Туристік дестинацияны таңдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Туристік макроаймақтағы мінез-құлық мәдениеті пәні бойынша
туристік дестинацияны таңдау тақырыбындағы
ғылыми мақала

Орындағын: РДГБ-11 тобының студенті
Зейнулла Гулнұр
Тексерген: Тлеубаева А.Т

Туристік дестинацияны таңдау
Аннотация. Бұл мақалада туристтердің қарапайым шешім қабылдау процесі, яғни туристік дестинацияны таңдау туралы жазылған. Мақала адам саяхат жасауға аттанғанда дестинацияны қандай факторларға сүйеніп таңдайтыны жайлы. Адам қандай шешім жасамасын, барлығы психологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Ал туристтер бұл тұрғыда сан түрлі топтарға бөлінеді. Және де туристтердің қалауын орындау және оларға барынша қызықты және қолайлы орта қалыптастыру оларды тартып, табысқа әкеледі Сондықтан, еліміздегі туризм саласын дамытудағы басты қадам - адамның туристік дестинацияны таңдау процесін зерттеу екендігі баяндалады. Кейін осы зерттеулерге сүйініп дестинацияны дамыту қарастырылады.
Түйін сөздер: турист, дестинация, таңдау, зерттеулер, фактор, экономика, туризм, инфрақұрылым, бренд.
Тақырыптың өзектілігі.
Туристік нарық өкілдерінің басты мәселелерінің бірі - Туристер не үшін саяхаттайды, олар неліктен және қалай белгілі бір дестинацияны таңдайды?.
Қазіргі туризм индустриясының күрделі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жүйе ретінде қалыптасуы оның субъектілерінің, яғни туристер мен объектілердің - туристік дестинацияның өзара әрекеттесуіне негізделген. Туристік дестинация туристік жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені оны белгілі бір территорияда орналасқан, өндіріс стратегиясының орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық құрылымдарға ие, тиімді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық туристік өнімге бағытталған функционалды элементтер құрайды.
Соңғы уақытта ішкі туризмді дамыту туралы көп айтылуды. Үкімет тарапынан көп күш салынуда. Мұның себебі бар: халықаралық жағдайдың күрделенуі, жалпы шетел сапарларының санының азаюы, қазіргі уақытта әлемдегі жағдай және болашақтың белгісіздігі. Мысалы дәл қазіргі уақытта карантин аяқталғаннан кейін барлық елдердің адамдары өз елдерінде саяхаттап, демалады деген болжамдар бар. Сонымен қатар, шетелдік демалыстардың бағасының күрт көтерілуі, белсенділігі мен сатып алу қабілеті елдің экономикалық тұрақтылығына тікелей байланысты орта деңгейлі адамдардың әмияндарына ауыр соғатын кезекті экономикалық қиындықтар жетерлік. Шетелге сапарға шығу біреуге қымбатқа түссе, біреулер басқа себептермен саяхаттай алмайды. Енді отандық туроператорлар отандық туристік өнімді дамытуға ат салысса, олардың жеке туристік нарығын дамытуға белсенді араласуға негіз бар. Ішкі туризмің негізі қаланған - соңғы жылдары ішкі туризмнің өсу көрсеткіштері өсуде. Бірақ оптимисттік болжамдарға еш негіз жоқ.
Жағдайды терең талдауға және саланы дамыту мүмкіндігін анықтайтын негізгі тұстарға себептер бар. Отанымыза табысты дестинация құру үшін ішкі туризмді дамытуға жан-жақты қарастырылған жол табу қажет. Ал ол үшін туристік дестинацияны таңдау процесін зерттеу маңызды!

Туристік дестинацияны таңдау процесі

Дестинация - бұл жеткілікті кең туристтер тобын тарта алатын, белгілі бір шекаралары бар географиялық территория. Жалпы алғанда дестинация туристтерді қызықтырып, уақытша тұрақтануға тартатын жер, себебі оның турист тұрғын жерінде жоқ өзіндік ерекшеліктері бар. Дестинацияға туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тасымалдау, түнеу, тамақтану, ойын-сауық және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтердің белгілі бір жиынтығы ұсынылатын аумақтар кіреді, себебі бұлар оның сапарының мақсаты болып табылады. Қазіргі таңда ең танымал дестинациялардың қатарына Германия, Италия, Сицилия, Грекия, Жаңа Зеландия, Франция, Оңтүстік Корея сияқты елдер жатады. Туристік дестинацияны таңдаудағы шешуші фактор көрнекті орындар емес, сол шешімді қабылдайтын туристтердің психологиясында болып табылады.
Туристік дестинацияны таңдау мәселесі туризм, экономика және әлеуметтануды қоса, бірнеше пәндердің ғалымдарының назарын аударып, әлемнің табысты экономисттерін зерттеуге кірістірді. XIX ғасырда Горман және Ланкастер есімді экономисттер тұтынушылық өнімдерді әртүрлі сипаттамалары бар пакеттер ретінде қарастыратын сипаттамалық шеңбер құраған сәттен, тұтыну тәртібін зерттеу жаңа дәуірге енді. Көптеген зерттеулердің негізгі тақырыбы - туристтің таңдау жасауына әсер ететін факторлар болып табылады. Шешім қабылдау процесіне оның барлық сатыларында көптеген факторлар әсер етеді - ішкі және сыртқы. Оның үстіне туристердің өзі неліктен шешім қабылдағанын біле бермейді. Сапардағы шешім қабылдау процесіне әлеуетті туристің жеке, мінез-құлық сипаттамалары, баратын жердің сипаттамалары секілді факторлар әсер етеді. Ол факторлар субъективті жане объективті болып бөлінді. Туристтік дестинацияны таңдауды көптеген атрибуттардың үйлесімі ретінде қарастыру пайда болды.
Объективті факторларды зерттеп, 2011 жылы Ву, Чжан және Фудзивара есімді экономисттер туристредің дестинациялық таңдауларын 3 топқа бөлді: "альтернативті-спецификалық" фактор, "ситуациялық" фактор және "шешім қабылдаушы-специфиқалық" фактор. "Альтернативті-спецификалыққа" туризмдегі өзгерімсіз тұрақты факторлар жатады. Мысалы, туристтік саяхаттың құны(яғни ақша) ең маңызды, әрі бірінші факторлық атрибут болып табылады, өйткені саяхаттау жолы, туристтің көңіл көтеруі тіпті тұратын баспанасы ақылы. Егер де туристтік дестинацияның құны көтеріліп, өзі өзгеріссіз қалса, бұл туристтердің келуіне жағымсыз әсер көрсетеді. Туристік дестинацияның дамуына: ол жерге жету жолы, уақыты, құны; ол жерде ұсынылатын туристік ресурстар және атракциондар; тіпті халық арасындағы атақ-абыройы әсер етеді. Қарапайым Эйфель мұнарасының танымалдығы оның жасап келе жатқан уақытына қарамастан мүлдем кемімеуде. Себеп ретінде жоғарыда аталған мысалдармен салыстуды келтіруге болады. Келесі "ситуациялық факторға" уақытша атрибуттар жатады: ауа-райы қалпы және климат жағдайлары, елдегі политикалық және экономикалық жағдайлар және тағы да басқа. Туристтің таңдауы әлбетте оған қауіпсіз, әрі жағымды жерге түседі. Үшінші "шешім қабылдаушы-специфиқалық" фактор - туристтің характеристикалық сипаттамаларынан туындайтын атрибуттар жиыны. Олар адамның индивидуалды пікірінен және белгілі бір көлемдегі топтардың пікіріне тәуелді бола алады. Мысалы туристтің таңдауында туристік дестинациянының географиялық орналасуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, демографиялық жағдайы, тұрғындардың ұлты, гендері, жасы немесе религиясына көз-қарасы шешуші болып келеді.
Ендігі субъективті факторларға келетін болсақ, бұл туристтің тұлға ретіндегі ішкі сезімдері және қалауларының жиыны. Адамдарды ұқсастықтары бойынша топтастыру үрдісі жылдар бойы зерттеліп, көптеген өзгерістерден өтті. Себебі заман өзгерісімен қоса адамның қалауларыда өзгеріске ұшырайды. Соңғылардың және белгілі зерттеулердің бірі 2004 жылғы Гретцель, Мицче, Хванг және Фесенмайер есімді экономисттердің зерттеулерінде 12 турист тұлғасын қалыптастыруы. Мұндай туристік тұлғаларға мәдениет іздеуші - әлем халықтарының мәдениетін зерттегенді ұнататын адам; қала аралаушы - жаңа заманғы қалалардың көркіне ғашық адам; көрікті жерлерді іздеуші - мекеннің көрікті жерлерін(русс. достопримечательности) тамашалағанды ұнататын адам; отбасылық адам - отбасымен саяхаттауға ыңғайлы жерлерді іздейтін адам; жағажайдағы жалқау - әлемнін жағажайларын сүйетін адам; ісіне берік спортшы - тек қана спорттық мақсаттармен саяхаттайтын адам; шоппинг акуласы - атақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны
Туристік дестинация
Туристік ресурстарды дамыту туралы
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Технологияның туризм маркетингіне әсері
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Туризмнің экономикалық қызметтері
Пәндер