Кәсіпорын - экономиканың негізгі звеносы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТЫ

Алматинский технологический университет

CӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпорын - экономиканың негізгі звеносы

Орындаған: Махаббат О.

Тексерген: Ағыбаева Н. Б

Тобы: АжБ 17-12

2020-2021

Мазмұны

  1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
  2. Кәсіпорынның топтастырылуы
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер

Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы

Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік - техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады. Өндірістік жүие ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.

Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.

Кәсіпорындардың өзін -өзі қаржыландыру және өзін өзі басқару жағдайында жұмыс істейді. Барлық кәсіпорынға жалпы белгі тән:

- өндірістік - техникалық бірлік; - ұйымдастырушылық бірлік;

- экономикалық бірлік.

Әр мемлекеттің халық шаруашылығының негізгі бөлімшесі-кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындарда тауар өндіріледі, қызмет көрсетіледі, халықтың белсенді бөлігінің жұмысбастылығына тікелей әсер ететін қосымша жұмыс орындарын ашады және тұтынушылық сұранысты қанағаттандырады. Сондай-ақ кәсіпорын мемлекеттік және жергілікті бюджеттің табыс бөлігін толықтырушысы болып табылады.

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі ұлттың бақуаттылығының және мемлекеттің гүлденуінің маңызды шарты. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетін заңдар мен мөлшерлік(нормативтік) құжаттар арқылы реттеп отырады. Шаруашылық субъектілері функциясының (қызмет етуінің) жүзеге асыруының екі негізгі моделі бар:

1-директивті ; 2-әлеуметтік нарықтық экономика

Екі модель бойынша кәсіпорынның қызмет ету ерекшеліктері мынаған негізделген: орталықтандырылған директивті жүйедегі кәсіпорын еңбек ұжымын пайдалану негізінде (тауар, қызмет) өндіруші және сатушы заңды тұлға болғанымен, ол шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейтін, яғни жоспар бойынша дамиды.

Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарды түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Меншік формасы бойынша кәсіпорындар мемлекеттік және жеке болып жіктеледі. Егер шаруашылық субъектінің жарғылық қорында (капиталында) мемлекеттік және жеке меншік үлесі болған жағдайда, онда олар меншіктің аралас формасы деп аталады. Ал коммуналдық және республикалық дегеніміз - бұл мемлекеттік меншік формасының түрлері. Сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктер меншігі бар. Осы текті меншік нысанындағы кәсіпорындардың негізгі мақсаты пайда табу және капиталды ұлғайту емес, шаруашылық одақтардың, және осы текті құрылымдардың жарғылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның шаруашылық формасы (түрі) бойынша-акционерлік қоғамдар (ААҚ және ЖАҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, унитарлы кәсіпорындар, жалдамалы кәсіпорын, кооперативтер, толық серіктестік, коммандитті серіктестік және т. б болып жіктеледі. .

Кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып топтастырылады. Кәсіпорынды көрсетілген топтардың біріне топтастыру белгісі - заңдылық актілерде көрсетіледі. Шағын кәсіпорындардың нығаюына және дамуына ықпал ететін салықтық жеңілдіктер немесе басқа да ынталандырушы механизмдер түріндегі ынталандыру шаралары жиі қолданылады.

Кәсіпорынның топтастырылуы

Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарды түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Меншік формасы бойынша кәсіпорындар мемлекеттік және жеке болып жіктеледі. Егер шаруашылық субъектінің жарғылық қорында (капиталында) мемлекеттік және жеке меншік үлесі болған жағдайда, онда олар меншіктің аралас формасы деп аталады. Ал коммуналдық және республикалық дегеніміз - бұл мемлекеттік меншік формасының түрлері. Сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктер меншігі бар. Осы текті меншік нысанындағы кәсіпорындардың негізгі мақсаты пайда табу және капиталды ұлғайту емес, шаруашылық одақтардың, және осы текті құрылымдардың жарғылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Шетел капиталының қатысуы бойынша кәсіпорындар бірлескен және шетелдік болып жіктеледі. Бірлескен кәсіпорындар мемлекет территориясына орналасады және жарғылық капиталда шетел инвесторының үлесі болады. Шетелдік кәсіпорындар жарғылық капиталының жүз пайызы дерлік басқа мемлекеттің заңды және жеке тұлғасына тиесілі бола

Салалық белгісі бойынша кәсіпорындарды материалдық өндіріс саласына (денсаулық сақтау, білім беру, сауда, ғылым, мәдениет және т. б) жатқызуға болады, өз кезегінде әр сала бірнеше құрылымдық салаларға жіктеледі. Мысалы: өндірісте шикізат сипатына немесе дайын өнімнің пайдалану мақсатына қарай көмір, энергетика, металлургия, машина жасау, химиялық, жеңіл және тамақ өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі сияқты көптеген салалық бөлімшелерін бөліп көрсетуге болады. Машина жасау саласының өзі станок жасау, автокөлік жасау, трактор жасау, прибор жасау және т. с. с. болып жіктеледі. Салалық жіктеу кәсіпорын құрылымын және оның іс-әрекетінің көрсеткіштерін статистикалық сипаттау үшін қолданылады.

Бірлестіктердің түрлері бойынша кәсіпорындар өндірістік, республикалық, аймақтық, ұлттық немесе трансұлттық компаниялардың құрамына кіреді. Сондай-ақ концерн, консорциум, холдинг деген түрлерін атап өтуге болады. Концерннің құрамына бір (немесе бірнеше) салаға жататын кәсіпорындар кіреді. Концорциум құрамына кәсіпорындардан басқа банк, қаржы, сақтандыру құрылымдары кіреді. Ал холдинг кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін басқару мақсатында меншік иелерімен құрылады. Қаржы-өндірістік топтарға өндірістік және банктік капитал біріктіріледі.

Кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып топтастырылады. Кәсіпорынды көрсетілген топтардың біріне топтастыру белгісі - заңдылық актілерде көрсетіледі. Шағын кәсіпорындардың нығаюына және дамуына ықпал ететін салықтық жеңілдіктер немесе басқа да ынталандырушы механизмдер түріндегі ынталандыру шаралары жиі қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк және қаржы жүйесі
Тәжірибе базасымен танысу
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Персоналды басқару жүйесі туралы
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
Экономикалық дамудағы қаржы
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Қаржылық қатынас
Кәсіпорындағы маркетинг және өндірісті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz