Адам қаңқасының негізі сүйек



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда жоғары медициналық колледжі

Мамандығы бойынша 0302000 Мейірбике ісі
Біліктілігі Қолданбалы бакалавр

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тірек –
қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудегі мейіргердің
аралаласуларға шолу

Орындаған:Ахмағанбетова Гүлназ Амангелдіқызы

Қорғауға бекітілген арнайы пән оқытушысы:Жумагулова С.Б.

Қызылорда 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
І-тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ КҮТІМ КӨРСЕТУДЕГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Тірек-қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы
1.2 Тірек – қимыл аппаратты бұзылған пациенттерге мейіргерлік күтім
ерекшеліктері
1.3 Тірек – қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудегі
мейіргердің заманауи тәсілдері

ІІ-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Тірек – қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудегі
мейіргердің араласу деңгейіне шетелдік зерттеулерге шолу нәтижелерін
бағалау.
Қысқартылған сөздер
ТМД - Тәуелсіз мемлекттер достастығы
ДДҰ - Дүниежүзідлік денсаулық сақтау ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҒЗИ - Ғылыми-зерттеу институты
ЖҰӨ - ішкі ұлттық өнім
ДДҰ-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ҚА - қалалық аурухана
EПКҚ-Еуропалық паллиативті көмек қауымдастығы
БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы
РФ-Ресей Федерациясы
АҚШ-Америка Құрама Штаттары

Тіркес сөздер: тірек-қимыл аппараты, мейіргерлік күтім, күтім сапасын
бағалау, буын аурулары.

Тақырыптың өзектілігі:
 Тірек-қимыл аппаратының аурулары мен мүгедектік әлемде кең тараған.
Статистика бойынша жылына шамамен 1,2 миллиард адам өздерінен тірек-қимыл
аппаратының бұзылуына шағымданады екен. Соның ішінде мойын және бел
аурулары жас талғамайды, яғни, кез-келген жас категориясындағы адамдарда
кездесе береді. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, кірісі жоғары
елдердің медициналық шығындарының 5,4%-дан 12,6%-ға дейін тірек-қимыл
аппаратының ауруларына жұмсалатын көрінеді.
Қазіргі кезде ревматизм аурулары әлемде мүгедектік деңгейі бойынша
қанайналым жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктерден кейін үшінші орында тұр.
Ревматизм аурулары бар пациенттердің 72% -ы 18-ден 59 жасқа дейінгі еңбекке
жарамды адамдар, оның 65%-ы әйелдер. Соңғы 5 жылдағы тірек-қимыл аппараты
аурулары көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы жалпы ревматикалық
аурулардың жалпы (26,4% -ға) және жаңадан диагноз қойылған (24,5% -ға) өсу
динамикасын көрсетті. Остеоартритпен ауыратын пациенттер 157 мыңнан астам
пациентті құрады, ревматоидты артрит - 64 мыңнан астам, анкилозды
спондилоартрит - 4 мыңнан астам, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) - шамамен 4 мың,
подагра - 3 мыңнан астам және остеопороз - 1, 5 мың. Остеоартриттің жалпы
өсу динамикасы 157,1%, ревматоидты артрит - 60% дейін, ЖҚЖ - 41%, анкилозды
спондилит - 48%, подагра - 43,9% және остеопороз - 39,5%.  
АҚШ Еңбек бюросының ұсынған статистикасына сүйенсек, 900,380 ауруға
байланысты демалыс жағдайы тіркелген. Соның ішінде 272,780 жағдай тірек-
қимыл аппаратының ауруларына байланысты болып отыр, бұл - барлық
демалыстардың 30%-ы. 2017 жылы жүргізілген сауалнама жауаптарына сәйкес,
ТҚА ауруларының ішіндегі ең кең тарағаны артрит пен ревматизм (23,4%)
болса, екінші кең таралғандары мойын және арқа аурулары екен (16,2%).
Америка осы тірек-қимыл аппаратының ауруларына ем мен күтім үшін кеткен
шығынды жылына 300 миллиард долларға тең деп бағалап отыр, бұл баға да
соңғы жылдарда өсуде.
Еуропа популяциясы арасында ең кең тараған және ортақ уайымға айналған
мәселе - тірек-қимыл аппараты аурулары. ТҚА аурулары континенттегі барлық
ересектердің 25%-ын мазалайды. Соңғы деректерге сәйкес, Еуропаның тұрақты
жұмысы бар халқының 46,6% бұлшықет,  мойын, иық және қолдарында ауырсынулар
сезінеді. Ал Испанияда бұл көрсеткіш тіпті жоғары, 58,6% жетеді. Тағы да
жоғары көрсеткіш Финляндия әскери күштеріне қосылған жас ер адамдардан
байқалды, олардың 80% ТҚА травмаларын алады екен.
ДДҰ мәліметтері бойынша егде жастағы адамдардың 86%-дан астамында
созылмалы аурулар бар. 80% жағдайда бұл 8-ден 15-ке дейінгі көптеген
созылмалы аурулар. 1990 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде егде жастағы
адамдардың жоғары мүгедектікке әкелетін тірек-қимыл аппараты ауруларының
жиілігі 89% өсті. Ресей Федерациясында тірек-қимыл аппараты ауруларының
жоғары пайызы (7,5%) егде жастағы адамдар, негізінен тізе және жамбас
буындары, сондай-ақ ревматоидты артрит және басқа да аурулардың остеопороз
және остеоартрит (остеоартрит) таралуына байланысты. қозғалыс мүшелерінің.
Егде жастағы адамдардың жартысынан көбінде буындардағы, омыртқадағы,
периартикулярлық тіндердегі және бұлшықеттердегі инволютивтік-дегенеративті
өзгерістердің кейбір клиникалық көріністері байқалады. Остеоартрит пен
артриттен туындаған қозғалыс шектеулері егде жастағы адамдардың төсекке
таңылуына, өзіне күтім жасау қабілетін жоғалтуына және сырттан күтім мен
басқаларға күнделікті тәуелділікті талап етеді.
Қазақстанда тірек-қимыл аппаратының аурулары жағдайы артты.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2013 жылы 1,7 млн жағдай тіркелсе, 2017
жылы бұл көрсеткіш 11%-ға артып, 1,9 миллионға жетті.

Мақсаты: Тірек – қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудегі
мейіргердің араласуларға шолу

Міндеттері:
• Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
• Тірек – қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудегі
мейіргердің қызметін ұйымдастырудағы шетелдік зерттеулерді анализдеу
• Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы компьютерлік мәтін 32
беттен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар
тізімі 30 әдебиеттен, оның ішінде15 шетелдік әдебиет, 10 отандық әдебиет,
5 интернет көзі және қосымшалардан тұрады.

1-тарау.ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ КҮТІМ КӨРСЕТУДЕГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Тірек-қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның
ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға
пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше
жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл
жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин  ықпал етеді.
Сүйектің құрылысы мен құрамы
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі
жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен
(ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық
(12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%)
тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды
заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%)
және су (50%) да болады.
Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында
орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің
сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек
болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 13 бөлігі
органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген
сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот
қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары
қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы,
серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына
байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. Жас балалардың сүйегінде
органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа
(омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық
сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар,
жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін
сүйектерде дене және бас- кішкене бас болып бөлінеді. Сүйек денесі
сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты
жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін
сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс
гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің
ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті
сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар
жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын
сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты)
сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның
есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл
кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі.
Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады
да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек
тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы
шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен
байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және
омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай,
қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол
ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар
және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ)
және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын
қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік,
жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек
және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.
Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол
(аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады.
Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу
кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.
Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай
сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер
— жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы
жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.
Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-
34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын;
12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ
сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа
бағанына буын арқылы байланысады.
Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін
қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған
білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан
басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы
сүйегі бар.
Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп
кеткен үш сүйектен: мықын сүйек, шонданай сүйек, қасаға
сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері
- асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан
қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.
Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа
бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы
айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл
айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші,
үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай
иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша
тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс
тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.
Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның
бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу
толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде
пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет
болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұ лшықет талшықтары деп аталатын
жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы
дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір
бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын
тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын
басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен
бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған
кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы
сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі
зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс)
- шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын
жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне,
екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы
жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар қажығанда,
бұлшыкеттер де қажиды.
Тірек-қимыл аппаратының маңызы мен қызметі
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау
қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты.
Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық
еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі
қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы
келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі
тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне
байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты
болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек,
бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз
әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал
заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық
еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен
олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп
еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек
етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-
қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән
морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен
сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар
қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс,
тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан
тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с
т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек
қабы бар. Тек қана буындарда сүйек
қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі
түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр
сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің
тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де
(грек- диафизис – жілік сүйектің ортасы).Кемік
сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді.
Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп
болады.(Жілік майыныңканалдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май
бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене
тромбоциттер дамиды. Ересеккадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті
келеді.Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі
қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін
клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 13 бөлігі
органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары
қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады.
Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек
органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек,
сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы
бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары
көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен
тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде
сүйегі жатады.
О м ы р т қ а ж о т а с ы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын
арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске
бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ
омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен
бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады.
Омыртқаның тығыз жері – денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын
омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері
бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі,
доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын
өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады.
Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де
болады.
І-ші мойын омыртқасы – атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен
жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір
денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина
тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы
тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі
басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен
жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы
буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші
мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек
омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең
өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек
омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына
айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының
үстінде толық буын ойысы, астында – жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы
омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші
омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек
түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді,
әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады.
Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне
байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне
айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда
болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын
беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда
болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған
сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның
алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады.
Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын
буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер
адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады.
Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне
айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп
есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші
құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған
нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар
1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек
күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және
серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен
салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында
физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін
мойын л о р д о з ы (лат. лордоз – алға қисаю, иілу), 6 айдан
кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз
— артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел
лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі
нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман
күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа
аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы
қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен
аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері
күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы
таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде
соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп,
иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек
адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және
бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел
омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел
омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы
жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа
аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте
бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі
мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады.
Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі.
Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6
жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық
шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі
жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір
жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы,
өте жылдам 8-12 мсек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары
зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың
негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі
жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі
бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар
бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары
нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол
шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 14 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа
жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
І-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан
арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан
ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын
бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын
сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел
омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы
ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді
созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента
іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір
байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері
сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбас сүйектері
Сүйек тінінің дамуы
Сүйектің құрылысы
Бас сүйек қаңқасы
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Тірек қимыл жүйесі
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Пәндер