АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
А.А. Cалаватова
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі, Казталов ауданы
ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.
Ақпараттық технология - ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Мен Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен жұмыс жасай аламын және электрондық оқулық құру білемін.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық - коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу - компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде? деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Өз тәжірибемде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлірінің көтерілуіне жағдай жасадым, интернет олимпиадаларға қатыстырдым, оқушылардың авторлық жұмыстарының сайттарда жариялануына мүмкіндік жасадым. Ғаламторда өзге әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, өз біліктілігімді арттырдым.
Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi ретінде қарауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:
1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;
3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;
4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.
5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді.
Жоғарыда аталғандармен бірге білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, оларды пайдалана отырып оқытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуды білім берудің бір бөлігі ретінде қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы деп білем.
Біздің мектепте мультимедиа кабинетте электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, проектор арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және оқушыларды пәнге қызықтыра алу, мен ең маңызды мақсатқа қойдым.
Ағылшын тілі сабақтарымда өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, түстер, мезгілдер, бөлмелер, т.б.
Сөйлеу жұмыстары :
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Сабағымда АКТ қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:
1. Оқушылар компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік алды. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды екенін түсінді.
2. Оқушылар компьютер арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады екенін білді. Мысалы: мәтіндерді оқыған
3. Білім алуда дұрыс шешім жасай білді, өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырды.
4. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігін алды.
5. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйренді
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашты. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді.
Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нәтиженің құндылығын көрсету емес, білім беру урдісін көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін ақпараттық технологияларды сабақтарымда көбірек қолданамын.
Осы ақпараттық құрал арқылы біршама нәтижелі істерге қол жеткіздім.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы - білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы. Білім баспасы, 1998.
2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.
3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. - Алматы. 2005.
4. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. - Астана. 1997.
5. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция. - Алматы, 2011.
6. "Информатика негіздері" журналы №1, 2010 жыл.
7. Информатика негіздері журналы №4-2008 жыл - Ж. Садыбекова Оқу - тәрбие үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі
8. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС Дайыр Баспа, 2010 ж.
9. Білім технологиялары -2010.-№ 2
10. Қазақстан мектебі -2009. -№7
11. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
12. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
Ақпараттық коммуникациялық технологиясы арқылы инновациялық білім беруді дамыту
Қазіргі кезде қазақстандық білім беруде ақпараттың жылдам даму қарқыны арасында қарамақайшылықтың жайылуы, ақпараттық орта мен динамика мазмұнында белгілі консерватизм арасында сипаттың күрделенуі, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен əдістері болып табылады. Мұның салдарлары жоғары оқу орындарының түлектерінің кəсіби іс-əрекеті сипатталатын əлеуметтік ситуацияда білім беру мəселелері болып табылады. Олардың шешімін табудың бірден бір жолы жоғары білім беру жүйесін студенттердің ақпараттық мəдениетін қалыптасу деңгейінде қамтамасыз етілетін пəндер арқылы, студенттердің қазіргі ақпараттық ортада дұрыс бағдар ұстануды қамтамасыз ететін белгілі бір білім мен біліктерді меңгеруі негізінде жүзеге асыру болып табылады.
2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің тұжырымдамасында жоғары білім берудің негізгі тенденциясының дамуы мамандарды даярлау сапасын арттыруға, инновациялық білім берудің дамуына, білім беру жəне инновациялық технологиялардың жетілуіне алып келеді [1, с. 9]. Осы мəселені шешу үшін тұжырымдамалық жəне нормативтік құжаттар жасалды: Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш жəне орта кəсіби білім беру оқу мекемелерінің ақпараттандыру бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жəне т.б.
Ақпараттық технологиялар түсінігіне талдау жасар болсақ, ол жаңа ақпараттық технологиялар, компьютерлік технологиялар, қазіргі ақпараттық технологиялар жəне т.б. ұғымдары негізінде қолданылымда. Ақпараттық технологиялар түсінігімен байланысты көп көлемдегі синонимдердің болуы ақпараттық технологиялар терминологиясының толық мəні ашылмағанын жəне педагогикалық əдебиеттер мен тəжірибеде негізделмегеніне дəлел болады.
Аталмыш түсініктің пайда болу мен даму анализі Б.Б. Баймуханов [2], Ж.А. Караева [3], Б.К. Тульбасова [4], В.М. Глушков [5] жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.
Мысалы, В.М. Глушков [5] ақпараттық технологияларды ақпаратты өңдеу түсінігімен байланыста түсіндіреді. Қазіргі қоғамда ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы дербес компьютер болып табылатындықтан, көптеген авторлардың пікірінше ақпараттық технологиялар дегеніміз машиналық (ЭЕМ көмегімен) өңдеу, ақпарат беру, тасымалдау технологиясы, пəні жəне өнімі ретінде ақпаратты түсінеді, ал еңбек құралы ретінде ЭЕМ-ді (компьютер) қарастыратын ақпараттық құралдардың бағдарламасын құру деп біледі.
Ал, Н.В. Макарова ақпараттық қоғамға компьютерді кіріктіру мен телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану ақпараттық технологияның дамуының жаңа кезеңін айқындады, нəтижесінде жаңа, компьютерлік немесе қазіргі синоним сөздердің бірін қосу арқылы оның атауының өзгеруіне алып келді. Жаңа сын есімі бұл технологияның эволюциялық сипатын емес новаторлық мағынасын білдіреді жəне ақпараттық технологияны ендірудің новаторлық мағынасы түрлі іс-əрекет мазмұнына елеулі өзгеріс ендіру сипатында қолданылады. Алайда, зерттеушінің ұсынысы бойынша компьютерлік ақпараттық технология ұғымынан гөрі жаңа ұғымын қолдану нақтырақ болар еді, себебі ол құрылымында компьютерді қолдануға негізделген технологияларды ғана емес, басқа да техникалық құралдарға негізделген, əсіресе телекоммуникациямен қамтамасыз ететін құралдарды сипаттайды. Пайда болған Жаңа ақпараттық технология ұғымы біртіндеп жаңа сөзінен айрыла бастады, ақпараттық технология ретінде ЖАТ-ға сіңірілген мағына қолданылды.
Ақпараттық технологиялардың коммуникациялық процестерді ұйымдастыру құралы ретіндегі рөлін Д.М. Джусубалиева, А.Уваров, Г.З. Адильгазинов тағы басқа ғалымдар қарстырған. Сондай-ақ көптеген ғалымдар интерактивті технологиялар ұғымын кеңінен қолданады. Ғалым А. Уваровтың пікірінше, интерактивті технологияларды адамға ықпал ететін жəне тез жауапты қамтамасыз ететін барлық ақпараттық технологияларға қолдануға болады, деген тұжырымын айтады. Оларға электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар, Интернет on-line жəне off-line технологиялар, Chat-кеңес берулер мен Chat-сессиялар жатады. Өзара əрекет адам мен машина арасында (мысалы, ОЖ қолданған кезде), сонымен қатар телекоммуникацияны қолданатын (электронды почта, телеконференция, телемост арқылы ) адамдар арасында жүруі мүмкін. Осы мəселені зерттеуші ғалымдар Н.В. Апатова жəне Д.Ш. Матрос ақпараттық технологиялар құрамында бағдарламалық қамтамасыз ету, эксперттік жүйе, гипермəтін, мультимедия, микроəлемдер, имитациялық оқыту, көрсетілімдер болу керек деп есептейді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ақпараттық технологиялар педагогиканың аспектілерін білім, дағды, икемділік жəне біліктерді қалыптастыруда біршама қажетті мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар білім берудегі электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар мен Internet технологияларда маңызды болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялардың қазіргі кездегі мүмкіндіктерді қолдану қабілеті болашақ оқытушының кəсіптік мəдениетінің элементі мен көрсеткіші болып табылады, алайда білікті маман дайындауды жүзеге асыратын педагогикалық бөлімдерде компьютерлік білім беру ақпараттық мəдениеттің операциялық бөлігін ғана қозғайды жəне педагогикалық дүниетаным құрылымында ақпараттық технологиялардың білімдендіру мүмкіндігі жеткілікті емес.
Ағылшын жəне американдық университеттерде болашақ оқытушыларды компьютерлік дайындаудың пайдалы, прагматикалық сипатының басым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz