Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
2.2. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымдастырушылық, техникалық,
жылутехникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және басқа да
ережелер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған
шаралар мен критерийлерді белгілейді және міндетті түрде:
– кәсіпорын мен оның бөлімшелерінде еңбектің қорғалуын ұйымдастыруға
жауапты тұлғаларды тағайындауды;
– түрлі жұмыс орындары үшін (кеңсе қызметкерлерін қоса алғанда) қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін;
– қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария мен
өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізу тәртібін;
– қызметкерлердің кәсіби дайындығын, физикалық жай-күйін, денсаулық
жағдайын ескере отырып, іріктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
– кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы мен өндірістік
нысандарды пайдалану ережелері бойынша барлық талаптар мен нұсқаулықтарды
сақтауын бақылауды жүзеге асыруды;
– еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуді;
– құрылыстардың, ғимараттардың, көліктер мен тетіктердің, пайдаланымдағы
басқа да өндірістік нысандардың техникалық күйінің қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігін бақылап, ұдайы тестілеуден өткізуді қарастыруы тиіс.
Еңбекті қорғау жүйесі, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және
саниталық-сауықтыру іс-шараларының 3-5 жылдық кешенді жоспарларын
қарастыруы тиіс. Олар заңнамаға сәйкес, экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарының негізгі бөлігі болып табылады.
Еңбекті қорғаудың мақсаты қызметкерлердің жазатайым жайттарға, апатты
жағдайларға ұшырауы мен кәсіби ауруға шалдығуын азайтуға тырысып, сондай-ақ
еңбектің максималды өнімділігі жағдайында қолайлы жағдайларды қамтамасыз
етіп, денсаулық пен адам өмірі үшін қауіпті әрі зиянды өндірістік
факторларға жол бермеу болып табылады. Қызметкерлерді жарақатқа немесе
кәсіби ауруларға ұшырататын факторлар қауіпті өндірістік факторлар болып
табылады. Оларға мысалы, жылжымалы тетіктер мен қызып тұрған нысандар мен
т.б. жатады. Ауруға шалдықтыратын немесе еңбекке жарамдылық қабілетін
төмендететін, мысалы ауадағы зиянды қоспалар, шуыл, діріл, электр магниттік
сәулелену зиянды факторлар болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімді тексеруден сәтті
өткендер Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында
жарамды болатын белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.
Еңбек кодексінің 15-бабының 25-тармақшасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2011
жылғы28 қарашадағы № 1225 Қаулысымен Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың
бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар)
бекітілді.
Қағидаларға сәйкес, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға
жауапты қызметкерлердің, басқарушы қызметкерлер мен өндірістік ұйым
өкілдерінің тізімі, қауіпсіздік техникасына үйретілетін жұмыстар мен
кәсіптердің тізімі құрылады. Оқыту нысанын жұмыс беруші кәсіп, жұмыс
түріне, өндіріс ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігі жағдайларына қарай
белгілейді.
Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары
мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп кадрларды
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан
және білімін тексеруден етуге міндетті.
Ұйымдарда басшы қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақытылы
өтуiн бақылауды жұмыс берушi осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Жұмысқа қабылданған адамдар жылына кем дегенде бір рет міндетті түрде еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi
ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның
бiлiмiн тексеру жүргiзiледi.
Оқытуды жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi
инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi. Бiлiмді тексеру
нәтижесi емтихан комиссиясының хаттамасымен ресiмделедi.
Жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан
комиссиясы құрылады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан
комиссиясының құрамына тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен
бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi
қоғамдық инспекторы кiредi.
Бiлiмiн тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-
қосымшасына сәйкес куәлiк немесе хаттамадан үзiндi көшiрме берiледi.
Қызметкерге нұсқама беру бойынша жұмыс еңбек шарты жасалғанда жүргізіледі.
Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса
алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, осындай жағдайлардағы
жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері
көрсетілуге тиіс (Еңбек кодексінің 310-бабы). Мұндай жағдайларда жұмыс
істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық
тексеруден өткеннен кейін жүзеге асады. Еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін кәсіби іріктеу үлкен маңызға ие. Оның мақсаты – өндірістік
үдеріске қатысуға физикалық мүмкіндіктері бойынша жарамсыз тұлғаларды
анықтау.
Қызметкер нұсқама беруден өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі. Нұсқама
берудің бірнеше түрі бар: кiрiспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама,
жоспардан тыс, мақсатты (ағымдағы).
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама бiлiмi, осы
кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан
қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, iссапарға
келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен
студенттерге жүргiзiледi. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе бұл мiндеттер ұйым
бұйрығымен жүктелген тұлға жүргiзедi.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика
жүзiнде көрсете отырып, еңбек қауiпсiздiгi стандартының талаптарын, еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi тиiстi қағиданы, нормалар мен
нұсқаулықтарды ескере отырып, әрбiр жұмысшыға жүргiзiледi.
Қайталама нұсқаманы қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді жұмысшының
есіне түсіріп, нақты жағдаяттар мен заңбұзушылықтарды талдау мақсатында кем
дегенде жарты жылда бір рет өткізеді.
Жоспардан тыс нұсқама технологиялық үдеріс өзгерген, қызметкер басқа жұмыс
орнына ауыстырылған, еңбек жағдайы өзгерген, еңбекті ұйымдастыру ережелері
өзгерген, жаңа техника енгізілген, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-
ақ оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде өткізіледі.
Жоспардан тыс нұсқама бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша
қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп
соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгiн бұзған кезде
жүргiзiледi.
Мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамаларды рәсімдеу және қолдану ережелеріне
сәйкес, аса қауіпті жағдайдағы жұмыс өндірісі кезінде жүргізіледі. Наряд-
рұқсатнама – бұл ұйымның жұмысты қауіпсіз өндіруіне жазбаша түрде берген
өкімі. Онда барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен жұмыстың қауіпсіз
жүргізілуіне жауапты тұлғалар көрсетіледі. Осылайша, жұмыс берушінің
жауапты тұлғасы жұмыс бастар алдында бригадаға жұмыс орнындағы қауіпсіздік
шаралары жөнінде нұсқама беруі тиіс.
Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес
бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және
учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргiзiледi, авария,
табиғи және басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресiмделетiн
жұмыстарды жүргiзу кезінде өткізіледі.
Еңбек қауііпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеуде кадр
бөлімі мамандарының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 16 шілдедегі №157-б бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту қағидаларын
басшылыққа алғаны жөн.
Нұсқаулықты әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі,
зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері
(биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен тізбеге сәйкес жұмыс орындарына
жүзеге асырады. Тізбені еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі
немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман мүдделі
құрылымдық бөлімшелердің, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау комитеті мен
қызметкер өкілдерінің қатысуымен жасайды. Нұсқаулықтар, жабдықты жасаушы-
зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамаларында, сондай-ақ кәсіпорынның
технологиялық құжаттамаларында жазылған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс
жағдайларын ескере отырып, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің негізінде
әзірленеді.
Нұсқаулықтың мәтіні аталмыш жұмыс орындалатын төмендегі жағдайларды ескере
отырып, технологиялық үдерістің тізбегіне сәйкес баяндалады:
1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;
2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптары;
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы
тиіс.
Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе
жауапты адаммен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды
адамдармен және ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісуден кейін жұмыс
беруші бекітеді.
Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық
құралдарының көмегiмен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi
бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады.
Қанағаттанарлықсыз бiлiм көрсеткен қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi және
нұсқаманы қайта өтеді.
Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқаманы тiркеу
журналдарын нөмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста,
цех бастығы) қолын қойғызып бередi.
Қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының
нұсқаулықтары мен талаптарын сақтауға, жұмыс уақыты кезінде арнаулы киімді,
арнаулы аяқ киім мен жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ
еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға міндеттенеді.
Қауіптілігі жоғары жұмыстағы қызметкерлер ауысым алдында медициналық
куәландырудан өтеді. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін
кәсіптер тізімі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 Қаулысымен
бекітілген. Тізімге қаралудың жиілігі белгіленген (жұмыс ауысымының алдында
30 минут немесе 1 сағат бұрын) 30 кәсіп түрі енген. Олардың ішінде тұрақты
және тұрақты емес жолаушылар мен жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер
бағдарларында жұмыс істейтін автокөлік құралдарының жүргізушілері, қазандық
операторлары, атом реакторлары мен 220 Вольт және одан да жоғары кернеулі
қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін персонал, жерасты
жұмысшылары, локомотив машинистері мен машинистердің көмекшілері т.б. бар.
Медициналық тексеріп-қаралудан бұлтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын
кәсіпорындардан апатты ескертіп, оның салдарын жою бойынша арнайы
бағдарламалардың қабылдануын талап етеді. Осы мақсатта өнеркәсіптік
қауіпсіздік туралы заң, кәсіпорындарға қажет болған жағдайда апат пен
өндірістегі жағдаяттарды жайылтпай, салдарын жоюға жіберілетін арнайы
қаржылық және материалдық қор құруды ұсынады. Қауіп-қатерді азайту
мақсатында, әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасы мен қорғаныс құралдары
бойынша қағидаларды, нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды қолдануы тиіс.
Кәсіпорынның барлық қызметкерлері, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіретін барлық түйткілді жағдаяттарда жылдам шара қабылдау үшін, апатты
жағдай орын алған кездегі барлық әрекеттер туралы хабардар болуы тиіс.
Жоғары қауіптілікпен байланысты мамандықтар мен жұмыс түрлері бойынша
нұсқаулықты қайта қарау, кем дегенде 3 жылда бір рет жүргізіліп тұруы тиіс.
Нұсқаулық мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:
– заңнамалық келісімдер, мемлекеттік стандарттар және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгергенде;
– жаңа техника мен технология енгізілгенде;
– өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды зерделеудің
нәтижелері бойынша.
Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар
енгізу қажеттігі анықталады.

2.3. Жасалынып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау
1. Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
2. Ғимараттар мен үймереттер деформацияларын анықтау.
3. Жеке конструкциялардың деформациялауын бағалау.
4. Конструкциялардың деффектоскопиясы.
1. Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
Ғимараттар  мен үймереттерді тексеру бұл олардың техникалық жағдайына толық
қанды баға беретін жұмыстар жиынтығының ең негізі болып табылады. Себебі,
тексеру барысында ғимарат және оның жекеленген конструкциясының нақты
көтеру қабілетін және эксплуатациялық жарамдылығын тексеріп қайта
консрукциялау жоба жасауда бірден-бір орын алады. Мұнан басқа тексеру
барысында оптималды конструкцияның жоспарлық шешім жасау технологиялық
өзгерістердіескере отырып, көтеру конструкциялары күштетудің мүмкіндік
тәсілдерін қарастыру еңбек шығынының материалды ресурстарды және уақыт
мерзімін азайтып, қайта конструкциялау жұмысын орындайды.
Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын тексеру әдістері.
Ғимаратар мен үймеретердің құрылыс конструкциясын тексеру үшін арнайы
дайындалған құрал-саймандармен қамтамасыздандырған жоғары инженерлік
техникалық қызметкерлерді жібереді. Тексеру алдында  міндетті түрде ғимарат
туралы толық мәлімет жинауы тиіс, мұнан басқа ғимараттар мен үймереттерді
тексеріп, конструкциялық шешімдерді қабылдау құжаттарды тексеру керек.
Қайта конструкциялау негізгі болып ондағы технологиялық өзгерістер әсер
ететін жүктемелер мен әсерлер немесе қажетті жоспарлау өзгерістер сонымен
қатар қайта конструкцияланатынан кейін жалпы экслуатациялау болып табылады.
Әдетте тексеру жұмысы екі этаптан тұрады: алдын-ала немесе жалпы тексеру,
тиянақты тексеру. Жалпы алғанда конструкцияларды тексеру жұмыс түрінен
тұрады:
-  конструкцияларды алдын-ала көзбен шолып тексеру;
-  техникалық құжаттарды зерттеу, ғимараттардың нақты пайдалану
ерекшеліктерімен және болашақ технологиялық процестерімен, сонымен қатар
эксплуатациялау немесе пайдалану режимімен жүреді;
-  инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-
гидрометрологиялық ізденістер;
-  нақты конструкцияларды тиянақты (бөлшекті) тексеру, өлшеу және бар
ақауларды анықтау;
-  конструкциялық материалдарын талдау мақсатында үлгілердіалу;
-  болашақ әсер және жүктемелерді анықтау;
-  ғимараттар немесе жеке конструкциялар нақты есептік схемасын анықтау
ессептеп тексеру.
Алдын-ала немесе жалпы тексеру оның ішінде көлемдік-жоспарлық және
конструкциялық шешімдер құрылыс инженерлік-геологиялық жағдайда және
пайдалануға тексеру, тиянақты тексеру, тұтас тексеру.
Тексеру үшін қолданылатын аспаптар негізінен екі топқа бөлінеді:
1.  Құрылыс конструкцияларының тірлі пайда болған дифармацияларды ескере
отырып жобалық жағдайға сәйкестігіне арналған приборлар. Бұл мақсат үшін
біз геодезиялық аспаптарды пайдалануға аталған аспаптар көмегімен (Т30П,
Т30, Т2, Т25К, Т302П), онан басқа нивелирлер (Н1, Н35, Н10, Н3, т.б.)
негізгі ғимарат немесе оның жобалық жағдайына сәйкестігін тексереді.
2.  Ғимараттар және конструкциялар дайындарлағ материалдардың беріктігін
және деформациялық жағдайында анықтауға арналған приборлар, әдетте
материалдардың беріктігі оны қиратып немесе қиратпай сынау арқылы
анықталады. Атап айтқанда келесі механикалық аспаптар вибро маркалар сағат
типті индекаторлар немесе өлшегіштер, конструкция амплетудасын өлшегіш
аспап конструкциясында пайда болатын жарық шақтарды МПБ-2, МПБ-3, МИР-2.
Мұнан басқа түрлі деформациялық өлшегіш аспаптар. Арматураның қорғау
қабатын және арматураның диаметрін анықттайтын приборлар ИЗС-2, ИЗС-10
аспабы, ультро дыбысты аспаптар, қошқаровтың этолонды балғасы. Ғимарат жйне
оның конструкцияларын диагностикалау түрлері.
2. Ғимараттар мен үймереттер деформацияларын анықтау.
Деформацияларды орын ауыстыру негізінен арнайы аспаптар көмегімен
анықталады. Деформация жалпы болып бөлінеді. Мұнда тұтас ғимарат және оның
конструкцияларының орын ауыстырып, деформацияланады.  Жергілікті
деформациялар мұнда орын ауыстыру, майысу, бұрылу тек бір конструкциямен
шектеледі. Жалпы деформация пайда болу негізінде ғимараттың негізгі бір
келкі шөкпеуі салдарынан туындайды. Аталған ақау (орын ауыстыру) ғимаратты
пайдалану барысында  оның негізінен көтеру қабылеті дұрыс емесанықталғанан
немесе жобада көрсетілгендей нормальді жағдайда пайдалануда пайда болады.
Әдетте бұл ақау гидро-геологиялық жағдайынан шөккіш топырақ суланудан,
сонымен қатар сумен және жылумен жүйесін қамтамасыз етілуінен туындайды.
Ғимарат және оның конструкциялық шөгуін қисаюын, жылжуын өлшеу мақсатында
инженерлік геодезиялық тәсілдер қолданылады. Ғимараттар мен үймереттер шөгу
материалдары белгілеу және олар тірек реперлері деп аталады. Аталған
реперлер ғимараттын 30-120 метр қашықтыққа орналасады және олардың негізгі
практикалық тұрғыдан сығылатын топырақтан болу тиіс шөгу маркалары ғимарат
периметрі  бойынша іргетастарға орналастырлады, материал майлы сыр
көмегімен ұстынға жазылады.
3. Жеке конструкциялардың деформациялауын бағалау.
Жеке конструкциялардың жергілікті деформациялануы болып оның майысуы және
түрлі жазықтықта бұрылуы болып табылады. Осы орайды аталған
деформациялардың пайда болуы міндетті түрде ескерілуі тиіс, бірақ бұл
көрсеткіштер мәні майысуы бұру бұрышы, оның шектік мәнінен аспауы тиіс. Әр
бір конструкцияға оны ғимарат құрамына жұмыс істеуіне байланысты. Жобалау
нормалары бойынша шектік мәндері анықталады.
Әдетте конструкцияларының иілуіне салыстырмалы түрде анықталады. Майысуды
анықтау үшін геометриялық немесе гидростатикалық невелирлеу әдісі
қолданылады.
Геометриялық невелирлеу зерттелетін конструкциялауға топсалы түрде іліп
немесе конструкцияларға вертикальды орнатып невелир және рейка көмегімен
жұмыстарды атқарамыз.
Гидравликалық (гидростатикалық нивелирлер) иін өлшеуіш, базалық өлшеуіш
шыны трубкалардан өз-ара ризанка шлангамен жалғау арқылы шығарылады. Демек
гидростатикалық невелирлеу өз-ара байланыстырылған құбырлар негізінде
жасалынған.
Гидравликалық  нивелирлеу геометриялық нивелирлеуге қарағанда дәлірек
пайдалануы оңай үлкен бос кеңістікті қажет етпейді.сонымен қатар орналасқан
бөлмелердегі нүктелерді салыстыру мүмкіндігі бар.
4. Конструкциялардың деффектоскопиясы.
Құрылыс материалдарының және түрлі конструкцияларының ақауларын анықтауда
деффектоскопия қолданылады. Болу мүмкін ақаулар микро және макро
жарықшақтар, бос қуыстар, материалдарға қатнасы жоқ бөлшектер, т.б. Демек,
деффектоскопия әдісімен бетон қабатын алмастан арматураның орнуғу үшін
(темірбетон конструкциялары үшін) сонымен қатар қабырға ішінде орналақан
металл конструкцияларының қималарын анықтайға болады.
Бетон немесе болаттан орын алатын ақауларды анықтау үшін ультро дыбысты
деффектоскопия әдістері қолданылады.
Жалпы жүктеме әсерлер. Негіздерді күшейту.
Объектілерді қайта конструкциялауды жобалау барысында болашақ құрылысты
жүргізу ғимараттың ескі ғимараттарға әсері зерттелуі тиіс. Лента тәріздес
және қадалы іргетастар үшін бұл тексеруді келесі жағдайларда жасаудың
қажеті жоқ:
-егер сығындалатын қалыңдық бойынша топырақ орташа серпімділік модулі
ε15МПа және ескі және жаңа ғимараттар іргетастар арасы L0,25Нс, мұндағы Н-
ҚМжЕ 2.02.01-83 бойынша сәйкес сығымдалу қалыңдығының тереңдігі.
-егер жаңа ғимараттың іргетасы тұтас плитадан орындалатын болса, нақты
ғиараттың шөгу есебі жасалынбайды;
-егер ε30МПа және L0,5Нс болса, жаңа құрылыстың нақты ғимаратқа әсерін
жою мақсатымен келесі іс-шаралар қарастырылады:
1) бөлу қабырғалары;
2) иінді іргетастар;
3) жаңа іргетастарды рационалды түрде орнықтыру.
Міндетті түрде жаңа ғимараттар іргетастардың деңгейі нақты ғимараттың
деңгейімен біркелкі болуы керек. Себебі ағын сулар және басқа да түрлі
құбылыстар әсерінен іргетастар шөгуі мүмкін.
Аталған іс-шараларды жасау мүмкіндігі болмаған жағдайдақазаншұңқырларды
жасау алдында онда келесі қорлау жұмыстары, атап айтсақ шпунттар, қадалар
және топырақтағы қабырға атты іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Мұнан басқа
топырақты химиялық әдістермен нығыздауға болады (силикаттау, цементизация
және термиялық күйдіру).
Шатыр бөлу қабырғаларын ауыстыру және күшейту
Ескі тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарды қайта конструкциялау
барысында көбінесе шатыр конструкцияларын толық ауыстыру немесе күшейту
жұмыстары туындайды. Аталған конструкциялардың негізгі көтергіш элементтері
әдетте ағаш болып келеді. Ал қорғау қабаты болаттан, асбестті цементті
шиферден, жазық плиталардан, т.б. орындалады. Егер шатыр конструкциясы
қатты тозғын болса, онда оны ауыстыру темірбетон конструкциясымен
жасалынады. Себебі темірбетон конструкциясынан орындалған шатыр ұзақ мерзім
қызмет етеді, сол себепті оны шатырларды толық ауыстыру барысында
қолданылады. Көтергіш элементтер ретінде темірбетон таврлы стропиллалар
қолданылады. Егер бойлық қабырға (көтергіш) жоқ болған жағдайда
стропиллалар сыртқы қабырға орнықтырылып, қимасы дөңгелек болат көтергішмен
тартылады.
Шатыр консрукциясын қайта конструкциялау кезінде оған көтергіш және
қорғауыш конструкция ретінде эффективті материал болып армоцементті
қабыршақты кеңістікті конструкциялар қолданылады. Мұнан басқа аралығы 8,85,
ені 1,5м армоцементті тавр қималы панельдерде қолданылатын рулон тәріздес
жұмсақ материалдардан орындалған жабындарды дұрыс пайдалану үшін олардың
жұмсақтығын қамтамасыз ету қажет. Оларды қайта конструкциялау кезінде дәл
өзінің құрамына сәйкес смола тәріздес материалмен өңдеу қажет.
Конструкция кемістіктерін жою.
Ғимараттың құрылысы және пайдалану кезінде түрлі кемістіктер және ауытқулар
пайда болуы мүмкін. Әдетте олар ғимараттың пайдаланылуына қауіп
туындырмайды. Бірақ олар ғимараттың ішкі және сыртқы көрінісін нашарлатады.
Ал ұзақ мерзім ол кемістіктерді жоймаса, апатты жағдайға алып келуі мүмкін.
Бетон және темірбетон ұзақ мерзім қызмет ететін материал болып саналады.
Бірақ бұларды материалдар секілді универсалды болып табылмайды. Себебі
созылуы нашар жұмыс істейді және т.б.  Мұнан басқа бетонның жұмыстарды
жасау барысында ақаулар болуы мүмкін. Ал олар өз ретінде пайдалану
барысында түрлі күрделі кемістіктерге алып келіп, ақырында конструкцияның
қирауына мүмкіндік туғызады.
Темірбетон конструкцияларының ең бір осал жері – ол арматураның коррозияға
душар болуы. Темірбетондағы арматураны коррозиядан қорғау кальций
гидроксидімен қамтамасыздандырылады. Ол цемент массасының гидротациялану
жағдайында пайда болады. Бірақ аталған қорғау бетон қабатының тығыздығынан
және оның қалыңдығынан тікелей тәуелді. Жөндеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар
Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері туралы мәлімет
Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Дуальды оқыту туралы шарт
Скважинаның газлифті жабдықтары
Мұнайлы ұңғымаларды пайдалану
Еңбекті қорғау пәні
Химиялық қауіпті заттар бар объектілерде өрттерді сөндіру
Пәндер