Тұрсынбек Кәкішұлының азаматтық тұлғасы және қайраткерлік қыры



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тұрсынбек Кәкішұлының азаматтық тұлғасы және қайраткерлік қыры
Қазақтың әдебиеті мен тарихын зерттеуде зор үлес қосқан тұлғалар біршама. Десе де,алғашқы шығармашылық жолынан бастап әдебиетіміздің ерекшелігін бастан-аяқ өз ізденісімен, қажымас еңбегімен танытып берген, әдебиет тарихшысы мәртебесіне ие болған жан Тұрсынбек Кәкішұлының алар орны ерекше. Ол - еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары білім ғылым академиясының құрметті академигі және Халықаралық қоғамдық академияның академигі, Ш.Айтматов, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Абай, Мұхтар, Ахмет сынды қазақтың белді тұлғаларының ізін басқан Т.Кәкішұлы 1927 жылы 15 тамыз күні Ақмола облысы, Бұланды ауданында Даниловка кенішінде дүниеге келген. 1944-1945 оку жылдары Ақмола қаласындағы орта мектепті тәмәмдайды.Кейін үлкен қалаға келіп жоғары оқу орнына ҚазМУ атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Тұрсынбектей жанның осы саланы таңдап келуі журналистика үшін үлкен бақ болғаны сөзсіз. Себебі Алаш қайраткерлерінен кейін 20-ғасырдың 50-жылдарының ортасынан бастап қазақ тілі мен қазақ мектебінің мүддесін қорғап мақалалар жазып, халықтың, әсіресе жастардың сауатын ашу мәселесін тәуір көтерді. Соған байланысты көзқарастары үшін билік тарапынан қанша жерден қуғынға ұшыраса да, берілмеді. Өйткені білім үшін,тіл үшін күресуді өз міндеті мен аға буыннан қалған аманат деп білді. 1988 жылы ол Өлімге әкелетін аксиомаға айналған көптеген қателерді түзету керек деген өткір публицистикалық мақаласын жариялады. Алаш қозғалысының тарихын объективті түрде көрсету, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алу, халықаралық Қазақ тілі қоғамының қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан нығайту сияқты жұмыстарға, съездер өткізуге белсене қатысты. Одан бөлек ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда көп еңбек сіңіргенін де естен шығармау керек. Оның жетекшілігімен 48 кандидаттық және 10 докторлық диссертация қорғалған еді. Яғни, Т.Кәкішұлы ғалым ғана емес, саналы шәкірт баулыған ардақты ұстаз!
Ал журналист ретіндегі карьерасы университетте оқып жүрген студенттік шақтарында, төртінші курсты бітіргеннен кейін 1949 жылы "Лениншіл жас" газеті редакциясының жастар бөлімінің меңгерушілігінен басталды. Оқу мен жұмысын қатар алған Т.Кәкішұлы университет жолдамасымен қазіргі "Рауан" баспасының жоғарғы оқу орындарына арналған оқулыктары редакциясының аға редакторы болып қызметке орналасады.
1951 жылдың күзінде Орталық Комитетінің баспасөз бөлімінің бұйрығымен марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын шығаратын аудармашылардың екі жылдық сабақтарына жіберіледі. Бір жыл оқығаннан кейін Комитеттің қасында Партия тарихы институтына кіші ғылыми қызметкерлікке ауыстырылады. Осы институтта жүргенде Т.Кәкішұлы көптеген архивтік деректер негізінде қызықты да тартымды мақалалар жазатын. Соның арқасында өзінің негізгі мамандығына ыңғайлана бастады.
Жас кезінен білім алуға құмар болған ол оқу оқудан еш уақытта бас тартпайтын. Оылайша 1958 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасына түсіп, мерзімінен бұрын 1960 жылы Казақ әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі идеялық шығармашылық мәселелері деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап еңбегі ақталды,кейін сол институттың аға ғылыми қызметкері болып тағайындалды. Осы зерттеу еңбегін әрі қарай толықтыра келе, 1962 жылы "Октябрь өркені" атты монографиясын жазып шығады.Бұл туындыда жас ғалым архив беттерін ,қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыдан сөйлетіп,дәуір шындығын ашу үшін ғылыми іздемпаздық жолға түсу кезіндегі өзекті мәселелерін қорытындылады.
Бүгінгі таңда ғұлама ғалымның ғылымдағы ғибратты ғұмырына дейін де әрдайым ұлтжанды кісі болғанына ,ұлт болашағының ертенің ойлап, мыңдаған шәкіртке дәріс берген ұстаз екендігіне,ел болашағы үшін тынбай қазақ әдебиетіне өз еңбегін қосқан көрегендікпен көш басында жүрген санаткер болғандығына да күллі қазақ елінің көзі жетіп отыр. Кешегі кеңес одағы дәуіріндегі саяси идеологияның ғылым, әдебиет пен өнерде жасаған өзекті өзгерістері туралы пайымдаулары да баршылық.
Өз шығармаларынан бөлек өзгенің шығармаларын ескі газет-журналдардан тауып алып, оған жаңа дем беріп қайтадан өмір беру арқылы ғалымның өзіне ғана емес, елге де олжа салғанын сеніммен айта аламын. Менің ойымша, ұстаздың басты мақсаты - әдебиеттің қай кезе - нде,қай тарихта болмасын, ең алдымен, ақыл-парасат,азат ел тұрғысы - нан келу керектігін дәлелдеу болған. Неге десеңіз, қазақ зиялыларының қай-қайсысы да қандай ұран көтерсе де, не істесе де ұлт қамы үшін істеген. Мейлі ол заң болсын, немесе біздің жағдайдағы әдебиет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Ғибратты ғұмыр. Жинақ кітап. З-Ғ.Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы, Ш. Шортанбаев, А. Жүсіпова
Сәбит Мұқанов
Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"
Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси белсенділігі
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
Сан қырлы Серік Қирабаев
Қазақстан кітап сауда жүйесі
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Пәндер