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

Ғылым жолы - әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз, - дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды. Қай ғасырда болмасын, ғылым мен білім жоғары бағаланатыны анық.

Үшіншіден, Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады. Абай үлкен достықты отбасылық өмірден, жастар сезімінің тұрақтылығынан, әйелге адамгершілік, әділет тұрғысынан қараудан іздеді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады. Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып, ол шынайы достық сезімді жоғары қояды. Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп, жаңа өнеге ұсынады. Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол «сол досты» іздеп күңіренеді, жоқтайды.

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

…Пайда, мақтан-бәрі тұл,

Доссыз ауыз тұшымас, -

деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні, өсиеті іспетті. Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.

Төртіншіден, «Адам өмірінің мақсаты - кемелдену мен жетілу», - дейді Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол - рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.

Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі - женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл - адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ - ОЙЛЫ ЖАСҚА
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Абайдың қара сөздері мен нақылдары
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін сабақтан тыс қолдану
Абайтану ғылымы
Мекемтас Мырзахметұлы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абай-қазақ халқының хәкімі
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz