Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1.Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары.
2.Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы.
3.Тарихи деректер эволюциясы. Әлем тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректер дамуының тенденциялары.

Тарихи деректерді сыныптау проблемасы

Типтiк жiктелудiң тарихи деректерді түрлiк жiктелуден айырмашылығы ол деректердiң мазмұны мен формасының сәйкестiк пpинципiне негiзделген. Тип ақпаратты салу жане сақтау тәсiлдерiмен ерекшеленген деректердi бipiктiредi. Негiзiнен деректердiң жетi типiн айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялык, фольклорлық, лингвистикалық, фото-кино - құжаттар, фоно құжаттар. Мұндай жiктеу дерекке тән ерекше белгiлерiн (пайда болу, мазмұны, формасы) eскереді, дегенмен бұл шартты жiктеу. Өйткенi, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргi кезде, көп жағдайда жазба түрiнде таралған, ал этнографиялық деректер -- заттай ескерткiштер немесе кино-фото құжаттар түрiнде берiледi. Сондықтан бұлардың арасында айкын аралық жоқ.
Осындай ерекшелiктерiн ескере келе 1981 жылы И.Д.Коваль - ченконың басшылығымен шыққан Источниковедение истории СССР оқулығын әлеуметтiк ақпараттарды бекіту формасына қарап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба жане фоно құжаттар.
Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сырткы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар класына, оньщ iшiнде шағын топтарға бөлуге болады:
заттай деректер -- археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;
көркем сүрет деректері -- сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлык туындылары;
сөздiк деректер -- күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халыктың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен;
жазба деректер -- этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi;
дыбысты деректер - сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
салттық деректер -- тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
ХХI ғасыр ақпарат дәуірі боп саналады. Ғаламдану мен ұлттық дамудың үйлесімді жарасымын талап етіп отырған жаңа технологиялар ғасыры алдымызға тың жобалармен жұмыс істеу міндетін қойып отыр. Жаңа дәуірдің келуімен тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды. Ол - электрондық деректер. Электрондық деректер дәстүрлі деректерден (яғни қағаз жүзіндегі деректерден) шамамен кинофотофоноқұжаттар сияқты ерекшеленеді.
Тарихшылардың Интернетті игеруі соңғы жылдары ғана басталды және өз дамуында бірнеше жүйелі кезеңнен өтті:
- қорлардың сандық өсуі;
- қорларды құру процесіне кәсіби тарихшыларды тарту;
-осы процестерге байланысты туындаған мәселелерге теоретикалық мағына беру.
Бүгінде Интернет жүйесінде орналасқан әр түрлі деректер зерттеу айналымына көптеп тартылуда, алайда электрондық деректерді деректанулық талдау мәселесінің жеткіліксіздігі, деректанулық сипаттауының жоқтығы олардың оқу процесі мен зерттеулерде қолданылуын күрделендіреді. Сонымен бірге Интернет деректерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл осы тәріздес қорлармен жұмыс істеудің жаңа принциптерін әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.
Интернет жүйесінің қорларын талдау электрондық тарихи деректердің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
- электрондық құжаттардың дәстүрлі жазба деректермен ұқсастығы;
- тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайт.
Бірінші топ Интернет жүйесінде орналасқан баспа басылымдарының электрондық түрлерін, сандық деректерді және басқа да жеке құжаттарды біріктіреді.
Екінші топ жеке тарихи деректер ретінде қарастыруға болатын web-сайттан тұрады. Бұл жағдайда электрондық дерек құрылымы күрделенеді, авторлық мәселесі туындап, деректанулық сипаттау ерекше маңызға ие болады.
Жоғарыда айтылған тарихи дерек ретінде Интернет қорларын сипаттаудың алуан түрі ұсынылады.
Жеке электрондық құжатты сипаттау кестесі мыналардан тұрады: құжаттың атауы, авторлар, мерзімі, қысқаша мәлімет, құжат форматы, баспа нұсқасының болуы, құжат орналасқан сайтты көрсету, осы құжат орналасқан басқа сайтты көрсету.
Берілген сипаттаудағы алдыңғы үш позиция (атауы, авторды анықтау және деректің мерзімі) деректанулық талдауда дәстүрлі болып табылады және ерекше түсініктемені қажет етпейді. Қалған сипаттау позициялары электрондық деректердің ерекшелігімен сәйкестендіріледі және Интернет жүйесінің тұтынушыларына зерттеу және ғылыми тәжірибеде қорды тиімді пайдалануға бағытталған.
Қысқаша мәлімет қор сипаты мен мазмұны туралы алдын ала ақпарат береді, сонымен қатар деректанулық сипаттаудың субъективтік позициясы болып табылады. Жеке құжаттың аңдатпа кестесі Интернет жүйесінде тарихнама материалдарын сипаттауда да қолданылады.
Интернет-қорлардың келесі сипаттау позициясы - құжаттың форматын көрсету (zip, word, html). Сипаттаудың маңызды белгісі - материалдың баспа нұсқасының барын көрсету. Бұл жағдай көрсетілген материалдың сенімділігін күшейтеді және қажеттілік туындағанда ұқсас баспа нұсқасын іздеуді жеңілдетеді. Сонымен бірге ғылыми ортада көп жағдайда web-сайтқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Қазақстандағы әлеуметтік топтар мен құрылымдар және таптар
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары
Мемлекет нысанының түсінігі
Пәндер