Іскерлік қарым-қатынас этикасы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Такырып: Іскерлік қарым-қатынас этикасы

Орындаған: Хажиева А. Д. Тексерген: Тлеубаева А.Т.



Нұр-Сұлтан
2020 жыл
Аннотация: Бұл мақалада іскерлік қарым-қатынастың профессионалдық іс-әрекетте жүзеге асырылатын өзін-өзі ұстау нормалары мен арнайы және әмбебап мінез-құлықтық талаптар мен ережелер жүйесі туралы жазылған. Іскерлік этикет. Бұл басқаларына қарағанда бақылау мен регламентацияға оңайырақ берілетін корпоративтік этикалық кодекстің бөлімі. Сонымен қатар, бұл мақаланы оқи отырып, Сіз мемлекеттік қызметшіге қандай этикалық талаптар қойылатынын білесіз.
Түйін сөздер: Этика, іскерлік қарым-қатынас, қызметші, іскерлік этикет.
Тақырыптың өзектілігі:

Этика - бұл адамдар арасындағы қарым-қатынаста қабылданатын мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормалары. Олар алтын ереже негізінде қалыптасады: мақсатқа басқаларға немесе жалпы қоғамға зиян тигізбестен қол жеткізу. Іскерлік қарым-қатынаста, бұл іскерлік қауымдастықта қабылданған, жұмыстағы адамдардың мінез-құлқын реттейтін стандарттар.
Іскерлік қарым-қатынас этикасы ең алдымен практикалық мақсат болып табылады. Оның сақталуы бүкіл ұжымның және тұтастай алғанда әрбір қызметкердің жұмысын едәуір жеңілдетеді, өйткені жалпы қабылданған ережелерге сай әрекет ету оңай әрі тез болады. Сонымен бірге, іскерлік қарым-қатынас этикасының бес маңызды ережесі бар:

Әрқашан да пунктуальды болу қажет.
Артық сөз айтпаңыз.
Өзіңді ғана ойламай, басқаларында ойла.
Дұрыс киініңіз.
Жақсы тілмен сөйлеп, жазыңыз.

Іскерлік қарым-қатынас этикасы - профессионалдық іс-әрекетте жүзеге асырылатын өзін-өзі ұстау нормалары мен арнайы және әмбебап мінез-құлықтық талаптар жүйесі. Іскерлік қарым-қатынасқа кіреді:

Организацияның сырқы және ішкі саясатының этикалық бағасы;
Организация мүшелерінің моральды принциптері;
Организациядағы моральды климат;
Іскерлік этикет нормалары.
Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары.
Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі қызмет ететін қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.
Талап ету - сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.
Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - мемлекеттік қызметшінің өз беделі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнестегі этикалық нормалар
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы туралы
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Бизнес этикасының ерекшеліктері
Қытай халқымен келіссөздер жүргізу этикасы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы мәлімет
Қазақ этикасының зерттелуі
Қызметтік этикет принциптері
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Бизнес этикасы пәні
Пәндер