Мұстафа Шоқайдың өмір жолы
Мазмұны
1. Өмірбаяны
1.1. Балалық шағы
1.2. Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
2.Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
3.Түркістан үкіметінің мүшелері
4.Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
5.Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - М.Шоқай
6.Өмірінің соңғы жылдары
7.Афоризмдері
8.Сілтемелер
9.Дереккөздер
Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай
Қызметі
публицист, қоғам және мемлекет қайраткер
Туған күні
1890 жыл
Туған жері
Сырдария губерниясы, Наршоқы
Азаматтығы
Қазақ елі
Ұлты
Қазақ
Қайтыс болған күні
1941 жыл
Қайтыс болған жері
Берлин
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы -- 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі.
Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан.[1]
Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген", дейді. Сондай тұлғалардың бірі - Мұстафа Шоқай. Ол - Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан "батысшылдар" демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі - метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.
Балалық шағы
Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.
Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында дүниеге келді. Ол - белгілі Торғай датқаның немересі, Ер Шоқай - бектің ұлы. Нағашылары Хиуадағы қазақ хандары тұқымынан.
1912 жылы түрік-балқан соғысы бұрқ ете қалғанда, ол Түркияны қолдау қоғамына белсене араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірден-бір өкілі болды. Думаның 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды жазалаушы казактардың айуандық әрекеттерін тексеру үшін комиссия құру туралы шешім қабылдауы барысында М. Шоқай шешуші рөл атқарды. Мұстафа, сондай-ақ, Құрылтай жиналысындағы "Түркістан халықтарының құқығын қорғау" жөніндегі өкілдер комиссиясын басқарды.
Өкімет басына Уақытша үкімет келген соң, оның басшысы А. Ф. Керенский М. Шоқайға министрдің портфелін ұсынады, бірақ Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісі М. Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркістан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ Уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты.
1917 жылдың наурызында М. Шоқай Ташкенттегі Мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылман орталығын басқарды. Мұсылман орталығы да автономия құруға әзірлене бастады.
1917 жылдың Қазан төңкерісін түркістандықтар қуана қарсы алды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылған жоқ, Кеңес өкіметі де Түркістан автономиясына үзілді-кесілді қарсы болатын.
1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Қоқан автономиясының құрылғандығы жария етілді. Оның президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М. Шоқай "Алашорда" үкіметінің құрамына кіреді.
1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызылгвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, М. Шоқай Грузияға кетті. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене ат салысады.
1920 жылы қызыл әскер Грузияға кіргенде, М. Шоқай Түркияға қоныс аударды, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады. Эмиграцияда жүріп М. Шоқай кеңестік езгідегі Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына белсене араласады. Стамбұл мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада ол Орта Азия туралы мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған "Жаңа Түркістан" және "Жас Түркістан" журналдары тиісінше Стамбұл мен Берлинде басылып тұрды. Ұлы Отан соғысы басталысымен М. Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жіберіледі. Осында екі апта ұсталған ол кейіннен босатылады. М. Шоқай үйінде ұзақ бола алмайды. Оны әуелі Германияға, кейіннен Польшаға және Украинаға әкеліп, тұтқынға түскен түркістандықтармен жүздестіріледі. Лагерьлердің бірінде қазақтың ардагер ұлы 1941 жылдың 27 желтоқсанында дүниеден өтті.
Гуманист-ойшыл, демократ, энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқай ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болды, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін өте жетік меңгерді. Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле-өлгенше туған халқымен бірге болды.
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте Бірлік туы газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сьезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сьезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сьезде Шора-и-ислам жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сьезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні Түркістан территориялық автономиясын жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының Халық кеңесін (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
Түркістан үкіметінің мүшелері
Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар уақытша үкімет деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар:
Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі;
Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі;
Шахислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі;
Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі;
Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі;
Насырхан төре - халық ағарту министрі;
Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі;
Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі;
Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі;
Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу мәселесін күн тәртібіне қояды... Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. Бірлік туы газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған тау арасынан жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде Яни дүния, Шафак атты газеттер шығарысып, Вольный горец басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - М.Шоқай
Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат - мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті [1]. Мұстафаның інісі Нұртаза мен туысы Мырзеке Қалымбетұлы халық жауымен хандық қатысы болғаны үшін атылды [2]. Қалғандары қуғын-сүргінге түсті. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша отставкаға ҰҚК қызметкері Ж.Шәкібаев Үлкен Түркістанның күйреуі атты кітап жазып, М.Шоқайдың қоғам алдындағы жұмысын жоққа шығаруға тырысты. Ал Мұстафаның кінәсы - өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі еді. Айыбы - атамекенге, ана сүтіне адалдығы. М.Шоқай өле-өлгенше осы бағытынан айныған жоқ. Уақыттан асқан кемеңгер бар ма, қазақ зиялылары жан алып, жан беріскен ел егемендігі тарихи мерзімі жеткен күні өз аяғымен келді. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді. Бірақ, қараңғылық қойнауында жанған шамшырақтай Мұстафа есімі жыл өткен сайын жарқырай түсуде.
Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен салған қазақы үйде дүниеге келіп, саясаттың биік тұғырына көтерілуі көбіміз үшін таңғаларлық жағдай. Бала күнінен киіз қазақтың тәрбиесін алады [2]. Осылайша он төртке толар-толмас жасөспірім бейшараның көзіндегі жасты сүртіп, әділеттің ауылын нұсқауға жарап қалады. Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктерді танып біле бастайды. Түркістан халқының қамында бір қасиет пен кесапатты өмірге тоқиды. Өмірден осы кезде алған екінші сабағы - орыс өктемдігі.
Ташкенттегі орыс ұлты мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті, келіспеушілікті көзімен көрді. Ұлтжандылық сезімін оянуына алдымен орыс шовинизмі ықпал етті. Алғашында орыс алпауыттары мен патшаның Ресейдің отаршылық саясатына саналы түрде қарсы шыққан, интеллект түрінде қорғанды. Ауыл қазағының арыз-шағымын жазып, дауына араласу гимназиядағы сабағына көп кедергісін келтірді. Ауыл баласы әлеуметтік мәселемен генерал Самсонов алдына бірнеше мәрте барды. Ол барған сайын орыс озбырлығын Самсоновтың көзіне шығып көрсеткісі келеді. Алайда Самсоновтың жан дүниесі адалдық ауылынан алыс жатыр еді [1].
Ғалым Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев жазғандай Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңесіне тілмаш етіп алмақшы болады. Бұл мәселенің бір қыры. Екіншісі - тіпті тереңде. Орыс өкілдері отарлау мен саясат ісінде өте тәжірибелі, жергілікті халық өкілдерінен шыққан талантты ноқталаудың сырт көз аңдамайтын нәзік жолдарын біледі. Тілмаштық Мұстафаға қимастық берген қызмет емес, дарынды жастың келешегін кесу еді. Себебі, ел арасындағы тілмаштар қоғамдық теңсіздікке араша түспей, ақша-пара жолымен азғындап, адамдық қасиеттерінен айырылып жатқанын сол кезде өмірдің өзі көрсетті. Сондықтан, Самсонов бұрқылдып шыққан қайнардың көзін көміп тастағысы келді. Өзара қырқысып жатқан орыс чиновниктері осы мәселеде бірауызды болатын. Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер бір залалды сезді. Мұстафа Шоқайұлы Петербургке барып, оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, - Заң факультетін қалаймын, - дегенде ішін тартып қалды. Петербургтегі заң университеті қазақтың баласы түгілі, орыстың қолына түспейтін оқу. Орыс отаршылары сауатысыз халыққа әділетті көрінуге ынталы, саналы, талантты қазақтың адамына аша таяқ қояды. Тілмаш боласың ба? - деп қамқорсыған Самсонов ақыры айтқаны болмағасын М.Шоқайға гимназиядан тиесілі алтын медалды, Зопрометов есімді орыс балаға бергізіп, бұған күміс медаль бермекші болады. Әділет жеңеді, адал азаматтар қолдауымен алтын медальін алған М.Шоқай орыс генералы қойған тосқауылмен өзі бетпе-бет кездеседі. Демек, Ташкенттің тұтқасын ұстап отырған генерал Самсоновтың Түркістан халықтарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz