Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
  1. Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі

Экономикалық тиімділікті жоғарылатудың қажеттілігі өз алдына жаңа шарттар қояды, олар ең алдымен өзінде бар артықшылықтарды максималды түрде қолдана алатын бәсекеқабілетті экономикалық модельді таңдаумен байланысты. Экономикада көптеген бәсекеқабілеттіліктің құрылуы мен дамуы теориялары бар, солардың бірі - экономиканы кластерлік басқару теориясы болып табылады.

Экономикалық дамудың кластер теориясының негізін қалаушы американ экономисі Майкл Портер екені барлығымызға белгілі. Оның жетекшілігімен он елдің 100 саласынан астамында зерттеулер жүгізіліп, келесідей кластер феномені - географиялық локализациясына қарамастан әлемдік экономикада көшбасшы орын алатын белгілі бір бизнес аясындағы бәсекеқабілетті кәсіпорындар тобы айқындалған. М. Портерге сәйкес «кластер - бұл бәсекелес, сонымен қатар өзара ынтымақтастықта болатын өзара байланысты компаниялардың, мамандандырылған жабдықтаушылардың, қызмет провайдерлері, байланысты салалардағы фирмалардың, және соған сәйкес белгілі бір аядағы мекемелердің (университет, стандартизация агентстволары, сауда ассоциациялары сияқты) географиялық шоғырлануы.

Белгілі бір бизнес аясындағы кластерлер, немесе ерекше бәсекелік табыстың шекті массасы көптеген алдыңғы қатарлы елдердің ұлттық, аймақтық, мемлекеттік, сонымен қатар астаналық экономикаларының ерекше басымдылыққа ие белгісі болып табылады».

Осы қосымшадағы анықтамаларға сай «кластер» терминіне келесідей анықтама беруге болады:

1. Кластер - бұл фирма мен компанияның симбиозы.

2. Кластер теориясы экономикалық қатынаста байланысты фирмалар мен ұйымдардың жақын орналасуы бәсекеқабілеттілікке қалай әсер ететініне көңіл аударады.

3. Кластерлер белгілі бір географиялық аумақта құрылады (аудан, облыс, сала, аймақ, ел) .

4. Кластер - бұл фирмалар мен ұйымдардың өзара байланысының күші мен тазалығын қамтамасыз ететін желі формасы.

5. Кластердің құрамына өндірушілер, тауарлар мен қызметтерді жабдықтаушылар, тұтынушылар, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми ұйымдар, оқу орындары, инфрақұрылым кәсіпорындары кіреді.

6. Кластерлер өнімділіктің артуына, инновациялардың таралуына және бизнестің жаңа формаларының құрылуына ықпал етеді.

Өнеркәсіптік кластерлердің мысалы болып келесілер табылады: Тайвандағы жартылай құбырлық өндіріс, АҚШ‑ғы биотехнология саласы, қағаз, жиһаз және полиграфия құралдары өдірісін қамтитын Финляндиядағы орман өнеркәсібі кластері.

Кластерлер - бір жағынан жеке құбылыс болып табылады, өйткені олар келесідей бірқатар параметрлері бойынша бір‑бірінен ерекшелінеді:

‑ географиялық масштабтары бойынша (терең локальды кластерлерден, мысалға Голландиядағы бау‑бақша, ұлттық масштабтағы кластерлерге дейін, мысалға Ирландиядағы ақпараттық технологиялық кластер) ;

‑ білім жеткізушілердің жақындығынан тәуелді: университеттердің, зерттеу институттарының, ғылыми парктердің;

‑ қызмет бағыттарының вариациясына байланысты. Түрлі көлемдегі компаниялар жерге, құрылыстарға, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлерге және басқа жергілікті қызметтерге дифференциацияланған сұранысты ұсынады;

‑ кластерлердің жасы (олардың кейбірі дамудың алғашқы сатыларында болса, ал басқалары дамудың толықсыған шағында, ал үшінші бірі - диверсификация шағында болады) .

‑ аймақтағы демографиялық жағдай, экологиялық жүктемелер тұрғысынан қарағанда дамуы бойынша шектеулердің болуы және т. б.

‑ өсудің әр түрлі перспективалары. Кластерлердің кейбірі, әсіресе дәстүрлі салаларда жұмысбастылықтың қысқаруы мен экономиканы қайта құрылымдау процесіне әсер етуі мүмкін.

Екінші бір жағынан, кластерлер бірқатар жалпы сипатқа ие:

‑ инновациялық бағыттылық пен жаңашылдыққа әкелетін қызметтер мен жағдайлар сұранысын қалыптастыру;

‑ бизнестің өзара байланысқан аясындағы кәсіпорындардың ақпараты мен идеялар алмасуы (біріккен зерттеулер ұйымдастыру, жергілікті еңбек нарығын пайдалану және т. б. ) ;

‑ жабдықтаушылар мен бір бағыттағы фирмалардың жақындығы (транспорттық шығындарды төмендетуге және ынтымақтастықты күшейтуге әкеледі) ;

‑ еңбектің сапалы нарығына қол жеткізу (еңбек ресурстарының қозғалысы есебінен ирмалар арасында кластер құрылады) ;

‑ әлеуетті жұмыскерлердің түрлі пайдалы, кәсіби сапалары;

‑ инфрақұрылым объектілерінің жақындығы (жолдар, әуежайлар және т. б. ) .

Портер кластердің бәсекеқабілеттілігін қалыптастыратын факторлардың төрт тобын бөліп көрсетеді. Сызба түрінде оларды келесідей түрде көрсетуге болады. (Сурет 1)

Фирмалардың стратегиялары мен құрылымдары, салаішілік бәсеке

Шектес және қызмет көрсетуші салалар (жабдықтаушылар, өзара байланысты салалар)

Факторлық жағдайлар: адамдық, табиғи ресурстар, ғылыми әлеует және т. б.

Жергілікті сұраныс жағдайлары (сұраныс сапасы, әлемдік нарық тенденцияларына сәйкестігі)

Сурет 1. Кластерлердің бәсекелік басымдылығы, М. Портердің «ромбы»

Бұл кезде тек аталған факторларды ғана ескеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың арасындағы сапасын қарастыру қажет. Өйткені, сол сапа ішкі ресурстарды тиімді пайдалануға әкеледі және инновациялық процестерді ынталандырады. Жоғарыда келтірілгендерден басқа да байқаусыз жағдайлар мен мемлекеттік саясат кластердің бәсекеқабілеттілігіне әсер етеді (фирманың басқару аймағынан тыс орналасқан) . Соңғы фактор инфрақұрылымның дамуындағы инвестициялар, ғылыми‑зерттеулерге шығындар, кадрларды даярлауға, аумақтық жоспарлау және т. б. арқылы кластердің дамуына қатты әсер етеді.

Сонымен, кластердегі біріккен жұмыстар елдің, саланың, аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыруға әкелетін сыртқы жағымды әсерлерді туындатады. (Сурет 2)

Инвестицияны тарту саясаты

КЛАСТЕР

Ғылыми және инновациялық қызмет

Аймақтық саясат пен шағын және орта бизнесті дамыту аясаты

Сурет 2. Экономикалық саясаттың үш негізгі бағытына сүйене құрылған кластерлік инициатива.

Соңғы кезде кластерлердің құрылуына мемлекеттің араласуына назар аудартатын түрлі зерттеулер пайда болды.

Кластерлік дамудың («кластерлік инициатива») мемлекеттік саясаты мысалы 1980-90 ж. ж. пайда болды, олар индустриалды саясат, аймақтық саясат, тікелей шетел инвестицияларын тарту саясаты, ғылыми‑зерттеу, инновациялық саясат және шағын және орта бизнес даму саясатын біріктіреді.

Портер бойынша - қазіргі заман экономикасы, әсіресе жаһандану жағдайында экономика секторларын дәстүрлі бөлу өз өзектілігін жоғалтуда. Аумақтық‑өндірістік кешеннен кластердің басты айырмашылығы біріншіден, нарық механизмін максималды түрде есептейді және инициатива болған кезде ол тиімді болуы мүмкін. Сол себептен, мемлекеттік кластерлік саясаттың мақсаты - кластердің дамуына кедергі келтіретін шектеулерді жою болып табылады.

Кластерлерді құру кезінде мемлекетке белсенді рөл беріледі, яғни кластерлерді құру модернизациялау, күшейту және қайта құрылған кластерлерді инфрақұрылымды жақсарту, тиімсіз механизмдерді болдырмау және инновация мен өнімділікті жоғарылату жолы арқылы күшейту. Үкіметтің басты назары салалар мен кәсіпорындарды қолдауға емес, тұтынушылар мен жабдықтаушылар арасындағы өзара қатынастың дамуына бағытталуы керек. (Кесте 1)

Кластерлік ыңғайда негізделген мемлекеттің әрекет етуші экономикалық саясатын құру үшін кластерлердің дамуына әсер ететін факторларды анықтап алу қажет. Ұлыбританияның Сауда және индустрия департаментімен биотехнология кластерін құру мақсатында Эдинбург, Оксфорд және Оңтүстік‑Шығыс Англияда маңайындағы аудандарда елде бар барлық алты кластерлер бойынша зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде кластердің дамуына әсер ететін он факторлар айқындалды. Бұл факторлар келесідей:

‑ нарыққа жақындығы;

‑ білікті жұмысшы күшіне қол жетімділігі;

‑ басқа компанияларға жақындылығы;

‑ ғылыми зерттеулер үшін жағдайлардың қол жетімділігі;

‑ кластерлік зонаның беделі мен атағы;

‑ аймақтық және халықаралық көлік магистральдарына қол жетімділігі;

‑ жердің және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің берілу мүмкіндігі;

‑ мықты мемлекеттік қолдау саясаты;

‑ шикізатқа қол жетімділігі;

‑ кластерлерді қолдауға бағытталған қызметтің басқа да құрылымдардың бар болуы.

Сонымен қоса, осы аталған факторлардың ешқайсысы да басымдыққа ие болмайды және әр түрлі факторлардың рөлі кластердің дамуына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, Линкольнширде азық‑түлік өнімдерін өндіру кластерінің дамуы барысында алғашқы кезде кәсіпорынды шикізатпен жабдықтаушыларға және нарыққа жақын орналастыруды қамтамасыз ету маңызды болып саналды. Жаһандану процесінің дамуымен ерекше маңыздылығы болып дистрибьютор фирмаларға жақындығы факторы саналды.

Кесте 1

Экономикалық дамудың секторлық және кластерлік ыңғайының салыстырмалы сипаттамалары:

Секторлық ыңғай
Кластерлік ыңғай
Секторлық ыңғай: 1. Тұрақты байланыстар желісінде шаруашылық етуші субъектілер арасындағы бірдей көзқарасты кәсіпорындар тобын белгілеу.
Кластерлік ыңғай: 1. Желідегі әр түрлі көзқарасты (көбінесе комплиментарлы) стратегиялық топтарды белгілеу.
Секторлық ыңғай: 2. Соңғы өнімдерді өндіретін салаларға саясатты бағыттау.
Кластерлік ыңғай: 2. Ұқсас технологияларды, ақпараттарды, біліктіліктерді, тұтынушыларды, ресурстарды, өткізу арналарын қолданатын өзара байланысты салалардағы саясатты бағыттау.
Секторлық ыңғай: 3. Өндірушілер арасындағы тікелей және тікелей емес бәсекелестікті қолдау.
Кластерлік ыңғай: 3. Кластердің көптеген мүшелері тікелей бәсекелестер болып табылмайды, бірақ жалпы қажеттіліктер мен ынтымақтастыққа әкелетін шараларды құрайды.
Секторлық ыңғай: 4. Бәсекелестермен сирек кездесетін кооперациялар.
Кластерлік ыңғай: 4. Тұтынушылар, жабдықтаушылар және мамандандырылған институттар арасындағы өзара қарым‑қатынастарға саясатты бағыттау.
Секторлық ыңғай: 5. Бәсекелестерге субсидиялар, қорғаныстар мен әсер етулерді алуға бағытталған үкіметпен сұхбат.
Кластерлік ыңғай: 5. Бизнес пен үкімет арасындағы аса конструктивті және тиімді сұхбаттың негізі.
Секторлық ыңғай: 6. Бар траекторияларда диверсификациялар формаларын іздеу.
Кластерлік ыңғай: 6. Синергетикалық эффекті мен жаңа комбинацияларға мүмкіншілік.
Секторлық ыңғай:
Кластерлік ыңғай: 7. Өнімділік пен бәсекеқабілеттілікті жоғарылатуға мүмкіншіліктің кең диапазоны.
Секторлық ыңғай: Е с к е р т у -дерек көзі

Берілген шекті факторларға мемлекеттің әсер етуінің мүмкінігіне қарай қысқаша сипаттама беріп кетеуге негіз туындап отыр.

Нарыққа жақын болуы. Бұл фактордың маңыздылығы компанияның бизнесінің сипатына байланысты болады (кластердің қосылған құнының өндірістік сатыдағы орны мен компания жұмыс жасайтын нарығы аясына) . Кластердің дамуы мен оның қызметінің диверсификациялануы барысында осы фактордың маңыздылығы өзгеріп отырады. Бірақ, мемлекеттік органдар кластерлер дамуының белгілі бір бағдарламаларын дайындау кезінде нарықтық бейімділікті және әр бөлек кластердің қажеттілігін ескеруі керек.

Білікті жұмысшы күшіне деген қол жетімділік. Бұл фактор ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялы компанияларға өте маңызды болып табылады. Бұндай кластерлер көбінесе университеттердің жанында құрылады. Компаниялар өздерінің қажеттіліктерін қамту үшін мамандарды дайындау бағдарламасына өзгерістерін енгізе алады. Кластердегі компанияның тығыз өзара байланысы білікті жұмысшы күштерінің миграциясына, идеялар мен технологиялар трансфертіне әкеліп соғады. Кейбір компанияларға мерзімдік жұмыс күшіне деген сұраныс маңызды болады. Бұл факторды мемлекеттік реттеу транспорт инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысы дамуымен жүзеге асырылады.

Басқа компанияларға жақындылығы. Қарсыластардың, сатып алушылардың және жабдықтаушылардың шоғырлануы өндірістің тиімді мамандануының өсуіне жағдай жасайды. Инфрақұрылымды бірге қодануға, қолдауға, ашық түрде ақпарат алмасуға, көптеген бәсекелестермен байланысы бар жабдықтаушылар мен тұтынушылар арналарында жаңалықтардың тез арада таратылуына байланысты инновацияның ерекше формасы - «біріккен инновациялық өнім» шығарылады. Мемлекет бұл жерде компанияның желідегі тиімді жұмысына көмек көрсетуі керек.

Ғылыми зерттеулер үшін жағдайлардың қол жетімділігі. Бұл фактордың маңыздылығы кластердегі өзара серікстескен компаниялардың бизнесі сипатымен тығыз байланысты. Негізінен ірі компаниялар өздерінің зерттеу базаларын қолданады және ғылыми ақпараттардың таралуына көп мән бермейді. Бірақ, өсіп келе жатқан кластердегі орта және кіші көлемдегі фирмалардың мемлекеттік ғылыми‑зерттеу институттарымен өзара байланысы кластердің бастапқы дамуындағы маңызды шарт болып табылады. Осыған сай мемлекет кластерлік инициативаның құрылуы барысында тығыз байланысқа деген сұранысты туғызатын фирмалардың және жергілікті зерттеу базаларының арасындағы ауқымды байланысты ескеруі керек.

Кластерлік зонаның беделі мен атағы. Бұл фактор қандай да болмасын кластерге маңызды болады, өйткені инвесторларды белгілі бір бағыттағы қызметтің технологиялық және ғылыми шекараларының алдыңғы қатарларында жұмыс істеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен жұмыстың жақсы жағдайлары да қызықтырады. Кластерлік зонаның беделінің қалыптасу процесінде мемлекет саясаты жетекші рөл атқарады. Осы орайда жетекші индустриалды кластердің дамуы мен кластердің орналасқан аумағында өмір сүру деңгейінің жоғары сапасының арасында баланстың болғаны жөн.

Аймақтық немесе халықаралық көлік магистральдарына қол жетімділігі. Берілген шарт кез келген кластер үшін ерекше маңыздылыққа ие, өйткені бұл фактор кластерді жергілікті және жаһандық экономикамен келістіре алады. Кластердің бастапқы даму барысында жергілікті транспорттық желілер сол аймақтағы шикізат, жұмыс күші және өнімді өткізу нарықтарына қол жетімділігін оңайлатады. Кластердің дамуы мен пісіп жетілуі барысында іскерлік іс‑сапарларын қоса лағандағы халықаралық байланыстардың санының өсуіне, топ‑менеджерлерді тартуға, жетекші халықаралық компаниялармен келіссөздер жасап, серіктес болуға жағдай туғызады. Мемлекеттік саясаттың алғышарттары бұл жерде кластердің жақсы дамып кетуінің негізгі факторы саналатын сай транспорттық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жердің және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің берілу мүмкіндігі. Бұл фактор кластердің географиялық шекарасының анықталуына себепкер болады, өйткені өндірістік база ретінде қолданылатын бос жерлер мен ғимараттардың болмауы кластердің даму перспективасына өзінің теріс әсерін береді. Осы жағдайда кластердің дамуы үшін жыджымайтын мүлік нарығы қызығушылықтары және осы нарықтық процестерге мемлекеттің әсер ету мүмкіндігі қарастырылады.

Мықты мемлекеттік қолдау саясаты. Бұл жерде мемлекеттің белгілі бір аймақтарға ерекше экономикалық зона мәртебесін беру және салық салу мен тарифтік реттеудің жеңілдетілген формаларын қою жолы негіз болады. Сонымен қатар мемлекеттің гранттар бөлу, ҒЗТКЖ шығындарының өтелуі және кадрларды дайындау сияқты қосымша көмектер көрсетуге мүмкіндігі бар.

Шикізатқа қол жетімділігі. Алдында айтылып кеткендей, көптеген кластерлерге нақ осы табиғи шикізаттар мен материалдардың болуы жүйе құраушы фактор болып табылады. Берілген жағдайда, мемлекет саясаты мақсатты бағытталған аудандарды құруға негізделеді.

Кластерлерді қолдауға бағытталған қызметтің басқа да құрылымдардың бар болуы. Бұл жерде бизнес‑инкубаторларды, технологиялық парктерді және мемлекеттік даму институттарының өкілдіктерін санамағанда, қаржылық құрылымдардың, заң фирмаларының, консалтингтік фирмалардың, логистикалық, инжинирингтік және ақпараттық компаниялардың жақын болуы айтылады. Мемлекеттік саясаттың мақсаты кластерлік аймақтарда айтылып өтілген құрылымдарды орналастыру мен олардың тиімді жұмыс жасауына ықпал ету болып табылады.

Сонымен, қазіргі заманғы мемлекеттік кластерлік саясаттың ерекшеліктерін сипаттайтын кейбір ережелерді бөліп көрсетуге болады.

1. Экономикалық дамудың қазіргі заманғы теориясы мен көптеген елдердің практикасы кластер феноменіне сүйенеді, ал кластерлер өз алдына белгілі бір қызмет аясында әр түрлі шаруашылық етуші субъектілердің өзара тығыз байланысы желісі негізінде құрылған қиын экономикалық құбылыс. Кластерлер негізгі белгілерімен қатар бірнеше ерекшеліктерге ие, олардың бірлесуі белгілі бір елдің бәсекелік басымдығын тудырады.

2. Дамыған да, дамушы елдер де кластерлердің дамуы мен құрылуына мемлекеттік көмек көрсетуді қажет етеді. Кейінгісінде тек қана нормативті‑құқықтық және қаржылық базамен қамту ғана емес, сонымен қатар ірі отандық және шетелдік компаниялардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің, қаржылық, ғылыми‑зерттеу құрылымдарының, тауар нарығының және өндіріс факторлары нарығының, инфрақұрылым және қолдау институттарының арасында инициатор және активті делдалдық қызметті де мемлекет атқаруы тиіс.

3. Кластерлер мемлекеттік директиваның негізінде құрылуы мүмкін болмағандықтан (жоспарлы экономика масштабындағы территориялы-өндірістік кешен тәрізді), мемлекеттік реттеу органдары кластердің бар болуын көре алуы керек, сонымен қатар оның өткен және болашақтағы даму сипаты мен динамикасын түсінуі керек. Осылай ғана кластердің дамуын қамтамасыз етуде мемлекеттің жетекші рөлін жүзеге асыруға болады.

4. Кластерлерді дамытудың мемлекеттік саясаты тек қана кластердегі кәсіпорынды тікелей қолдауға ғана емес, сонымен қатар қаржылық, консалтингтік, инжинирингтік, логистикалық, білім беру, ғылыми‑зерттеулік, транспорттық, тұрғын үйлік және басқа да қосалқы жағдай туғызатын қызметтермен кластер аймағының тартымдылығын арттыратын инфрақұрылымды құруға бағытталуы керек. Бұл жағдайда мемлекеттік реттеу өнері оң (синергетикалық эффект, әлеуметтік әріптестік, жаңа жұмыс орындарын құру, бәсекеқабілеттіліктің артуы) және теріс сыртқы әсерлерді (экологиялық ауыртпалық, жылжымайтын мүлікке бағаның өсуі, кластерлік аймақтағы өмір сүру құнының өсуі, халық санының тым артық болуы және т. б. ) баланстауынан байқалады.

5. Кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігі мемлекеттік аппараттың барлық деңгейлерінің өзара байланысына тәуелді. Бұл жерде мемлекетаралық, ұлттық, аймақтық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары жайлы айтылады. Жергілікті үкімет деңгейінің аса маңыздылығын ескере отырып, осы мемлекеттік басқару сатысының өкілеттілігін арттыру мәселесі белгілі бір қызығушылық тудырады.

  1. ӨҢІРДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі жағдайда ұлттық және өңірлік экономиканың жұмыс істеуі мен дамуы әлемдік жаһанданудың жаңа әлемдік шаруашылық байланыстардың қалыптасуына, халықаралық еңбек бөлінісі құрылымындағы әрбір мемлекеттің, өңірдің және жеке кәсіпорынның нақты мәртебесі мен орнын анықтауға ықпал ететін заңдылықтарымен айқындалады. Экономикалық интеграция жаһанданудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Қазіргі интеграциялық үдерістерде инновациялық экономиканың негізін құрайтын үш институционалдық салаға ерекше назар аударылады:

  • тікелей өндірістік күшке айналатын ғылым;
  • міндеті қолданыстағы өндірістерді қайта жарақтандыру болып табылатын инновациялық өнеркәсіп;
  • білім беру жүйесіндегі функциясын орындайтын ұйымға, оқыту және сатып алу жаңа қабілеттері мен құзыреттіліктерін жұмыспен қамтылған халық, ел және өңір.

Инновациялық экономиканы қалыптастыру Қазақстан Республикасының жоғары басымдықтарының қатарына жатқызылған. Инновациялық экономика желілік экономика болып табылады, оның негізі инновациялық циклдің әртүрлі кезеңдері, тұтынушылар, өндірушілер, мемлекет, ұйымдар мен нарық арасындағы тікелей және кері байланыстардың жиынтығы болып табылады. Инновациялық тізбек бойынша жаңалықтардың табысты диффузиясының негізгі шарты ғылымның, өнеркәсіптік өндірістің және білім берудің бірыңғай тұтастығына бірігуі болып табылады.

Мұндай интеграция жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта құруға жағдай жасайды, экономикалық өсу серпінін, өңірлер мен мемлекеттердің әлемдік қоғамдастықтағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дәрежесін айқындайды.

Осы қағидатты іске асыру үшін жаңа құралдар мен институттар, атап айтқанда дәстүрлі саладан шаруашылықтың кластерлік құрылымы - жаңалықтардың диффузиясына қатысты неғұрлым тиімділікке көшу қажет. Тәсілдердің салыстырмалы сипаттамасы кестеде берілген.

Салалық және кластерлік тәсілдің салыстырмалы сипаттамасы (Кесте-3) :

Кесте-3

Критерия
Салалық тәсіл
Кластерлік тәсіл
Критерия: Аумақты дамытуды басқару
Салалық тәсіл:
  • Ірі корпорациялардың шаруашылық стратегиялары басым;
  • Жергілікті биліктің нақты компанияларға тәуелділігінің жоғары дәрежесі.
Кластерлік тәсіл:
  • Стратегиялар кластерге қатысушы кәсіпорындар мен жергілікті билік арасындағы әріптестік нәтижесінде қалыптасады;
  • Жеке компанияларға қатысты жергілікті билік автономиясының жоғары деңгейі
Критерия: Өндіріс инфрақұрылымы
Салалық тәсіл:
  • Жаппай стандартталған өндіріс;
  • Қатаң мамандану (көпсалалы экономика) ;
  • Тік интеграцияланған өндірістік-технологиялық кешендер;
  • Өндірісті орталықтандыру (қала құраушы кәсіпорындар) ) ;
  • Формальды институттар және коммуникацияның формальды түрлері;
  • Өндірістік-технологиялық процестерде қолданылатын мамандандырылған Білім;
  • Өндірістік алаңдарда негізгі қорларды орналастыру
Кластерлік тәсіл:
  • Инновациялық өндіріс;
  • Икемді мамандану;
  • Корпоративтік-автономды фирмалар желісі;
  • Өндіріс концентрациясы оны орталықтандырусыз;
  • Формальды және формальды емес институттар мен коммуникациялардың үйлесімі;
  • Пәнаралық білімнің маңызды рөлі;
  • Аумақтық кооперацияны дамыту, резидент-фирмалардың өндірістік-технологиялық байланысын - аумақтағы әлеуметтік-мәдени және шаруашылық өмір ортасын қалыптастыру
Критерия: Бәсекелестік орта
Салалық тәсіл: Экономиканың басым салаларында өңір ішінде бәсекелестіктің болмауы
Кластерлік тәсіл: Аймақ ішіндегі бәсекелестік орта
Критерия: Экономикалық тиімділік өлшемдері
Салалық тәсіл: Өндірістің көлемдік көрсеткіштері (заттай және құндық)
Кластерлік тәсіл: Өңір активтері құнының жиынтық өсуі
Критерия: Жұмыс күшінің мобильділігі
Салалық тәсіл: Жұмыс күшінің мобильділігі төмен
Кластерлік тәсіл: Жұмыс күшінің мобильділігі жоғары

Әлемдік тәжірибе кластерге бағдарланған өңірлік саясатты іске асыру кезінде өңірлер мен өндірістік кешендердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы куәландырады. Өңірлік өнеркәсіптік саясат шеңберінде кластерлік тәсіл ірі өнеркәсіптік көшбасшылар мен секторлардың айналасында бәсекеге қабілетті салаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін өңірлік дамудың қуатты құралы ретінде қарастырылады.

Кластерлік тәсіл дамыған елдерде жалпыға танылған болып табылады. Ол экономиканы құрылымдау, экономикалық саясат стратегияларын негіздеу және макро - және мезодеңгейлерде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қолданылады. Кластерлер көптеген өнеркәсіптік дамыған елдер экономикасының негізі болып табылады (Дания, Нидерланды, Бельгия, Франция, Италия, Финляндия, Венгрия, АҚШ, Канада, Үндістан, Қытай, Жапония және т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Кластерлік жүйе
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz