Сұлтанбек Қожанов туралы баяндама (Нәзір Төреқұлов жасаған)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сұлтанбек Қожанов туралы баяндама (Нәзір Төреқұлов жасаған)
Сұлтанбек Қожанов - советтік билік жағдайында алаштық идеяны жалғастырушы.Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. Қайраткерлер ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер - жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек [1, 366-б.] деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз. Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалардың бірі - Сұлтанбек Қожанов. Оның тұлғасын тану мен танытуға қатысты бірқатар арнаулы зерттеу еңбектер жарыққа шықты. Атап айтқанда өзбекстандық тарихшы Р.Я. Раджапова, қазақстандық Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Б. Қойшыбаев, Ж. Әлмашұлы, А. Шәріп, Ж. Симтиков, Ж. Уәлиханова және т.б. ғалымдар мен әдебиетшілердің еңбектері де осы қатарды толықтыра түседі. Әйтсе де, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен әдеби-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеуде кенжелік, соңын күткен кібіртіктеу байқалады. Оның сыры неде болды екен деген сауал әркімді де ойлантуы тиіс. Оның басты себебі С. Қожановтың партия мүддесінен ұлт мүддесінен жоғары қойған шынайы ұлтжандылығы болды. Тоталитарлық билік саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да аса бір сақтықпен қарады. Алғашқы кезекте коммунистік билікке барынша адал қызмет жасағандар ақталып, олардың тұлғасы советтік тәрбиенің идеялына айналдырылды. Ал пролетарлық интернационализмге ұлттық құндылықтарды, таптық төзімсіздікке ұлттық бірлікті қарсы қойған Алаш қайраткерлері мен алаштық рухтағы С. Қожанов сияқты партия қайраткерлерін ақтау кейінге шегеріле берді. Бұл - советтік биліктің саясаты. Тәуелсіз қоғамымызда осы саясаттың тоңы жібігендей. Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе - шын мәнінде С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы. Осы пікірді тереңірек өрбітіп көрейік. 1916-1917 жылдары Ташкент қаласында қазақ зиялыларының Кеңес атты астыртын саяси үйірмесі жұмыс істеген. Түркістан қаласында С. Қожановпен бірге 1918-1919 жылдары бірқатар жауапты қызметтер атқарған, Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған Дүйсенбай Нысанбаевтың деректері Кеңес үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді. Үйірме және оның қызметі туралы Д. Нысанбаевтың 1925 ж. 31 қаңтарында РК(б)П Қырғыз облыстық Бақылау Комиссиясына жасаған мәлімдемесінен [2, 173-185-бб.] аса құнды мағлұматтарға қанығамыз. Бұл құжаттың деректік құндылығы жоғары болатыны, онда өлкелік партиялық басшылыққа, ОГПУ органдарына Түркістандағы алашордашылардың қызметіне қатысты айғақ ретінде түрлі хаттамалар, газет тігінділері сияқты қомақты құжаттық деректер ұсынылған. Осы жерде құпия хат түрінде жазылған мәлімдеменің тікелей С. Қожановты әшкерелеуге арналғандығын атап айтқанымыз орынды болар. Үйірменің төрағасы генерал Сейітжаппар Асфендиаров, орынбасарлары М. Шоқай және өмірі мен қызметі Түркістан қаласымен тығыз байланысты болған Садық Өтегенов болатын. Осы саяси үйірме ұлттық идеяларды іске асыруды өзінің бағдарламалық міндеті ретінде алға қойған еді. Үйірменің баспасөз органы Бірлік туы газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет істеген, кейінгі кезде газетке Хайретдин Болғанбаевтар (ол да Түркістан қаласында қызмет істеген) редакторлық жасады. 1917 жылғы қарашаның 26 күні Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялады. Осы съезге және желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске асыруға белсене араласты. Бұндай тұжырым жасауға деректік және дәйектік негіздер жеткілікті. Алғаш рет бұл тұжырым Түркістандағы партия-совет органдарының ресми құжаттарында Алаш Орданың түркістандық бөлімі Бірлік туы газеті органымен аттас ұйым болды. Бірлік туы газеті 1917 ж. маусымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың тұғырнамасы дәлме-дәл алашордашылардың тұғырнамасындай еді [3, Л. 208] деген сипатта негізделді. Түркістан Республикасы үкіметінің басшылығы Жоғары партиялық инстанцияларға С. Қожановтың үстінен жазылған құпия хат түріндегі арыз-шағымдар бұнымен шектелген жоқ. Мұндай арыз-шағымдарды саяси ұпай жинау мақсатында әсіресе партия-совет қызметкерлері - олардың арасында Д. Нысанбаев сияқты үзеңгілес серіктері де бар, көптеп жазды. Олардың мазмұны ұлтшыл, алашордашыл, оңшыл ауытқушы, топшыл деген саяси айыптауларға негізделіп, соңы қожановшылық айдарына айналды. Арнаулы органдардың мекемелерінде жинақталған бұндай компромат тиянақты талдаулармен БК(б)П Орталық Комитеті Саяси бюросының Құпия бөліміне жүйелі түрде жеткізіліп отырды. Республиканың саяси басшысы болғанымен оның әрбір ізін аңдыған мұндай әрекетті Орталықтың басқарып отырғаны да жасырын емес. Осындай жағдайда С. Қожановтың Қазақстанда қалыпты жұмыс істеуі және ұлттық идеяны іске асыруға еркін кірісуі мүмкін емес еді. Республикадағы саяси басшылыққа кәсіпқой революционер Ф. Голощекиннің келуі бұл саяси үдерісті өршітіп жіберді. С. Қожанов Мәскеуге кеткен соң оны айыптайтын саяси науқан кең өріс алды. Осыған байланысты С. Қожанов Қазақ өлкелік партия комитетіне 1926 жылы ашық хат жазып, ақталуға мәжбүр болған. Хаттың жазылу мақсаты оның Қазақстандағы қызметіне қатысты өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф. Голощекиннің өршіткен саяси айыптауынан басын арашалау болды. Осы хатты деректік тұрғыда талдағанда С. Қожанов Қазақстандағы саяси қызметінің сипаты мен мазмұны туралы өз аузынан баяндалған көп мағлұматқа қанығамыз. Сонымен бірге бұл құжаттан С. Қожановтың ұлтжандылық қызметіне негіз болған қоғамдық-саяси көзқарастарының өзегін танимыз. Ол аталған хатында былай деп баяндайды: Мен партияның алдыңғы қатарында жүріп мына мәселелерге белсене қатыстым: Отаршылдық пен жергілікті ұлтшылдықты саяси тұрғыдан жоюға; Жерге орналастыру және жер-су реформасын жүргізуге; Қосшы одағын ұйымдастыру науқанына; Орта Азияда ұлттық межелеуді іске асыруға; Қазақстанның орталығын Орынбордан Қызылордаға ауыстыруға және Қазақстанның ішкі құрылысында ұлттық мүддені күшейтуге тікелей араластым [2, 250-б.]. Ұлтшыл қайраткердің өзі саяси қызметі туралы жасаған бұл қорытындыларының әрқайсына жеке тоқталып, нақты тарихи дәйектер және дәлелдермен кеңінен таратуға болады. Қайраткер қызметінің биік шыңдары болып саналатын ол жетістіктерді ғылыми тұрғыда талдап, тарихи танымның игілігіне айналдыру -- таяу күндердің және осы бүгінгі ұрпақтың еншісі болуы керек. Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Советі Қай кезде де тарихи танымның рухани өзегі, ғылыми негізі болады. Советтік қоғамда алаштық үлгідегі қайраткерлердің тұлғасын танудағы рухани өзек таптық-партиялық құндылықтар болса, оның ғылыми негізі маркстік-лениндік дүниетаным болғаны белгілі. Ал бүгінгі тәуелсіз қоғамымызда тарихи танымның талабы өзгерді. Мақсат та өзгерді. Қоғам жаңарды, қоғаммен бірге адам да жаңарды. Ендігі кезекте тарихи таным да жаңаруы тиіс. Тарихи танымды жаңартудың жөні осы екен деп жергілікті, аймақтық деңгейдегі тұлғаларды дәріптеу бүгінгі интеллектуалдық тарихқа жараспайды. Тұлғаларды танудағы әрекеттің алтын арқауы, жібек желісі - ұлттық мүдде болуы керек. Яғни мәселе тура мағынасында қойылғанда ол ұлтымыз үшін не істей алды деген сауалға жауап беруді қажет етеді. Сол сияқты, кейбір зерттеулерде советтік дәуірдегі партия-совет қайраткерлерін біржақты айыптау тенденциясы да жоқ емес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси белсенділігі
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Нәзір Төреқұлов
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов
Елші Нәзір Төреқұлов
Ұлттық элитаның қалыптасуы
Жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Пәндер