Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Желінсау (Mastіtіs) - желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруының әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы - сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады [1] .

Жасырын желінсау өте қатерлі болып табылады. Мұндайда аурудың сыртқы белгісі байқала қоймайды, сондықтан да оған диагноз қою да қиынға түседі. Желінсаудың мұндай формасында сауылған сүттің түсі мен дәмінде ешқандай айырмашылық байқалмағанымен, онда адам мен мал организміне зиянды патогенді немесе улы микрофлоралар кездесуі мүмкін. Желінсаумен ауырған сиыр сүтінің шамалы бөлігінің (10 пайыз) өзі - ақ сүттен дайындалатын тағамның сапасын төмендетеді. Сондықтан да желінсаудың пайда болуы, таралуы, диагноз қою және сақтық шаралары жөніндегі ғылым мен практика жеістіктерін насихаттау шаруашылық басшыларының, мал мамандары мен сүт комплекстерінде жұмыс істейтіндердің бұл зиянды індетпен күрес шараларын жақсартуына, сүт өндіруді барынша арттырып, оның тағамдық және санитарлық сапасын жақсартуына айрықша мән беру керек[2] .

Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды. Малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік болмайды [2, 3] .

Субклиникалық желінсауға шалдыққан сиырлардың 50 пайыздайы сүтпен бірге патогенді кокк микроорганизмдерін бөледі. Мұндай сиырдың сүті мен сүт өнімдерін пайдаланған жағдайда адамдарға әр түрлі аурулар - стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы тобындағы бактериялар, дизентерия қоздырғыштары, бірқатар ішек инфекциялары жұғуы мүмкін[2, 3] .

Желінсаумен ауырған сиырдың сүтін ішкенде улану жағдайы да (стафилококктан улану) байқалған. Сүт пен сүт тағамдарынан стафилококкты уланудың себебі сүттің өзі стафилококктың, әсіресе оның улы түрінің өсіп - өніп таралуына өте қолайлы орта. Патогенді стафилококктар адамды пневмонияға, абцесске, энтеротоксикалық гастроэнтеритке, нефритке, энтероколитке, терінің іріңді жарасына шалдықтырады[4, 5] .

Патогенді микробтар табиғатта өте кең таралған, сондықтан оның мал мен адамға патологиялық зардабы бар.

Әдебиет деректерінде стрептококктардың тағамды уландыратындығы айтылады. Әсіресе стрептококктың А және Д тобы өте улы. Олар адамда тыныс жолдарының ауруларын (ангина, фарингит т. б. ), септицемия, эндокардит, жарақатты және іріңді инфекцияны қоздырады. В тобындағы стрептококктар жаңа туған баланы менингит, ересек адамды бауыр ауруына шалдықтырады [5, 6] .

Көптеген зерттеушілер сиырлардың желінсау ауруының таралуының негізгі себебі өндірістің санитариялық гигиеналық дәрежесінің төмен болуы мен алдын ала балаудың жоқтығы деп есептейді. Бұл жағдайда субклиникалық желінсау жасырын өтіп, клиникалық формаға айналып, сиырлардың сүт өнімділігін айтарлықтай төмендетіп, сүттің санитарлық сапасын нашарлатады. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша сүттің микрофлорамен аса жоғары ластануы мен санитарлық сапасының нашарлауы негізінен сүт қондырғылары мен ыдыстарының санитарлық өңдеуінің төмендігімен байланысты [6] .

Қазіргі кезде АҚШ - та желінсаудан келетін экономикалық зиян жылына 2 млрд долларды құрайды. Ол барлық өткізілген сүттің 11 пайызына сайма сай және сол шығынның 70 пайызы субклиникалық қабынуға тиеді.

Сүт сапасын көтеру мәселесі барлық уақытта маңызға ие. Сиырлардың желінсау ауыруы сүттің химиялық құрамына, санитариялық-гигиеналық көрсеткіштеріне және технологиялық қасиеттеріне теріс әсер етеді. Субклиникалық желінсау кезінде сүт ақуызының сапалық құрамы өзгеріп, құрғақ заттардың казеин, лактоза, майлар, кальций, фосфор және т. б. заттардың мөлшері төмендейді. Бір мезгілде глобулин, хлоридтердің деңгейі көбейіп жасырын желінсаудың пайда болуына алып келеді. Сонымен бірге желіннің ауру бөлшегінен алынған сүтқышқылы бактерияларының белсенділігі төмендейді. Осы өзгерістердің бәрі сүттің сортына және қышқылдығы, тығыздығы, соматикалық клеткалар мен бактериялардың саны Техникалық регламент талаптарына жауап бермейді. Сондықтанда мұндай сүт өнімдері өңдеуге қабылданбайды[7] .

Зерттеулердің мақсаты, міндеттері, объектілері мен тәжірибелік базасы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялық-санитариялық сақтандыру шараларын ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Желінсаудың пайда болу себептерін анықтау.

2. Жасырын желінсауды балау әдістерінің тиімділігін анықтау.

3. Сауу гигиенасы және желінді күту санитариясын жақсарту және олардың желінсаудың алдын алу мен емдеудегі маңызы.

Зерттеу объектілері: желінсау ауруымен ауырған сиырлар және олардың сүттері, желінсауды анықтауға арналған жылдам тестілер (Соматик тест, Масттест, Промастит), желінді сауыннан кейін өңдеуге арналған Lux Dip-25 және Зорька препараты.

Зерттеудің тәжірибелік базасы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданында орналасқан Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Рза-Асыл түлік» мал шаруашылық кешені және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасындағы ветеринарлық санитария және гигиена лабораториясында жүргізілді.

  1. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУЖелінсау ауруының таралуы және оның сүт шаруашылықтарына тигізетін экономикалық зияндылығы

Желінсау әлемнің барлық мемлекеттеріндегі шаруашылықтарда кең тараған, соның ішінде сүт безінің қабынуы 50% - дан жоғары тараған. Өнімділігі жоғары сиырлар желінсаумен жиі ауырады. Ауырып жүргенде және клиникалық жазылғаннан кейін 1 сиырға шаққанда жылына орташа есеппен 10-15% сүті жоғалады. Кейбір сиырлар тіпті сәтті емделген соң да сүт безінің ұлпасының өзгеруі салдарынан бұрынғыдай сүт бермейді. Субклиникалық желінсаумен сиыр желінінің төрттен бір бөлігі зақымданғанның өзінде әрбір ауру сиырдан орта есеппен сүт 10-15% кем алынады екен [7] .

АҚШ - та желінсаудан келетін экономикалық зиян жылына 2 млрд долларды құрайды. Ол барлық өткізілген сүттің 11 пайызына сайма сай және сол шығынның 70 пайызы субклиникалық қабынуға тиеді. Басқа да сүт шаруашылықтары жақсы дамыған елдерде желінсаудан келетін жылдық шығын: Ұлыбританияда - 64, 87 млрд доллар, Жапонияда - 79, 1, Нидерланды - 45 және Данияда - 20, 56 млрд долларды құрайды [8] .

Үлкен шығынға сүт өңдейтін кәсіпорындар батуда. Желінсаудың жасырын түрімен ауыратын сиырлар сүтінің 5-10%-ының өзі барлық сүтті ірімшік және басқа да сүт өнімдерін өңдеу үшін жарамсыз қылады.

1995 жылы Ресей мемлекетінде шамамен 1 миллион бас сиырдың желінсаумен ауырғаны айтылған, яғни барлық сиырлардың 10 пайызы ауырған деген дерек бар [7] .

Желінсаудың салдарынан көп жағдайда сиырлардың мезгілінен бұрын бракқа шығып, өнім беру мерзімі екі жарым жылға қысқарады. Сол себептен де осы уақыт ішінде орта есеппен әр сиырдан сауылатын 5-6 мың кг сүт алынбай қалады. Егер бұған желінсаумен ауырған сиыр сүтінің тағамдық сапасының төмендейтінін, сиырдың бұзауын жарытпай, кейде тіптен соның салдарынан жас төлдердің шығын болатынын қоссақ, бұл аурудан келетін экономикалық зиянның едәуір болатынын есептеп шығару қиын емес [8. 9] .

Микробпен ластануы мен соматикалық торшалармен ластануына байланысты өндірілетін сүттің көп бөлігі технологиялық өңдеу талаптарына жарамсыз болып табылуда. Сонымен қатар тұтынушылар арасында сүт және сүт өнімдерінен болған уланулар жиі тіркелуде (тағамдық токсикоздар және т. б. ) . Бір сөзбен айтқанда, еліміздің тауар өндірушілері бәсекелестік қабілеттілігі төмен өнім шығаруда (өндіріп жатқан сүт шикізаттарының бәсекелеге қабілетті индекстік бағасы АҚШ және Европа одағымен салыстырғанда 1:4 қатынаста), сондықтан қазіргі уақытта жоғары жылдамдықпен сүттің сапасын көтеру керек, Европа деңгейіне жетпесекте ең болмаса Ресеймен деңгейлесіп, бірінші сорттық сүттің сапасын 60-85%- ға көтеру керек. Белгілі болғандай, микроб саны 50 мың/см 3 болса, мұндай сүтті өндіріс орындарына жоғары сортты деп өткізуге болады; микроб саны 50-ден 100 мың/см 3 болған жағдайда, мұндай сүтті зауыт 43% бірінші сортпен қабылдайды, ал микроб саны 300-500 мың/см 3 -болған кезде 87% сүт сортқа жатпаса, 13% екінші сортпен қабылданады [9] .

  1. Желінсау ауруының пайда болу себептері

Қазіргі уақытта микроорганизмдердің бірнеше жүздеген түрлері белгілі. Көптеген авторлардың пайымдауынща, сиыр желінсауларын тудыратын микроорганизмдер қатары да алуан түрлі. А. И. Иващура, В. И. Мутовин [1, 3, 27] сынды ғалымдардың деректері бойынша сиырлар сүтінен басым түрде стрептоккокты этиологиядағы микроорганизмдерді айқындауға болады. С. О. Wilson Англияда соңғы жылдарда стафилококктардың желінсау кезінде бөлінуі 17-ден 34%-ға дейін көбейгенін, ал стрептоккоктардың керісінше 44-тен 4%-ға төмендегенін атайды.

Желіннің желінсаумен зақымдану жолдары көп: жаралар, сызаттар, тырналған жерлер арқылы желін мен үрпі терісінің зақымдалуы - лимфогенді жол; тікелей желін каналы арқылы - галактогенді жол; қан аралас - гематогенді жол. Микрофлора көзі лас еден мен төсеніш, сауыншының қолы, желінді жууға қолданылатын су, сауын аппараты болуы мүмкін [10] .

Желінсаудың пайда болуында басты орын патогенді және шартты патогенді микрофлораға тиісті. Патогенді микроорганизмдер сүт және сүт өнімдеріне түскен жағдайда адамдардың денсаулығына қауіпті болады. Патогенді стафилококктар адамдарда пневмония, гастроэнтерит, нефрит, энтероколит сияқты ауруларды шақырады. Стафилококктың термиялық төзімді токсині қайнатқанда және сүтті пастерлегенде де жойылмайды. Құрамында стафилококкты энтеротоксин бар сүтті пайдаланған жағдайда адамдар ауыр тағамдық улануларға шалдығады және олар жиі өліммен аяқталады[11] .

Ірі қара малының стрептококкты желінсауы көбінесе жасырын түрде өтеді. Сүттегі стрептококктар адамдарда эндокардит, жаңа туылған нәрестелердің менингиті, стрептококкты баспа және тағамдық бұзылулар сияқты ауруларды тудыруы мүмкін. Желінсаумен ауырған, құрамында ішек таяқшасының токсині бар сиыр сүті жіңішке ішекте өтетін ауыр қабыну процесі - энтеритке шалдықтырады [12] .

Көптеген авторлар желінсауды жұқпалы аурулардың қатарына жатқызады. Өйткені, сүт безінің қабынуы көбінесе патогенді микроорганизмдерден болады. Алайда желінсаудың барлық түрін оған жатқызуға болмайды. Олай дейтін себебіміз, желінсаудың өзі көптеген ішкі себептер мен сыртқы әсерлерге байланысты өршиді. Сондықтан біраз иегерлер мұны жұқпайтын ауруға жатқызады [11, 12] .

Алайда патогенді микрофлоралардың сиырды желінсауға шалдықтыруы көбінесе мал организмінің, әсіресе желін торшаларын төзімділігі әлсірегенде, сүттің бактерицидтік факторлары төмендегенде байқалады. Желінсау ауруында желіннен көбінесе стафилококк, стрептококк, кейде ішек таяқшасы және басқа да микробтар бөлінеді.

Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады [12] .

Бактериялардан басқа желінсауды микроскопиялық саңырауқұлақтар да тудырады. Сүт бездеріне токсигенді немесе патогенді әсер ететін саңырауқұлақтардың көптігінен Кандида туысына жататын ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарды бөліп қарастыруға болады. Олар жиі мал басының көпшілігін зақымдайды. Сау сиырлардан алынған сүттің сапасын сараптағанда оның құрамындағы микроорганизмдердің саны аз болатынын көрсеткен, ол сауын қондырғысына және сүтті өңдеу сапасына байланысты.

Сиырдың желінсауға шалдығуының басты себептері мыналар: сиырға балғын, углеводты азықтарды бірыңғай беруден, салқын, сызды және лас қорада көбірек жатып қалудан, сиырды сыртқа шығарып серуендетпеуден, машинамен саууға дұрыс іріктемеуден, сауу аппараттары мен қондырғыларының кейбір жүйелерін дұрыс ретке келтірмегендіктен, оларды пайдалану режимінің бұзылуынан, ауру және дені сау сиырларды бірге күтуден, желінді, сүт ыдыстары мен сауу аппараттарын дұрыс күтпеуден, фермада жұмыс істейтіндердің жеке басының және өндірістік гигиенаны сақтамаудан т. б. [12, 13]

Көп жағдайда аурудың өршуі желіннің морфологиялық және функционалдық қасиетіне байланысты. Өйткені желіннің жетілмеген бөліктерін құрғақтай сауғанда жарақаттауы, емшектің кілегей қабатын қабындыруы мүмкін.

Микробтардың желінге кеп түсуі әрқалай:

  1. Емшек үрпісі арқылы- жатқан жері лас болса, желінді жуып-сүртетін шүберек кір болса, сауыншының қолы, сауын агрегаты таза болмаса.
  2. Қан арқылы-гастроэнтерит, ретикулоперитонит, энтометрит, вагинит т. б. органдардың ауруынан желінге келіп түседі.
  3. Желіннің терісі арқылы-тері жарақаттанғанда микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлар арқылы тарайды.

Бірақ, микроб барлық уақытта ауру тудыра алмайды, ол организмнің жалпы резистенттігіне байланысты. Организмнің резистенттілігін төмендететін факторларға мал күтімінің, азықтануының нашарлығы, сауу ережесінің бұзылуы және желіннің гигиенасының дұрыс сақталмауы жатады [13] .

Туар алдындағы желінде пайда болған ісіктер суыққа ұрынып, зақымданатын болса, тез желінсауға ауысады. Көктемгі кезде бірден көк шөпке ауысып кеткен малдың ішінде желінсау көп кездеседі. Желінсау көбінесе сүтті, 2-3 туған сиырларда кездеседі, оны желін қызметінің, зат алмасу құбылыстары мен лактация процесінің өте қарқынды жүруімен түсіндіруге болады [14] .

Әдетте сиырлардың желіні бұзаулағаннан кейінгі күндегі қабынады. Желін қабынуы көбінесе сүтті сиырлардың арасында кездеседі. Сиыр желінінің қабынуы шаруашылыққа көп зиян келтіреді. Өйткені, бұл кезде сиырдың сүті азаяды, сауылып алынған сүт пайдалануға жарамайды, ал кезінде емделген желіннен сүт шығуы тоқталып, ақырында ақ тандыр болып қалады. Сонымен қатар желінсау сауын аппараты стаканын емшектерден шамадан тыс ұзақ ұстағаннан немесе тым ерте босатып алып, желінде сүт қалдырғандықтан да болады. Ас қорыту, жыныс жолдары мен т. б. мүшелердің ауруын қоздырған микробтар қан немесе лимфа арқылы желінге тарап, оны қабындыруы мүмкін [12, 13] .

Акатов В. А., Париков В. А., Ходокова А. В. (2005 ж) зерттеулерінде сиырдың субклиникалық желінсауының бастапқы сатысында сүт сілтілі реакция (серозды желінсау), ал дені сау сиыр сүтінде шамалы қышқыл реакция (рН 6, 2-6, 9) болатындығы айтылады. Кейіннен сүт сұйылып, оның майлылығы кемиді де, ақ тұнба пайда болады. Бірте-бірте тұнба мөлшері көбейіп, сүт те, тұнба да ақсары, ақыр аяғында сарғыш түске енеді. Желіннің ауруға шалдыққан бөлігінің сүт шығымы азайып (гипогалактия), кейіннен мүлде тоқтайды (агалактия) . Мұның өзі желіннің зақымданған бөлігіндегі паренхиманың семуіне байланысты. Осындай өзгерістердің ешқандай клиникалық белгісі байқалмайды [14] .

Көп жағдайда аурудың өршуі желіннің морфологиялық және функционалдық қасиетіне байланысты. Әсіресе ешкі желіндес және сопақша формалы желіндер ауруға тез шалдығады. Өйткені желіннің жетілмеген бөліктерін құрғақтай сауғанда жарақаттауы желіннің кілегей қабатын қабындыруы мүмкін. Әдеттегі желіннен гөрі тасемшек желін ауруға 1, 5-2 есе жиі шалдығады. Желінсауға шалдығуы желіннің және үрпінің жөнді жетілмеуі, малды қораға өте тығыз қамаудың себебінен жарақаттанудың да әсер етуі мүмкін [16] .

Қазіргі уақытта микроорганизмдердің бірнеше жүздеген түрлері белгілі. Көптеген авторлардың пайымдауынща, сиыр желінсауларын тудыратын микроорганизмдер қатары да алуан түрлі. Варганов А. И [2004] сынды ғалымдардың деректері бойынша сиырлар сүтінен басым түрде стрептоккокты этиологиядағы микроорганизмдерді айқындауға болады. С. О. Wilson Англияда соңғы жылдарда стафилококктардың желінсау кезінде бөлінуі 17-ден 34%-ға дейін көбейгенін, ал стрептоккоктардың керісінше 44-тен 4%-ға төмендегенін атайды [15] .

Әдебиет деректерінде стрептококктардың тағамды уландыратындығы айтылады. Әсіресе, стрептококктың А және Д тобы өте улы. Олар адамда тыныс жолдарының ауруларын (ангина, скарлатина, фарингит және т. б. ), септицимия, эндокардит, жарақатты және іріңді инфекцияны қоздырады. В тобындағы стрептококктар жаңа туған баланы менингит, ересек адамды бауыр ауруына шалдықтырады [16] .

В. М. Карташованың мәліметтеріне қарағанда, малда жалпылама, септикалық және локальды ауруларды тудыратын стрептококктардың барлық тобы адамға да зиянды. Көп жағдайда инфекциялық желінсауға шалдығуға сальмонелла мен клостридин бактериялары да себепші болады. Ауру сиырдың сүті мен оның сүтінен жасалған тағамдарды пайдаланған адамдарды осындай бактериялар уландыруы мүмкін. Сондықтан да әрдайым сиырдың желінін бақылап отыру керек [17, 18] .

1. 3 Желінсау ауруын алдын алу шаралары

Желінсауға қарсы ең бірінші көзделетін мақсат - комплекстік сақтандыру шараларын ұйымдастыру. Әсіресе мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға бағытталған зоогигиеналық және мал дәрігерлік шараларға ерекше мән беріледі. Өйткені малдың жалпылай немесе жекелеген мүшелерінің төзімділігі нашарлаған жағдайда ірі қарада, әсіресе жас төлдерде көптеген аурулар, соның ішінде желінсау ауруы пайда болады. Сондықтан желінсауға қарсы сақтандыру шаралары жүргізілгенде, ең әуелі малдың жалпы төзімділігін кемітуге әсер ететін факторларды болдырмау әрекетін қарастырады. Демек, желінсауға қарсы жүргізілетін сақтандыру шаралары тек осы мақсатта ғана емес, басқа да кең тараған ауруларды (ішек - қарын, жүрек - қан тамыры т, б, ) болдырмауға, сөйтіп сиырдың сүттілігін және асыл тұқымдық сапасын жақсартуға бағытталады [16] .

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда мал организмінің табиғи төзімділігінің нашарлауы нәтижесінде пайда болатын шартты түрдегі жұқпалы және жұқпайтын аурулар өте қатерлі келеді.

Малдың табиғи төзімділігі нәсіліне, азықтандыру, күтіп - бағу және пайдалану жағдайына байланысты. Осыған байланысты іріленген мал шаруашылықтарында шартты инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін сақтандыру шараларының ең басты принципі - мал организмінің табиғи төзімділігін сақтауға немесе оны қалпына келтіруге бағытталған азықтандырудың, күтіп - бағудың және пайдаланудың технологиялық амалдарын қарастыруда болып отыр [17] .

Сиырдан сапалы сүт алудың, әрі желінсау ауруын болдырмаудың негізгі зоогигиеналық шаралары мынандай: Әуелі сүт комплексін жобалауды дұрыс ойластыру керек:

  • Санитарлық - тазалық сақтау орнының болуы;
  • Малды сұрыптағанда, тасымалдағанда, комплекстерген орналастырғанда және бір өрістен екінші өріске ауыстырғанда ауру малдарға жақындатпау жағдайын қарастыру;
  • Комплекстер мен мал қораларында дезинфекциялық шаралар жүргізетін орындар жасау;
  • Сыртқы және ішкі тасымал құралдарын оқшаулау;
  • Қора - жайды тазалау, дезинфекциялау және санитарлық жөндеу жұмыстарын атқару;
  • Ылғалды және аэрозольды дезинфекция жасайтын қондырғылармен қамтамасыз ету;
  • Ферманы ауырған немесе өлген малдарды тасымалдайтын арнайы транспортпен қамтамасыз ету;
  • Өлексе мен амалсыз сойылған мал етін сақтайтын арнайы герметикалық орындардың болуы;
  • Жұқпалы емес ауруларды емдейтін стационарлар салу;
  • Комплекске әкелінген малдарды қабылдайтын және емдейтін жылы пункттердің болуы;
  • Әр түрлі мал дәрігерлік шаралар жүргізетін станоктар жасау;
  • Кемірушілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру;
  • Сыртқы ауланы мал қоқыстарынан тазарту шараларын ұйымдастыру;
  • Мал тұяғын тазалайтын ванналар орнату [18] .

Комплекс құрылысының жобасында сиыр сауатын және сүт сақтайтын бөлімдер болуы керек. Сиыр сауатын бөлімде сауу залы, сүтті қабылдайтын және уақытша сақтайтын, ыдыстарды жуатын және дезинфекциялайтын құрал - жабдықтар мен вакуум насостарды сақтайтын бөлмелер болады. Сүт бөлімінде сүтті қабылдайтын, алғашқы өңдейтін, уақытша сақтайтын, ыдыстарды жуатын және дезинфекциялайтын заттарды әзірлеп, сақтайтын бөлмелер, сүт сапасын анықтайтын зертхана болуы керек [16, 18] .

Сүт шаруашылықтарында сүттің бактериялық ластануын төмендету мақсатында сауу және технологиялық қондырғыларын санитариялық өңдеу жұмыстары "Санитарные правила по уходу за доильными установками и молочной посудой, контролю их санитарного состояния и санитарного качества молока" (Москва, 2000) нұсқауы бойынша жүргізіледі [17] .

Слободяник В. Н. және т. б. мәліметтері бойынша сауу қондырғыларының санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсарту қиынға соғады. Оған себеп- сүт өткізу жолдарының көптеген жалғамаларының болуы, олардың диаметрінің кішкентай болуы, сүт өткізгіштің иілген жерлерінің болуы, осы жерлерге пластикадан және резеңкеден жасалған құбырлардан жасалуы, ауаның жабық сауу жүйесіне түсуі, коллектор камерасының көлемінің жеткіліксіз болуы, сүт өткізгішпен сүтті айдағанда сүтке түсетін гидравликалық қысымының жоғары болуы, салқындатқыш танкінің жуғыш автоматының болмауы және т. б. жайттар болып табылады. Осы факторлардың салдарынан қиын кететін липопротеидті ластанулар пайда болып, өңдеу барысында сүттің құрылымдық элементтері өзгереді [21] .

Сүтті өндіру және өңдеу орындарындағы сауу және технологиялық қондырғыларын жуу және дезинфекциялаудың төрт сатысын ажыратады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Желін безінің аурулары
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Жануарлардың сүт безінің жай-күйі
Желін терісінің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz