Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы: анықтамасы, белгілері және формалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым

министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СЕМИНАР

Тақырыбы: Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы

Факультет: Заң, құқықтану

Тобы: 203

Орындаған: Несипханова Ұ. М.

Тексерген: Жақыш А. Ж.

Алматы 2022

Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы

Қылмыстың субъектісі
Қылмыстың субъектісі:

Қылмыс субъектісі - қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.

Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.

Қылмыстың субъектісі: Қылмыстың субъектісінің белгілері
Қылмыстың субъектісі: 1. Қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек.

Есі дұрыстық - қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар) .

Қылмыстың субъектісі: 2. Жасқа толу

Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.

ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде “есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс” делінген.

ҚК-тың 15-бабының бірінші бөлігінде жасқа толған қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.

Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.

Қылмыстың субъектісі:

3. Қылмыстың

арнаулы субъектісі

Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша - арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Жалпы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар танылады.

Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады. Арнаулы субъект мынадай белгілері бойынша топтастырылады:

Қылмыстың субъектісі: 1. Мемлекеттік құқылық жағдайы бойынша: ҚР азаматы, шетелдіктер және азаматтыға жоқ адам (165-б)
Қылмыстың субъектісі:

2. Демографиялық белгілері бойынша:

Кінәлінің жынысына қарай, еркек (120, 121-бап), әйел (121-бап), жас мөлшері (131, 132 - баптар) .

Қылмыстың субъектісі:

3. Отбасылық туыстық қатынастары бойынша:

Ата-аналар (ҚК 136-бап), жұбайлар (140-бап), қамқоршы (139-бап), денсаулық жағдайы - ВИЧ, ЖҚТБ, соз ауруларымен ауыратын адамдар (116, 115-баптар)

Қылмыстың субъектісі: 4. Әскери міндетке қатысы жөніндегі міндеті: міндетті әскери қызметке шақырушылық (326-бап), әскери қызметкерлер және әскери қызмет атқаруға міндеттілер (366-393 - баптар) .
Қылмыстың субъектісі: 5. Қызмет жағдайы жөніндегі адамдар (307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316 - баптар) .
Қылмыстың субъектісі: 6. Арнаулы мемлекеттік жүйелерде лауазымдық жағдайына байланысты қызмет атқарғандар - прокурор, судьялар (339, 365 бап) .
Қылмыстың субъектісі: 7. Кәсіби міндетіне қарай: дәрігер (144-бап), медицина қызметкерлері (ҚК 114 бап) .
Қылмыстың субъектісі: 8. Атқарған қызметінің немесе жұмысының мәніне қарай қызмет не жұмыс бабын өзіне сеніп тапсырған мемлекеттік құпияны жариялау (172-бап), теміржол, су, кеме және әуе көлігі қызметкерлері (295-бап), сайлау комиссиясының мүшесі (147 -бап), сауда қызметкерлері (223-бап)
Қылмыстың субъектісі:

9. Азаматтық мемлекет алдындағы борышының мәніне қарай: куә, мәжбүрлеуші, сарапшы (352-бап)

10. Адамның жәбірленуші жөніндегі ерекше жағдайларына байланысты жәбірленушіге қамқорлық жасауға міндетті адам (119-бап), жәбірленушінің сол адамға материалдық немесе басқа тәуелді болуы (102-бап, ІІ бөлігі) .

Қылмыстың субъектісі: 11. Адамның бұрынғы істеген қоғамға жат әрекетін немесе әрекетсіздігін сипаттайтын белгілері бойынша 96-бап, ІІ бөлігі), бұрын сотталған адам (117-бап, 3-бөлігі) .
Қылмыстың субъектісі: Қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыстың субъектісі:

Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның жасаған қылмысқа психикалық қатынасы, ол кінәнің нақты түрімен, мотиві мен мақсатымен сипатталады.

Субъективтік жағы қылмыскердің психикасында болып жатқан процестерді сипаттайды, сондықтан ол адамның сезімімен тікелей қабылдауға жатпайды, тек қылмыскердің мінез -құлқын және қылмыстың барлық объективті жағдайларын талдау мен бағалау арқылы танылады.

Қылмыстың субъектісі: Қылмыстың субъективтік жағының белгілері
Қылмыстың субъектісі: 1
Кінә

Кінә - адамның қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекетке және оның зардаптарына қасақаналық немесе абайсыздық түрінде көрінетін психикалық қатынасы.

Психикалық қатынас ретіндегі кінәнің элементтері - сана мен ерік өз жиынтығында оның мазмұнын құрайды.

Кінәнің мәні субъектінің қоғамның заңмен қорғалатын және ол бұзылған мүдделеріне - ашық жаулықтан жеткіліксіз ілтипатқа дейінгі теріс қатынасында жатыр.

Әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам қылмыс жасауға кінәлі деп танылады. Тек абайсызда жасалған әрекет, егер ол Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы қарастырылған болса ғана қылмыс деп танылады.

Қылмыстың субъектісі: Кінәнің формалары:
Қылмыстың субъектісі:

Кінәнің ең таралған және ең қауіпті түрі қасақаналық.

Қасақаналық - адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын сезініп, оның қоғамдық қауіпті салдары мен тілектерін (тікелей қасақана) алдын ала білгенде немесе олардың орын алуына еріксіз болса да, саналы түрде жол бергенде (жанама ниет) жүзеге асады.

Қасақана жасалған қылмыс дегеніміз:

  • тікелей ниетпен. Егер адам өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн сезiп, қоғамға қауiптi зардаптардың туындау мүмкiндiгiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала сезсе және олардың басталуын қаласа, қылмыс тiкелей қасақаналықпен жасалған деп танылады;
  • жанама ниет. Егер адам өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) әлеуметтiк қауiптiлiгiн сезiп, қоғамға қауiптi зардаптардың туындау мүмкiндiгiн болжаса, бұл зардаптарды қаламаса, бiрақ саналы түрде жол берсе немесе оларға немқұрайлы қараса, қылмыс жанама қасақаналықпен жасалған деп танылады.

Абайсызда жасалған қылмысқа мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың субъективтік жағы, субъектінің жасқа толуы мен арнаулы субъектісі, қылмыстың ұғымы мен белгілері
Қасақана және оның түрлері: қылмыстың субъективтік жағы мен кіненің формалары
Қылмыстық құқықта қылмыстың субъективтік жағы: түсінігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында кінә және қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыстың субъективтік жағы: түсінігі, элементтері және кінәнің түрлері
Қылмыстың құрамы мен құрылымы: объектісі, объективтік және субъективтік жақтары, субъектісі
Қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі мен субъективтік жағы: жасқа толу және арнаулы субъектілер
Қылмыстың субъективтік жағы: теориялық негіздері және қылмыстық құқықтағы квалификация мәселелері
Қылмыстың субъективтік жағы: кінә, ниет және мақсаттың қылмыстық-құқықтық маңызы
Қасақаналық пен абайсыздық: қылмыстың субъективтік жағы, ниет пен мақсат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz