Құрылыс компаниясында өнімнің өзіндік құнын есептеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Нархоз университетінің экономикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Пəні: Қаржылық есеп
Тақырыбы: Құрылыс компаниясында өнімнің өзіндік құнын есептеу.

Жалпы кəсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен аныкталады.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын баскару -күрделі процесс. Өзінің мəні жағынан ол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді. Өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл -шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді.
Құрылыс өнімдерінің толық өзіңдік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. Ол есеп обьектісіне келетін тікелей шығындардың сомасы мен обьектіге қатысты жанама шығындар сомасынан құралады.
Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіңдік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау əдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы қаржылық нəтижелеріне апарылады. Осылайша, тұрақты шығыңдар аяқталмаған өндірісті бағалауға кірмейді.
Мердігерлік құрылыс кəсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
-материалдар;
-жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар;
-құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;
-үстеме шыындар;
-өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.
Құрылыс кəсіпорындарының барлық жауапкершілік орталықтары бойынша өзіңдік құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бакылау жүргізгенде колданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау обьектісі ретіңде жауапкершілік орталық болып табылады.
Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл əрбір калькуляциялық (есептік) обьектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомость арқылы жүзеге асады. Осы ведомостьтарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цсхтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, түпкілікті ақауды көрсете аламыз.
Енді құрылыстағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кəсіпорын өзіне тəн əдісті колдануы мүмкін. Солардың бірі -тапсырыстық əдіс. Бұл əдіс арнайы тапсырыспен орындалатын жүмыс түрін калькуляциялауға арналған.
Бір ерекшелігі-құрылыс саласына негізделген, əрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына сəйкес, алдын-ала анықталған мөлшері бойынша құрылады. Өзіндік құн тапсырыс орындалып біткен соң анықталады. Тапсырыс орындалғанға дейін барлык шығын аяқталмаған өндіріс болып табылалы. Əрбір қүрылыс нысанына шығындар жеке-жеке есептелінеді, əрі əрбір есепті кезеңде орындалған жұмыс деңгейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын калькуляциялайды. Бағалау тікелей орындалған жұмыс көлеміне жасалады жəне уакыт аралығына мəн берілмейді. Бұл əдістің бір тиімділігі тапсырушы тапсырмасының əрбір есепті кезеңде қандай үлестік салмағы орындалғанынан хабардар болып отырады.
Сметаны құрғанда ресурстык жəне базистік-өтемдік кұрылыстың құнын анықтайтын əдіс қолданылуы мүмкін. Ресурстық əдіс тарифтер мен ағымдағы бағаны қоллану арқылы калькуляциялау, қажеттілікті табиғи көрсеткіштер түрінде: материалдар, өнімдер, құрылғылар, құрылыс орнына жеткізу əдістері жəне арақашықтығы берілген құрылыс машиналарын іске асыру уақыты жəне олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығындары жəне т.б.
Базистік-өтемдік əдіс құнды сомалауды корсетеді, сметалық бағаның базистік деңгейде өтелуі 01.01.1991 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жəне тапсырыс беруші кəсіпорын, сонымен қатар мердігерлік кəсіпорынның қосымша шығындары есеп-айырысу жолымен анықталады, тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі өндірілетін құрылыс ресурстары процесімен байланысты (материалдық, техникалық, энергетикалық, еңбектік, қызмет көрсету жане т.б.) нақты тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі келешектегі осы құрылыстағы ессп-айырысу процесін нақтылауға тəуелді болып табылады.
Алғашкы сметалық құжаттар локальды смета болып табылады, ортак алаңдық жұмыс көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындары жəне жеке жұмыс түрлері үшін базистік баға деңгейінде жасалынады, жұмыс жобалары жəне жұмыс құжаттарын өңдеуде анықталады. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей шығын, косымша шығын жəне сметалық пайданы енгізеді.
Базистік баға деңгейіндегі тікелей шығындар еңбекақы төлеу құнымен, материалдар, өнімдер жəне қүрылғылар, құрылыс машиналарын іске қосу есепке алынады.
Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайды. Ол шығындар ссебінін обьектісіне жұмсалган тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орталығына қарай, алдын ала таңдалған базалар мен коэффициенттер бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс өңдіріс көлемі мен аяқталған жəне аяқталмаған болып анықталады.
Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру қалыпты шығын мөлшерін бағалау болып саналады. Нормаларға сəйкес, келешекте пайда болуы тиіс шығындарды бағалау нормативті шығындар жүйесі дсп аталады.
Бұл жүйенің шығындарды бағалауынын қолдануының бастапқы кезеңінде шығындардың тікелей жəне жанама түрлерге бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығыңдардың тұрақты жəне айнымалытүрлеріне бөлінуі қарастырылмайтын. Мұндай жүйе стандарткост деп аталады. Өндіріс барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы жəне бағаның өзгеруі деп бағаланады.Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау үшін қолданылып, өндірістік қуаттарды пайдалануды бақылауымен байланыссыз болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға сəйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды (нормативтерді), ал жанама шығындар үшін сметалар (бюджеттерді) қарастырады. Шығындарды бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жанама шығындар түрақты жəне айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады. Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кəсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушытық шешімдерді жеңілдетеді.
Сметаны жасау құрылыс обьектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, еңбек жəне қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік кұнының негізі, ол кұрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану жəне еңбек шығындары болады. Сметалык нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді азайтудағы маңызы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда,рентабельділікті арттыру туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құны
Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда,рентабельділікті арттыру әдістері
Материалдық ресурстарды басқару
Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
«Nur-ali trade» ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі
Компания мен сақтандыру өнімін таңдау кезінде клиенттердің әртүрлі топтарының уәждемесі
«ТеңізҚұрылыс» ЖШС-нің маркетингтік қызметін талдау
Пәндер