Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты



Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым.қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым.қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым.қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы, Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді, т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның «Слово о полку Игореве» деген монографиясы мен «Русские фамилии тюркского происхождения» кітабында, бірқатар мақалаларында жан.жақты қарастырылды. Ежелгі орыс тіліндегі түркі лексикасын зерттеуші И.Г.Добродомов ежелгі орыс мұраларындағы түркі ономастикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеулерінде функционалды және этимологиялық тұрғыдан бірқатар қыпшақ антропонимдері талданды, ежелгі орыс этнонимдеріндегі булгаризмдер, ежелгі орыс мұраларындағы түркілік топонимдер мәселелері қарастырылды. К.Менгестің «Восточные элементы в «Слово о полку Игореве» еңбегінде түркі ономастикасы мәселесіне қатысты бірқатар құнды ескертпелерін көрсетеді. Тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының көбінің көне түркі есімдермен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры . есімдердің шығу тарихы жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырларда

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен
славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін
ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара
тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму
кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік
билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде
ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының
арақатынасын былай көрсетеді: Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның
ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс
Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері
сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың
қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген. Ежелгі орыс
мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар
зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы,
Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті
талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен
антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің
мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді,
т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның Слово о полку Игореве деген
монографиясы мен Русские фамилии тюркского происхождения кітабында,
бірқатар мақалаларында жан-жақты қарастырылды.

Ежелгі орыс тіліндегі түркі лексикасын зерттеуші И.Г.Добродомов ежелгі
орыс мұраларындағы түркі ономастикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Оның зерттеулерінде функционалды және этимологиялық тұрғыдан бірқатар
қыпшақ антропонимдері талданды, ежелгі орыс этнонимдеріндегі булгаризмдер,
ежелгі орыс мұраларындағы түркілік топонимдер мәселелері қарастырылды.
К.Менгестің Восточные элементы в Слово о полку Игореве еңбегінде
түркі ономастикасы мәселесіне қатысты бірқатар құнды ескертпелерін
көрсетеді. Тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың
өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының
көбінің көне түркі есімдермен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен
құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры - есімдердің шығу тарихы
жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырларда пайда болған
антрополексемалық жүйенің жалғастығы болып саналатындығында.
Осымен байланысты көне қыпшақ антропонимдерін әлеуметтік лингвистика
тұрғысында зерттеу дегеніміз - бұл есімдердің пайда болу табиғатын
анықтауға әлеуметтік факторларды қатыстыра отырып зерттеу. Ескі қыпшақ
тілі, қазіргі кезде қолданыста жоқ, өлі тіл болғандықтан бұл тілдегі
есімдер әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Ескі
қыпшақ тілінде сөйлеген этностардың ХІ-ХІІІ ғасырларда шығыста Ертіс,
батыста Днепр өзендері аралығындағы Евразия далаларын мекендегендігі
тарихшы-археолог, этнолог, шығыстанушы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
Половец - қыпшақтар мен кумандардың тарихын, этнографиясын зерттеген
Половцы деген еңбегінде С.А.Плетнева оларды: ку-кумандар және половецтер
дейтін екі үлкен тайпалар бірлестігіне бөледі. Бұл екі тайпалар
бірлестігін, куман және половец қоғамдары деп қарауға болады. Куман жэне
половец қоғамдарын, әлеуметтік терминологиямен айтқанда топтық қауымдар
немесе әлеуметтік топтар құраған.
Половец қоғамындағы экономикалық мәдени-әлеуметтік өзгерістерге
байланысты көптеген курен басшылары есімдерінің соңына баспана, тұрақ
мағыналарын білдіретін оба дейтін көне түркі сөзінен туындаған опа,
епа морфемалары қосарланып, содан Урсоба, Алтунопа, Аепа секілді кісі
атаулары пайда болған.
Бірнеше тайпалардың бірлестігін С.А.Плетнева "орда" дейтін терминмен
атаған. Половец және куман қоғамдарының әрқайсысынан бірнеше орда құраған.
Ал орданы көптеген курендер құраған. Курен дегеніміз токсоба, төртоба,
етибичи, иета секілді этнонимдердің бірлестігі. Қыпшақтану мәселесімен
айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік токсоба этнонимінің бірінші
компоненті - токс сөзін, тогуз немесе тоғыз сан есімінің ықшамдалған
фонетикалық варианты. Ал, екінші компонент - оба сөзін, жоғарыда
көрсетілгендей ру – тайпа мағынасын білдіретін көне түркі атауы деп
қарайды. Осы сияқты тортоба да, төрт сан есімі мен оба дейтін көне түркі
сөзінен біріккен екі компонентті этноним.
Етибичи-иета немесе жеті сан есімі мен оба сөзінің жіңішке фонетикалық
варианты, еби және чи суффиксімен құралған үш компонентті этноним. Сонда
токсоба, төртоба, етибичи дегеніміз - тоғыз, төрт және жеті рудан құралған
бірлестіктер болып шығады.
Олай болса, жоғарыдағы түркітанушылардың, этнологтардың,
шығыстанушылардың көне түркі "оба" сөзі мен оның фонетикалық варианты, ру
- тайпа мағынасын білдіретіндігін анықтадық. Егер де оба сөзі мен оның
фонетикалық вариантары ру - тайпа мағынасын білдірсе, онда қалай Алтунопа
есімі: қымбат металл мағынасын білдіретін алтун және әке жағынан аға,
әке мағыналарын білдіретін аба немесе апа сөздерінен құрала алады. Егер
де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы
Алтунопа есімінің екінші компоненті опа - ру мағынасын білдірген. Олай
болса, жоғарыдағы тұжырымымызға сәйкес Алтунопа есімінің де екінші
компоненті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕНДЕРЛІК МӘНІ
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы
Пәндер