Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Білім беру ортасы түсінігінің мазмұны

II. Ерекшеліктері. Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі

Инклюзивті сыныптарда жайлы білім беру ортасын ұйымдастыру
I. Білім беру ортасы түсінігінің мазмұны

Білім беру ортасын түсіну үшін, біз бұл феноменнің мағынасын ашуымыз керек. Кеңінен пайдаланылуына қарамастан орта түсінігінің ғылым әлемінде нақты анықтамасы жоқ. Жалпы мағынада орта түсінігі қоршаған орта деп қабылданады.
Жаратқанның қолынан пайда болғанда барлығы керемет, бір адамдардың қолында ол кереметтілік жоғалады - деген Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастарында орта теориясы ерекше орын алады. Ж.Ж.Руссо бірінші болып ортаны жеке тұлғаның өзіндік дамуының нәтижелі даму шарты ретінде қарастырған. Оның ойынша, әр жеке тұлғаға ерекше даму ортасы құрылғанда ғана баланың нақты мүмкіндіктері мен табиғи қажеттіліктері арасында теңдік орнатылып, тәрбиелеу жүйесі нәтижелі болады. Мұндай ортада жеке тұлға дайын білімдер алмайды, ол өзінің тәжірибесі негізінде тірі табиғатты бақылау процесінде білімдерді жинақтайды. Мұндай жағдайда, Ж.Ж.Руссоның ойынша, жеке тұлға дамуының негізгі бұлағы білімдерінің көптігінде емес, оларды өзіндік деңгейде пайдалана алу іскерліктерінде. Мұндай арнайы құрылған ортада жеке тұлғаның қасиеттері оған іштей еркіндікті сақтауға, қоғамның теріс пікірлерінен тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.
Педагогика мен психологияда орта термині алғаш рет 20 ғасырдың 20 жылдары пайда болды, ол кезде жиі орта педагогикасы (С.Т.Шацкий), баланың қоғамдық ортасы (П.П.Блонский), қоршаған орта (А.С.Макаренко) терминдері қолданылды.
Д.Ж.Маркович ортаны адамның өмірлік іс-әрекеттері орындалатын табиғи және жасанды жағдайлардың бірігуі деп арықтады.
Адамның ортасын анықтауда Л.В.Максимова ортаны табиғи және әлеуметтік мінезді өзара байланыстағы бірқатар компоненттерден тұратын күрделі құрылым деп белгіледі.
Н.Б.Крылова орта деп - әлеуметтік-мәдени кеңістіктің бөлігін, білім беру жүйелерінің өзара байланыстар аймақтарын, процестердің субъекттерін белгіледі. Мұнда ортаның негізгі көрсеткіштері болып қарым-қатынастар, құндылықтар, белгілер, заттар және пәндер табылады.
Сөздіктерде орта деп адамды қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, заттық орта, сонымен бірге бұл жағдайлармен байланыстырылған адамдар қауымы белгіленеді.
Л.И.Божович ортаны даму жылдамдығын, жаңа сапалы құрылымдардың пайда болуын қамтитын, дамудың ішкі және сырттай жағдайларының ерекше бірігуі деп анықтады. Автордың ойынша, ортаға қосылған баланың уайымдарының, ортаға деген қатынасының мінезін түсіну өте маңызды. Ғалым баланың ортаға ғана қатынасын қамтымай, сонымен бірге сол ортада оның белсенділігін арттыратын, рухани-кеңістіктік және заттық-кеңістіктік бағыттарды дамытуды қажет дейді.
Білім беру ортасы түсінігін бірқатар таяу және алыс шетел ғалымдары зерттеуде (В.И.Слободчиков, В.А.Петровский, Н.Б.Крылова, М.М.Князева және т.б.). Олар білім беру ортасы түсінігінің философиялық аспектілеріне, оны жобалау тәсілдері мен технологияларына назар аударған. Оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде білім беру ортасын құру мәселелері О.С.Газманның, М.В.Клариннің, И.Д.Фруминнің, дамыта оқыту жүйесінің негізін қалаушылардың жұмыстарында қарастырылған (В.В.Давыдов және т.б.).Кез-келген әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде жеке тұлғаның ретсіз немесе түрлі деңгейде ұйымдастырылған даму процесінің іске асырылуы білім беру ортасы болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. пікірінше, білім беру ортасы - дамыта оқыту іске асырылатын, нақты түрде реттелген білім беру кеңістігі. Бала қабілеттірек болады, егер әлеуметтік-заттық ортада өзінің әрекеттерін үнемі жетілдіруге мүмкіндігі болса.
Н.Е.Щуркова ортаны зерттеуде пәндік-кеңістік, іс-әрекеттік, жағдаяттық және мәліметтік-мәдени кеңістік атты компоненттерді бөліп қарастырды.
Л.Н.Седова жеке тұлғаның қалыптасу процесі үшін дамыта білім беру ортасы маңыздылығының негізгі үш параметрін қарастырды: мақсат қою; дамыта білім беру ортасын педагогикалық құбылыс ретінде түсіну; педагогикалық ғылым тұрғысынан дамыта білім беру ортасын қарастыруда танымдық белсенділікті қалыптастыруда нәтижелі әдістер мен тәсілдерді іздеу.
С.Л.Новоселова ортаны, баланың рухани және физикалық бейнесінің мазмұнын модельдейтін, іс-әрекетінің материалдық нысаналарының жүйесі ретінде анықтайды.
Білім беру ортасының өзіндік құрылымы бар, бірақ оның компоненттерін қарастыруда ғалымдар бір ғана бағытқа сүйенбейді.
Г.А.Ковалевтің пікірінше білім беру ортасының келесідей бірліктері бар: физикалық орта, адамдар факторы және оқыту бағдарламасы.
1) Физикалық орта: мектеп ғимаратының архитектуралық құрылымы, көлемі және мектеп интерьерінің кеңістік құрылымы; оқушылардың кеңістікте қозғалу мүмкіндіктері.
2) Адамдар факторы: оқушылардың үлгерімі мен жеке тұлғаның ерекшеліктері: әлеуметтік іс-әрекетіне адамдардың әсері; статустар мен ролдердің бөлінуі; оқушылар мен ата-аналардың ұлттық және жасерекшелік, жыныстық ерекшеліктері.
3) Оқыту бағдарламасы: оқушылардың іс-әрекетінің құрылымы; оқыту бағдарламаларының мазмұны; оқыту түрлері мен бақылаудың мінездемесі.
В.А.Ясвин төрт компонентті модельді ұсынды:
1) кеңістік компоненті - заттық компонент - ғимараттың архитектуралық ерекшеліктері, құрал-жабдықтары, оқу кеңістігінің ерекше жабдықталуы.
2) Әлеуметтік компонент - балалар-үлкендер ұжымының мәдени қалпы; педагог-студент - дамудың көпқырлы субъекті.
3) Психодидактикалық компонент - білім беру кеңістігінің мазмұны, студент меңгеретін іс-әрекеттің түрлері, тәсілдері, оқу процесінің ұйымдастырылуы. Бұл компонентте Неге және қалай оқыту керек? сұрағына жауап алынады.
4) Білім беру процесінің субъекттері - В.И.Слободчиков бойынша, мұнда құрылатын мен құрайтын процестер кездеседі. Бұл ортаны біріккен іс-әрекеттің пәні де, ресурсы деп құрастыруға болады.
Е.В.Коротаева бойынша ортаның әрбір компонентінің эмоционалды - дамытушы әсері болуы керек. Ол компоненттердің эмоционалды - дамытушылық мінезділігін қамтитын шарттарды бөліп көрсетті:
- біріккен іс-әрекетке қатысушылар арасындағы байланыс;
- күн тәртібінің сәттері;
- бөлменің, кеңістіктің сырт көрінісі;
- сабақтарға эвристикалық жаттығуларды қосу.
Жиі білім беру ортасы екі көрсеткіштермен мінезделінеді:
- ресурстық мүмкіндіктермен;
- ұйымдастыру тәсілдерімен.
Білім беру ортасы білім алушылардың жеке тұлғалық және мәдени
өсуіне әсер етеді, егер орнатылған әлеуметтік-мәдени мазмұн білім берудің мазмұнына ауысса, яғни өзіндік білім беру ортасына (В.С.Слободчиков).
Сонымен, ғалымдардың ойынша, білім беру беру ортасы дегеніміз, білім алу субъекттері өзара байланысқа түсу процесінде нақтылайтын білім беру процесінің және тұлғааралық қатынастардың материалдық факторларының жиынтығы. Бірақ, өзгерудегі жағдайларға адекватты, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде инновациялық инклюзивті тәртіп бойынша жұмыс істейтін заманауи жалпыға білім беру мектебіне, әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін, білім беру ортасы қажет. Әр балаға жынысына, ұлтына және діни ұстанымдарына, денсаулық жағдайына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық статусына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім алу кеңістігіне қосылуға жағдай жасалуы керек. Инклюзияның басты шарты - мектептің балаға бейімделуі, керісінше емес, бұл жағдай қалыпты балалардан тұратын оқушылардың негізгі контингентіне жағымды әсер етеді: балалар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар сыныптастарын сыйлау мен бағалауға үйренеді; көмек беру арқылы өмірдің түрлілігін қабылдап, біз әртүрліміз, бірақ тең құқылымыз атты толерантты кеңістікте қалыптасады.

II. Ерекшеліктері. Инклюзивті мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті сыныпта пәндік - білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Бастауыш сынып мұғалімінің мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмысын ұйымдастыру
Білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттер
Балалары үлгілі отбасылар тобы
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Пәндер