НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы жеке бизнес туралы түсінік
Бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға.
Бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі.
Дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.
Жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау - мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi.
Жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттiк органдардың тануы.
Кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік органдар жүзеге асыратын тексерулерге қолданылады.
Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
* жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
* кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
* жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
* Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
* жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) көбеюін растайтын есептеу нәтижелерін міндетті түрде қамтуға тиіс.
Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік органдар белгілеген мерзімде мыналар:
* республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
* облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық бірлестіктердің филиалдары;
* қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктердің
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:
- шағын кәсіпкерлік субъектілері;
- орта кәсіпкерлік субъектілері;
- ірі кәсіпкерлік субъектілері жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Мыналарды:
* есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
* акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
* лотереялар өткізуді;
* ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
* мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
* радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
* банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
* аудиторлық қызметті;
* бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтi;
кредиттiк бюролардың қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Белгіленген шарттардың бірі артық болып кеткен жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Дара кәсіпкерлік
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.
Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.
Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.
Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.
Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.
Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын дербес белгілеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;
6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік
есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік
жасау тәртібi.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жасауы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.
1.2 Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауы
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді.
Шағын кәсіпкерлік туралы ҚРЗ-на сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік шаралар кешені, ал жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы - шағын кәсіпкерлік қызмет етудің және дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешені [18].
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
а) шағын кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі заңдарды жетілдіру;
ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру;
б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
в) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік органдар қарамағында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру жолдармен жүргізілетінін анықтайды;
г) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қаржылық институттарын құру;
ғ) кәсіпкерлік - инкубатор және индустриалдық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
д) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату [19].
Бүгінгі күнде шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында түрлі институттар бар. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдері шағын кәсіпкерлікті қолдаудың сараланып дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тұрақтануын және қалыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары құрылған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге асырылады:
oo қаржылық көмек көрсету;
oo шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ұйымдастыру;
oo кәсіпкерлік-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;
oo ШКС бір жылдан астам уақытта қолданбаған мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға немесе жалға беру;
oo ШКС ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен келісімге отырғаннан кейін бір жылдан астам уақыттан соң өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыруға сенімді басқаруға немесе жалға берілген объектілерді қайтарымсыз негізде беру.
Берілген шарттар сауда-делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне таратылмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мына жолдармен жүзеге асырылады:
а) мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарлардың (жұмыс, қызмет) көлемін кепілді сатып алу. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыс, қызмет) номенклатурасы, олардың көлемін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
ә) екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруді ұйымдастыру;
экономика салаларында әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
б) арнайы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;
в) бюджеттік қаражаттар есебінен займдар беру.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:
Табыстылықтың және өсімнің кепілі ретінде жеке меншікті қорғау. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншік институты кәсіпкерлері кез-келген табыс алуды емес, алдағы уақытта өндірістің дамуы туралы ойлайды.
Кәсіпкерлікке толықтай қолдау жасау саясатын жүргізу. Бұл саясат кәсіпкерлікті мемлекеттік даму бағдарламасы етіп жариялауды, кәсіпорын ашудың еркіндігін беруді, өндірістік қызметтің еркіндігін, жарғылық капитал талаптарына шек қоюды мәлімдейді.
Импорттық тауарларға эмбарго жариялау. Отандық тауар өндірушіні қорғау үшін, импорттық тауарларға эмбарго жарияланып жатыр. Елге тамақ өнімдерінен бастап, машиналар мен механизмдерге дейін барлық тауарларды әкелген кезде американдық кәсіпкерлерді қорғау үшін осындай шаралар қолданылды. Өз кезінде осындай саясат отандық кәсіпкерлерді сыртқы бәсекеден қорғауға, айналымдарын өсіріп алып, соңынан шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге мүмкіндік берді.
Салықтық тарифтерді төмендету. Егер салықтар деңгейі теңгерімдік табыстан артық болса (45-50 %), бюджетке түсім көлемінің өсуі әуелі тоқтап, кейіннен төмендей бастайтыны белгілі: кәсіпкерлер салық төлеуді доғарады, бұл салықтық базаның қысқаруына әкеледі. Бұл эффект Лаффер қисығы деп аталады және ТМД елдерінде де, біздің елде де байқалады.
Банктік жүйедегі өзгерістер. Кәсіпкерлікті дамытудағы қиын мәселелердің бірі фирмаларды қаржылық қамтамасыз ету. Бастапқы кезеңде, кәсіпкерлердің қолында қаражат жоқ кезінде банктік несиелер қаржыландырудың жалғыз шешімі болып табылады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, несиелендіру мерзімін ұзарту кәсіпкерлік белсенділік танытудың маңызды факторы болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту - қаржыландырудың екінші көзі, нақты инвестициялар түрінде ғана емес, технология, "ноу-хау" түрінде көмек алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын, корпорация құру, акция шығару тәртіптемесін жеңілдету. Шектеулі жауапкершілік механизмін енгізу кәсіпкерлік қызметті белсендендіреді. Кәсіпорынды тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, анықтамалар, талаптар санын қысқарту уақытты үнемдеп қана қоймай, кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құру процесіне қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бағдарламаларда шағын кәсіпкерлікті қолдаудың екі түрі бөліп көрсетіледі - негізгі және қамтамасыз ететін. Негізгі бағдарламалардың мақсаты - кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға сәйкес кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға, ресурстардың қажетті түрлерімен (материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық) қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Жаңа құрылып жатқан кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты көп еңбекті, мемлекеттік қызмет тарапынан көп ұйымдастырушылық күштерді жұмылдыруды талап етеді, ол келесі 6 бағыт бойынша топтастырылуы мүмкін:
- шағын кәсіпорындарға көмек көрсету;
- шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;
- кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін (менеджментін) құруда көмек көрсету;
- шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау;
- кәсіпкерлік белсенділікті тиісті салық салу жүйесімен және басқа да реттеу механизмімен ынталандыру;
- қоғамда кәсіпкерлік климат орнату.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызмет құру, дамытуға қолайлы жағдай туғызатын шаралар кешенін сипаттайды. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар қатарына мемлекеттік және мемлекеттің тарапынан құрылған ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетел ұйымдары, коммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы төмендегідей анықталады: кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі, және дамуы кезінде мемлекеттік жәрдем беру және қолдау, қаржылық көмек, ақпараттық-сараптамалық көмек, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыруда материалдық-техникалық көмек көрсету.
1-суретте ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының жүйесі берілген.
Мемлекеттік институттар жүйесі Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық Уәкілетті мемлекеттік орган - ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Қала және облыс әкімдіктері жанындағы департаменттерден тұрады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік емес институттарының жүйесіне кәсіпкерлердің өңірлік және салалық қоғамдық бірлестіктері кәсіпкерлік инкубаторлар мен технологиялық парктер кіреді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы институттар жүйесі
Уәкілетті мемлекеттік органдар
Республикалық Кәсіпкерлік тәжірибені оқыту орталығы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Өңірлік уәкілетті орган
Мемлекеттік емес институттар
Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері
Кәсіпкерлердің салалық қоғамдық бірлестіктері
Кәсіпкерлердің өңірлік қоғамдық бірлестіктері
Арнайы инфрақұрылым объектілері
Кәсіпкерлік инкубаторлар
Технологиялық парктер
Мемлекеттік институттар
Ескерту - Отандық әдебиетке шолу жасау негізінде автор құрастырған
1-сурет - Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы институттар жүйесі
Елдегі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі - облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімдіктердің жанынан Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттер (басқармалар) құрылған, олардың құрамына кәсіпкерлік бөлімдер кіреді. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттері өздерінің құзыры шегінде шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға уәкілетті. Шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тізбесіндегі соңғы буыны - республиканың қала және аудан әкімдері аппараттары болып табылатын аумақтық атқарушы органдар, олардың құрамындағы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері және экономика және қаржы бөлімдері кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті.
Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу және резидентпен қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет әкімдер аппараттары қарамағында кәсіпкерлік істері жөнінде комиссиялар құру арқылы кәсіпкерлермен кері байланыс орнату сызбанұсқасын әзірлеген және жүзеге асырған.
Кәсіпкерлермен осындай кері байланысты орталық атқарушы органдар деңгейінде құру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағында Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Президент қарамағындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік істер жөніндегі қауымдастықтар мен Комиссиялардан түскен ақпаратты жинақтау және өңдеу және кәсіпкерлік даму жолында кездесетін кедергілерді жою мақсатында Президентке, Парламентке, Үкіметке нақты ұсыныстар жасау үшін құрылған. Қолдаудың барлық нысандары мемлекетпен атқарушы органдар арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен, сонымен қатар мемлекеттің қатысуымен әдейі құрылған ұйымдар арқылы да жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасына байланысты Үкіметтің алдына әкімшілік тосқауылдарды жою және кәсіпкерлік-климатты жақсарту бойынша міндеттер тұр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін ғана қамтып қоймай, басқару аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруды көздейтін әкімшілік реформа жүргізілуде, ол мемлекетке тән емес функциялар мен активтерді бәсекелестік ортаға тапсыру жолымен кәсіпкерлік қызметтің әкімшілік тосқауылдарына кедергі болу мақсатын жүзеге асырады. Осы тұжырымдамалық ережелер Қазақстан-2030 стратегиясында, кейіннен әкімшілік тосқауылдарға жалпы, сонымен қатар нақты бағдар беретін, сондай-ақ оларды жеңудің мүмкін болар жолдарын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында көрініс тапты.
Сонымен, қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызметке әкімшілік жүктемені төмендетуді мемлекет үш бағытта жүзеге асырады: бірінші бағыт жеке кәсіпкерлік субьектісін (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, тәртіп бойынша ЖШС, ШҚ және т.б.) - тіркеу, лицензиялау, аккредитациялау. Екіншісі - кәсіпорынның өнім нарығына қол жетімділікті ұйымдастыруға байланысты (сай келуін дәлелдеу, сертификаттау). Үшінші бағыт - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне және нарықтағы өнім айналымын бақылау жасау [20].
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айланысуға лицензия берумен (тоқтата тұру, алып қою) және лицензия беретін органдардың кәсіпкерлердің лицензияланған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде тиісті лицензиялық талаптарды және жағдайларды сақтауын бақылауға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау болып табылады.
Лицензиялау туралы ҚРЗ лицензияланатын қызметтің 100 түрі және 249 қосалқы түрі анықталған [36].
Бұрын қолданыста болған 1995 жылғы Лицензиялау туралы заңға бірнеше рет өзгертулер енгізілгенін атап өту қажет, бірақ ол қойылған стратегиялық міндеттерге толықтай жауап берген жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа басылымда шешім жүйелерін ары қарай жетілдіру, кәсіпкерлік жүргізу тәртіптемелерін оңайлату жөнінде лицензиялау туралы заң қабылданған болатын.
Экономика және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz