Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы



Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ел өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты 90.жылдары қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің басталғанына да жиырма жылдай уақыт болды. Қазіргі кезеңдегі терминология дамуының бағыт.бағдарының дұрыс.бұрысын ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүргізіліп жатқан терминологиялық жұмыстарға сараптама жасайтындай мерзім өткендігі айқын сезіліп отыр. Ал мұндай ауқымды да жауапты жұмысты өз деңгейінде атқарып, ғылым тілінің, терминологияның бүгінгі жай.күйінің шынайы қалпын көрсету үшін, оның кешегі өткен даму кезеңдерін де арнайы зерттеп, ерекшеліктерін, өзіндік сипатын анықтап алуға тура келеді. Сонда ғана сол кезеңдердің жалпы сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін салыстыра талдау арқылы қазіргі таңдағы ғылым тілінің даму үрдісіне объекті баға беру мүмкіндігіне ие боламыз. Мәселеге бұл тұрғыдан қарағанда, біз алаш зиялылары еңбек еткен 30.жылдарға дейінгі ғылым тілінің қалыптасу кезеңін арнайы зерттеуші ретінде осы екі кезеңнің ерекшеліктері мен ұқсастықтары, сабақтастық пен дәстүр жалғастығы туралы кейбір тұжырымдарымызды ортаға салуымызға болады. Біріншіден, Ахаң бастаған алаш оқығандары ұлт тіліндегі терминологиялық қордың негізін қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келеміз. Олардың қатарына жәбірленуші (потерпевший), ұғым (понятие), өкіл (представитель), үкім (приговор), қосымша (приложение), өткізгіш (проводник), тозаң (пыльца), ерітінді (раствор), алым (сбор), буын (слог), аталық (тычинка), серпімділік (упругость), күлте (венчик), сөгіс (выговор), баяндама (доклад) сынды сан түрлі саланың терминдерін жатқызуға болады. Бұл сияқты терминдер қатары қазақ терминологиясының негізінің сонау жиырмасыншы жылдары қаланғанын көрсететін нақты тілдік деректер болып табылады. Екіншіден, 90.жылдары ұлт тілінде термин жасау үрдісі жандана бастағанда біз тағы да алаш зиялыларының терминжасам тәжірибесіне жүгіндік. Кезінде олар жасап қолданысқа енгізген, алайда 30.жылдары шеттетілген көптеген терминдерді 90.жылдары қайтадан қажетімізге жарата бастадық. Мысалы, мына төмендегі терминдер соңғы он.он бес жыл көлемінде терминқорымызға қайта қосылған атаулар: хаттама (протокол), көшірме(выписка), арыз (заявление), әкімдік, әдіс (метод),

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҚОР ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛАШ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде
қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден
өтті. Ел өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты 90-жылдары қазақ
терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің басталғанына да
жиырма жылдай уақыт болды. Қазіргі кезеңдегі терминология дамуының бағыт-
бағдарының дұрыс-бұрысын ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүргізіліп жатқан
терминологиялық жұмыстарға сараптама жасайтындай мерзім өткендігі айқын
сезіліп отыр. Ал мұндай ауқымды да жауапты жұмысты өз деңгейінде атқарып,
ғылым тілінің, терминологияның бүгінгі жай-күйінің шынайы қалпын көрсету
үшін, оның кешегі өткен даму кезеңдерін де арнайы зерттеп, ерекшеліктерін,
өзіндік сипатын анықтап алуға тура келеді. Сонда ғана сол кезеңдердің жалпы
сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін салыстыра талдау арқылы қазіргі таңдағы
ғылым тілінің даму үрдісіне объекті баға беру мүмкіндігіне ие боламыз.
Мәселеге бұл тұрғыдан қарағанда, біз алаш зиялылары еңбек еткен 30-жылдарға
дейінгі ғылым тілінің қалыптасу кезеңін арнайы зерттеуші ретінде осы екі
кезеңнің ерекшеліктері мен ұқсастықтары, сабақтастық пен дәстүр жалғастығы
туралы кейбір тұжырымдарымызды ортаға салуымызға болады.
Біріншіден, Ахаң бастаған алаш оқығандары ұлт тіліндегі
терминологиялық қордың негізін қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары
жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз
қолданып келеміз. Олардың қатарына жәбірленуші (потерпевший), ұғым
(понятие), өкіл (представитель), үкім (приговор), қосымша (приложение),
өткізгіш (проводник), тозаң (пыльца), ерітінді (раствор), алым (сбор), буын
(слог), аталық (тычинка), серпімділік (упругость), күлте (венчик), сөгіс
(выговор), баяндама (доклад) сынды сан түрлі саланың терминдерін жатқызуға
болады.
Бұл сияқты терминдер қатары қазақ терминологиясының негізінің сонау
жиырмасыншы жылдары қаланғанын көрсететін нақты тілдік деректер болып
табылады.
Екіншіден, 90-жылдары ұлт тілінде термин жасау үрдісі жандана
бастағанда біз тағы да алаш зиялыларының терминжасам тәжірибесіне жүгіндік.
Кезінде олар жасап қолданысқа енгізген, алайда 30-жылдары шеттетілген
көптеген терминдерді 90-жылдары қайтадан қажетімізге жарата бастадық.
Мысалы, мына төмендегі терминдер соңғы он-он бес жыл көлемінде
терминқорымызға қайта қосылған атаулар: хаттама (протокол),
көшірме(выписка), арыз (заявление), әкімдік, әдіс (метод), әдістеме
(әдістеме), жарнама (объявление), төраға, алқа (коллегия), салым, кепіл
(залог), талапкер (истец), шелқабық (камбий), жасақ (отряд), қарар
(резолюция), кеңес (совет), ұлпа (ткань)
Алаш қайраткерлерінің қаламынан туындаған терминдерді қазіргі
терминологиямызға қайта енгізуіміз – үзіліп қалған сабақтастықтың қайта
жалғасын таба бастағандығының тағы бір көрінісі.
Үшіншіден, алаш зиялыларының терминологиялық жұмыстарды жүргізу,
ұйымдастыру тәжірибесін біз күні бүгінге дейін пайдаланып келеміз. Ахмет
Байтұрсынұлы төраға болған термин кемесиесінен бүгінгі терминкомның
құрылымы мен жұмыс жүргізу тәртібінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Ахаң
бастаған терминология комиссиясының құрамында бес-алты сала маманы қызмет
етіп, қыруар іс тындырған, мыңдаған қазақша терминдерді жасап, қолданысқа
енгізген. Бекітілген терминдердің сөздіктерін бастырып шығарып, оларды
көпшілікке таныстырып отрыған.
Алаш идеясының негізгі өзегі – ұлттық мемлекеттілік болды. Сондықтан
да алаш зиялыларының бүкіл қызметі, атқарған істері ұлттық мемлекеттің
іргетасын нығайтуға бағытталды. Олардың тіл саласындағы атқарған
істерінен, терминологияны қалыптастыруда ұстанған қағидаттарынан да оны
анық байқауға болады. Олар ұлттық мемлекеттің ғылыми-техникалық
терминологиясының да ұлт тілі негізінде жасалып, қалыптасуын көздеді. Бұл
бағытта мақсатты жұмыстар жүргізе отырып, қыруар шаруа бітіріп, айналасы он
шақты жыл ішінде ұлттық терминологиялық қордың негізін қалайтын жүздеген
терминдерді жасап, қолданысқа енгізді. Ендеше, қазақ терминологиясын кешегі
кеңестік дәуірдегідей негізінен көшірінді терминдер арқылы қалыптастыру
үрдісінен арылып, терминқорды ұлт тілінің негізінде жасап, жетілдіруге
үлкен мән беріле бастаған қазіргі кезеңде терминологиядағы осы дәстүрдің
негізін қалаған ХХ ғасыр басындағы алаш зиялыларының терминжасам
тәжірибесін жан-жақты зерттеп, олардың ісінен тағылым алудың маңызы зор.
Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі төл оқулықтардың
жазылуы және өзге тілдерден аударылуы ұлттық терминологиялық қордың
қалыптасуына жол ашты. Сол кезеңге дейін термин жасаудың белгілі бір
орныққан дәстүрі, басшылыққа алатын тұрақты қағидаттары болмағандықтан,
ондай күрделі міндеттерді атқару ісі – қазақ оқымыстыларының өздеріне
жүктелді. Уақыттың өзі алға тартып отырған жауапты міндетті ұлт мүддесіне
адал, өресі биік тұлғалар өз деңгейінде абыроймен атқара білді.
ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында рухани зерделі, түрлі мамандықтарды
кәсіби деңгейде игерген білімді де елшіл азаматтар өсіп жетіліп, мемелекет
пен ұлт мәселелерін шеуге қабілетті зиялы қауым қалыптасып еді. Қоғам
өмірінің сан саласын қамтитын мәселелерді шешіп, ауқымды істерді атқаруды
көздеген алаш оқығандарының айрықша мән берген мәселелерінің бірі – тіл
мәселесі болды. Олар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның әліпбиін,
емле ережелерін жетілдіруге, функционалдық стильдерді даралап орнықтыруға,
қазақ тіліндегі түрлі әдебиеттер қорын жасауға бағытталған істерді қолға
алды. Алашшыл оқығандар ұлт тілін өркендетуге, оның қоғам өмірінің сан
саласындағы қызметтерін атқаруына арналған игі істердің бастамашысы болды.
Соның ішінде, олар қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруға
айрықша мән берді. Бұл бағытта көп іс тындырды. Неге олар термин мәселесіне
ерекше мән берді? Алаш оқығандары терминологиялық қор жасаудың маңызын
өздері тікелей қолға алған ғылыми-ағартушылық қызметтерін атқару барысында
сезінді. Мәселенің мәнісін іс басында, ұстаздық, ағартушылық қызметпен
айналысу үдерісі кезінде олар терең түсінді. Қалай? Қазақтың мәдениетті,
іргелі елдер қатарына қосу үшін сауатты, оқыған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек
деген олар қазақ балаларына арнап оқулықтар жазу ісін қолға алды.
Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу барысында авторлардың қай-қайсысы да
термин мәселесімен бетпе-бет келді. Кез келген пәнді оқыту үшін сол саланың
арнаулы ұғымдарының атын атап, түсін түстеу қажеттілігі туындайды. Қазақ
тілінде алғашқы оқу құралдарын жазушылардың барлығы да осы проблемаға келіп
тірелді. Қай істің де жай-жапсарын сол іспен тікелей айналысқандар ғана
біледі. Арнаулы ұғымдардың аттарын атамай бала оқытуға, кітап жазуға,
ғылым жайын сөз етуге болмайтынын да осы істі өз қолдарына алған зиялылар
көзімен көрді. Сондықтан да олардың қазақтың терминдер қорын жасап,
қалыптастырмай тұрып, оны білім беру мен ғылымның тілі деңгейіне көтеруге
болмайтынын теориялық тұрғыдан пайымдап немесе біреудің айтып-жазуымен
ұғынып қана қоймай, іс жүзінде көріп-білуіне тура келді. Олар бұл істің
қазақ баласына, қазақ жұртына қажеттілігін, терминдер қорын қалыптастырмай
тұрып қазақ тілінің қанат жая алмайтынын анық біле отырып қызмет етті. Сол
себептен де олардың сенімі зор, атқарған істері нәтижелі болды. Уақыт
жүктеген міндетті, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып
атқарылған істің ілгері басатынын алаш зиялыларының қызметінен анық көруге
болады.
Ұлт тағдыры, оның болашағы үшін ана тілінде білім беріп, ұрпақ
тәрбиеленудің маңызын терең түсінген олар өздері маманданған сала бойынша
қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды алдарына мақсат етіп
қойғандығы байқалады. Тіпті олардың арасында өздері басқа саланың маманы
болса да қажеттілікті өтеу үшін бірнеше ғылым саласы бойынша еңбек
жазғандары да бар. Бұл орайда уақыт талабы мен алаш зиялыларына жүктелген
міндеттің, қажеттіліктің қандай болғанын сол кезеңде ұлтқа қызмет еткен
білімпаздардың ең көрнектілерінің бірі Х.Досмұхамедұлының 1922 жылы
Ташкентте басылып шыққан Жануарлар атты еңбегінің алғы сөзіндегі мына
пікірінен анық көруге болады. Онда ол: Дәрістік кітептердің жоқтығы үлкен
кемшілік және халық ағарту жолындағы зор кедергі. Осындай кемшілікті жойып,
кедергіні бұзу білімі бар қазақ зиялыларының міндеті. Алаштың ішіндегі
білімділердің мойнындағы борышын атқаратын заман келді. Білімді дегендердің
көбі дәрістік кітептерді не өз бетінен жазуға, не бөтен тілдерден аударуы
керек – деп жазады. Осы еңбегінен бір жыл бұрын 1921 жылы басылған
Табиғат тану атты құралында да ол, бұл еңбегіміз білім қысқаннан
жазылған жоқ, мұқтаждық жаздырды – дейді. Қазір де көптеген мамандықтар
бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары, терминологиялық
сөздіктер жетіспейді. Арнаулы салалардың бірқатарының ұлт тіліндегі
терминдер жүйесі жасалмаған. Жасалғандарының да кемшіліктері, жетілдіруге
тиісті қырлары аз емес. Бүгін ғасыр басындағыдай оқығандарымыз санаулы ғана
дей алмаймыз. Ғылыми атақ-дәрежесі бар ғалымдар мен ұстаздар қауымы, тіпті
ондаған ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары да бар. Алайда
уақыт талабы мен ұлт тілінің мүддесін, қажеттілікті алаш зиялыларындай
терең сезініп, осы жолда жарғақ құлағы жастыққа тимей, еңбек етуге
итермелейтін елшілдігіміз, мемлекетшілдігіміз, ұлтшылдығымыз жетісе бермей
ме деген ойға жетелейтін жайттар аз емес.
Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, ана
тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша
атау қажеттілігі туындады. Сол кезге дейін тіліміздің ғылыми-техникалық
прогреске икемделіп, терминжасам тәжірибесі қалыптаса қоймағанын ескерсек,
бұл қажеттілікті өтеудің оңай жұмыс болмағандығын пайымдау қиын болмаса
керек. Дәлірек айтқанда, қазақ зиялыларының алдына ұлт тілінде термин
жасаудың тұңғыш үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын
қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұрды.
Мұндай аса жауапты міндетті атқаруда қазақ оқығандарының арасында
А.Байтұрсынұлының орны айрықша болды. Ол жүздеген тіл, әдебиет және жалпы
мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз
замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, өзі өмір сүрген
дәуірде қазақ халқының рухани көсемі атанған дара тұлғаның термин
шығармашылығындағы ісі өзгелерге де өнеге бола отырып, ғасыр басындағы
бүкіл термин жасау процесінің бағытын белгілеуге негіз болды десек, артық
айтқандық болмайды.
Оқулықтармен қатар сөз болып отырған кезеңде қазақ тілінде Айқап
(1911-1915), Жаңа мектеп (1925-1933) журналдары мен Қазақ газетінің
(1913-1918) шығып тұрғаны жұртшылыққа аян. Термин жасау мен оларды
қалыптастырудағы бұл басылымдардың рөлі тілші ғалымдар тарапынан біршама
зерттелді. XX ғасырдың бас кезінен бастап 30-жылдарға дейінгі аралықтағы
қазақ тіл білімінің, тілдің стильдік тармақтарының дамуы мен қалыптасуына
байланысты осы кезеңді арнайы зерттеген С.М. Исаев, Айтбаев, Б.Әбілқасымов,
Е.Жанпейісов, Р.Барлыбаев, Ш.Мәжітаева сияқты ғалымдардың еңбектерінен мол
мәлімет алуға болады. Сондай-ақ осы кезеңде жарық көрген басылымдардың тілі
мен ондағы терминдердің қолданысына байланысты да бірнеше кандидаттық
диссертациялар қорғалды. Осыларды ескерер болсақ, сөз болып отырған кезеңді
зерттеу тілші ғалымдар назарынан тыс қалды дей алмаймыз. Алайда алаш
зиялылары белсенді қызмет еткен жылдарға сәйкес келетін ХХ ғасырдың
басындағы қазақ терминологиясы дамуының өзіндік ерекшеліктері мол осы
кезеңі терминтанушылық тұрғыдан тұтас қамтылған жүйелі зерттеу нысаны бола
алмай келді. Сол себептен терминология дамуының осы кезеңінің негізгі
сипатын ашып, алаш оқығандарының терминжасам тәжірибесі мен ұстанған
қағидаттарына ғылыми-лингвистикалық талдау жасап, олардың терминологиялық
көзқарастарын анықтау мақсатымен, арнайы монографиялық зерттеу жарияладық.

Біздің пікірімізше, терминологияның қалыптасуына қазақ баспасөзінің де
өзіндік ықпалы болғанына қарамастан, салалық терминологияның сараланып,
тілдің терминологиялық жүйесінің қалыптасуы – ғылымның жеке салалары
бойынша жазылған алғашқы оқулықтардың, ғылыми еңбектер мен терминологиялық
сөздіктердің жарық көруімен тікелей байланысты.
Өткен ғасырдың 10-жылдарынан бастап, ғылымның түрлі салалары бойынша
қазақ тіліндегі жекелеген зерттеу еңбектер, түрлі оқулықтар мен оқу
құралдары жазылып, қазақ баспасөзінің ел арасына ғылым-білімді кеңінен
насихаттауы – қазақтың ғылым тілінің, ұлттық терминологиялық қорының
қалыптасуына негіз қалады. Алаш зиялылары терминологияны қалыптастыруда
қандай мақсат көздеді? Сол мақсаттарына жету үшін қай бағытта жұмыс істеп,
нендей қағидаттарға сүйенді? деген сұрақтардың жауабын күтері сөзсіз.
Алдымен, олардың термин жасауда, термин шығармашылығында не мақсат
көздегендігіне тоқталудан бастаған орынды болса керек. ХХ ғасырдың 20-
жылдары термин, терминология мәселелерімен айналысқан ұлт зиялыларының
термин шығармашылығы мен олардың жазған еңбектері, мақалалары,
баяндамалары, түрлі жиындарда (сиез, конференция) айтқан пікірлері
негізінде олардың көздеген мақсатын анықтауға болады. Бұл тұрғыдан келгенде
осы кезеңді зерттеу барысында біз мынаған көз жеткіздік:
Өткен ғасыр басында ғылым-білім саласында еңбек еткен алаш оқығандары
терминологиялық қорды қазақ тілі негізінде жасап, ұлттық ғылым тілін
қалыптастыруды мақсат етті.
Олар қазақ балалары ана тілінде білім алып, ғылымды өз тілінде игеруі
қажет деп санап, оған өте үлкен мән берді. Қазақ білімпаздары аталған
мақсаттарына сәйкес жұмыстар атқарды. Оны ең алдымен, ғасыр басында (20-30-
жылдары) алаш оқығандарының қаламынан туындаған оқулықтар мен оқу
құралдарынан анық көруге болады. А.Байтұрсынұлының – Тіл – құрал,
Әліппе, Әдебиет танытқыш; Е.Омарұлының – Пішіндеме Х.Досмұхамедұлының
– Жануарлар, Адамның тән тірлігі, Табиғаттану, Ж.Аймауытұлының –
Психология, Ж.Күдериннің – Өсімдіктану, М.Жұмабайұлының – Педагогика,
М.Дулатұлының – Есеп тану сынды оқулықтары мен оқу құралдарындағы
терминдердің орта есеппен 90 пайызы қазақ тілінің төл сөздері немесе
солардың негізінде жасалған жаңа атаулар болып келеді. Кірме атаулар 10-15
пайыздан аспайды. Олардың дені тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеріп,
үндестік заңын сақтай отырып өзгертіліп алынған. Осы деректің өзі алаш
оқығандарының қазақ тіліндегі термин шығармашылығына басымдық бергеніне
дәлел бола алады.
Сөз болып отырған кезеңде жарық көрген алғашқы терминологиялық
сөздіктер де алаш зиялыларының терминқор қалыптастырудағы мақсаттарын
айқындай түседі. Онда да біз Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Пән
сөздері, Атаулар сөздігі сияқты қазақ тіліндегі алғашқы терминологиялық
сөздіктерді түзуде алаштықтардың ұлт тіліндегі термин шығармашылығына
барынша басымдық бергенін көреміз.
Сондай-ақ алаш оқығандары өздері жазған төл оқулықтармен қатар ғылыми,
танымдық және оқулық әдебиеттерді орыс тілінен аудару кезінде де оларда
қолданылған терминдерді қазақша атауға, тілімізде бұрын болмаған ғылыми
ұғымдардың атауларын білдіретін жаңа баламалар жасауға көп мән берді. Сол
жылдардағы аударма әдебиеттерден мұны анық аңғаруға болады. Рас, жасалған
баламалардың бәрі бірдей сәтті, ұғым мазмұнын дәл берді дей алмаймыз.
Мысалы, жауыздық низамнамасы, шошақ, боқша, қара айғыр,
бейбауырмал, атым оқ дәрі сияқты бірқатар сәтті жасалмаған, дәл
аударылмаған терминдер де болды. Соған қарамастан, 20-жылдарда қазақ
оқығандары терминжасам үдерісінде қазақ тілінің барынша тиімді
пайдаланылуына үлкен мән берді. Олардың бұл бағытта елеулі іс тындырғанын
ғылым тілінің тарихын, тіл білімінің ғасыр басындағы дамуын зерттеушілердің
қай-қайсысы да мойындаса керек.
Жалпы терминологияны қалыптастыруға қатысты алаш оқығандарының өз
арасында кейбір мәселелерге қатысты өзіндік пікірлері, жеке көзқарастары
болғанмен, дәл терминқорды ұлт тілінде қалыптастыруға келгенде олар ортақ
ұстаным төңірегіне топтасты. Яғни, қазақ тілінің терминологиялық
лексикасының негізгі басым бөлігін ұлт тілінде жасап қалыптастыру – олардың
ортақ мақсаты болды.
Бұл тұрғыдан келгенде, бізге алаш зиялыларының ісінен тағылым алуға
тура келеді. Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны
белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт
тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны
пуризм, псевдопотриотизм деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин
шығармашылығына шектен тыс көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Термин ұғымы
Терминтанудың тарихы тереңде
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
Әлемдiк қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тануы
Қазақ әдіби тілінің лексикалық нормасы
Пәндер