Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эссе: Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі

Дайындаған: Құрбанбай Гүлназ

Мамандық: экономика К2

Тексерген: Еділ Бекжан

Мәңгілік елім - Қазақстаным. Көк байрағын ел қатарлы желбіріп, өзгелермен терезең тең болғалы 29 жылдың жүзі болыпты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел болғалы жарық көрген кітаптарында баға жетпес құнды дүниелер жатыр. Ең алдымен «Сындарлы 10 жыл» еңбегіне тоқталып кетсем. Шыныменде сындарлы десе сындарлы болған 10 жыл. Бұл 10 жылда тек Қазақ елі ғана емес, бүкіл әлемге аян түрлі өзгерістер мен жаһандану процесстері, сонымен қатар күллі әлемді дүрбелеңге салған дүниелер болып өтті. Терроризм. Жиһад. Экстремизм. Осы сөздерді естісең тұла бойыңа мұздай су шашып жібергендей болады. Тіпті айтуға ауыз бармайтын сөздер. Себебі көпшілік елең ете қалса, бойларың қорқыныш билейді де жандарын жегідей жейді. Бұл 3 сөз соңғы 10 жылдықта адамзатты жою, құрту жолындағы басты факторлар немесе құралдар болып табылады. Неге дейсіз бе?Өйткені әлемде болып жатырған сұм соғыс пен келеңсіздікке себеп болатын ұлтаралық, халықаралық тіпті адам мен адам арасындағы кикілжіңдердің басты қайнар көзі осылар. Жер анамыздың сан түкпір елінде алуан түрлі дін өкілдері мекен етеді. Біреулері мұсылман болса, біреулері христиан, ал тағы біреулері болса буддист және одан бөлек басқа ірілі - ұсақты сан мыңдаған дін түрлерін ұстанатын ұлт өкілдері бар. Бірақта осы діндердің ішінде ислам дінін өзге дін өкілдері терроризмнің бастауы немесе қайнар көзі, жүрегі деп есептейді екен. Терроризм төрт күл әлем өркениеттеріне жарияланған соғыс. Шыны керек қазіргі таңда әлем өркениеттері арасында болып жатқан шамамен 80% соғыстар, мәселелер, әртүрлі келеңсіз әрекеттердің барлығы дерлік дін үшін(оның ішінде ислам дініндегі экстремизм үшін) . Әсіресе соңғы 10 жыл төңірегінде бұл шырмауыққа біздің еліміздің келешегі жастарымызда ілініп қалып жатыр . Бұл кесапаттан құтылу үшін елбасымыз шығармасында дінде экстремизм жоқ деген қағида ұстанады. Сонымен қатар ол бұл сұм соғысты жеңу үшін әскери күштерді пайдалануды және осы үлкен дүрбелеңнің жапырағын жайған жемістері болған мәселелерді, мысалы, кедейшілік, ұлттардың араздығы және әлем елдері экономикасындағы теріс өзгерістер мен экономиканың құлдырауы проблемаларымен күрестің шешімін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қылып сипаттап көрсетеді . . .

Сонымен қатар өткен күннің өрнектері болып саналатын ел тарихы, адамзат тарихы күллі әлем тарихы қазіргі таңда қызу талқыға салынуда. Кез - келген халық өткенің білмей, болашағына нық қадам баса алмайды дейді. Түбі сонау тереңдікте жатқан теңдесіз сөздер. Біздің ата - бабаларымыз бұл күнге жету үшін қасық қандары, шыбын жандары қалғанша күресіп баққан. Олар көре алмай, жете алмай кеткен мәңгілік елінде ұрпақтары біз өмір сүріп жатырмыз. Мәңгілік ел - біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасыр тоқырауынан бергі баға жетпес асыл арманы. Ол баға жетпес асыл арман - әлемнің сан түрлі елдерімен терезесі тең, керегесі кең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Мінеки бабалардың бұл асыл арманын орындап, біздер 21 ғасыр төрінде ұлан байтақ, ешкімге бағынышты емес, өзгелерден кем емес, барлығымен тең дәрежеде өмір сүріп жатырмыз . . .

Келер күннің шамшырақтарының бірі болып саналатын жаһандану процессі . Жаһандану адамзат тарихы үшін эволюциядағы қуатты әрі теңдесі жоқ объективті жүйелі процесс болып есептеледі. Соның аясында өзгерістерге толы жаңа әлем мен ҒТР ұшыраған жаңа ғасыр күннен - күнге өрісін кең жайып көркею үстінде. Бұл жүйелі процесстен ешбір тірі жан қашып құтыла алмайды, өзгерте де алмайды. Дегенменде кез - келген шамшырақ бір уақытта сөніп оның орнын үнсіз қараңғылық басады. Сол секілді жаһандану тек қана оң өзгерістерге толы ғажап болашаққа себепші ғана болып қоймай, сондай-ақ барша адамзат баласы үшін бұрын - соңды болмаған, біз естімеген жаңа қауіптер де төндіреді. Бұл жағдайдың өзі бір жағынан өркениеттер мен халықтардың оның аяусыз унификациялау процессіне қарсылық көрсетуімен тығыз байланысты болып саналады.

Терроризм, сеператизм, экстремизм, нашақорлық осы жаһанданудың теріс, бірақ болмай қоймайтын бәрімізге мәлім зұлымдыққа толы сұм жақтары . . .

30 - дықты бағындарған Қазақстан. Ел болып, жер болып бұл тарихта ойып тұрып орын алар күннің бастамашысы болайық. Сол үшінде әр қазақ өзі өмір сүріп жатырған байтақ елдің тарихын білсе, атамекенін бар жүрегімен сүйсе, өздерінің істеріне үлкен ыждағатпен қараса, алдарына биік - биік бағындырар белестер қойса, жан - жағынан жетілсе, ел экономикасының дамуына ықпал жасаса біз тіпті үздік - 30дық емес, үздік - 10дыққада кіреміз . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Н. Ә. Назарбаевтың адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz