Инклюзивті білім беру мақсаты мен маңызы


Жоспары
1. Тақырыптың ашылуы.
2. Инклюзивті білім беру мақсаты мен маңызы.
3. Инклюзивті білім берудегі оқыту жүйесі.
Жалпы біз біріншіден тақырыпты ашып алсақ. Ең алдымен технология сөзіне назар аударсақз. Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” - ілім, ғылым) 1 - ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т. б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде.
Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім бағдарламасына кіріктіре оқыту. Ал осы арқылы біздің тақырыпты ашатын болсақ, кіріктіре оқытудағы оқыту жүйесі және инновациясы. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін» және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Инклюзивті білім беру-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайдағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді. Бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудің ерекшелігі: жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау. П. Шуман «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» - деп айтып кеткен. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мен ұйымдастыруда білімгерлер бойында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Инклюзтвті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы білімгерлерді адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда дидактикалық мүмкіндіктерді, танымдық процестерді ескеруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, ақыл - ой белсенділігі мен білім алуға деген қызығушылығын, шығармашылық еңбек етуіне бағдарлау.
Өйткені құлақпен естігеннен гөрі - көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну әрине ерекше әсер етеді.
Арнайы білім беру орнында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады.
Тәрбиеші баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады.
Кейбір балалардың ақыл - ой белсенділік қабілеті жетілмей, артта қалып қойып жатады. Оның бірнеше себептері бар негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшыраған балалар дене кемістігімен қоса, ақыл - ой кемшілігін қосып алып, даму мүмкіндігі артта қалған балалар санын құрайды. Сонымен бірге бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да жатқызуға болады.
Мұндай балалармен қарқынды терапиялық жұмыстар жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолдану керек.
Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.
Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан әдістің бірі - біріктіре оқыту.
Біріктіре оқытудың ерекшелігіне тоқталып өтсек
- даму барысындағы кемшілікті ерте бастан түзету
- даму барысында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.
Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез - құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой - өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс - тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым - қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Ал танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады.
Негізінен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын және үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беруден оңайрақ. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Тіпті, сабақ оқымай келген қалыпты балаға қаттырақ сөйлесең, ұрысқанның өзін ол дұрыс қабылдай алады, келесі жолы ондай қателік жібермеуге тырысады.
Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл - күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. Мұндай балалардың ата - аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік қиыншылықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл ұзақ жүретін процесс. Бір сыныпта бес мүмкіндігі шектеулі бала болатын болса, әрқайсысының қабылдау деңгейі әр түрлі. Бірі түсінгенді екіншісі түсінбейді, бірін - бірі тыңдағысы келмейді, сабақтың өзін көңіл - күйіне қарай қабылдайды. Бұл балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек асқан шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Яғни, сабақ түсіндіру барысында әр балаға қабылдау деңгейіне қарай түрлі тәсілді қолдану керек. Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс - әрекет, яғни баланың жанына жақын заттарды еске сақтату, ойландыру, елестету, бала бойындағы түрлі қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, еске сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері зейіні төмен, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.
Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр - қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруге, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларға жан - жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп, әрбір оқушы шама - шарқына қарай білім көлемін меңгеруде. Жалпы, ақыл - ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым - қатынас жасай алмайды және бұл олардың және тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді. Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне - өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыс ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығының өзі де осында.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz