Көгалдандыру ерекшеліктері мен көгалдандыру нысанының жобасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Көгалдандыруды жоспарлауды бастамастан бұрын, сол мекеннің табиғи және климаттық ерекшеліктерін, жер бедерін және оның топографиясын мұқият зерттеу керек. Яғни өсімдік түріне оның өсіп-өнуіне тікелей әсер ететін макро және микро жағдайларын анықтау керек.

Макро жағдайлар-аумақ орналасқан ауданның географиялық орналасуы, климаты, топографиясы, басыңқы желдердің бағыттары және тағы басқалары. Әрине аумақтың климаттық ерекшеліктерін зерттеуі бірнеше жылға созылуы мүмкін, сондықтан көршілердің практикалық тәжірибесіне және ресми мәліметтерге сүйену керек.

Микро жағдайлар дегеніміз-аумақтың өзінің рельефі, топырағының түрлері, желдетілуі, күн сәулелерінің түсуі (жарықтануы), жарық және көлеңкенің қатысы. Аумақтың микро жағдайларын өзің не болмаса кәсіпқой дизайнер зерттеу керек. Сонымен қатар аумақты жобалауға жергілікті және жанұялық салт-дәстүрлері, тұрғындардың жасы, олардың немен щұғылданатыны әсер етеді.

Табиғатпен үйлесімді табу үшін біздің аумақ қоршаған орта ландшафтына сай болып, оның бір бөлігіне айналу керек.

Экологиялық жүйеге биоценоз және кеңістіктің қосындысы жатады. Бұл сауалдармен кәсіпқой маман айналасуы керек. Өйткені орман және бақты сол жұмыстың кәсіпқой маманы күтіп баптамаса олар өсуін тоқтатады.

Сонымен, қорытындылай келсек, жер көлеміне қатысты көп жұмыстар керек, оларды орындау үшін көлемді жобалау материалдарды орындалды. Учаскенің жағдайын бағалау жұмыстарын жүргізу үшін сәулетті жоспарлы жобалау тапсырмасы жасалынады. Осы тапсырма саябақты ұйымдастыру мақсаты, тапсырма беретін мекеменің ұсыныстары.

Бұл құжат ішіне мақсаты кіреді. Сирек кездесетін өсімдіктері алаңшалары түрі құрылымдары белгіленуі тиіс. Осыдан кейін жобаның бірнеше нұсқасы жасалынады. Таңдап алынған нұсқасы бекітілуі тиіс. Ал сол жобаны ары қарай өңделуге алынады.

Жобаны орындау үшін бас жоспар, кәрізделу сүлбесі, топографиялық сүлбесі, тігінен жоспарлау, дендрожоспар жасалынады. Отырғызу және жарықтандыру сүлбесі жасалынуы тиіс.

Бас жоспарында жер аумағының жалпы көрінісі, кәріздену(дренаж) сүлбесі соны құрғату мақсаты үшін жасалынды. Топографиялық сүлбесі-жер бедері көрсетіледі, тігінен жоспарлау сүлбесінде-орындары және аумағы көрсетілді.

Дендрожоспар-отырғызуға қажетті жалпы өсімдіктердің экспликациясы (тізімі) көрсетіледі. Отырғызу сүлбесіне ағаш отырғызу шұңқырларын көрсету керек, оның ішінде шұңқырлардың тереңдігі көрсетіледі, оның орнын толтыратын хорда құнарлы топырағымен толтырылады.

Жарықтың сүлбесі-жарық орналастыратын жердің ағаш пен бұтаның, құрылыстың типін орнын көрсету керек. Нәтижесінде жер аумағын игерудің отырғызу жалпы қаржы қаражат есебі жасалады.

Бақ-саябақ композициясында жылдам - өсетін ағаштар мен бұталарды баяу өсетіндермен қосып отырғызса, қысқа мерзімде әсем құрылымдар пайда болады. Уақыт өте келе баяу өсетіндер, жылдам өсетіндерді (балқарағай мен самырсын, шынар мен жөке) ығыстырып шығарады. Көгалдандырылатын аумақта қысқа мерзімде пайдалану үшін, баяу өсетін үлкен ағаштармен қатар, жылдам өсетін әрі қысқа ғұмыр кешетін өсімдіктерді пайдаланса, уақытша тік жасыл және топтасқан құрылым құрылады. Болашақта ұзақ жасайтындарға ауыстыруға болады.

Жылдам өсетін түрлерді жасыл құрылыста келесідей кеңістіктерді жақсы көркейтуге пайдалануға болады: оларды ағаш тобы мен шоғырының шетіне орналастырса, композицияға кедергі келтірмей, болашақта сол ағаштардың орнын басады. Бұл түрлерді уақытша басты түр ретінде ағаш шоғыры мен пейзажды топтарда (мысалы, терек) пайдалану кезінде, олар баяу өсіп ұзақ жасайтын түрлерге көлеңке түсіріп, өсуіне кедергі келтірмейтін жерге отырғызады.

Сызбадан басқа жазба түсініктемесі жасалынады. Ағаш пен бұтаның тізімі, сипатын көрсету керек. Бүкіл өсімдіктердің сипаттамасы, жер көлемінің баланстық есебі кіреді.

1 Әдеби шолу

Ашық және жабық тамыр жүйесімен ағаш отырғызудың ерекшеліктері

Ағаштар мен бұталарды жаз мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктері. Жазғы және қысқы мерзімде ағашты ауыстырып отырғызудың басты нәтижесі, көшетті қазып алу мен отырғызу аралығындағы уақыттың мүмкіндігінше қысқа болуында. Жазғы және қысқы мерзімде ағашты ауыстырып отырғызуға дайындау кезінде, топырақтарының көлемін 20см артық алу керек. Жазда ірі көшеттерді ауыстырып отырғызуға ыдыстар немесе топырақ шашылмайтын нығыз материалдар пайдалану керек. Ал қыс мезгілінде солтүстік облыстарда көшеттің тамыр топырағы қапталмай, қатып қалған тоң күйінде отырғызыла береді. [1]

Жаз мезгілінде ағаштар мен бұталарды қазып алу кезінде тамыр жүйесі зақымданып, жер асты және жер үсті бөлігінің байланысы үзіледі. Бұл кезде өсімдікке ылғал жетіспейді, жапырақтар сарғайып, түсе бастайды. Сондықтан ағашты ауыстырып отырғызуды жылдамдатып, көгалдандыру нысанына отырғызылған соң бірден жақсылап суарамыз. Діңнің жиегін су тұратындай етіп үйіп, топырағын тегістеп, бетіне шымтезек үгінділерін себеміз.

Тамыр жүйесін тез қалпына келтіру үшін стимуляторлар қолданылады. Бұл тез өсуге арналған стимуляторлар жаңа тамырлардың дамуына ықпал етеді. Транспирация құбылысын баяулату үшін, ағаш отырғызу кезінде бөрікбасының біржылдық өркендерін қысқартып кесіп, арнайы қоспа - антитранспиранттар ( Москвада қолданылады ) бүркіп, бөрікбасын өңдейміз. Антитранспиранттар ағашты қазып алу және тасымалдау барысында, жапырақтың ылғалды буландыру процесін азайтады. Бұл қоспа топырақ ылғалды болған жағдайда (50-60%) ғана жақсы әсер етеді. Бұл қоспаның орнына синтетикалық латекстің судағы ерітіндісі (дисперциясы) ДММА-65-1ГП пайдалануға болады. [2]

Антитранспирация қоспасын орман көшетжайында бүрку алдында дайындайды. Зауыттық препарат синтетикалық латексті таза суға 1:6немесе 1:8 қатынастымөлшермен дайындайды. Дайындалған дисперцияға сұйық сабын немесе сабын концентраты ОП-7 (2-3%-дық ерітінді) қосылады. Қоспаны жақсылап араластырған соң, пайдалануға болады. Орман көшетжайында ағаш және бұталарды тракторларға тіркелген бүріккіштермен өңдейді.

Өсімдіктерді қоспалармен өңдеу мұқият жүргізілуі тиіс. Жапырақтың төменгі және жоғарғы беті қоспамен толық ылғалдануы керек. Өңдегенен кейінгі 3-4 сағаттан соң, жапырақ бетінде жұқа эластикалық қабат пайда болады. Бұл қабат өсімдіктердің суды буландыруын 40-60%-ға азайтады. Өңдегеннен кейін келесі күні ағашты қазып алып, көгалдандыру нысанына апарып отырғызуға болады. Ағашты отырғызған соң жақсылап суарып, топырағын қопсытады. [3]

Жапырақтағы антитранспирант қабаты 20-25 күнге дейін сақталады. Ал оның суды буландыруды азайту қасиеті 15-18 күнге дейін әсер етеді. Бұл өсімдіктің жаңа ортада тез тамырлануына әсер етеді. Сонымен бірге өсімдіктің жапырағы зақымдалмай, өзінің сәндік қасиетін сақтайды.

Ауыстырып отырғызу кезінде антитранспиранттарды жақсы көтеретін ағаштар: ұсақ жапырақты жөке, үшкір жапырақты үйеңкі, атбас талшын, виргиндік мойыл, ұшқат, тобылғы, чубушник және т. б. [4]

Жаз мезгіліндеағаштар мен бұталарды отырғызу жұмысында, өсімдіктің физиологиялық жағдайына, биологиялық ерекшелігіне, ауа-райы жағдайы мен уақыт мезгілін ескеру қажет. Зерттеу нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей, жаз мезгілінде ағаш отырғызудың 3 кезеңі бар:

1-ші кезең -мамыр айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кез ағаштар мен бұталардың өркендері мен тамырлары жақсы өсетін уақыт. Ауыстырып отырғызғанда өсімдік әлсірейді, бірақ жерсінуі қалыпты деңгейде болады. Отырғызылған өсімдікте жарақатымен күресуге және алдағы келе жатқан қысқа қажетті қоры болады. Бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану міндетті емес. Жас өркендерін аз мөлшерде кесу керек. Ең бастысы - ағашты отырғызғаннан кейін жиі-жиі суару керек. [5]

2-ші кезең -маусым айының ортасы мен шілде айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кезде ағаштар мен бұталардың өсуі тоқтайды. Қысқа қажетті қорлар қалыптасып жиналады. Метеорологиялық факторлар қолайлы (ауа жоғарғы температурада, төмен салыстырмалы ылғалдылық) болып, өсімдіктің жерсінуі ең төменгі нәтижеде болады. Зерттеу нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей, бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану керек. Өйткені қоспаны пайдалану кезінде өсімдікте ылғал сақталып, жерсіну деңгейі артады.

3-ші кезең -тамыз айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кезде ағаштар мен бұталарда жаңа жасушалар түзіліп, тамырда қысқа қажетті қорлар жиналып болады. Тамырдың өсуі артады. Әсіресе бұл құбылыс тамыз айының соңында байқалады. Бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану міндетті емес. Антитранспиранттарды пайдалану тамыз айының бірінші жартысында тиімді болып келеді. [6]

Жаз мезгіліндеағаштар мен бұталарды отырғызу жұмысында антитранс-пиранттарды пайдаланып, жүйелі дұрыс суараса ғана өсімдіктің әсемденуі орын алады.

Ағаштар мен бұталарды қыс мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктері. Қысқы уақытта экономикалық тұрғыда ірі көшеттерді (жасы 12-16, 17-20жыл) ауыстырып отырғызу тиімді. Жас тікпелерді топырағымен қыста орман көшетжайынан ауыстырып отырғызу жүргізілмейді.

Қазіргі жасыл құрылыста қыс мезгілінде ағаштар ауыстырып отырғызудың бірнеше тәсілі бар:

1-ші тәсіл -күзде (қазан және қараша айында), қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын қазылып дайындалады. Қазылған шұңқырды құрғақ жапырақтармен толтырып, нығыздаймыз. Осы күйінде бар-лық топырақ тереңдігі тоң болғанша қалдырамыз. Топырақ ауа-райы темпера-турасына байланысты желтоқсан және қаңтар айында тоң боп қатады. Топырақ әбден тоң болып қатқан соң ауыстырып отырғызу жұмысын жүргіземіз.

2-ші тәсіл -қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын арнайы машиналармен (ЭТЦ-161) қазылып дайындалады. Сирек жұмысшылар ломмен қазады. Ең тиімдісі күзде ауыстырылып отырғызылатын ағаштың шұңқырын қазып қою керек. Отырғызу жұмысын ауа температурасы -12-15 0 С болғанда жүргізу керек. Топырақ түбін, машинаға тиегенде қиын болмас үшін қазып қою керек. [7]

Қыста ауыстырылып отырғызылатын ағаштың діңнің астыңғы бөлігін қатты аязда үсімес үшін құрғақ шымтезекпен немесе жапырақтармен 15-20см етіп көміп қояды. Ағаш діңін аязда үсікке ұрынбау үшін мүшек немесе матамен орап қояды. Арнайы қоймаларда сақталған құнарлы топырақтарды, қазылған шұңқырға, ағаш отырғызар алдында әкеп төгеміз. Ағашты отырғызу кезінде көметін топырақта көлемі 15см болатын қатқан топырақтарды аз мөлшерде (20% артық емес) пайдалануға болады. Ағаш отырғызғаннан кейін дің түбін жақсылап нығыздаймыз. Суару жұмыстары көктемде қар еріген соң жүргізіледі. [8]

Қыс мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысы қиын әрі күрделі. Өйткені бұл жұмысшылардың қол еңбегін көп қажет етіп, ауа-райының қолайсыздығына байланысты болады. Жұмыстың күрделілігі мен қиындығына байланысты қыс мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысын 3 мерзімге бөлуге болады:

1-ші мерзім -қараша айының соңы мен желтоқсан айы. Бұл кезде еліміздің көп облыстарында топырақ тоңдануы аз мөлшерде. Қардың қалыңдығы да төмен болады. Сондықтан, ағашты қазып алу мен отырғызу жұмыстары қиынға соқпайды.

2-ші мерзім -қаңтар және ақпан айлары. Бұл мезгілде аяз өте күшті болады. Қардың қалыңдығы да жоғары болғандқтан, оны тазалау үшін техникалар пайдаланылады. Топырақтың тоңдануы терең қабаттарға дейін барады. Ең ауыр жұмыс ағашты топырағымен қазып алу және оны отыр-ғызатын шұңқыр дайындау. Отырғызылатын шұңқыр механизмдермен жүргізі-леді. Қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын арнайы машиналармен (ЭТЦ-161) қазылып дайындалады.

3-ші мерзім -наурыз айы. Бұл айда еліміздің солтүстік облыстарында қар жамылғысының қалыңдығы төмендейді. Ағашты қазып алу кезінде жолдарды тазалайды. Аяз сынып, күн көзі ұзарады. Наурыз айының соңында қар жамылғысы тез ериді. Бұл қазып алынған ағаштың топырағының еруіне әкеп соғады. Сондықтан ағаш отырғызуды наурыз айының бірінші жартысында жүргізген дұрыс. [9]

Қыста отырғызуға төзімді ағаштарға: ұсақ жапырақты жөке, қотыр қайың, кәдімгі шетен, канада терегі, шаған жапырақты үйеңкі, кәдімгі шегіршін, өткір жапырақты үйеңкі және т. б. жатады. Қанағаттанарлық деңгейде көтеретіндерге: тікенекті шырша, сібір балқарағайы, кәдімгі қарағай жатады.

Ең басты назарда қыста отырғызылған өсімдіктің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау шаралары. Қыста отырғызылған ағаштарға ерте көктемде күтім жұмыстарын жүргіземіз. Қыста ағаш түбін үсімеу үшін қармен нығыздап жауып, көктемде тазалаймыз. Көктемде қар ерігенде үстін жапқан шымтезек үгіндісін тазалап, минералдық тыңайтқыштарды себеміз. Әсіресе көшеде отырғызылған көшеттерге күтім жұмысын жақсы жүргізу керек. Дің түбінде жиналған қоқыстар мен химиялық қосындыларды тазартып, тасып әкету керек. Вегетациялық кезең бойы топырақ бетін тазалап тұру қажет. [10]

Топырақ кепкен соң дің түбін су тұратындай етіп үйіп, тіреу қадамен өсімдікті байлаймыз. Қисайса түзулеп шығамыз. Тамыр мойыны топырақтан көтеріліп, тамыр жүйесі ашық болса, қосымша топырақ себеміз. Көктемде көшеттерді барлық тамыр жүйесін қамтитындай жақсылап, жүйелі суарамыз.

Кеш күзде және қыста сәнді және қылқанды ағаштарды отырғызу кезінде барлық талаптарды мұқият сақтау қажет. Аязға төзімсіз түрлердің (жылтыр және жұқа қабықты) дің бөлігін (діңі мен бұтақтарын) мүшекпен қаптап қоямыз. Бұл оларды қысқы қатты аязы мен көктемгі күннің күйдіруінен сақтайды. Қылқанды ағаш түрлерін (туя, арша, самырсын, шырша) көктемгі күннің күйдіруі мен қалың қардан, үскірік аяздан қорғау үшін барлық дің бөлігін мүшекпен немесе тығыз қағазбен орап, сыртын жұмсақ жіппен байлап шығамыз. [11]

Ағаш және бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстары. Ағаштар мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмысы - оларды көгалдандыру нысанына отырғызғаннан соң жерсінуі мен биологиялық тұрақтылығын және эстетикалық қасиетін қамтамасыз ету шараларының жүйесінен тұрады. Бұл жұмыс көшетті өсіру, қазып алу, сақтау, оларды тасымалдау және отырғызу кезеңдерінде де жүргізіледі. Басты мақсат - өсімдіктің жерсінуін қамтамасыз ету және эстетикалық, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келтіру.

Ағаштар мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстары кезінде өсімдіктің биологиясына, шығу тегі мен физиологиялық жағдайын ескеру керек. Қалалық көгалдандыру нысанындағы ағаштар мен бұталар қолайсыз табиғи жағдайда (ғимараттардың көлеңкесінде өскендіктен жарық жетіспейді) өмір сүреді. Өсімдіктің өсуі мен дамуы ауаның және топырақтың жоғары темпера-турасында, ауа ылғалдылығының төменгі дәрежесіндегі қалалық көшелер мен алаңдарда өтеді. Өсімдіктің жапырағы мен өркені ыстық күн астында қызып, осының әсерінен топырақ нығыздалып, топырақтағы аэрациялық және су режимі төмендейді. Бұл жағдайдың бәрі өсімдік тамырының нашар өсуіне, өсу процесінің төмендеуіне, сәндік қасиетінің жоғалуына және өмір сүруінің қысқаруына әкеп соғады. Сондықтан бұл жағдайды жақсарту үшін көгалдан-дыру нысанындағы ағаштар мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстарын - кешенді түрде атқару керек. Ол үшін біріншіден, өсімдіктің биологиялық қасиетін жоғары деңгейде білу, ал екіншіден қолайсыз табиғи жағдайларды есепке алу [12] .

Ағаш және бұталарға отырғызылғаннан кейінгі жүргізілетін күтім жұмыстары. Ағаштар мен бұталарды көгалдандыру нысанындағы тұрақты орынға отырғызумен көгалдандыру жұмыстары аяқталмайды. Оларды отырғызған соң, күтім жұмыстарына бағытталған агротехникалық шаралар өсімдіктің жерсінуі мен дұрыс өсуі мен дамуына жағдай жасауы шарт.

Отырғызғаннан кейінгі бірінші жыл, өсімдік үшін жаңа ортаға бейімделу мен зақымдалған тамырдың қалпына келуі қиынға соғады. Бұл кезде өсімдікті күту барысында, олардың бүлінген тамырлары қалпына келіп, жер бетіндегі бөлігі өсуді бастайды. Өсімдіктің толық қалпына келуі мен жақсы жерсіну мерзімі, олардың биологиялық құрылымына, жағдайына және тікпенің жасына байланысты болады. Мейілінше жылдам жерсінетін бұталы өсімдіктер: олар-дың толық жерсінуі 2-3 жыл шамасында. 6-11 жастағы тікпе ағаштардың толық жерсінуі 3-4 жылға созылады. Ірі көлемдегі ағаштар мен бұталардың толық жерсіну мерзімі 5-6 жылға созылады.

Отырғызылғаннан кейінгі күтім жұмысының саны, олардың отырғызу мерзімі мен табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес жүргізіледі. Барлық жа-ғдайда ағаш отырғызылғаннан кейінгі күтім жұмысы, жүйелі түрде барлық жыл мерзімдерінде жүргізіледі. Оларға: жүйелі ретпен суару, топырақты қопсыту, түптеу, қоректік заттар беру жатады [5] .

Тамыр жүйесінің жақсы дамитын вегетациялық кезеңде, жүйелі суарумен қатар, өсу стимуляторларын енгізу ұсынылады. Оларға: гетероауксин тұзы немесе бета-индолилуксус қышқылы жатады. Гетероауксиндер көбіне таблетка түрінде болады, олардың әрқайсысында 100мг әсер еткіш заттар болады. Оларды топыраққа енгізу үшін әр таблетканы 10литр суға қосады.

Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелер көрсеткендей, стимуляторларды енгізу (литрмен) мөлшері, ол өсімдіктің жасы мен көлеміне байланысты болады:

  • стандартты бұталы тікпелер (3-5жыл) - 10 литр;
  • стандартты ағашты тікпелер (6-11жыл) - 20 литр;
  • орташа ірі ағаштар мен топырақты бұталар:
  • 0, 8 х 0, 8 х 0, 5м немесе Д=0, 8м, h=0, 5м - 30 литр;
  • 1, 0 х 1, 0 х 0, 6м немесе Д=1, 0м, h=0, 6м - 40 литр;
  • 1, 3 х 1, 3 х 0, 6м - 50 литр;
  • 1, 5 х 1, 5 х 0, 65м - 70 литр;

Стимуляторларды көктемде тамыр жүйесінің регенерация процесі алдында енгізген жөн. Стимулятор қоспасы ағашты суарған кейін, тамыр жүйесі орналасқан барлық аумақты қамтитындай етіп, дің түбіне құямыз. Топырағымен отырғызылған көшеттерге қоспа топырақ шетіндегі кесілген тамырларға жететіндей етіп құямыз. Бұл үшін топырақ шетін терең емес қазып, қоспа сол жерге құйылады. Ерітінді топыраққа сіңген соң, топырақ бетін құрғақ шымтезекпен араластырып қопсытамыз.

Келесі өңдеуді 5-6 күнен соң жүргіземіз. Бұл өңдеуді әсіресе әлсіреген өсімдіктерге міндетті түрде жүргізу қажет. Ол көбіне вегетациялық кезеңнің басында, жапырақтың жағдайына қарай анықталады.

Вегетацияның бірінші кезеңінде, өсімдікке ең басты қажеттісі жүйелі түрде суару жұмысы. Бір вегетациялық кезеңде өсімдікті 7-10 рет суару керек.

Көгалдандыру мен ландшафтық дизайнда қолданылатын ағаш және бұталар. Ағаш және бұталар-қалалар мен ауылдарды көгалдандыруда қолданылатын ең басты өсімдік түрлері және көшет материалдары. Оларды таңдау барысында өте мұқият болу керек. Ағаш өсімдіктерінің түрлерінің сан алуандығы мен пішінінің әсемділігі инженерлер мен архитекторларға үлкен көркем жасыл құрылысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ағаш және бұталы өсімдіктер бөрікбасы пішіні мен дің келбетінің, гүлдеуінің және гүлінің пішіні мен түсінің, жемістері, жапырақтары мен өркендерінің әсемдігімен көз тартады. Кейбір ағаш түрлерінің жемістері олардың әсемдік қасиетін төмендетіп, ажарын кетіреді (шаған жапырақты үйеңкі, ақ акация, жұпаргүл, тобылғы, чубушник, буддлея), ауаны ластайтындар (терек, шығыс шынары), жолдар мен тротуарларды (шегіршін, түт ағашы) ластайды. Бұндай ағаштардың жемісін кесіп немесе отырғызуға аталық түрлерін пайдаланған жөн[9] .

Ағаш және бұта түрлерін таңдау барысында олардың ылғал тапшылығына, топырақ тұздылығы мен ауаның ластығына салыстырмалы шыдамдылығы және көлеңкеге төзімділігі ескерілуі шарт. Көгалдандыру кезінде жергілікті ағаш түрлерін көбірек пайдалану жақсы нәтиже береді. Кейбір интродуцент өсімдіктердің елімізге жақсы бейімделгендігі сондай, олардан құрылған екпе ағаштар (сары қарағай, маньчжур жаңғағы, кәдімгі емен) тұрақтылығы мен өсу жөнінен жергілікті түрлерден озып кеткен.

Ағаш түрлерінің экзотикалық рөлі, қала немесе ауыл кеңістігімен үйлесіп, алқа ағаштар топты, аллея, жеке ағаш композициясында құрылады.

Бақ-саябақ құрылысы жұмысының сәтті болуы, ағаш және бұта түрлерін дұрыс таңдауға, олардың көгалдандыру аумағының табиғи ортасына биоло-гиялық және экологиялық сәйкестігіне байланысты болады. Міне сондықтан әрбір түрдің ерекшелігін, әсемдік сапасын және өсімдіктің құрылымын жақсы білу, жасыл құрылыс құру кезінде жұмыстарды тиімді жүргізуге, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, архитектуралық-көркемдік көрініс беруге, эстетикалық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Ағаш және бұталардың әсемдік қасиеттерін бағалау кезінде, ең басты назарда ағаштың өлшемі, өсу жылдамдығы мен өмір ұзақтығы, бөрікбасы пішіні мен келбеті, жапырағы, гүлі, жемісі және бұтақтарының түсі мен пішіні, көлемі және діңінің бедері, түсі және пішіні ескеріледі [10] .

Ағаш және бұта түрінің өлшемі, оларды таңдау кезінде ең басты есепке алынатын қасиеті. Қазақстанда бақ-саябақ құрылысында қолданылатын барлық әдемі ағаштарды 3 топқа бөлуге болады:

-биік ағаштар, биіктігі 20м және одан жоғары;

-орта биіктіктегі ағаштар, биіктігі 10-20м аралығында;

-аласа ағаштар, биіктігі 5-10м аралығында;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафтық дизайн
Қала саябақтары
Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер
Келешекте қаланы көгалдандыру жоспары
Қала құрылыстық шешімі
Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау және көгалдандыру мәселелері
Конструктивтік шешімдер
Басқарудың құқықтық актілері
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz