Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандық________________

Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері

Орындаған:
Әбутәліп А.Е
Ғылыми жетекші:
Саметова Ф.Т
Тәжірбие жетекшісі:
Апендиев Т.А

Зав.каф.
__________________

Алматы, 2020__
Мазмұны

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәдениетаралық қарым-қатынас дамыған заманда білім мен дағдыларды жетілдіре отырып болашақ аудармашы ретінде аударма кезінде қателіктерді болдырмау. Мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту. Қазіргі уақытта аударманың сапасы басты назарда, сол себебті сапалы аударма жасау. Лингвомәдени мәселерді шешу ғалымдар үшін өзекті болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қандайда бір ғылым саласын зерттеу қиындық туғызады, себебі бұндай зерттеу жұмыстары әртүрлі бағыттарда және ойларды қамтыйды. Осы зерттеу жұмысының мақсаты ол:
- Академиялық дискурсты аударудағы лингвомәдени мәселерді шешу жолын қарастыру осы негізде бірнеше міндеттерді атқару:
- Дискурс дегеніміз не?;
- Академиялық дискурс дегеніміз не?;
- Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері;
- Мәселенің жағдайын анықтап, зерттеу нысанын қарастыру;
- Академиялық мәтінге анализ жасау;
- Зерттеу жұмысының теориялық бөлімін құрастыру;
- Практикалық бөлімде барлық қосымшаларды пайдалану
Осы кезеңдерді қарастыра отырып қортынды шығару.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы барысында бір қатар мәліметтерге тоқталатын боламыз, атап айтқанда ғалымдардың пікірін негізге ала отырып дискурс ұғымына анықтама береміз және академиялық дискурстың не екенін анықтаймыз және аударма мен мәдениеттің қандай байланысы бар екенін түсіндіруге тырысып көреміз. Практикалық бөлімде мысал ретінде кейбір академиялық мәтіндерді қарастыратын боламыз. Сонымен қатар оларды аудару барысында кездескен лингвомәдени мәселелерге мысал келтіреміз. Академиялық дискурстың теориялық маңызын қарастыра отырып оның лингвистикалық, стилистикалық, грамматикалық қырларын сипаттау.
Зерттеу жұмысының нәтижесі. Мұндағы академиялық дискурс мектеп пен университет сияқты білім беру салаларында білімді қалыптастыруда және осы салалардағы сәйкестікті салыстыруда қолданылатын тілдік құрал ретінде анықталған. Академиялық дискурс білім беру және зерттеу саласында жазба мен сөйлеуді талдау үшін қолданылатын негізгі әдістерге байланысты қарастырылады; атап айтқанда, тіркеуге және жанрға, этнографиялық көзқарастарға, лингвистикалық көзқарастар, сондай-ақ критикалық дискурс пен корпус лингвистикасын талдаудың осы тәсілдеріне әсері. Академиялық дискурсты аударудағы кездескен лингвомәдени мәселерді қарастыра отырып екі тілге тән лингвистикалық, мәдениетаралық, құрымдылық ерекшеліктерді оның теориялық және тәжірбиелік жағынан салғастырла отырып анықталды. Аудармашы үшін қандай әдістер мен тәсілдер қарастырылған және ғалымдардың тәжірибесі мен көзқарастарына назар аудара отырып, академиялық дискурста өзін-өзі аудару мәселесіне арналған.
Алынған нәтижелер аудармашыларда кездесетін негізгі мәселелерге тереңірек енеді және қарама-қайшылықты, мәдениаралық және педагогикалық мақсаттар үшін өздігінен аударылған академиялық мәтіндердің әлеуетін көрсетеді.
Ғылыми аударма - бұл ғылыми мәтіндердің аудармасы, сондықтан арнайы білім қажет болады. Бұл мәтіндер бастапқы және мақсатты тілдерді терең білуді, сонымен қатар тақырыпты дұрыс түсінуді талап етеді. Ғылыми аудармашылар көбінесе медицина, биология немесе химия сияқты салаларға маманданған тіл мамандары даярлайды. Кейде олар өздерінің білім саласындағы мәтіндерді аудару үшін пайдаланатын тіл білімінің жоғары деңгейін дамыған ғалымдар. Бұл жағдайда лингвисттер мен пән мамандары арасындағы ынтымақтастық кең таралған. Бұл зерттеу жұмысында біз сізге аударманың ең жақсы ғылыми әдістерін айтып береміз.

1. Дискурс

Дискурс дегеніміз не? деген сұраққа жауап беруге тырысып көрсек. Жалпы тіл білімінде дискурс сөйлеу деп қана айтылуы мүмкін, бірақ ғалымдар үшін бұдан да көп мағына береді. Дискурс қарым-қатынастың барлық қырын қамтиды. Ең алғаш дискурс терминін француз философы және әлеуметтанушы Мишел Фуко қолданысқа еңгізді. Француз тілінде discurs - сөйлеу деген мағына береді.[2] Дискурс сан түрлі анықтамаларға ие көпшілігі дискурсты тек мәтін ретінде қарастырады, осы бағыттағы маңызды ғалымдар Лили Чулиариаки, Норман Фэйркле, Теун ван Дейк, Юргин Линк, т.б.[3]
Сонғы он жылда дискурс термині лингвистикалық ортада жиі қолданылып жүр. Осы ұғымның анықтамасы күрделі болғандықтан ғылым саласында кең қолданысқа ие мысалы лингвистика, антропология, лингвомәдениеттану, әлеуметтану, т.б ортада. Дискурс - сөзі бізге лингвистикадағы термин ретінде ХХғ. аяғында келе бастады.
Лингвистиканың дамыуы кезеңінде дискурс сөзінің мағынасы көптеген өзгерістерге ұшырады. Соның ішінде дискурс терминіне бір жалпы анықтама беріп кетсек: дискурс- бұл сөздер және сөйлемдердің бірігіп ауызша немесе жазбаша нақты бір ойды жеткізуі. Шындап келетін болсақ дискурс терминінің күрделенуіне байланысты тіл білімінде тұрақты анықтама қалыптасқан жоқ. Соған сай бұл ұғым стилистикада, жалпы лингвистикада түрлі анықтамаға ие. Негізінен жалпы мағынасын түсінсеңізде жеткілікті. [4,5]
Дискурс теориясының аясында кем дегенде үш бағытты бөліп көрсетуге болады: постструкторлық, нормативтік-кеңестік және дискурстың сыни-реалистік теориясы. Постструктуристік дискурстың теориясы әдетте белгілі бір қоғамда нақты болып саналатын нәрселер үшін тіл мен коммуникацияның шешуші рөлін талап етеді. Осылайша, егер сөйлеу пәні дискурстық тәжірибенің нәтижесі ретінде қарастырылса, дискурс тек сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде әлеуметтік сипатқа ие болады. Әлеуметтік сала жабық контейнер ретінде емес, қатынастардың ашық, серпінді және гетерогенді аумағы ретінде қабылданады. Витгенштейннің өзіндік ерекшелігі немесе әлеуметтік теориядағы практикалық бұрылыс туралы Сауссюрдің айырмашылығына сүйене отырып, құрылымнан кейінгі дискурс теориясы күш пен білімді де қамтитын тәжірибелер арқылы құрылған шындық пен табиғаттың шартты сипатын ерекше көрсететін шешуші антицессионистік ұстанымды алады. Сол уақыттары алғашқы толқындар байқала бастады, оның ішінде Мишель Фуко және Мишель Пескот Францияда дискурсивті зерттеу жүргізуге көмектесті, екінші толқын (француз) теориясы континенталды ойшылдар алу нәтижесінде пайда болды. (б.а. негізінен Франциядан, мысалы, Мишель Фуко, Жак Деррида, Жак Лакан, Луи Алтуссер, Джилес Делеузе, Феликс Гуаттари және аз дәрежеде Германиядан Фридрих Ницше, Вальтер Бенджамин, Мартин Хайдеггер, Теодор У Адолно) Англия-Америка әлемінде, мәдениеттанудың дамуына ықпал етті.[5] Нормативті-кеңесші теориялар үшін дискурс дегеніміз - белгілі бір мүдделер мен мақсаттарды көздей отырып, қақтығысты жеңу мақсатында дискурсқа қатысушылардың келісімі бойынша келіссөздер. Дискурс осы мағынада, әдетте, бәріне қолайлы және қолайлы деп санайтын қоғамдық ортадағы еркін пікірталасты білдіреді. Осы қабылдау бойынша дискурстың қатысушылары дискурстағы қайшылықты нормалармен келісуі керек. Юрген Хабермас сияқты үшінші буынның сыни теоретиктері ұсынған күшті нормативті-кеңестік дискурс бағдарламасы үшін дискурста белгілі бір коммуникативті заңдар мен нормативті стандарттар бар, ол белгілі бір тұжырымдарды неғұрлым шынайы, ұтымды және қолайлы, кез-келген әлеуметтік немесе қайшылықты оларды жасаушылардың саяси ресурстары. Әлсіз нұсқалар күшті бағдарламаның әмбебаптылығына сыни көзқараспен қарайды және дискурстағы нормативті нүктенің идеясын жоққа шығарады. Олар құндылықтар иерархиясын әлеуметтік және саяси проблемалармен айналысатындардың дискурсивті құрылымы немесе автопоэтикалық жүйеде коммуникативті операциялардың кездейсоқ нәтижесі ретінде қарастырады. Осылайша, Лётард дискурстағы ұтымды келісімді мүмкін емес ете алатын кейбір шешілмеген қайшылықтар мен қарама-қайшылықтарды талап етеді . Бір сөзбен айтқанда, дискурс теориялары көбінесе үш мәселені құрайды: күш, білім және субъективтілік. Тиісінше, дискурс күштік құрылымдармен қалыптасады, бірақ бұл күш құрылымдарын білдіретіндіктен, оларды объективтендіруге және құрастыруға ықпал етеді. Мәнді шығару үшін әлеуметтік белсенділік ретінде дискурс әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардағы білімді қалыптастырады, орнатады және заңдастырады. Дискурс субъективтілікті қалыптастыру үшін өте маңызды, өйткені ол дискурсқа кіретін адамдарға орындар мен позицияларды белгілейді, анықтайды және жасайды.

1.1 Академиялық дискурстың теориялық өзектілігі

Келесі кезеңде дискурстың түрлеріне тоқталып кетсек, қазіргі уақытта ғылыми сипат алған дискурстың түрлері көп, нақты атап айтатын болсақ саяси дискурс, акдемиялық немесе ғылыми дискурс, бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы, көркем әдебиет дискурсы, ғаламтор дискурсы, іскери дискурс т.б.
Осылардың ішінде негізгі өзекті болып отырғаны академиялық дискурс. Академиялық дискурсты басқаша айтсақ ғылыми дискурс екеуі синоним ретінде қарастырылады. Академиялық дискурс бірнеше жанырлар арқылы қарастырсақ болады олар ғылыми мақала, монаграфия, диссертация, конференциядағы ғылыми баяндама, ғылыми-техникалық есеп, реферат, аннатация, тезистер, т.б Академиялық дискур мағынасын қарастыра отырып оның аясы кең екенін байқаймыз. Бүгінде ғылыми байланыс ғаламтор арқылы жүзеге асып жатқанын байқасақ болады. Әлеуметтік желілердегі академиялық қосымшалардың арасынан танымалдыларын айтатын болсақ келесілерді атаймыз:1) электронды форумдар (телеконференция, веб-форумдар, чаттар, т.б); 2) электронды журналдар; 3) порталдар; 4)электронды кітапхана т.б
Осыған сәйкес қазіргі дамыған заманда академиялық қарым-қатынастың жаңа формасы - интернет-конференциялар дамый бастады, олар веб-технология арқылы жүзеге асады. Интернет- конференцияларға ауызша дискурстардың бәрі жатады, конференциялар туралы хабарландыру, тезис немесе мақалардың жиынтығы, электрондық формат бойынша мәтінді құрастыру, мәліметті арнайы сайтқа талқылау үшін жүктеу, тағыда осы сынды әлеуметтік желі қосымшалары. Мысал ретінде қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындары мен мектептерде қолданатын портал желісін айтсақ болады, сондай-ақ онлайн конференция жүргізу үшін Zoom бағдарламасын қолданысқа біртіндеп енгізіп жатыр.
Біз өзге тілде қарым-қытынас жасау үшін(ауызша және жазбаша) мына
бір дискурстың кезеңдеріне назар аударуымыз керек:
- тақырыптық байланысына - мәтіннің құрылымы (монологтық немесе диологтық) белгілі бір тақырыбтың айналасында құрылады;
- жағдаяттылық шартылық - мәтін нақты бір қарым- қатынас жағдайына бағытталады;
- серпімділік - қарым-қатынас жағдайына қарамастан тақырыптың түрлерінің өзгеруі;
- әлеуметтік бағыт - мәтін негізінде маңызды категориялар қарастырылады әлеуметтік статусы, қарым-қатынас рөлі, қарым-қатынас орнықтылығы.
Дискурс шет тілдерін үйрену үшін бірден бір қажетті сала десек қателеспейміз. Шет тілдерін оқыту өзіне көпқырлы құрылымтық жағынан реттелген тілдік бірлікті түсіну және сөйлеу мәнерін дұрыс құра және қабылдай білу. Осы орайда дискурстық негіздер тілдік бірлікті дамытуда, оның деңгейін анықтауда негіз бола алады жәнеде бірнеше қасиеттерді қоса айтады қарым-қатынас құралдарын қолдану, мәтін құрастыру дағдыларын меңгеру. Осылайша қазіргі заман талабына сай жоғарғы оқу орындарында студенттерге академиялық дискурсты меңгеру маңызды болып отыр, себебі қазіргі шет тілдерді үйрену жүйесі бір текті академиялық дискурсты құруға бағытталып отыр. Шет тілдерді меңгеру отандық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асыру маңызды болып отыр. Дискурстық құндылықтар - өзінің кәсіби қызметінің нәтижесін ауызша, соның ішінде көпшілік алдында немесе дискуссия аясында көрсете алу. Біліктілік жұмысына дайындау және оның ауызша презентациясы журналдардағы, газеттердегі ғылыми мақалаларды жасау жұмысымен, диссертация жазумен,т.б тығыз байланысады.
Сонымен, біз академиялық дискурстың негізгі құндылықтарын қарастырдық және академиялық дискурстың дағдыларын меңгеру жаңа оқыту жүйесіне көшуде жоғарғы оқу орындарының студендері үшін қаншалықты маңызды екенін айттық.

2. Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселелері
2.1 Аударма мен мәдениет арасындағы байланыс

Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселелеріне тоқталмас бұрын жалпы аударма мен мәдениет арасындағы байланысты айта кетсек. Аударма ХХғ. ортасында ғылымда жеке сала болып қалыптасты. Дәл осы уақытта көптеген ғалымдар аударманың лингвистикалық мәселеріне көңіл аудара бастады. Бүгінгі таңда жаһандану мен интеграция кезеңінде, халықаралық байланыстардың кеңеюі мен ақпаратпен алмасуна байланысты, бір тілден екінші тілге аудару үрдісіне ғалымдар баса назар аударып отыр. Қазіргі кезде аударманың өзіне тән теориясы, термин жүйесі қалыптасқан ғылым саласы. Аудармада кездесетін қиындықтар ол мәтіннің мағынасын жоғалтып алмай бір тілден екінші тілге жеткізу. Тіл- ұлттық мәдениеттің айнасы болып табылады, ол мәдени құндылықтарды жеткізудің негізгі көзі және қарым-қатынастын басты құралы. Аудармашы әртүрлі ұлт өкілдерінің ақпаратпен алмасуына мүмкіндік туғызады, В. Камисаровтың айтуы бойынша аударма - адамзаттың қиын әрі көп қырлы қасиетінің бірі. Алайда, көпшілігі аударма туралы бір тілден екінші тілге аудару деп қана айтады, шынында олай емес. Әртүрлі мәдениет, адамдар, ойлау жүйесі, салт-дәстүр және әлемдік кикілжіңдер аудармада тоғысады.[9]
Аударманың ең күрделі мәселерінің бірі ол баламасыз лексиканың құрамын айқындау және сол сөздердің семантика-стилистикалық ерекшеліктерін жоғалтып алмай басқа тілге аударудын амал тәсілдерін қарастыру.
Аударма - қиын процесс. Аудармашылар кейбір тәсілдерді, әдістерді, стратегияларды білуі қажет. Аударма кезінде бірнеше кедергілерге ұшырайды олар лексикалық, синтаксистік, грамматикалық құрылымдар жағынан. Негізінен аудармада қиындық туғызатын сөздер тобы ұлттық реалилер, архаизмдер, көнерген сөздер, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, көркем әдеби сөздер, құрмалас сөйлемдер. Аудармашы үшін аударма жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді, неге десеңіз оқырман мен тыңдаушыға ойды дұрыс жеткізу оңай жұмыс емес. Мысалы Інжілді алайық ол қаншама тілге аударылған сол аудару кезінде түрлі өзгерістерге ұшырап соның салдарынан түрлі ағымдар пайда болды, оның бәрі аудармашының аудару кезінде жіберген қателіктерінің салдарынан. Ауышша аударма жазбаша аудармаға қарағанда әлде қайда қиынырақ және көп жауап кершілікті талап етеді, екі мемлекет арасында қандайда бір бітімге келуге немесе маңызды ақпаратты жеткізуге тікелей септігін тигізеді.
Осы салада жұмыс істейтін зерттеушілер академиялық дискурсты аударуға байланысты мәселелерге қызығушылықтың жоқтығын атап өтті. Техникалық және ғылыми аударманың тарихи дамуына шолу жасаған Франко Айксела (2004)[13] бұл аударма дәстүрлі түрде теориялық дискурстарға ескерілмегенін, дегенмен көзқарастың біртіндеп өзгеретінін айтады. Сол сияқты Саруккай (2001: 650)[12] ғылыми мәтіндерді аудару мәселелері ешқашан шешілмейтіндігін айтады. Бұл немқұрайлылық академиялық дискурстың аудармасы тікелей, елеусіз және мүмкін емес деп қабылданды. Алайда бұл қабылдау нақты көріністі көрсетпейді: академиялық дискурс салыстырмалы түрде жиі аударылады. Ағылшын тілді елдерден тыс жерлерде көптеген журналдарда тезистердің кем дегенде екі тілде берілуі талап етіледі, университеттің көптеген кафедралары тезистер мен тезистердің аудармасын талап етеді, кейбір журналдарда сол мақаланың параллель нұсқаларын екі тілде жариялайды, кейбір зерттеушілер өз жұмыстарының ағылшын тіліне аударылуын, тағыда басқа талап етеді. Сонымен қатар, академиялық аударма көп қырлы және терминологиядан бастап жанр мен мәдениетке қатысты келісімдерге дейінгі күрделі мәселелер мен аудармаларды қамтиды.
Академиялық дискурс тұжырымдамасында айқын парадокс бар деген пікір бар: Мауранен атап өткендей, академиялық жазу әмбебап (өйткені ол ғылымның әмбебаптылығынан бастау алады) және сонымен қатар өзгермелі (өйткені ол мәдени айырмашылықтарды көрсетеді). [15] Қарама-қарсы риториканы зерттеу маңызды деп тапты әр түрлі тілдердегі академиялық жазба келісімдеріндегі айырмашылықтар Аударма ісі саласында да осыған ұқсас бақылаулар жасалды. Осылайша, Хорхикс-Раук (2005: 105)[21] өзінің тұжырымдарына сүйене отырып, біздің ғаламдық әлемдегі ғылым дискурсы өзінің мәтіндік құрылымында да, дәйектілігінде де, танымдық процестерінде де өте мәдениетті деп тұжырымдайды.
Аударма академиялық дискурсты таратуда маңызды рөл атқара алады. Алайда, академиялық ортада қолданылатын аударма түрі көбінесе стандартты емес, ішінара аударма, аударманың басқа тілдік медиация түрлерімен үйлесуі немесе өзіндік аударма. Белгілі бір академиялық жанрлардың аудармасын эмпирикалық зерттеу аудармалардың көріну мүмкіндігімен шектелгендіктен, академиялық ортада қолданылатын әртүрлі аударма тәжірибелері зерттелмеген күйінде қалып отыр - атап айтқанда, өзіндік аударма практикасы.
Бұл зерттеу жұмысы ғалымдардың тәжірибесі мен көзқарастарына назар аудара отырып, академиялық дискурста өзін-өзі аудару мәселесіне арналған.

2.2 Аудармашының лингвомәдени құзіреттілігі.

Коммуникативтік байланысуда аудармашы делдалдық қызмет атқаруда мәдени кедергілерге ұшырайды. Коммуникативтік әрекеттесу ұлттық және мәдени құндылықтарды анықтайтын кең спектр. Лингвомәдени құзіреттіліктер өзінің құрылымы жағынан 3 негізгі құзіреттіліктерге бөлінеді : дискурстық дағдылар, стратегиялық дағдылар және риторикалық дағдылар. Аудармашының дискурсивті дағдылары ауышша және коммуникативтік біліктіліктерін үйлестіре алуы. Стратегиялық дағдыларына білімі сонымен қатар есту қабілеті, аударылатын мәтінді құрымдылық- симантикалық жағынан тиімді ұйымдастырылуы. Риторикалық дағдыларға адекватты лингвистикалық құралдарды тиімді пайдалану және сөйлеу актісін тиімді құру. Яғни, осы үш дағдыны біріктіре отырып аудармашы аударманы композициялық, құрымдылық жағынан дұрыс жеткізу. Аудармадағы лингвомәдени мәселелер тілдер арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі, сондай-ақ мәдинеттердің әртүрлігі мен өмрлік ұстанымдары. [13,15]
Қазақ лингвистикасында Ә. Қайдаров, Ж. Манкеева, Н. Уәли, Г. Смағұлова, Э. Оразалиева, Қ. Жаманбаева, Г. Снасапова, Г. Мұратова, М. Күштаева, Ж. Өміржанова, Б. Қазыханова, О. Жұбаева, А.Б. Иргебаева, С. Жапақов, А. Ислам, Б. Ақбердиева, Б. Тілеубердиев, Ш. Ниятова, Ш. Елемесова, Г.Ш. Имашева, Ж. Жампейісова, Ф. Қожахметова т.б. тілшілердің еңбектерінде әр деңгейде әлемнің ұлттық бейнесі, когнитивті лингвистика, ұлттық таным, түйсік мәселелері қарастырылған. Бұл еңбектердің барлығы лингвомәдениеттанымның бүгінгі таңда зерттеу негізінде біршама алға жылжығанын, адамның қоршаған ортасымен арақатынасына қатысты мәселелерді зерделеуге мүмкіндік беретін дербес салаға айналып келе жатқанын айғақтайды. Ендеше, бұл үдеріс лингвомәдениеттанымның басты мақсаты адам мен оның танымы арасындағы байланыс, осы негізде тілдік бірліктердің туындау себептерін түсіндіру екенін дәлелдейді. Аударма кезінде қиындық туғызатын мәселелердің бірі ол сөздердің аударылатын тілде баламасы болмауында. Cөздер, фразалар немесе сөйлемдер мәдениетпен байланыстылығы сонша, негізгі мақсат баламасын табу. Мәдениетке байланысы бар мәтінді мінсіз аудару мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бірақ сондада аудармашы мәтінің мағынасын сақтап қалуы керек.
Дұрыс емес аударма түсініспеушілік немесе тіпті кикілжіңге алып келуі мүмкін. Сол үшін аудармашы өз білімін жетілдіре отырып және лингвомәдени аспектілерді білгені жөн. Оның әр мәдениеттің тілдегі ерекшеліктерін түсінуі маңызды. Төменде сызбада көрсетілгендей мәдениетаралық коммуникацияның лингвистикалық аспектілері болады:

Коммуникациялық стильдер

Мәдени тілдік бірліктер
Дискурстық талдау

Мәдениетаралық коммуникацияың лингвистикалық аспектілері

Кросс-мәдени прагматика

Шет тілдерін оқу және меңгеру

Сөйлеу актілері

Сызба - 1 Мәдениетаралық коммуникацияның лингвистикалық аспектілері

Осы жобаның мақсаты жоғарыда айтылған лингвомәдени аспектілер мен аударманың принціптерін сақтай отырып академиялық дискурсты(мәтін) аудару барысындағы лингвомәдени мәселерді қарастыру болып табылады. Негізінен академиялық мәтіндерді аудару мәселесі ғылымда жақсы қарастырылған. Біздің жұмысымыздың мақсаты академиялық мәтіндегі аударма кезінде қиындық туғызатын сөздер, сөз тіркестеріне аудармада қолданылатын тәсілдерді қолдана отырып анализ жасау. Ғылыми мәтінде тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер кездеспегендіктен аударма жасау аса қатты қиындық туғызбайды, ғылыми мәтіндер термин сөздерге негізделеді. Ғылыми жұмыстарда көркем әдебиетте қолданылатын сөздер сирек кездеседі, мысалы метафоралар, теңеулер, жәнеде басқада көркем сөздер. Ғылыми жұмыстардың авторы осындай көркем сөздерді қолданудан қашқақтайды, себебі ол ғылыми жұмыстың принцептерін бұзбауға тырысады және ойдың дәлдігін, анықтығын жеткізу үшін. Ғылыми мәтінді аудару әрдайым эмоциялардан тәуелсіз болады және ғылыми стильде орындалуы тиіс. Тағы айта кетсек академиялық мәтіндер өзінің объективтігі, фразалардың логикалық жағынан құрылуы, дәлдігі бойынша ерекшеленеді. Cөздік жағынанан қарасақ ғылыми жұмыста тым көп термин сөздер, аудармашы осындай жұмыстарды аудару барысында терминалогиялық сөздіктерге, ғылыми әдістемелерге жүгінеді олар бұрыс аударманы болдыртпайты және екі тілдегі стилистикалық қателіктерге жеткізбейді.Көпшілігі ғылыми мәтіндерді аудару үлкен қиындық туғызбайды дейді,ең басты қиындық термин сөздерді аудару деп түсінеді шын мәнісінде олай емес. Әрине терминдер аудармада бірінші орында тұрады, алайда мақалалар жазу кезінде күрделі құрмалас сөйлемдер де қолданылады. Көп жағдайда аудармашылар аударма машиналарына жүгінеді онымен тез аударылады, алайда оған сенім артуға болмайды.
Бүгінгі таңда электронды сөздіктер, аударма машиналар пайда болды, бірақ қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе ағылшын тілінен қазақ тіліне және басқа шет тілдеріне дұрыс аударатын машиналар, сөздікдер пайда болған жоқ, осы жағдайды ескере отырсақ қазақша мәтіндерді аудару әлдеқайда күрделі.Сол себебті аудармашылар қазақ тіліндегі күрделі сөздердің аудармасын табуға көп уақыттарын жұмсайды. Сондықтан аудармашылар шетелдік аудармашылардың тәсіліне жүгінеді.
Аудармадағы транцформация теориясы бұл түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге трансфармациялау, бұл пікір американдық лингвист Н. Хомсктың идеясына негізделеді. Осы теория американдық теоритиктер Ю. Найда, Б. Каде, В жұмыстары негізінде дамыды. Аудармашы қарастыратын ғылыми мәтіндердің түрлері алуан түрлі. Олар көлемі, материалмен қамтамасыз ету тәсілі және фактілермен, сандармен, есептеулермен ерекшеленеді. Негізгі түрлерін қарастырсақ.
Мақала. Кіші көлемде ол зерттелетін мәселенің бір немесе екі аспектісін қарастырады. Аударылатын ғылыми мәтіннің ең көп таралған түрі. Әртүрлі саладағы зерттеушілер өз жұмыстарын шетелде журналдарда және ғылыми еңбектер жинақтарында жариялайды.
Зерттеу нәтижелері туралы есеп беру. Қолданбалы формат. Бұл тәжірибе, тест немесе басқа практикалық тәжірибемен тікелей байланысты. Көбінесе көптеген формулалар, есептеулер, сызбалар бар.
Монография. Бір брошюрада жинақталған белгілі бір мәселені толық зерттеу. Әдетте үлкен, 100 беттен тұрады. Шетелде жариялау үшін аударылады.
Диссертация. Зерттеу мәтінін тікелей көрсетеді. Ол бірнеше тараудан, формулалар мен есептеулерден тұратын кең практикалық бөліктерден, сонымен қатар тәжірибелер, суреттер мен сызбалардан тұратын қосымшалардан тұруы мүмкін. Ғылыми кеңеске қорғауға беріледі. Шетелдік сарапшылардың қарауына немесе қарсылығына қарсы аударманы талап етеді. Мәтіннің ғылыми категорияға жататындығын бірнеше сипаттамалық белгілер анықтайды:
1. Лексикалық деңгей. Терминдер мен арнайы сөздердің шоғырлануы. Олардың иесі - техникалық тақырыптар бойынша маман жұмысының міндетті бөлігі.
2. Грамматикалық деңгей. Арнайы конструкцияларды қолдану: тұлғасыз және аяқталмаған сөйлемдер.
3.Стилистикалық деңгей. Дәл және қысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американдық саяси дискурс
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Ілеспе аударманың түрлері
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Пәндер