Азықтардың химиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тапсырма 8. Азықтардың химиялық құрамы.
Сұрақтары;
1. Азық құрамындағы май және оның маңыздылығы
2. Макро және микроэлементтер. Түрлері. Маңыздылығы
Майлар, триглицеридтер -- органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің (ткандерінің) негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Барлық Майлардың тығыздығы 1ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Судаерімейді. Бензинде, керосин мен бензолда ериді. Алкоголиз, ацидализ реакцияларына түседі. Қышқылдардың қос байланысы бойынша сутекті (гидрогендеу), галогенді, галогенсутекті қышқылдарды, т.б. қосып алады. Аса қызған бумен, минералды қышқылдармен және ферменттермен әрекеттескенде глицерин және май қышқылдарын түзіп гидролизденеді. Ауадағы оттекпен тотыққанда пероксидті қосылыстар, оксиқышқылдар, т.б. түзеді. Құрамында биол. активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майлар техникалық мақсатта қолданылады.
Өсiмдiк жасушаларында заттың құрғақ массасының 5-15% май болады. Жануарлар мен адам жасушаларындағы майдың мөлшерi 90% -ға жуық болу мүмкiн. Майлы тағамдарға сары май, мал майы және өсімдік майы жатады. Адамға тәулігіне 50 -- 70 г май қажет. Үнемі майсыз тағаммен қоректену жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Адамның азықпен қабылдайтын майының кемінде үштен бірінің құрамында қанықпаған май қышқылдары бар сұйық майлар болуы керек. Сұйық майдың биологиялық белсенділігі басқа майлармен салыстырғанда жоғары болады. Адам организмі қанықпаған май қышқылдарын өздігінен синтездей алмайтын болғандықтан, оларды дайын күйінде тағаммен қабылдауы керек. Мысалы, сұйық майдың құрамында витамин Е және қан тамырларында холестериннің жиналуына кедергі келтіріп, атеросклерозды болдырмайтын зат -- β-ситостерин кездеседі. Сары майда көздің көруі мен адамның бойы мен шашының өсуін қолдайтын зат β-каротин болады. Тазартылмаған (рафинадталмаған) майда организмге аса қажет фосфолипидтер болады.
Организмде майлар асқазан асты безі мен ішек сөлі құрамындағы ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глицерин мен карбон қышқылдарына ыдырайды. Май ыдырағанда бөлінетін өнімдер ішек бүрлері арқылы сіңеді де, басқа биологиялық процестерге қатысады, организмге қажетті жаңа майлар синтезделеді. Синтезделген май лимфа жүйесі арқылы қанға сіңіп, қан мен организмнің басқа мүшелеріне тарайды. Жасушалар да зат алмасу процесіне қатысады.
Майлар гидролизденіп, өнімдері біртіндеп тотығады. Ең соңында олар көміртек (IV) оксиді мен суға айналады. Бұл процестер экзотермиялық -- организмнің тіршілігіне қажетті энергия бөледі. Осылайша май биологиялық отын, тірі организм үшін энергия көзі болып табылады. Май қорытылғанда бөлінетін энергияның мөлшері көмірсулар мен ақуыздардан бөлінетін энергиядан екі еседей артық.
Майларды жануарлар мен өсімдіктерден алады. Тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды.
Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.
Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды.248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтандыру рациондарын құруды модельдеу
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Азықтар. Азықтардың классификациясы және олардың ерекшеліктері
Азық қоректік заттарының қорытылуы
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Өндіріс құрал жабдықтарын тиімді пайдалану, өндірісті жоспарлау, модельдеу, рациондар құруды модельдеу, мәліметтер жинау, аптималды рациондар құру, рациндарды салыстырып талдау
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Аңшылық алқаптардың типологиясы
Қойға берілетін азықтардың қауіпсіздігі
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Пәндер